Саусақ моторикасын дамытатын жаттығулар жиынтығы №1. Екі қол



бет5/5
Дата25.11.2022
өлшемі78.52 Kb.
#465792
1   2   3   4   5
Саусақ моторикасын дамытатын жаттығулар жиынтығы

29. Мысық пен тышқан.
Мына қолым тышқан болсын,
Мына қолым мысық болсын.
Саусақтарды жаттықтырып,
«Мысық-тышқан»ойыны болсын.
Тышқан жерді тырнайды,
Мысықты алдайды.
Оны мысық естіп қалып,
Тышқанға қарайды.
Құйрығымен мысықты
Тышқан түртіп, зып етті
Мысық оны күтіп отыр,
Тышқан інде күліп отыр!
(Балалар саусақтарын біріктіріп, қарама-қарсы ұстайды, оң қолы тышқан, сол қолы мысық. Саусақтардан мысық пен тышқанның ьейнесін жасайды. Сөзіне сәйкес қимыл жасау).

30. Секіргіштер.


Күні бойы, күні бойы,
Күні бойы, күні бойы.
Біздің қыздар секірді.
Оң аяқпен секірді,
Сол аяқпен секірді.
Алға қарай секірді,
Артқа қарай секірді.
Айналдыра секірді.
Айналдыра секіргішті
Биікке де секірді.
(Екі саусақпен кезек-кезек алға-артқа, солға, оңға секіріп, үстел үстінде орындалатын жаттығу).

31. Тасбақа


Тасбақаға қараңдаршы,
Тас жейдесін киіп ап.
Тауға мінді, суға жүзді,
Балықтарды ұстады.
Дәмді тағам ішіп алып,
Қарнын ол тойдырды.
Енді қайда барады,
Жата қалып, демалды.
(Саусақтарын жұдырыққа түйіп алып, тасбақаға еліктеу. Саусақтарды үстел үстінде жүргізу. Басбармақпен ортаңғы саусақтарды ұштастыру. Саусақтарды қайтадан жұдырыққа түю).

32. Еріншектер


Тық-тақ, тық-тақ,
Тұр орныңнан, бас бармақ,
Балаң үйрек, сен де тұр,
Ортан терек, сен де тұр,
Шылдыр- шүмек, сен де тұр,
Титтей бөбек, қане тұр.
Саусақтарым, ал, жүгір.
(үстел үстінде жасалатын жаттығу. Саусақтар үстел үстінде жатады. Айтылатын сөзге байланысты, саусақтарды кезек-кезек көтеріп, үстел үстінде жүгіреміз).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет