ред. қара)
3. Кеме осы Заңның 16-бабының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының кемелерi тiзiлiмдерiнiң бірiнде мемлекеттік тiркелген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығына ие болады.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 11-бап 3-1- тармақпен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
3-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы:
1) мемлекеттiң;
2) азаматтардың және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншiгіндегі кемелерге;
3) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) беріледі, бұл ретте осындай кемелерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын берудің ерекшеліктері Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен айқындалады.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 11-баптың 4-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде меншiкке иемденiп алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты куәландыратын және кеме Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тіркелгенге дейiн жарамды болатын, бірақ бір жылдан аспайтын уақыт қолданылатын уақытша куәлiк берген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
5. Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында көзделген тәртіппен уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерiп жүзу құқығы бербоут-чартер бойынша:
1) қазақстандық жалға кеме алушыға;
2) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдары арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларға (мердігерлік компанияларға, операторға, агенттерге, қосымша мердігерлерге) пайдалануға берілген, шет мемлекеттiң кемелер тiзiлiмiнде тiркелген кемеге уақытша берілуі мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланбайтын кемеде осы тудың көтерiлгенi үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықты мойнына алады.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 12-бап толықтырылды
12-бап. Кеменi шет мемлекет туын көтеруге уақытша көшiру
Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген кеме бербоут-чартер бойынша шетелдiк кеме жалдаушының иеленуiне немесе пайдалануына берiлген жағдайда мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, кейіннен әрбір екі жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзімге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге тиiстi тiзiлiмге тiркелiп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы тоқтатылып, шет мемлекеттің туын көтерiп жүзуге уақытша көшiрiлуi мүмкін.
13-бап. Кеменi сенімгерлiк басқаруға беру
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кеменiң меншiк иесi меншiк иесiнiң мүдделерiне сыйақы алу үшiн кеменi басқаруды сенімгерлiк басқару шарты бойынша жүзеге асыру үшiн сенімгер басқарушыға беруге құқылы.
Шаруашылық жүргiзудегi немесе оралымды басқарудағы кеменi меншiк иесiнің немесе уәкiлеттi органның келісімiнсiз сенімгер басқаруға беруге болмайды.
Кеменiң сенімгерлiк басқаруға берiлуi оған меншiк құқығымен сенімгерлiк басқарушыға ауысуына әкеп соқпайды.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 13-баптың 2-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Кеменiң сенімгерлiк басқаруға берiлуi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мiндеттi түрде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
3. Кемелердi басқару және оларды пайдалану саласында құзыреттi тұлға сенімгер басқарушы бола алады.
4. Кеменi сенімгерлiк басқару шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
14-бап. Кеме құжаттары
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі тізбесін, нысанын және жүргізу тәртібін айқындайтын кеме құжаттары кемеде болуға тиіс.
Көшірмесін осы құжатты берген орган растауы немесе нотариус куәландыруы тиіс кемеге меншік құқығы туралы куәлікті қоспағанда, кеме құжаттарының түпнұсқалары кемеде болуға тиіс.
2. Шетелде жүзуге шығатын кемелердiң, Қазақстан Республикасының суларында жүзуге арналған тиiстi қағидада көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттары болуға тиiс.
3. Шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кiретiн кемелерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
15-бап. Кемелерді техникалық байқау, куәландыру және оларды сыныптау
1. Кеме теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандыратыны анықталғаннан кейiн ғана жүзуге жiберiлуi мүмкiн.
2. Кемелерді техникалық байқауды, куәландыруды және оларды сыныптауды Кеме қатынасының тіркелімі немесе шетелдік сыныптау қоғамдары жүзеге асырады.
Бұл ретте кемелерді куәландыру жөніндегі өкілеттіктер және оларды шетелдік сыныптау қоғамдарының беру шарттары уәкілетті орган мен шетелдік сыныптау қоғамдары арасындағы келісімдерде айқындалады.
Кемеге сынып беру Кеме қатынасының тіркелімі немесе шетелдік сыныптау қоғамы беретін сыныптау куәлігімен куәландырылады.
Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары мен заңды тұлғаларының кемелерге және кеменің жекелеген элементтеріне техникалық байқауды жүзеге асыруына тыйым салынады.
3. Кеме құжаттары болмаған кезде немесе шетел туын көтерiп жүзiп жүрген кеме Қазақстан Республикасының теңiз портына келген кезде, тиiстi құжаттарының болуына қарамастан, теңiзде қауiпсiз жүзудiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарын қанағаттандырмаса, уәкiлеттi орган мұндай кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерiп жүзушi кемелермен бірдей негiзде куәландырудан өткізуге құқылы.
3-тарау. Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
16-бап. Қазақстан Республикасының кеме тiзiлiмдерi
1. Кеме Қазақстан Республикасы кеме тiзiлiмдерiнiң (бұдан әрi - кеме тiзiлiмдерi) бірiнде:
1) Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде;
2) кеме кiтабында;
3) бербоут-чартер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
2. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (оған ауыртпалықтар) Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мiндеттi түрде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 16-баптың 3-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік тiркелуге тиiс, жасалып жатқан кеме жылжымайтын мүлiкке теңестiрiледi.
Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы киль салынған немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстары жағдайында жасалып жатқан кемелер тiзілiмiнде тiркелуi мүмкiн. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеген кезде тиiстi куәлiк берiледi.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
3-1. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастр) енгізілуге тиіс.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 16-баптың 4-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар кемелері, мұнай құйып тасушы, сүйретiп жүзушi кемелер, қалқымалы бұрғылау құрылғылары, құрғақ жүк тасушы кемелер, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелерi (жер снарядтары және басқалар), сондай-ақ қуаттылығы елу бес киловаттан кем емес бас двигательдi өздiгiнен жүретiн кемелер және сыйымдылығы сексен тоннадан кем емес өздiгiнен жүрмейтiн кемелер тiркеледi.
