Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қазіргі жағдайының сипаттамасы.
Сот жүйесі мемлекеттік биліктің бір тармағы. Алайда, мемлекеттік басқару ісіне араласа алмайды. Кез-келген мемлекеттің сот жүйесі сол мемлекеттің аумағындағы азаматтардың заңды құқықтарын қорғайды. 100 нақты қадамның 16-қадамнан бастап сот жүйесін реформалау. 16-қадам. АЗАМАТТАРДЫҢ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ЖЕҢІЛДЕТУ ҮШІН СОТ ЖҮЙЕСІ ИНСТАНЦИЯЛАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ. БЕС САТЫЛЫ СОТ ЖҮЙЕСІНЕН (бірінші, аппеляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) ҮШ САТЫЛЫ (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу. / Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, барлық сот процестерінде бейне және таспаға жазу, алқа билер сотын кеңейту, жеке сот орындаушылар институтын көбейту, судялыққа үміткерлердің оқуға талабын күшейту, халықаралық арбитражды орталық құру, инвестицияық даулар бойынша сот істерін жүргізу.
Қазақстан Республикасындағы сайлау процесінің ерекшеліктері.
Мемлекет саяси биліктің субъектісі ретінде.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Мелекеттік билік барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ішіндегі билік. Саяси билік тек мемлекет аппараты арқылы ғана емес сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО т.б.) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Мелекет саяси биліктің субъектісі. Себебі, 1) Кез-келген адам жанама түрде болсада мемлекеттің саяси өміріне қатысады. 2) Мемлекет басқару, қысым көрсету құралдарының заңгерлік жиынтығы. 3) мемлекеттік өндіріс қорлары мен құрал жабдықтарының негізгі меншіктеушілерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |