15-тақырып. ХIХ ғ. II жартысындағы ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси-құқықтық ойлар
ХIХ ғ. ортасына дейінгі Қазақстандағы өзіндік саяси және құқықтық ойлардың жалпы сипаттамасы. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі және қазақ халқының бірігуі, бостандық туралы қазақтың саяси және құқықтық ойларындағы идеялар. Бұхар-жыраудың саяси және құқықтық идеялары. Бұхар-жырау қазақ мемлекетінің геосаясаттық бағдары туралы. Халық бірлігінің қажеттілігі туралы ойлар. Ресейдің саяси және құқықтық идеялогиясының ықпаоы. Қазақ ағартушылардың саяси және құқықтық идеялары, олардың ерекшеліктері.
16-тақырып ХХ ғ Европа елдерінде және АҚШ-та саяси және құқықтық ілімдер.
ХХ ғ. саяси және құқықтық ойлардың ерекше белгілері және негізгі бағыттары. ХХ ғ. негізгі құқықтың теориялары.
Л.Дюгидің құқықтың солидаризм теориясы. Әлеуметтік келісушілік және тарихи дамуы. Әлеуметтік келісушіліктің нормасы құқық негізі ретінде. Мемлекет келісушілік құралы ретінде.
17-тақырып. ХХғ. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі және Қытайдағы Үндідегі ұлт-азаттық қозғалыстарының саяси және құқықтық идеялары
Ұлт-азаттық қозғалысының саяси-құқықтық идеологиясына жалпы сипаттама. Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары. Сунь Ятсен ұлтшылдықтың, халық билігінің және халық әл-аухатының қағидалары. Халық билігі режимінің бес билік концепциясы.
Үндідегі ұлттық қозғалыстың саяси және құқықтық идеялары. Махатма Гандидің саяси және құқықтық ілімі /гандизм/. «Сатьяграха» (күш қолданбайтын әдістердің тактикасы) саяси күресінің әдісі. Ынтымақтаспау және азаматтық бағынбау.
Тәжірибелік сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері
Ойлардың бағыттары, ағымдары, мектептері, идеялары /теория, доктрина/, ұстанымдары /концепция/, ілімдері. Саяси және саяси-құқықтық сананың типтері. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының кезеңге бөлінуі. ХІХ ғасыр ХХІ ғасырдың басындағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы ғылымы. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы бойынша әдебиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |