Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы
Абсентеизм – халықтың саяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы.
Автократия – бір адамға жоғары үкімет билігін шексіз беру басқаруды немесе осындай басқарушылық орган мемлекетті айтады. Сонымен қатар қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам, не адам тобын атау үшін де пайдаланылады.
Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін – өзі басқаруға құқық берілген саяси – ұлттық құрылым.
Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Ол көбінесі саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси – қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.
Адам құқықтары – белгілі бір игілік, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынстары, кепілдіктері.
Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін қоғамның күйі. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.
Аймақтық – белгілі бір жерге, облысқа, көршілес бірнеше елге қатынасты бір нәрсе.
Аристократия −Ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі.
Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы.
Астыртын партиялар – заң бойынша тыйым саланып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізген партиялар. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етеді.
Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару орындарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік алдында есеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: |