Глобальдылық – бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.
Гуманизм – қайта өркендеу дәуірінде дін мен (феодалдық) феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. Саяси салада адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси көзқарастар, идеялар жүйесін білдіреді.
Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.
Делегат – съезде, конференцияларда, конргесте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, партияның мақсатын көздейтін өкіл.
Демагогия – өз мақстына үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.
Демократия – халық билігін, заңдылықты мойындап азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бстандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы ехалықтың бақылауында болуын, адамдардың экономикалық және саяси қозғалуын, шешім қабылданғанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байқалып отырады.
Демократиялық партиялар – басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір адалдығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.
Держава – зор, әскери, экономикалық потенциалы бар және дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынаста басты рөл ойнайтын ірі және берік мемлекет.
Деспотизм – 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірісіз, қатал басып шаншу тәсілі.
Деспотия − шексіз және дара билеудің бір түрі.
Диктатор −заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.
Диктатура – қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиеленіскен шағында, өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады.
Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсізідігі. Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда шешімдер қабылдауда, жоғары билік жүргізудегі еркіндігі н айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады.
Еуропарламент – Еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме. Оған кіретіндер: Бельгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол бес жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады.
Еуроцентризм − ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.
Достарыңызбен бөлісу: |