5. Кеме кiтаптарында бас двигательдердiң қуаттылығына және сыйымдылығына қарамастан, спорттық, серуендiк кемелер, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында аталмаған кемелер тiркеледi.
6. Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде және кеме кiтаптарында гидроұшақтар, сондай-ақ шлюпкалар мен кеменiң керек-жарақтары болып табылатын өзге де қалқымалы құралдар тiркелмейдi.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 16-баптың 7-тармағы толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
7. Бербоут-чартер тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге уақытша құқық берiлген кемелер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерiп жүзуге уақытша құқықтың қолданылу мерзімін әрбір екi жыл сайын одан әрi ұзарта отырып, екi жыл мерзiмге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзімге тiркеледi.
Кемелердің тіркелу мерзімін ұзарту Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгіленген, оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 16-баптың 8-тармағы толықтырылды
8. Теңiз кемелерiн мемлекеттік тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.
17-бап. Кеме тiзіліміне енгiзiлетiн мәлiметтердiң өзгертiлуi
Кемелер тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiстi мәлiметтердiң кез келген өзгерiсi туралы кеменің меншiк иесi немесе оны бербоут-чартер бойынша кеменi жалдаушы кеме тiркелген порттың теңiз әкiмшiлiгiне екi апта iшiнде хабарлауға мiндеттi.
22.10.04 ж. № 601-II (бұр. ред. қара); 2005.02.06. № 55-III (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV (бұр. ред.қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Мемлекеттік органдар пайдаланатын кемелердi мемлекеттік тiркеу
Әскери корабльдердi, әскери-қосалқы кемелер мен шекара корабльдерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының меншiгіндегі және мемлекеттік органдар өздерiне жүктелген функцияларды атқару үшiн пайдаланатын кемелердi мемлекеттік тiркеу Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)
18-1-бап. Кемелердi қайта тiркеу
Егер кеме оқиғаның немесе кез келген басқа себептiң салдарынан Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзілімiне немесе кеме кiтабына бұрын енгізiлген мәлiметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, куәландырылғаннан және жүзуге жарамдылығы туралы куәлiкті алғаннан кейін Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгіленген тәртіппен кеменi мемлекеттік қайта тiркеу жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының меншiгіндегі және мемлекеттік органдар өздерiне жүктелген функцияларды орындау үшін пайдаланатын кеменi коммерциялық мақсатта пайдалану да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тізiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару
Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерістер салдарынан кеме сапасын жоғалтқан;
4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кеме шығарылуға жатады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеуден бас тарту
Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеуден:
1) мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi емес тұлға жасаған;
2) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасында көзделген талаптар сақталмаған;
3) мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сай келмеген жағдайларда бас тартылады.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Кеменi мемлекеттік тiркеу портының өзгертiлуi
Кеменi мемлекеттік тiркеу порты кеменiң меншiк иесiнің өтiнiшi бойынша өзгертiлуi мүмкiн. Кеменi мемлекеттік тiркеу портының өзгертiлуiн мемлекеттік тiркеу Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
21-бап. Кемелердi мемлекеттік тiркеу ережелерiн бұзғандық үшiн жауаптылық
Кеменi мiндеттi мемлекеттік тiркеуден жалтарған тұлға, сондай-ақ кеменi кеме тiзiлiмдерiнiң бірiнде белгіленген тәртiптi бұза отырып тiркеген немесе кеме тiзiлiмдерiне енгiзiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабарлау мiндетiн бұзған тұлға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылықты мойнына алады.
4-тарау. Кеме экипажы
22-бап. Кеме экипажының құрамы
1. Кеме экипажының құрамына кеме капитаны, кеменiң командалық құрамының басқа да адамдары мен кеме командасы кiредi.
2. Кеменiң командалық құрамына кеме капитанының көмекшiлерi, механиктер, электр механиктерi, радиомамандар мен дәрiгерлер енедi. Уәкiлеттi орган басқа мамандарды да кеменiң командалық құрамына енгізуi мүмкiн.
3. Кеме командасы кеменiң командалық құрамына жатқызылмайтын адамдардан тұрады.
23-бап. Кеме экипажының ең аз құрамы
1. Әрбір кеменiң бортында экипаж болуға, оның құрамы кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшiн кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
2. Кеменiң типi мен арналған мақсатына, сондай-ақ оның жүзу ауданы мен жүрген жерiне қарай экипаждың ең аз құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн экипаждың ең аз құрамы туралы куәлiктi кеменi мемлекеттік тiркеу жүзеге асырылған теңiз портының капитаны бередi.
24-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
1. Кеме экипажы мүшелерiнiң қызметтерiн атқаруға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Кеме экипажының мүшелерiне диплом беру қағидасына сәйкес тиiстi біліктiлiгi бар адамдар жiберiледi.
2. Кемеде жұмыс iстеуге өздерiнiң денсаулық жағдайы бойынша осындай жұмысқа жарамдылығын куәландыратын куәлiктерi бар адамдар жiберiледi.
25-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң азаматтығы
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 25-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар кіруі мүмкiн.
ҚР 2010.28.12. № 369-IV Заңның 2-бабына сәйкес 25-баптың 1-тармағының екінші бөлігінің қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, капитанның аға көмекшiсi және аға механик қызметін атқара алмайды.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
2. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме экипажы құрамына кiре алатын жағдайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |