Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі



бет7/16
Дата13.09.2023
өлшемі418 Kb.
#477445
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
идеология

Пайдаланған әдебиеттер
1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7  Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
4.  "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
5. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министр
. Идея және идеология ұғымдарының мәні
2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
1. Идея және идеология ұғымдарының мәні
«Идеология» деген ұғым гректің ideia және loqos деген сөздерінен шыққан. Идея – көзқарас, логос –ілім, ой. Ал идеология сөзінің мәні – «идея
туралы ілім» немесе «мәртебелігі бар ілім» ретінде түсініледі. Идея – ол бір субъектінің немесе бір әлеуметтік-саяси топтың ғана көзқарасы. Ал идея идеологияға айналғаннан кейін ол мақсат, нұсқау ретінде жүргізіледі, тіпті тапсырма мәртебелілігіне ие болады. Идеяның идеологияға айналуы үшін оған қоғамдық жүйеден немесе мемлекеттік билік тарапынан қолдаушылық көрсетілуі қажет. Сонда ғана идея идеология ретінде қабылданып іске асырылады. Мысалы, марксизм идеологиясы алғашқыда бір ғана ғалымның – К.Маркстің идеясы ретінде пайда болды. Ол идеяның мағынасы: еңбекшілер буржуазиялық таптың қанауына ұшырайды, жұмысшылар мен шаруалар әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жетуі керек. Ол үшін жұмысшылар таптық революция ұйымдастырып, буржуазия өкіметін құлатып, жеке меншікті жойып, социализм орнатуы қажет деген ойды білдірді.
Кейін, К.Маркстің осы идеясын идеологияға айналдыру үшін коммунистік партия 1917 жылы Ресейде Қазан революциясын ұйымдастырып, өкімет билігін өз қолына алды. Мемлекеттік биліктің ұйғаруымен осы ойшылдың идеясы марксистік идеологияға айналып, КСРО сол идеология бойынша 70 жылдай өмір сүрді.
Идеяның идеологияға айналуы туралы тағы бір мысал — реформизммен байланысты. Реформизм идеологиясы алғашқыда Э.Бернштейннің идеясы ретінде пайда болды. Бұл идеяның мазмұны: еңбекшілерді әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жеткізу үшін реформалар жүргізу қажет. Оларды буржуазиялық қанаудан қорғау үшін ешқандай революцияның қажеті жоқ, жұмысшы табын қорғайтын партиялар парламентке келіп, еңбекшілерді қорғайтын әлеуметтік жүйені заң арқылы қалыптастыруы керек деген идеяны ұсынды. Бұл саясаткердің идеясын идеологияға айналдыру жолында Еуропаның көптеген елдерінде социал-демократиялық партиялар ұйымдастырылды. Осы партиялар сайлау арқылы өз парламенттерінен орын алып, ал кейбірі мемлекеттік билікке келіп, нәтижесінде реформалар арқылы еңбекшілердің мүдделерін қорғай бастады. Э.Бернштейннің идеясы идеологияға айналды. Бұл идеология саяси ғылымда “демократиялық социализм” деп аталады. Сонымен, идеология дегеніміз — биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы. Идеология мемлекет, саяси билік үшін қоғамды, азаматтарды бір мақсатқа жұмылдыру үшін пайдаланатын құрал.
Идеология ұғымын ғылыми айналымға, әдебиетке енгізген француз ғалымы, философы Дестют де Треси (1754-1836 жж.). Кейінірек идеология 105 деген түсінікті терең зерттеген неміс ғалымы Карл Манхейм болды.
Неміс саясаттанушысы М.Вебер де идеология проблемаларын теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге бірнеше еңбектерін арнады.
Осы ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша — идеология мемлекеттің, саяси топтардың, жеке тұлғалардың қоғам мен әлеуметтік топтар алдындағы мақсаттарын іске асыру үшін қолданылатын көзқарастар жүйесі.
Жалпы идеология туралы түсінік ерте заманда пайда болды. Мысалы, Аристотель идеология деген түсінікті “энтелехия” деп атаған. Энтелехия – мүмкіндікті шындыққа айналдыратын ізденушілік деп ұлы ойшыл анықтама береді. Идеология проблемаларын зерттеуші, ғалым К.Манхеймнің ойынша: “идеология — ол қоғамдық қарым-қатынастарға көзқарас қалыптастыратын
құрал”. Идеологияның мақсаты мен мазмұны қолдаушының (ұсынушының) мүддесімен сәйкес келеді. Сол себептен идеологияны ұсынушылар: мемлекет, билік, саяси немесе жеке адам идеологияға өте үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Егер идеологияны қолдануда қателікке жол берілсе, онда қоғам дамуының өзі қате жолға түсіп кетуі күмәнсіз. Тарихта бұндай жағдайларға ұшыраған мемлекеттер аз болған жоқ.
Негізінде, қандай идеологияны таңдау қажет екенін шешуші халық болуы тиіс. Саяси биліктің, мемлекеттің ұстанатын идеологиясы қоғамның, оның әрбір әлеуметтік топтарының, азаматтардың мүддесінің, ой-пікірлерінің, яғни идеяларының жиынтығы болуы тиіс. Ал халық мүддесімен мемлекеттік идеологияны сәйкестендіретін демократияның дамуы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет