14 - Дәріс
Саяси сана мен саяси мәдениет, саяси элита және
саяси жетекшілік
Сабақтың мақсаты: Студенттердің саяси сана және саяси мәдениет,
саяси элита мен саяси жетекші туралы ұгымын қалыптастыру.
Сұрақтар:
1. Саяси сана, саяси мәдениет ұгымы, қалыптастыру жолдары.
2. Саяси элита ұгымы, қалыптасу түрлері, қызметі.
3. Саяси жетекші ұгымы, типологиясы.
қозғалыстарға, дәстүрлерге, саяси өмір нормаларына, саяси құндылықтарға
қатынастарын көрсететін түсініктердің, көзқарастардың, мақсаттардың
жиынтығы. Саяси сананың қайнар көзіне отбасы, индивидке әр түрлі дерек-
терден келіп түсетін ақпарат және оның жеке басының өмір тәжірибесі
жатады.
Саяси сана бастапқыда әлеуметтік теңсіздіктің, саясаттың, саяси қатынас-
тардың, институттардың, ұйымдар мен мекемелердің пайда болуымен
қалыптаса бастады және солармен бірге дамыды. Саяси сана - ол әлеуметтік
субъектілердің (индивидтердің, топтардың, таптардың, қауымдардың) саясат
саласын ұғынуы, жете түсінуі. Ол бірін-бірі толықтырып отыратын екі
міндетті атқарады: танымдық (саясат жайлы білім алу және оны байыту) және
реттеушілік (әлеуметтік субъектілердің саяси маңызды мінез-құлқына әсер
ету).
Саяси сананың құрылымына саясат саласының мәні мен заңдылықтарының
көрінісіне қарай диалектикалық өзара байланыстағы екі өлшемді айыруға
болады: теориялық және эмпирикалық. Саяси сананың теориялық деңгейі
қоғамдық өмірді басқаратын заңдарды ашуға бағытталған. Ол белгілі бір
Саяси сана, саяси
мәдениет үгымы,
қал ыптастыру
жолдары
Саяси сана адамзат қауымдастығының рухани
өмірінің маңызды элементі. Саяси сана жекелеген
адамдардың және олардың әр түрлі қауымдастық-
тарының саяси билікке, мемлекетке және оның
органдарына, партияларға, саяси ұйымдар мен
139
таптың мүддесін білдіретін идеологтарды тұжырымдамалар, идеялар, түсінік-
тер жасауы оны санаулы зерттеулерде, декларацияларда, бағдарламаларда
жариялау сипатына байланысты. Эмпирикалық саяси сананың дәрежесі
адамдардың күнделікті тәжірибесі негізінде жасалады және қоғамның саяси іс-
әрекетінің көріністерін тіркейді, олар саяси процеске қатысушы субъектілерде
пайда болатын бақылау, дағдылар, пікірлердің жиынтығын бейнелейді.
Қоғамның саяси мәдениетін үйрену мен зерттеудің мақсаты - саяси жүйенің
және оны демократияландырудың тиянақтылығын нығайтудың әлеуметтік-
саяси механизмдерін іздеп табу, оны өмірге пайдалану. Зерттеудің дербес
саласы ретінде саяси мәдениет қазіргі жағдайында америкалық саясаттанушы-
лардың еңбектерінің арқасында кейінгі жылдары ғана бөліне бастады. 1955
жылы Г.Алмонд өзінің «Салыстырмалы саяси жүйе» деген мақаласында саяси
жүйелерді тереңірек зерттеуде саяси мәдениетті зерттеудің қажеттілігі мен
пайдасы жайлы ойлар ұсынды. Осы мақаласында мәдениеттің мазмұнын
ашуға алғаш рет әрекет жасады. Кейінірек саяси мәдениеттің негізгі тұжырым-
ды түсініктері жайлы зерттеу жұмыстарын Г.Алмонд, С.Вербамен бірлесіп
жасады. Сонымен қатар Л.Пай, Р.Такер, С.Липсет, Е.Шейх және басқалары
зерттеу жұмыстарында қамтылған.
Қазіргі кезде батыс әдебиетінде осы құбылыстың мазмұнын ашуға бағыт-
талған отыздан астам анықтамалар бар. Саяси мәдениеттің анықтамасының
сонша көп болуы мәдениеттің және саясаттың қызметінің де көптігінен болуы
мүмкін. Саяси мәдениет өзінің құрамдас элементтері ретінде әр түрлі
қоғамдық-саяси институттар т.б. өзара қарым-қатынастарға жататын, көптеген
ұрпақтардың өмірінде қалыптасқан дәстүрлерді, саяси практиканың әрекетінің
нормаларын, идеяларын, тұжырымдарын және нанымдарын біріктіреді.
Саяси мәдениеттің жалпы мәдениеттің жүйесімен арасалмағын салыстыр-
ғанда осы жүйедегі оның орнын және методологиялық жағын ескерудің мән-
маңызы зор. Саяси мәдениет қоғамның материалдық мәдениетінің құрамына
жатпайды. Алайда материалдық және рухани мәдениеттің өзара байланысы
қоғамдық қатынастардың басқа түрлерімен саяси қатынастардың өзара
байланыстардың мәнімен сипатталады.
Саяси мәдениет қоғамды қалыптастыру және дамудың ерекше саласын
игерген. Мұндай сала саяси қатынастар болып саналады, яғни, қоғамның саяси
жүйесінің қалыптасуы, өзгеруі, жаңаруы мен қызмет етуі процесіндегі
әлеуметтік субъектілер (индивидтер, топтар, таптар, қауымдар) арасындағы
қатынастар. Бұл қоғамдық өмірдің саяси саласын сипаттайды және «саяси өмір
140
мәдениеті» деген түсініктердің арасына теңдік белгісін қоюға негіз болады.
Субъектінің іс-әрекетіне қарай саяси мәдениетті бүкіл қоғам әлеуметтік топ,
тап және жеке адам дәрежесінде қарау қажет. Қауымның саяси мәдениеті сол
қауымның адамдарының саяси мәдениетінің жиынтығы емес. Ол әлеуметтік
қауымды тұтас айқындайтын және оның түбірлі мүдделері мен мақсатын
бейнелейтін ең жоғарғы тұрақты және типтік белгілерін өз бойына сіңіреді.
Батыс саясаткерлері Г.Алмонд пен С.Вербаның «Азаматтық мәдениет»
(1963 ж.) атты кітабында саяси мәдениеттің жіктелуін жасады. Мұнда саяси
мәдениеттің «таза» үш тұрпатын көрсетеді. Саяси мәдениеттің мән-мағынасы
толық ашу үшін оның негізгі компоненттерін атап өту жеткіліксіз болар еді.
Сондықтан саяси мәдениеттің бөлінбейтін бөліктерінің әрқайсысын жан-
жақты талдап, саяси мәдениеттің мазмұнын ашатын, оны қалыптастыруға
ықпал ететін бөлігі - саяси сана болып табылады.
Саяси мәдениет бір ортақ түпкі мақсатпен-өмір сүріп отырған саяси жүйенің
тұрақтылығын қамтамасыз етумен біріктірілген біраз қызметтерді атқарады.
Осы мағынада басымдық үстемдік етуші саяси мәдениет қорғау рөлін атқара-
ды. Оның реттеушілік, тәрбиелік, коммуникативтік және интегративтік-
қызметтерін атап айту керек. Бұл топтама белгілі дәрежеде шартты, себебі
нақтылы өмірде олар аралас жүреді, ал кейде бір бірімен бірігіп кетеді.
Реттеушілік қызмет - бұл саяси мәдениеттің адам мінез-құлқына әсері, олар-
дың ішкі және халықаралық өмірдің саяси оқиғаларын қабылдауы, бұрынғы
және қазіргі саяси жүйені, саяси қайраткерлерді, басқару аппаратының жауап-
ты қызметкерлерін бағамдау т.б.
Тәрбиелік қызметі - бұл саяси білімдерді игеру жеке адамның интеллек-
туалды дамуына, дүниетанымының кеңеюіне, мүдделердің қалыптасуына,
қоғамдық саяси әрекетке, қимылға белгі тұрғының қалыптасуына жәрдемдесу,
ол өзінің көрінісін әлеуметтік белсенділіктен табады.
Интегративтік-біріктірушілік қызметі - саяси мәдениет өмір сүріп отырған
саяси жүйенің тірегі қызметін атқарады. Саяси мәдениетті қоғамның барлық
топтары мен әлеуметтік топтарына өндіру өлшем жүйесінің кең әлеуметтік
базасын жасау, қоғамның көпшілігімен өмір сүріп отырған саяси жүйені
қолдауды қамтамасыз ету арқылы оларды біріктіру мақсатына қызмет етеді.
Коммуникативтік (қарым-қатынас) қызмет - өмірде үстемдік алған саяси
сана мен мінез-құлықты жаңа ұрпаққа сіңіру.
141
Саяси элитаның қызметі. Саяси жетекшілік ұғымы,
типологиясы. Қазақстандағы жетекшілік институты
және саяси элита.
«Элита» термині француздың «еШ» деген сөзінен
шыққан, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII
ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады. XX ғ. бастап
саясаттану мен әлеуметтануда білімі, бай-лығы, беделі, билігі жоғары
адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші тандаулыларға және
олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау
алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551-479 жж.) адамдарды асыл азаматтарға
(билеуші элитаға) және төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші
философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда
элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалым-
дары Г.Моска, В.Парето, неміс Р.Михельс және т.б. қалыптастырды.
«Элита» терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848
1923 жж.). «Жалпыға бірдей социология трактатында» (1916 ж.) ол «элиталар-
дың айналу» теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы
қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Олардың орнына жаңа идеямен
жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ,
яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға
жылжытып отырады.
Қоғамда саяси элитаны тудыратын жағдайлар:
1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар
керек;
2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие
барысында қолы жеткен) теңсіздіктері;
3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады;
4) бұкара халықтың саяси немқұрайлылығы.
Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және
сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін
табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау
жасайды. Сонымен, саяси элита қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге
142
Достарыңызбен бөлісу: |