Саясаттану бойынша білімдерін тексеру үшін сұрақтар Саясаттың табиғаты және әлеуметтік мақсаты


Саяси биліктің егеменділігі және легитимділігі



бет2/26
Дата21.12.2023
өлшемі56.98 Kb.
#487517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
саясаттану

Саяси биліктің егеменділігі және легитимділігі.

Саяси биліктің легитимділігі (лат.заңдылық, шындық) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялык жағдайда мемлекеттік билік легитимді болу үшін мынандай екі шарт қажет: 1. Халықтың қалауы бойынша қалыптасуы керек. 2. Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылу керек. Немістің ғалымы Макс Вебер билік басына елудегі легитимдікті мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті: 1. Әдет-ғұрыптық легитимдік. Халықтың салт дәстіріне сүйенеді. (хан,сұлтан, патша) билігін дұрыс заңды деп түсінеді. 2. Харизматикалық легитимдік. Батырлығымен, адалдағымен көзге түскен адамды басш етіп жариялап, соның соңынан ереді. (Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбар, Ганди) Харизма – көсемге, мемлекет басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді. 3. Ақыл-парасаттың легитимдігі. Қазіргі саяси құылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

  1. Билік қорларының түрлері.

1.Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы, сайлау науқанын өткізу үшін ондаған миллион ақша жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қражат жеіспегендіктен шет елдерде үміткерлер жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстау үшін ұаншама қаражат кетеді. Билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді. Мысалы АҚШ президенттері Рузвельт « Жаңа бағыт», Кенедди «Жаңа шеп». Т.б. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да матер. құндылықтар, құнарлы шұрайлы жер. пайдалы қазба т.б 2.Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Қазіргі батыс елдерінде үстемдік етіп отырған саяси билікті сақтауға халықтың көпшілігі мүдделі. Мысалы зейеСебебеі оларда орта деңгейде тұратын адам көп, саяси билік басыына келгендер соларға арқа сүйейді, көпшілікті мұқтаждық жағдайға жібермейді, елдерінде әлеуметтік әділеттілік, халыықты сақтандыру кең дамыған. Мысалы зейнеткер жұмыс істеп жүргенде алған жалақысының 90% ға дейінгісін ала алады, неше түрлі қайырымдылық қорлары жұмыс істейді және т.с. 3.Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік оргадары, сот, прокуратура т.с. тарихи тәжірибиге сүйенсек, саяси билік оларды өз мақсаттарына әсіресе экономикалық саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады 4.Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидард бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деп санайды. Ақпарат құралдарының маңызы шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппазициялық партиялар бар елдерде арта түседі.Ақпарат кімнің қолында болса,ХХІ ғ. соның қолында.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет