Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет64/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003. 
2. Зенкин С.Н. Введение в литературоведение. Теория литературы. М., 2000Г.  
3. Тодоров Цв. Понятие литературы // Семиотика. М., 1983. 
4. Ісімақова А.С. Асыл сөздің теориясы. – Алматы: Таңбалы, 2009. – 376 б. 
 
 
 


142 
Қойшыбаева Н.,
Әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық
университетінің 2 курс магистранты 
Ғ. МҮСІРЕПОВ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ 
ХАС ШЕБЕРІ 
Көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты – бүгінгі таңдағы әдебиеттану ғылымында өте жиі сөз 
бола бастаған күрделі теориялық тәжірбиелік мәні мол мәселе. Әдебиеттің негізгі предметі адам 
болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықта-
рын ашып көрсету – суреткердің негізгі міндеттерінің бірі. 
Қазіргі таңда әдебиеттанушылар мен әдеби қауым үшін қалыптасқан жағдайға айналған 
психологизмнің өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазіргі таңда әдебиеттанушы қауым үшін «сәнге» айналған психологизм дегеніміз не? Оның 
жалпы әебиет үшін қаншалықты маңызы бар? Ең алдымен психологизм қалай пайда болды және ол 
әдебиетте қандай орын алмақ? 
Сонымен орыстадың «Әдебиеттану сөздігінде» псизологизм «адам психологиясын тұлғаның іс-
әрекетіндегі импульстер менстимулдардың жиынтығы ретінде қарайтын әдеби талдаудың түрі» деп 
көрсетілген(1). 
Ал С. Ожеговтың «Орыс тілі сөздігінде» «Психологизм – психикалық, жап күйзелістерін терең 
суреттеу»,-деп қысқы ғана аныңтама берген (2,557). Ал бұл анықтама әдебиеттегі кейіпкерлердің 
және әлемін ашуға талпынған жазушы еңбегінің ширек қана бөлігін көрсете алады. Екінші жағынан 
алғанда әдебиеттегіпсихологизмнің негізгі шарттарын бере алады. 
Ал психологизм көне грек тілінен аударғанда «psyche» - жан және «logos» - деген сөзді білдіреді. 
Яғни ол жанның тілі ретінде әдеби процеске енеді.
Адамды жеке тұлға ретінде таныту үшін жазушы қолданатын әдебиеттегі әмбебап әдіс-тәсіл десе 
де болады. 
Ал негізінен алғанда шығармадағы нақтылы кейіпкердің көптеген жан арпалыстары мен күйзе-
лістерін толыққанды әрі мәнді етіп көрсете білу жазушының алдына қойған идеялық шешімімен, 
қалыптасқан стилімен, адам жанына талдау және сараптау жасайтын оның әдістері мен тәсілдеріне, 
керек десеңіз қойған мақсатымен тығыз байланысты екендігі айтылып жүр (3). 
Әдебиеттегі психологизм кейіпкердің толқынды тұлғасының танылуына өз әсерін тигізетін әдеби 
талдаудың бр түрі ретінде әдебиетте кең орын алып келеді. Көркем шығармадағы психологизм ең 
алдымен әдеби қаһарманның сезімі мен эмоцияларын, ойлары мен толғаныстарын терең һәм толық 
бейнелеу болып табылады. 
Бұл ретте қазақ әдебиетіндегі психологизм мәселесін жете зерттеген ғалым Б.Майтановтың: 
«Психологизмнің негізгі қызметі - өмірлік шындық пен көркем шындықтың жанды тамырластығын 
сақтау», - деген пікірімен толық келісуге болады (4,4). Яғни негізгі өмірлік шындықты шығармасына 
арқау еткен жазушы шығарма идеясында көрінетін көркем шындықтың арасына сыналай енетін нәзік 
байланыстардың арақатынасын қалай және қандай тәсілдермен білдере алады? Егерде шартты түрде 
өмірлік шындықты тақырып деп алсақ, көркем шындық сол тақырыптың жазушы қиялы мен қала-
мында өзгеріске ұшырап, жаға бір идеяны көтеруі болмақ. Ендеше, ол екі аралықтағы нәзік бай-
ланыстың ең басты көрінетін тұсы психологизм болмақ. 
Себебі жазушы кез келген өмірлік шындықты өзгерте алады, оның өзінің жазушылық шеберлігіне 
салав отырып, өңдеп, қырлап, саралап, зергерлеп жеткізе алады.
Психологизм әр түрлі шамада эпос, драма, лирикаға бірдей тән. Ол әдеби материалдың мазмұнын 
құрай отырып, мазмұнды ашатын формалық шешімдерді де тауып береді. Психологизмнің негізгі 
қызметі - өмірлік шындық пен көркем шындықтың жанды тамырластығын сақтау. Бұл ретте осы 
құбылыстың ішкі салалары есебінде даралау мен жинақтау, ұлттық, жалпыхалықтық, дерек пен 
қиялдап қосу, автор бейнесі, шығарманың заттық құрылымы іспетті түрлі мәселелердің өзара ықпал, 
әсері мен табиғи синтезін атау керек. Осы тұста әдебиетіміздің дамуына үлкен үлес қосқан 
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Дулатов сынды 
қаламгерлердің адам жанының психологиялық қатпарларын шынайы ашып бергендігін ерекше атауға 
міндеттіміз. 
Солардың ішінде басты назарда Ғабит Мүсірепов прозасындағы психологизм мәселесі. Ғалым 
қазақ әдебиетінің үлкенді-кішілі бірнеше жанрларын өркендетуге кезінде белсене араласқан көркем 
сөздің зергері. Мәселен, оның қаламынан шыққан көркем әңгіменің қай-қайсысы да сихологиялық 


143 
мазмұны терең, жазылу шеберлігі көзтартарлық әсем де мінсіз шығарма ретінде есте сақталып 
отырады. 
«Алғашқы адымдарда» колхоз құрылысының қазақ шаруаларының тіршілігіне, психологиясына 
әкелген өзгерістері көрініс тапқан. 
«Талпақ танау» (1933)- Ғ.Мүсіреповтің ғана емес, отызыншы жылдарындағы қазақ әңгіме 
жанрының айтулы табыстарының бірі. Колхоз болып ұжымдасқан шаруалардың дәстүрлі кәсіптері-
мен бірге оның жаңа түрлерін де игере бастағаны, шаруашылықтағы жаңалықтардың ауыл кедейле-
рінің психологиясына айтарлықтай өзгерістер әкелгені шебер суреттеледі. /5.365-366/ 
Осы жоғарыда айтылған «Қос шалқар» мен «Талпақ танау» сияқты әңгімелерін жаңа қоғамның, 
жаңа өмірдің ықпалы арқасында адамдардың тағдырындағы, ой-санасындағы елеулі өзгерістер айқын 
суреттелген. 
Осы он жылдың ішінде (1928-1938) оның қаламынан: «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі 
көршілер», «Күсен» және т.б. әңгімелер; «Тулаған толқында», «Алғашқы адым» повестері; «Ана» 
циклындағы қысқа новеллалар; «Әдебиет айтысына», «Мен қалай жаза бастадым», «Мұхтардың хаты 
туралы», «Қазақстан» баспасының айы», «ҚазАППтың бүгінгі міндеттері», «ҚазАПП жаңа дәуірде», 
«Социалистік құрылыс дәуірі–түрі ұлттық мазмұны пролетариаттық көркем әдебиеттің өркендейтін 
дәуірі» және т.б. сын мақалалар туды. 
Ұрпақтар сабақтастығы казіргі кезеңнің озінде де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ғабит 
Мүсіреповтің «Жеңілген Есрафил», «Тарландар», «Бірінші фонтан» сияқты әңгімелерінде жазушы 
еліміздегі еңбек адамдарының қажырлы кейпін жақсы танытып, өз замандастарының үлкен мұрат - 
сезімін биік шабытпен психологиялық толғаныспен ашып берді. «Өмір жорығы», «Қыран жыры» 
әңгімелері терең ойлы сез шеберінің қолынан шыққан бөлек туындылар. Бұлар – барлық адамзат 
атаулыға ортақ ізгі мақсат – ұрпақтар сабақтастығын түйіндеп, адам жанының ішкі әлемін талдап
берген терең мағыналы психологиялық кемел шығармалар. Бастан-аяқ салиқалы ойға, философиялық 
толғаныстарға негізделген бұл әңгімелердің кім-кімге де берер ғибратты тағылымы, эстетикалық нәрі 
мол. Мәңгілік өмірді лайықты түрде жалғастыру үшін табанды күреске, жалынды жігерге баулитын 
өршіл, өміршең идея – аталған шығармалардың зергерлікпен өрілген негізгі арқауы.
Ғабит Мүсіреповтің жазушылық жолы – бірте-бірте сатылап өсу жолы. Проза саласында жазушы 
ең алдымен шағын жанрларда қалам тербеп, машықтанғаны белгілі. Әңгіме, новелла, очерк, 
публицистика, повесть жанрларын еркін меңгеріп барып, ол кейінірек романға ауысты. Сөз зергерінің 
творчестволық жолындағы психологиялық туындылардың қатарына қосылған оның «Ұлпан» романы 
еді. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер күшінің молдығымен, адам 
жанының асқан сезімталдығымен романда көрінетін Ұлпан — бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау 
тұрған әдеби образ. Романдағы Ұлпан бейнесін суреттеуге Ғабит Мүсірепов бүкіл өмір бойы іштей 
дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны мәлім. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының 
әлеуметтік — тарихи өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді өмірде шын болған 
оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, 
автор сол тұстағы бүкіл халық, қоғам өмірінің айқын суреттерін психологиялық тұрғыда жасап берді. 
Ұлпанның екінші басты қасиеті – өз заманындағы көне ескілікке, әсіресе, әйелдерді қорлап, кемітетін 
феодалдық әдет-ғұрыпқа қарсы батыл күресуі, халық өміріне ауадай қажет жаңашылдыққа, 
прогреске ұмтылып, елге айтарлықтай үлгі-өнеге көрсетуі. Ұлпан образының әлеуметтік бітімін әрі 
көріктендіре, әрі биіктете түскен шақ жазушының психологиялық тұстарды шебер пайдалануында. 
Үшінші, үлкен адамгершілік, зеректік, ақылдылықпен қатар Ұлпанда қайраттылық, өткірлік, 
қаһармандық мінез бар. Ел, халық намысы үшін оның жалындап жарқ еткен тұсы да шығармада 
қапысыз бейнеленген. Романдағы Ұлпан – сол негіздегі халық өмірінің шынайы сипатын танытатын, 
жинақтаушылық күші әдебиетіміздегі шын мәніндегі типтік образ. Ұлпан бойындағы барлық, абзал 
қадір-қасиеттер ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ әйелінің, қазақ халқының адамгершілік, ерлік, 
азаматтық, батырлық тұлға - бітімінің айқын да жарқын көрінісі екені кәміл. Романда әйел жанының 
ішкі дүниесі мен сыртқы байланысы ерекше суреттелген. Жазушы адам баласының психологиялық 
тұстарын асқан шеберлікпен көрсеткенін шығарманы оқи отырып аңғарасыз. Сонымен Ғ.Мүсірепов 
туындыларындағы пхихологизм үлкен зерттеуді қажет ететін мәселе.Ғабит Мүсіреповтің тұла 
бойының, кемеңгер ойының, өміршең шығармашылығының танымдық та, психологиялық қадір – қасиеті 
ерекше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет