жаққа ашады. (Орман))
Бәрі-бәрі ұйқыда 2.(Алақандарын беттестіре жақтарына таянып
«ұйқыға кетеді»)
Үкі ғана ұйықтамапты 3.(Бас бармақ пен сұқ саусақтың ұштарын біріктіре
дөңгелетіп көздеріне қояды.(үкінің көздері))
Маңғазданып отыр қатты 4.(Қолдарын артқа жинап, кеуделеоін көтереді).
Әрі-бері отырды да 5.(Қолдарын жан-жаққа жая ұшып, басқа орынға
ауысады) Қараңғыға қанат қақты
№19. Доп
Он, тоғыз, 1.Алақандарымен шапалақтайд).
Сегіз, жеті, 2.Отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады.
Алты, бес, 3.Алақандарымен шапалақтайды.
Төрт, үш, 4. Отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады.
Екі, бір. 5.Алақандарымен шапалақтайды.
Доп ойнайық, 6.Қолдың біресе ішімен, біресе сыртымен көздерін
жабады.
Кел жүгір! 7.Әр сөз ырғағымен шапалақтайды.
Тек білейік 8.Әр сөз ырғағымен аяқтарын шапалақтайды. Анық нақ: 9.Отыра қалады.
Допты қашқан
Кім қумақ?
№20. Сөздер
1-2деп санаймыз 1.Саусақтарды біртіндеп бүгіп санайды, кері ашып
санайды. Әріптен сөз құраймыз. 2.Барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың
алақанына, екінші қолдың алақан сыртын
беттестіреді.(күн жасайды)
Күн-шуақты сөз екен 3.Бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ
саусақтарды біріктіре ұстайды, сұқ саусақ пен
кішкентай саусақты сәл бүге «мүйіз» жасайды. (Бас
бармақ, ортаңғы саусақ аты жоқ саусақтар
біріктіріле бүгілген).
Мысық құлақты сөз екен 5.Екі қолдың барлық саусақтарының ұштарын
біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды.
Сиыр мүйізді сөз екен
Қарбыз жолақты сөз екен.
№21. Шаян мен мысық
Шаян мен мысық 1.Сол қолды шынтақтан бүге, алақандарды төмен
қарата алдына ұстап «көпір жасайды. «Көпірдің»
астына оң қол саусақтарын төмен қарата бос
ұстай көп аяқты шаян сияқты жыбырлатады. Тасасында көпірдің 2.Алға созылған оң қолдың үстімен иықтан төмен
қарай сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын
жүгіртеді.
Кәрі шаян тұрыпты 3.Иықтан төмен жүгірген саусақтар қолдың басына
келгенде кішкентай саусақты оң қолдың
жұдырығында қысып ұстап қалады.
Көпірден өткен мысықтың 4.Сол қолдың кішкентай саусағы оң қолдың
жұдырығында қысылған күйі 2-ші, 3-ші, 4-ші
саусақтарды бас бармақпен біресе біріктіре,
біресе қайта ашып мияулаған мысықтың аузын
бейнелейді.
Құйрығынан жұлыпты 5.Сол қолдың кішкентай саусағын қыса ұстаған
оң қолдың саусақтарын біртіндеп ашады.
«Құтқарыңдар, 6.Екі қолды бірінің үстіне бірін қоя екі қолдағы
барлық саусақтарды тез-тез жүгіртеді.
Мяу-мяу-мяу!»
Босатыңдар шаяннан! 7.Сөздің айтылу ырғағына сәйкес алақандарын
шапалақтайды, соңғы сөзге аяқтарын
шапалақтайды.
Қане, кім бар, келіңдер!
Мысыққа көмек беріңдер!
№22. Қуырмаш
Қуыр-қуыр қуырмаш, Сен тұр –қойыңа бар!
Балаларға бидай шаш. Сен тұр-қозыңа бар!
Тауықтарға тары шаш! Сен тұр- жылқыңа бар!
Бас бармақ, Сен тұр- сиырыңа бар!
Балалы үйрек Ал сен үйде қал да,
Ортаң терек, Қазан түбін жала.
Шылдыр шүмек Қытық! Қытық!
Кішкентай бөбек.
№23. Саусақтар!
-Саусақтар-ау, саусақтар!
-Сендер қайда бардыңдар?
-Суға бардық!
-Сумен не істейсіңдер?
-Жуынамыз, ішеміз,
-Тамақты пісіреміз,
-Малдарға береміз,
-Гүлдерге құямыз,
-Бәріне су нәр берсін,
Балалар оған мән берсін!
Достарыңызбен бөлісу: |