1. XIX- XX ғ. идеялар мен ағымдар
2. XIX- XX ғ ағымдар:либерализм,консерватизм,марксизм
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
XIX- XX ғ. идеялар мен ағымдар
XIX ғ. бірінші жартысында қоғамдық санада марксистік саяси идеялар пайда болды. Оның негізін К. Маркс (1818-1883 жж.) пен Ф. Энгельс (1820-1895 жж.) салған еді. Олар социалистік революция мен пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Пролетариаттың саяси партиясы – Компартия, ол жұмысшылардың қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді. Олар мемлекеттік құрылымда жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін жұмысшы табы таптық күрестің негізінде қоғамдық-саяси жүйеде социализмді орнатуы тиіс деді. К. Маркстің ұйғаруынша: «...қоғамдық мінез-құлық барлық қозғалыс атаулыға тән, өйткені қоғам адамды адам етіп қалай қалыптастырса, адам да қоғамды солай қалыптастырады... Табиғаттағы адамның мәні тек қоғамдық адамға ғана қолданылады, тек қана қоғамда табиғат адам үшін, адамдарды өзге адамдармен байланыстыратын бөлім, басқалар үшін болмыс және ол үшін де болмыс, адамның іс-әрекетінің өмірлік құралы болып табылады, тек қоғамда табиғат адам болмысының негізі ретінде қарастырылады. Тек қоғамда ғана оның табиғи мәні ол үшін адами болмысқа айналады және табиғатта ол үшін адамдар қалыптасады. Осылайша, қоғам адамның табиғатпен өзара аяқталған бірлігі, табиғаттың шынайы қайта жандануы, жүзеге асырылған адами натурализм және табиғатқа адамгершілікпен қарау болып табылады». Сонымен, К. Маркс қоғам - адамның өмірде тіршілік етуінің негізі. Тек қоғамда ғана адам шын мәнісінде жетіліп, оның табиғи, саяси, әлеуметтік, құқықтық, экономикалық және т.б. мұрат-мүдделері мен қажеттіліктері жүзеге асырылады деп ой қорытады..
Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім. Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына, идеяларына негізделеді.Идеялардың негізгі көзі, бастауы ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдамалары. Мысалы, кезінде идея ретінде ұсынылып, кейін идеологияға, теорияға айналған Конфуцидің мемлекеттік билік пен халық арасындағы теңгергіштік заңы, Аристотельдің орташылдық, орта таптық концепциясы, Гоббстың антиэтатизм принципі, Монтескьенің билікті бөлу туралы заңы және т.б. Солардың ішінде бүкіл адамзаттың дамуына үлкен өзгерістер әкелгендері либералдық, консервативтік, реформистік, социал-демократиялық идеологиялар.
Достарыңызбен бөлісу: |