Сборник материалов и документов Алматы 2011 ббк а құрастырушы: Х. М. Тұрсұн Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты



бет17/19
Дата15.06.2016
өлшемі7.3 Mb.
#136634
түріСборник
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Нысанбаев (Хусанбаев) Дүйсенбай (?-?). - Сырдария облысы Перовск уезінде туған. 1918-1919 жж. Түркістан уездік-қалалық комитетінде С.Қожановпен қызметтес болған. Түркістан республикасында қоғамдық, мемлекеттік қызметтер атқарған. Түркістан халкомкеңесінің төрағасы П.А.Кобозевпен етене араласқан. Ташқазақ уездік партия комитетінің жауапты хатшысы. В.И.Ленинмен кездескендігі жөнінде естеліктер жазған. 1970 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданында қайтыс болған.

Оразаев Әбдірахман (Ғабдрахманбек) (1888-1937). – Ферғана қаласында туған. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. 1910 ж. гимназияны, 1915 ж. Санкт-Петербург университетің заң факультетін бітірген. Түркістан Мұхтарияты Уақытша халық Кеңесінің мүшесі, Түркістан Мұхтарияты Уақытша үкіметі Ішкі істер министрінің орынбасары, М.Шоқайдың досы, ағайын-жолдасы. М.Шоқаймен Париждегі кезінде хабараласып тұрды. Қуғындалған.

Оспанов (Османов) Сәдуақас (1898-1938 жж.). - Оңтүстік Қазақстан облысы Жаңақорған ауданында туған. 1917-1919 ж.ж. солшыл эсерлер партиясының мүшесі, 1919 ж. коммунистік партия мүшесі. «Қазақ тілінің сөздігі» еңбегінің авторы. «Ақ жол» газетінің редакторы. 1931 ж. Мәскеу қаласында Сталин атындағы сауда академиясын бітірген. Тұтқындалғанға дейін ОҚО Келес аудандық партия комитетінің хатшысы болып қызмет істеген. Қуғындалған 1937 ж. 26 тамызда революцияға қарсы ұлтшылдық ұйымының мүшесі ретінде тұтқынға алынып, 1938 ж. 21 ақпанда атылған. 1957 ж. 21 желтоқсанда ақталған.

Өтегенов Садық Қалмұхамедұлы (1874-1937). - ОҚО Түркістан қаласында туған. 1896 ж. Түркістан мұғалімдер семинариясын бітірген. «Кеңес» астыртын ұйымы басшыларының бірі. Алаш партиясы атынан Құрылтай жиналысының депутаттығына ұсынылған. С. Қожановтың ұстазы. Ташкенттегі Қазақ Ағарту институтының оқытушысы. 1918 ж. қаңтардағы Түркістан қаласында өткен Сырдария облысы қазақтарының съезін ұйымдастырушылардың бірі. Қуғындалған. 19.11.1937 ж. ату жазасына кесілген. 17.07.1957 ж. ақталған.

Палмұхамедов Әбду (1895-?). – Перовск уезінде туған, қалалық училищені бітірген. 1919 ж. коммунистік партия мүшесі. Түркістан уездік-қалалық ревкомының хатшысы.

Петерс Я.Х. (1886-1938). - Кәсіпқой революционер. 1904 ж. партия мүшесі. 1920-1922 жж. РК(б)П ОК Түркістан бюросының мүшесі, ВЧК-ның Түркістандағы өкілетті өкілі. 1921 ж. БОАК және РКФСР ХКК Түркістан комиссиясының мүшесі, 1922 ж. ГПУ Шығыс бөлімінің алқа мүшесі және бастығы. 1923 ж. Орталық Бақылау Комиссиясының мүшесі, 1924 ж. Жұмысшы Шаруа Инспекциясы Халкомының алқа мүшесі.

Рахымбаев А.Р. (1896-1938). - 1919 ж. партия мүшесі. 1921 ж. қыркүйектен ТүркОАК төрағасы, Түркістан КП ОК хатшысы, 1921 ж. РКФСР Ағарту Халкомының алқа мүшесі. 1922 ж. Түркістан КП ОК-Өзбекстан КП ОК хатшысы.

Рүстемов Нарзілда (1882-1938). - ОҚО Түркістан ауданы Шоқтас ауылында туған. 1920 ж. коммунистік партия мүшесі. Әулиеата уездік-қалалық паритя комитетінің хатшысы, Сырдария облаткомының төрағасы, Түркатком хатшысы, ТүркОАК мүшесі. НКВД құжаттарында алашордашыл ретінде аталады. Қуғындалған. 07.03.1938 ж. ату жазасына кесілген.

Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы (1894-1938) - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 1917 ж. коммунистік партия мүшесі.1919 жылдың наурызынан ТКП Мұсылмандар бюросының төрағасы. 1920 ж. қаңтарда ТүкОАК тқрағалығына сайланған.1-7 қыркүйектегі Шығыс халықтарының І съезіне (Баку қ.) қатысып, делегаттардың коммунистік фракциясын басқарды. РКФСР Ұлт істері халкомының екінші орынбасары, осы халкомның Әзірбайжандағы өкілі, 1922 ж. күзінен 1924 ж. қаңтарына дейін Түркістан АКСР Халкомкеңесінің төрағасы. РК(б)П ОК Саяси бюросының шешімімен Коминтерн Атқару комитетіне қызметке жіберіледі, 1924 ж. жазынан 1925 ж. маусымына дейін Коминтерннің Монғолиядағы өкілі. 1926-1937 жж. РКФСР Халкомкеңесі төрағасының орынбасары қызметінде болды. Ұлт-азаттық қозғалыс тарихына қатысты бірнеше еңбектердің авторы. Қуғындалған. 1938 ж. ақпанында ату жазасына кесілген, 1957 ж. ақталды.

Рудзутак Я.Э. (1877-1938). - Кәсіпқой революционер. 1905 ж. партия мүшесі, 1920-1922 ж.ж. РК(б)П ОК Түркбюросы және БОАК және РКФСР ХКК Түрккомиссиясының, 1922 ж. Орта Азия бюросының төрағасы. 1923-1924 ж. РК(б)П ОК хатшысы. 1920-1937 жж. ОК мүшесі, 1926-1932 жж. Саяси бюро мүшесі. 1923-1926 жж. Саяси бюро мүшелігіне кандидат.

Сарымолдаев Қабылбек (1898-1938). - Сырдария губерниясы Мерке ауданы Ойтал селосында туған. 1918 ж. коммунистік партия мүшесі. Әулиеата, Алматы уездік-қалалық аткомдарының төрағасы. Ақпан 1921 ж. – ақпан 1922 ж. Қырғыз республикасы ішкі істер халкомының орынбасары. 1924 ж. Сырдария облаткомының төрағасы. 1933 ж. ШҚО облатком, кейін Торғай ауаткомының төрағасы, 1937 ж. қыркүйегінен ҚКСР Тамақ өнеркәсібі халкомының орынбасары. Қуғындалған. 25.02.1938 ж. ату жазасына кесілген, 27.03.1958 ж. ақталған.

Сатығұлов Нұрғали (1897-1938). – Перовск уезінде туған. 1919 ж. коммунистік партия мүшесі. Перовск қалалық училищесін бітірген. Осы уезде Төтенше комиссияның төрағасы, Жетісу облысында жерге орналастыру бойынша Түркатком мен Халкомкеңестің өкілі. Ішкі істер халкомының алқа мүшесі, әкімшілік басқармасының бастығы. 1933 ж. Алматы облысы Аягөз аупарткомының хатшысы, 1937 ж. мамырынан ҚКСР Алматы облаткомы жергілікті өнеркәсіп бөлімінің бастығы. Қуғындалған. 05.08.1937 ж. ату жазасына кесілген. 05.07.1959 ж. ақталған.

Сафарбеков Садық (Садыбек) Жүнісұлы (1902-1938). - Түркістандағы комсомол жастар қозғалысының өкілі. ОҚО Жаңақорған ауданында туған. 1919 ж. коммунистік партия мүшесі. САГУ рабфагін, Мәкеуде Я. Свердлов атындағы университеттің курсын бітірген. 1922 ж. Ташкентте партия курстары мен мектептерінде оқытушы, 1923 ж. Сырдария облыстық партия комитеті Бақылау комиссиясының мүшесі, облыстық «Қосшы» одағының төрағасы. 1936 ж. Қазсовпроф төрағасы, сәуір айынан ҚКП Қарағанды обкомының екінші хатшысы, тамыз айынан Гурьев округтық парткомының, 1937 ж. сәуір-қазан айы аралығында БҚО Орал қалалық парткомының бірінші хатшысы. Саяси қызметте, алашордашылармен қарым-қатынаста солшылдығымен танылған. Қуғындалған. 18.11.1937 ж. ату жазасына кесілген. 21.01.1958 ж. ақталған.

Сафаров Г.И. (Володин, Егоров) (1891-1942). - Кәсіпқой революционер. 1908 ж. партия мүшесі. 1921 ж. РК(б)П ОК Түркбюросының мүшесі, желтоқсан айынан Коминтерннің Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Комитерн Атқару комитетінің Төралқасының мүшесі. Түркістан Республикасында Түрккомиссияның мүшесі ретінде жауапты қызметтер істеген, алашордашыларды мемлекеттік қызметтерге тартуға ықпал жасаған.

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) 1894-1938. - Ақмола облысы Ақмола уезі Нілді болысында туған. 1918 ж. Коммунистік партияның мүшесі. 1917-1918 жж Ақмола уездік атқару комитетінің төрағасы, Ақмола депутаттары кеңесі президиумының мүшесі және халық ағарту комиссары, 1918-1919 жж Колчак өкіметі кезінде абақтыда отырған, кейін концлагерьге кесілген (Ақмола, Омбы қалалары). 1920-1921 жж ҚырОАК Президиумының мүшесі, Қырғыз (қазақ) автономиялы облысы ХКК төрағасы.. 1922-1923 жж «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы (Орынбор қаласы). 1924-1926 жж ҚАКСР Халық ағарту халық комиссариатының Ғылыми комиссиясының төрағасы (Қызылорда қаласы). 1935 ж. «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақстан жазушылар одағы басшыларының бірі. Қуғындалған. 1937 ж. ақпанда ату жазасына кесілген. 1957 ж наурызда ақталған.

Соколов С.М. – 1922 ж. РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі.

Товстуха И.П. – РК(б)П ОК хатшысы И. Сталиннің көмекшісі, хатшысы, РК(б)П ОК Құпия бөлімінің меңгерушісі

Томский М.П. (1880-1936). - Кәсіпқой революционер. 1904 ж. партия мүшесі. 1918-1921 және 1922-1929 жж. ВЦСПС төрағасы, 1922 ж. ВЦСПС хатшысы, 1921 ж. БОАК және РКФСР ХКК Түрккомиссиясының мүшесі.

Төреқұлов Н.Т. (1893-1937). - 1918 ж. партия мүшесі. ТКП ОК хатшысы, Түрккомиссия мүшесі. 1923 ж. Орталық Шығыс баспасының қызметкері. Қазақтан шыққан алғашқы елші. Қуғындалған.

Тоқтыбаев Иса Тоқтыбайұлы (1894-?). - Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында туған. 1916 ж. Ташкент мұғалімдер семинариясын бітірген. Астыртын «Кеңес» ұйымының мүшесі. 1920 ж. дейін Түркістан өлкесі Халық Ағарту Кеңесі алқасының мүшесі, әрі Қазақ ағарту Институтының директоры, 1920 ж. «Ақ жол» газетінің жауапты редакторы, ТүркОАК мүшесі. «Талап» қоғамының мүшесі, «Алғашқы басқыш мектептеріне арналған бастапқы география», «Түркістанның географиялық очерктері» оқулықтарының авторы. 1926 ж. дейін ҚазАКСР Халық ағарту комиссариаты алқасының мүшесі. 1929 ж. Ленинградтағы Ғылыми педагогикалық Мемлекеттік институттың аспирантурасында оқыды. 1932 ж. Кеңестік Шығыс аз ұлттар институтының директоры әрі Томачев атындағы Әскери-саяси академияның оқытушысы. Қуғындалған. 1933 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталған, 1935 ж. босанған. 1939 ж. тұтқынға алынып, 1947 ж. босанған. 1949 ж. үшінші рет сотталып, 1954 ж. мерзімінен бұрын босатылған.

Тоғжанов Ғаббас Сәдуақасұлы (1900-1938). - СҚО Қызыл ту ауданында туған. 1935 ж. Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, 1936 ж. шілдесінен ҚКСР ХКК жанындағы Өнер істері Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, кейін «Литературный Казахстан» журналының редакторы. Қуғындалған. 25.02.1938. ату жазасына кесілген. 26.12.1957 ж. ақталған.

Тоқтабаев Кәрім (Ғабдол-Кәрім) Дощанұлы (Досжанұлы) (1892-1936). - «Алаш» партиясының, 1922 ж. коммунистік партияның мүшесі. 1919-1921 жж. Семей губерниялық халық ағарту бөлімінің қызметкері, Ақмола облыстық ағарту бөлімінің меңгерушісі. 1921-1922 жж. Көкшетау уезінің азық-түлік комиссары, ҚазОАК Қызыл керуенінің уәкілі. 1922 ж. қазанынан 1924 ж. наурызына дейін ҚазКСР ағарту халкомының орынбасары және ҚАКСР Саяси ағарту жұмыстары бас басқармасының бастығы. 1924-1925 жж. ҚАКСР Егін шаруашылығы халық комиссариаты жерге орналастыру бас басқармасының бастығы. 1925-1927 жж. Семей губерниялық атқару комиетінің төрағасы. Қуғындалған. 1933 ж. қазанда тұтқындалған, 1934 ж. сәуірде 5 жылға сотталған. 1934 ж. мамырда үкім Воронеж қаласы жер аудару жазасымен ауыстырылған, 1936 ж. айдауда қайтыс болған. 1958 ж. қаңтарда ақталған.

Шоқаев (Шоқай) Мұстафа (1890-1941). - Сырдария облысы Ақмешіт қаласында туған. Ташкент қаласында гимназия, С-Петербург университетін бітірген, заңгер. 1916 ж. Ресей Мемлекеттік Думасы Мұсылмандар фракциясының хатшысы. Түркістандағы Мұсылмандар Кеңесін (Шура-и-Исламия) ұйымдастырушылардың бірі, Уақытша Үкіметтің Түркістан Комитетінің мүшесі. Түркістан Мұхтарияты (Қоқан автономиясы) үкіметінің төрағасы, Алаш қозғалысы басшыларының бірі. 1918 ж. ақпанда шет елге мұғажырлыққа кетті. Мұғажырлық жағдайда тәуелсіздік идеясын насихаттап, кеңестік билікке қарсы саяси күрес жүргізген. Түркілік бірлік идеясын негіздеушілердің бірі.

Сарынов Арбаб Нұрымұлы (1899-1962). - Перовск қаласында туған. 1918 ж. коммунистік партияның мүшесі. 1919-1922 жж. ТК төрағасы, Түркістан майданы айрықша бөлімінің бастығы, Перовск ТК саяси бюросының бастығы, уездік-қалалық атқару комитетінің төрағасы, 1923-1926 жж. КСРО Халық шаруашылығы орталық кеңесінің Сырдария губерниясы бойынша Шикізат дайындау басқармасының бастығы. 1926-1931 жж. инспекция меңгерушісі, «Қазсауда» тресі директорының орынбасары (Алматы, Қызылорда, Шымкент қалалары). 1931-1934 жж. Бүкілодақтық сыртқы сауда академиясының студенті. 1934-1938 жж. КСРО Халкомкеңесі жанындағы Дайындау комитетінің Қазақстан бойынша уәкілі, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша уәкілінің орынбасары.

Сейдалин Зұлқарнайын – Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының өкілі. «Кеңес» астыртын ұйымының мүшесі, хатшысы, революцияның бас кезінде меньшевиктер қатарында болған қайраткер.

Ибрагимов Құсайын – Перовск уезінде туған. Түркістан мұғалімдар семинариясының түлегі. 1918 ж. сәуір айындағы Түркістан Кеңестерінің V съезінде ТАКСР Әділет халкомы болып сайланған. П.А. Кобозевтің жақын жолдасы, онымен бірге қуғындалған.

Жанұзақов – басмашылар жағына өтіп кеткен партия қызметкері.

Қошманбетов Кәрімбай Қошманбетұлы (1897-1930). -Сырдария облысы Әулиеата ауданында туған. 1918 ж. коммунистік партияның мүшесі. 1918 ж. Әулиеата жоғары бастауыш училищесін бітірген. 1918-1921 жж. уездік атқару комитетінің мүшесі, ТК қызметкері (Әулиета қ.). 1921-1926 жж уездік-қалалық милициясының бастығы, уездік-қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (Әулиеата қ.) 1926-1928 жж. Орал губерниялық атқару комитетінің төрағасы. 1929 ж. ақпаннан мамырына дейін ҚАКСР Сауда халкомының орынбасары. 1929-1930 жж. БК(б)П Іле аудандық комитетінің хатшысы (Алматы округі). ҚазОАК және ТүркОАК мүшелігіне кандидат, мүше.

Тоқжігітов Шаймерден – 1925 ж. «Ақ жол» газетінің редакторы, журналист.

Ходжаев Ф. У. (1896-1937). - 1920 ж. партия мүшесі. 1922 ж. Бұхар халық Республикасы ХКК төрағасы, Сыртқы істер халкомы, 1924 ж түркістан майданы Әскери Революциялық кеңесінің трағасы, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі. 1925-1937 жж. Өзбекстан КСР Халкомкеңесінің төрағасы. Қуғындалған.

Энвер Паша (1881-1922). - Түрік әскерінің генералы. 1921 ж. РКФСР Ұлт істері халкомының Бұхардағы Қызыл әскердің ұлттық бөлімдерін жасақтау жөніндегі кеңесшісі, кейін Түркістандағы басмашылық қозғалысты басқарды, 1922 ж. жазында Душанбені басып алып, Бұхараға шабуыл жасады. Шайқаста қаза тапқан.

Элиава Ш.З. (1883-1937). – Кәсіпқой революционер.1904 ж. партия мүшесі. 1919 ж. Шығыс және Түркістан майданы Әскери революциялық Кеңесінің мүшесі, Түркістан істері жөніндегі Ерекше комиссияның төрағасы, Түрккомиссия мүшесі.

Ярославский Е.М. (Ильян) (1873-1943). - Кәсіпқой революционер. 1898 ж. партия мүшесі. 1923-1934 ж.ж. Орталық Бақылау комиссиясының мүшесі. 1923 ж. Орталық Бақылау комиссиясы партколлегиясының хатшысы әрі КСРО Жұмысшы-шаруа инспекциясы халкомы алқасының мүшесі.

Есімдер көрсеткішін дайындауда пайдаланылған жинақтар

Азалы кітап-Книга скорби. Атылғандар тізімі: Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша. 1998 жыл, Шымкент: «Зерде». -292 б.

Большевистское руководство. Переписка. 1912-1927. Сборник документов /Составити: А.В. Квашонкин...-М.: Российская политическая энциклопедия. (РОСПЭН). 1996.-423 с.

Бөкейханов Ә. Шығармалар.-Алматы: Қазақстан, 1994.-384 б.;

Деятели СССР и революционного движения России: Энциклопедический словарь Гранат. - М.; Сов. Энциклопедия, 1989, - 832 с.

Жизнь и деятельность представителей казахской национальной интеллигенции в Туркестане. (Сборник документов и материалов в двух частях). 1. Ч. /Составители Тилеукулов С., Голованов А.А., Оразымбетов Ш., Тилеукулов Г.С., Косанбаев С., Тилеукулова Г.С.). Шымкент: 2004. -178 с. Красный террор: Политическая история Казахстана (Сборник документальных материалов политической репрессии 20-50-х годов ХХ века). Составители: Койгелдиев М.К., Полулях В.И., Тлеубаев Ш.Б. – Алматы: ТОО «Типография оперативной печати», 2008.-307 с.

Қазақстанның халық комиссарлары. 1920-1946: Өмірбаяндық анықтамалық. /Ред. М.С. Нәрікбаев (жауапты), Л.Д. Дегітаева және т.б.- Алматы: Қазақ гуманитарлық-заң университетінің баспасы, 2004. -499 б;

Политические репресии в Казахстане в 1937-1938 г.г. Сборник документов. (Отв. редактор Л.Д. Дегитаева. - Алматы: Казахстан, 1998.-с.336. /Архив Президента РК).

ЦК РКП(б) – ВКП(б) и национальный вопрос. Книга 1. 1918-1933 гг. /Составители Л.С. Гатагова, Л.П. Кошелева, Л.А. Роговая. – М.: «Российская политическая энциклопедия» (РОСПЭН), 2005. – 784 с.

МАЗМҰНЫ


І БӨЛІМ

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ҚАНАТЫ

1.Құрастырушыдан............................................................................................3

2.Түркістан ұлт-азаттық күресінің сипатты белгілері ................................5

3. Тарихи таным үдерісіндегі ұлттық мүдде мәселесі..............................14

3. Алаш қозғалысы тарихының деректік мәселелері .................................20

4. Алаш, Түркістан ұлт-азаттық қозғалыстарының таныс бейтаныс өкілдері-.............................................................................................................................34

5. Қызылорда – ұлттық мемлекеттіліктің дәстүрлі атауы............................46

6. Алаш қозғалысы Оңтүстік қанатының тарихи алғышарттары..............50

7. Топшылдық – ұлттық элитаның саяси күрес тәсілі ..................................56

8. Алаш қозғалысының тарихындағы «Ақ жол» газетінің рөлі.................72


ІІ БӨЛІМ

ҚҰЖАТТАР – ДОКУМЕНТЫ

1.Құжаттар мен материалдар тізімі..............................................................85

2.Есімдер көрсеткіші......................................................................................231

3.Есімдер көрсеткішін дайындауда пайдаланылған жинақтар..............246


Из письма Т.Р.Рыскулова И.В.Сталину о положении и национальной политике в КАССР
Оренбург 20 февраля 1922 г.
Товарищу Сталину!
(Письмо). Благодаря заносам и другим побочным причинам мне пришлось порядочное время задержаться в Оренбурге.

[...] В общем можно сказать, что работа по строительству здесь идет очень слабо. Положение Кирреспублики в этом отношении мало чем изменилось от того его состояния, в котором она находилась еще в 1920 г., т.е. в период своего оформления. Определялись губернии, которые должны войти в состав Кирреспублики, были за это время один партийный и два советских съезда, назначались обкомом через КирЦИК председатели губисполкомов, посылались на места кое-какие работники да проводились и проводятся по инерции декреты и положения Центра федерации и притом почти без всяких приспособлений к местным условиям - и более ничего.

[...] Злободневные вопросы, как вопросы о борьбе с голодом, посевная кампания и т.п., остаются почти пустыми словами без принятия каких-либо своих местных мероприятий, и вся надежда в этом отношении возлагается на помощь из Центра. Правда, в связи с новой экономической политикой нельзя применять экспроприации имущества у частных собственников, как мы де-лали в свое время в Туркестане (в 1918-19 годах), когда боролись с голодом, но тем не менее можно было бы путем накладывания известного налога в фонд голодающих на скот и имущество кир-гизской буржуазии, широкой постановки сбора добровольных пожертвований, привлечения голодающих к общественным работам и организации кустарных мастерских - до некоторой степени помочь голодающим в Кирреспублике, но в этом направлении никаких мер не принимается.

[...] Местные деятели новую экономическую политику, ус-танавливающую, правда, некоторую защиту интересов хозяйств мелкого и среднего крестьянства и свободный выбор форм зем-лепользования, поняли подлинно в смысле ненужности теперь разрешения земельного вопроса в Кирреспублике. [...] Мало то-го, в Кирреспублике неизвестно, на какой социальной базе зиж-дется соввласть, ибо киргизская и русская беднота до сих пор не организованы и не отслоены от своих эксплуататоров. Может быть, таковой базой считаются оренбургские рабочие и кое-какие красные воинские части, но этого совершенно недостаточно. Нельзя соввласть противопоставлять всему киргизскому населе-нию, не опираясь на один из слоев последнего. [...] Даже до сих пор не принято мер по организации многочисленных киррабочих на железных дорогах, копях и т.д., и улучшения их материально-го положения. Продналог проводится как Бог на душу положит, и то проводниками последнего на местах являются или непосредственно представители Центра (Семипалатинская и Акмолинская области), или органы соседних областей, вроде Сибревкома.

С народным просвещением также дело обстоит плохо. До сих пор не видно хоть сколько-нибудь организованной сети школ. Во многих аулах имевшиеся школы теперь закрылись за отсутствием средств и работников. Киргизская газета (орган об-кома и КирЦИКа) «Энбекши казак» № 9 говорит, что до сих пор вообще нигде в степи не организовано ни одной киргизской Школы, за исключением 1-2 курсов, которые имеются в г. Оренбурге, но я думаю, это несколько преувеличено. Киргизские тру-довые массы, разбросанные по степи, почти никакой просвети-тельной пищи не получают. Мало того, эти массы совершенно не получают и политической пищи. Краевая пресса на киргизском языке поставлена очень плохо: нет материальных средств, нет даже одной хотя бы оборудованной киргизской типографии, так как три четверти всех средств в этом отношении поглощается Оренбургом.

Между высшими органами Кирреспублики (Оренбургом) и местами почти никакой органической связи и даже сколько-нибудь политических влияний на местах нет. Есть, наоборот, се-паратические стремления отдельных губерний, стремящихся не считаться с Оренбургом и непосредственно связаться с Центром. Благодаря отсутствию какой-либо крупной жизненной задачи, которая поглотила бы внимание высших органов Кирреспублики, вся деятельность последних сводится, во-первых, к себяснабженчеству, во-вторых, к мелкой повседневной бюрократической работе. Особенно это относится к обкому. Он является не столько обкомом Кирреспублики, сколько г. Оренбурга и возглавляемый т. Коростелевым (человеком, как оказалось, не очень крупным), занимается повседневными мелкими работами. Все, вплоть до посылки инструкторов и распределения валенок, проходит через обком. На объединенном заседании Президиума КЦИК, СНК и обкома был сделан доклад председателя Акмолинского губисполкома Казбекова. Выяснилось, что нет связи с Оренбургом и стремление этой губернии - даже отколоться, если Оренбург не примет меры по установлению этой связи и не будет идейно влиять.

Так называемого политического воспитания не только масс, но даже краевых партработников по инициативе Обкома, выяснения общеполитических вопросов путем собрания и дискуссии совершенно нет. Даже мало чувствуется организационной и идейной связи между отдельными партработниками и Обкомом. [...] Киргизские массы смотрят на Обком как на орган диктатуры оренбуржцев над Киргизией, как на зло, которое мешает всякому действительному привлечению трудовых масс киргиз к Советвласти.

[...] Кирработники, как апатично настроенные, еще больше пали духом, видя совершенную невозможность всякой работы.

Такие авторитетные работники среди киргизских трудовых масс, как тт. Садвокасов, Мирзагалиев, Ауэзов и др., за которыми идет вся киргизская партийная молодежь, рассматриваются с точки зрения недоверия к ним и оказывается всяческий тормоз их работам. В результате такой линии Обкома (оренбуржцев) и ненормального состояния вообще Кирреспублики все почти авторитет-ные среди трудовых масс киргиз работники стоят накануне пер-сонального ухода от работы. Это уже частично происходит.

Совершенное непонимание Обкомом и оренбургскими работниками своей задачи в Кирреспублике болыпе всего характе-ризуется обсуждением национального вопроса на дискуссионном заседании Обкома при участии ответственных партработников и части делегатов, съехавшихся на партийную конференцию. ...На первом заседании я впервые докладывал свои тезисы. Возникли прения: одни указывали (т. Заромский - член президиума Кир-ЦИКа) на недостаточное освещение нашей полемики с Бауэром и другими сторонниками культурно-национальной автономии, что уже достаточно пережевано в рядах нашей партии, другие (т. Шлейфер - председатель СТО) указывали на недостаточное ое-вещение международного положения, что также не относилось к основной теме, третьи указывали на недостаточную разработку практической части, ничего не указав в этом отношении со своей стороны - и в результате решили, что в общем и целом с вопросом мало знакомы, что необходимо ознакомиться с тезисами, потом уже принять то или другое решение. На втором заседании (спустя 10 дней) я докладывал те же тезисы, несколько изменив и разработав более практическую часть. Обкомцы почувствовали, что затрагиваются больные вопросы, и собрание сразу решило, что нужно вопрос оставить на третье заседание и дать возможность отдельным участникам собрания детально ознакомиться еще раз с тезисами.

Нужно кстати сказать, эти тезисы были злобой дня. Одни говорили, что, мол, Рыскулов известный человек, Боже упаси принимать его тезисы, какие бы красные они не были, другие говорили - принимать, но с поправками, третьи, как кирработники, считали тезисы самыми жизненными, отвечающими моменту. Третье заседание насчитывало уже около 60 человек участников и затянулось от 5 до 12-ти часов ночи. Все явились подготовленные - кто с тезисами Коминтерна, кто с резолюцией X съезда РКП. В прении почти все русские работники (киргиз было не более 10-12 человек) выступили против тезисов и в результате приняли болышшством резолюцию: тезисы отвергнуть целиком и передать их как материал особой комиссии, которая должна вы-работать новые тезисы (т.е., иначе говоря, ясно и двусмысленно высказались, что нет надобности нарушать то спокойствие, в котором почивают высшие органы Кирреспублики и напрасно создавать себе лишнюю работу).

Вообще в результате дискуссии выяснилось: 1) что национальный вопрос ни разу серьезно не обсуждался и ни один пункт постановления X съезда РКП по национальному вопросу не проведен до сих пор в жизнь, чего сами участники собрания единогласно утвердили и 2) что начиная с Обкома болынинство ответственных работников, особенно русских, совершенно не понимают, что такое национальный вопрос и наши задачи, вытекающие из этого вопроса. (14 февраля 1922 г. расширенный пленум Киробкома РКП(б) отверг тезисы Т.Р.Рыскулова, а 25 февраля в центральной партийной газете республики «Степная правда» была опубликована статья А.Айтиева «Странствующие тези-сы и национальная политика». Рыскулов критиковался за выдвинутые еще в 1920 г. идеи о Тюркской компартии и тюркской армии, за внеклассовую оценку переселенческого крестьянства и т.п.)

[...] Тов. Айтиев (Наркомвнудел киргиз) говорит, что нападать на колонизаторов-кулаков не следует, наоборот, нужно признать, что деятельность русских переселенческих кулаков имела цивилизующее начало для киргиз и поэтому последние даже должны учиться у этих кулаков. Такое исключительное по своему характеру заявление для всех участников собрания, не ис-ключая и русских, было неожиданностью (я все время упоминаю о русских и киргизах не потому, что мне хочется делить по национальностям, а потому, что так распределяются местные социальные группировки). Видно, недаром ненавидят все кирработники этого товарища и высказываются о нем как о явном карьеристе, который со вчерашнего волостного управителя заделав-шись теперь «левым» коммунистом (что особенно резко наблю-далось последние годы во многих восточных окраинах - как это ни странно) из-за комиссарских кресел старается всячески угодить чувствам русского господствующего населения. Иного объяснения и нельзя дать.

Тов. Струппе (замнаркомвнудел) высказал другой крайний взгляд, то есть что для него вообще не существует национального вопроса, что заниматься этой роскошью в то время, когда есть более живые вопросы (о голоде, эпидемии и т.д., по которому как раз ничего не предпринимается) было бы глупостью, и против этого взгляда (который, видно, очень понравился оренбургским товарищам и который является точной копией с исторического заявления т. Казакова в Туркестане) мало кто возражал.

[...] Словом, в заключение считаю нужным проведение в отношении Киргизии следующих мероприятий:


  1. упразднить Кирреспублику с непосредственным присоединением отдельных губерний к Центру (я уверен, что со стороны коренного населения никаких неудовольствий не встретит этот шаг, если не выйдет обратно) или, если сохранять в дальнейшем эту республику, то непременно перевести центр последнего из Оренбурга в другое место, но во всяком случае в том мертвом положении, в каком находится Кирреспублика, не оставлять далыне. Федерация не может безразлично относиться к такому обширному по своей территории и хозяйственному положению краю. Вышеуказанное соображение диктуется главным образом и по условиям (как показала жизнь) совершенной неспо-собности Оренбурга по пространственным и другим техническим причинам быть центром разбросанных на громадном пространстве губерний Кирреспублики. Что же касается влияния на отсталую Киргизию из Оренбурга, как пролетарского центра, не приходится говорить, ибо та же жизнь показала отсутствие этого влияния. Последнее можно осуществить путем командирования из Москвы в новый центр Кирреспублики целой группы закален-ных партработников, которые вполне сумеют осуществить пролетарское влияние на отсталых киргиз.

  2. Произвести полную перетряску в работах краевых органов Кирреспублики и наметить отдельные конкретные задачи перед ними, для проведения каковых задач послать из центра соответствующих работников. В частности, таковую задачу можно было бы возложить на т. Сафарова, во взглядах которого по вопросам работы в окраинах есть много здоровых сторон, но с условием, чтобы он не занимался личной группировкой, как это он делал в Туркестане.

3) Включить практические мероприятия, указанные в моих тезисах первыми из пунктов, подлежащих к намечению в будущем задач в деле строительства в Киргизии. [...]
С глубоким к Вам почтением Т.Рыскулов.
РГАСПИ. Ф. 558. Коллекция Наркомнаца. Папка 2. Д. 32. Л. 40-44 с об. Машинописъ. Подлинник. Подписъ автограф. //Россия и Центральная Азия. 1905-1925 гг. Сборник документов / Авт.-сост. Д.А.Аманжолова. (Предисл. В.Ю.Зорина, Д.А.Аманжоловой). – Караганды:: Изд-во КарГУ, 2005. -495 с. (344-350 с.)

185




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет