Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет65/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Николаев П. Словарь по литературоведению. – 
http://nature.web.ru
2. Ожегов С. Словарь русского языка. –М., Ониск, 2006 


144 
3. Сайт «Русские писатели и поэты» 
http://writerstob.narod.ru
4. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – А.:Санат, 1996 
5. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы, Алматы: Қазақ унивеситеті. 2002 ж. 455-бет 
 
 
Тұмабаева Ф.,
Әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық
университетінің 2 курс магистранты 
 
А. СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Драматургия — талабы ауыр және өдебиеттің калтарыс-бұлтарысына көндіге коймас көне 
дамушы факторлардың бірі. Біртұтас ұлттың ғана емес, кез келген рухани ортаның салтанаттылығын 
дамытушы, мәдени мәйекпен ауыздандырушы театр болып табылса, осы драма өнерін өдебиеттің 
үшінші жанры ретінде қарастырып, окиға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі аркылы көрерменнің 
көз алдына қолма қол көрсетілетін күрделі жанр», — деп З.Қабдолов драма жанрының салмағы мен 
маңызын көрсетіп кеткен. Әдебиетімізде драматургия жанрына қалам сермеген жазушыларымыз 
баршылық. Драманың ең қиын әрі әдебиет теориясының қағидаларына бағына бермейтін жанр екенін 
ескерсек, драматургияға көптің бәрі көсіле бермейді. Жылымық жылдарында жарқ етіп, алпысыншы 
жылдары қазақ әдебиетіне ерекше құбылыс болып енген, жазушы, сыншы, драматург Асқар 
Сүлейменов драмаға өзіндік ерекшеліктерімен келді. Сол тұстағы әдеби өмір шындығын ешбір 
бояусыз беру, адам жан-дүниесінің әрбір қалтарыс, құбылыстарына терең үңіліп, психологиялық 
талтау жасай отырып, өмірдің қарапайым проблемалары арқылы әлеуметтік маңызы бар құбылыс-
тардың өзегіне бару жолындағы шеберлігін атап өту қажет. А.Сүлейменовтың өзі драматургия 
жайлы: «Проза жазбаған ұлы ақын кемде кем. Ақынды прозамен тексеріп алса теріс емес. Ал 
драматургияға бүгінгі ақындардың бәрінің тісі батпайды. Тістейді – азуға сала алмайды.» -, деген 
баға береді. 
Кеңес одағы кезеңіндегі драма жайлы драматург, сыншысы Әшірбек Сығайдың мына бір пікіріне 
назар аударсақ: 
«Жетпіс жыл бойы біз сахнада, көреремен алдында берілген партиялық нұсқау мен өтірік 
тартысты, «қасақана» қырқысы мен шынайы ойнаудан гөрі жасанды ойнауды, саф өнерді паш етуден 
гөрі бояма иллюзияны насихаттап келдік. Және өзіміз де соған сенген болдық. Бір-бірімізді 
алдаусыратып, мәре-сәре болып, қуанысып, қол алыстық, құтты болсын айтыстық. Социалистік 
ыңғайдағы жаңа кейіпкерлерді ойлап таптық. Оның дұшпандарын, қаскүнемдерін қиялдан тудырдық. 
Жағымды кейіпкерлер қашанда қателіктен ада. Ол керемет адам әрі тым адал болды. Керегімізше 
көсілдік кеңес адамдарының кесек бейнелерінен қамал тұрғыздық, тың жерлерді осылай жыртар 
болар деп бөстік. Саяси әлеуметтік тақырыптан міндетті түрде партия қайраткерлерінің мінсіз
мүлтіксіз кескінін танып, ғажап сезімдер әлеміне бөленген болдық. Соғыстарда жеңілмедік, 
күрестерде мойымадық. Қысқасы суға салса батпадық, отқа салса күймедік. Байманаптар көр соқыр 
болды. Би болыстарды кеңкелес деп келемеждедік. Жалпы, жау біткен жынды, дұшпан біткен 
деліқұлы. Ал, реалды өмір қайшылықтары, мінез қақтығыстары автордың концептуалды идеясы 
қайда қалды? Онымен ешкімнің де шаруасы шамалы еді Өйткені, кеңестік социалистік реализмнің 
үздіксіз үндеуі де, темірдей талабы да осы еді ». 
Ал, А.Сүлейменов болса дәстүрлі әдебиетке иек арта отырып, эксперименттік тұрғыда жаңалық 
жасады. Бұл реттегі стильдік ізденістер – өткенді өшіру емес, қайта керісінше жаңаша жаңғыртып, 
ұлттық келбетті айшықтата түсті.[1]
Драма жанрындағы «Кек», «Ерулік», «Ситуациялар», «Жетінші палата»«Қыздай жесір – штат 
қысқарту», «Төрт тақта – жайнамаз »еңбектері қазақ драматургиясында өзіндік орындарға ие болды. 
«Кек» пьесасы намыс жолындағы өшпенділіктен туындаған тартысқа құрылған. Шығармада 
аңшылық саят құрудан басталған Бектер мен Қазан арасындағы тартыстың түп негізі Кежім болса, 
оның құрбандары Сері мен Сарын. Бір кездері Қазанның Шұғаның (Бектердің әйелі) арын 
таптауынан көкейде тұтанған кекті қайтару мақсатында туындаған өшпенділіктің аяғы ағайынды екі 
елдің бітіспес жауласуына ұласады. Шығармадағы тартыстың туындауына негіз болған Шұға – 
драма түпқазығы. Ол қорқыныш көлеңкесі сияқты, сахнаны айнала жүрген сайын қорқыныш-үрей 
ұлғая түседі. Спектакльде іс-әрекеті аз, сахнада бір-екі рет көрінетін бұл кейіпкердің «Тәңірі атсын 


145 
сені, Қазан!» деген сөзі спектакльдің өн-бойына тамыр болып таралған. Пьесады Бектер мен Қазан 
арасындағы тартысың туындау себебін бастан аяқ білетін, ой салмағы ауыр кейіпкер – Сақау шал. Ол 
сөйлей қоймайтын бейшара кейіпкер емес, білгенін айтуға шектеу қойылған бейкүнә пенде. Екі ел 
арасындағы шиеленісті өршітпей, маздаған оттың сөнуі жолында Сақау шал бар құпияны өз ішінде 
түншықтыруы тиіс.
А. Сүлейменов шығармаларын жан-жақты зерттеген Зейнолла Серікқалиев: «Жалпы бүкіл 
трагедияның өн бойынан, от өзегінен өрілген Сері, Бектер, Бетай, Атой, Сақау...» Таразының басында 
талай тағдыр тәлкегі тұр. Әр адам өз ұғым-түсінігінің құлы. Әр адам жалпы тіршілік мәні, ар-намыс 
туының жоқтаушысы. Әрине, әрқайсысы тек өз болмысы тұрғысынан ғана. Ерлік дейсіз бе, ездік 
дейсіз бе, әзәзіл мен албасты сезім бәрі бар. Біреулер ірі сөз айтып, ездік көрсетіп жатады», - деп, 
пьесаның ауыр салмағын айқындап береді. Сол ездіктің типтік бейнесі – Сері. Екіжүзділік пен 
сатқындықтың жолында небір ішкі психологиялық толғаныстарды басынан кешіреді. 
Жалпы премьерасы 1998 жылы 4 шілдеде болған түрлі ойға жетелейтін, сөз салмағы ауыр бұл 
шығарам – көрерменнің тез түсініп, ой қорытуына күрделі спектакль.[2] 
Келесі біз қарастыратын пьеса «Жетінші палата». Оқиға үш күннің ішінде өтеді.Ашты суға 
салынған жандарға арналған аурухананың емделушілерінің барлығы да қоғамнан өз орындарын таба 
алмағандар. Әр персонаждың мінез – құлқы әр түрлі. Жұматта сол жетінші палатаның тұрғыны, 
бірақ, ол – жазушы, ғалым. Жұматтың бойына тән аңғарымпаздық психологияны оның араққұмар-
лығы арқылы да арттыра түседі. Деңгейі мен санасы биік тұлға біршама өмір заңдылығын түсініп 
қойған, қоғамның сұмдық драмасын әлдеқашан аңғарған нағыз психолог. Келесі бір ерекше кейіпкер 
бұл Жұматтың жары – Жамал, Таланты бағаланбай қалған аса дарынды актриса. Бір бойында жақсы, 
жаман қасиеттері бар бұл кейіпкерді не жағымды не жағымсыз деп бөліп қарау қиын. Себебі образ 
барынша реалды шыққан. Адам өмірде де бірқалыпты жақсы немесе жаман болып жүре алмайды. 
Ортасына, құбылысқа байланысты түрлі шешімдер қабылдауы мүмкін осы тұрғыдан келгенде 
Сүлейменов кейіпкерлері өмірден алынғандай әсер қалдырады. Жамал бейнесі өткір сөйлеумен қатар 
өз мінезін танытуға шебер тип. Және осы мінезі көркемдік болмысқа сай келеді. Бұл автордың 
ерекшелігі болса керек ті. Сонымен қатар осы ретте Жамал мен Жұмат мамандығының арасында да 
күрделі психологиялық тартыс желісінің бар екенін түсінуіміз керек. Ал, оның жары – ғалым. 
Сонымен қатар жетінші палатаның емделушілері: Көсе шал, келісов, Өріков, Мазок, Скоп, Илахунов, 
Бойко, Пак т.б. бұлардың іс-әрекеттері өрескелдікке құрылған. Сөздері дұрыс, ақыл-естері орнында 
болғанмен, саналары уланған. 
Ал, драмадағы психологизмнің орнығуы – ең алдымен қоғамның дамуы мен қалыптасуына 
байланысты. Айталық, Асқардың кейіпкері Жұматтың жанында мұңын ақтарған шал жылап отыр. 
Шал жылайды. Бірақ, ол жыламағанда кім жыласын?Төрінен көрі жақын қалған шалдың жыламасқа 
шарасы жоқ Намыссыз балаға, сол жалғыз ұлына безбүйрек жар берген құдайға налып жылайды. 
Міне жүректің шерін баса алмай жылап отыруы – нағыз психологизмнің иірімі. Бірінші күрделі 
психологиялық жағдай мен психологиялық процесті талдай білу. Екінші, кейіпкердің рухани жан 
әлеміндегі күйзелісті, қиналысты беру атмосферасы. [3] 
«Қыздай жесірдегі» негізгі оқиға сол кездегі әлеуметтік тұрақсыздықпен тығы байланысты.Үрия, 
Мәлік, Ұрқия, Дәріс, Сәтов, Рита т.б адам өмірлерінің бір арнаға тоғысуы немесе бір қоғамның 
құлдары. Мәлік – басында үйі, бауырында қазаны бар, әйелі мен баласы бар аға буын, аты шыққан, 
кітаптары бірнеше тілге аударылған жазушы. Бірақ, жазушы болу бір бөлек те қандай жазушы болу 
бір төбе. Осы тұрғыдан келгенде Мәлік дүниеқор, ішкі жан-дүниесі жұтаң, рухани қайыршы жан. 
Бірақ, біздің түсінігімізде жазушының рухани кедей болуы мүмкін емес деген пікір қалыптасып 
қалған. Автордың ойлау ерекшелігі, кейіпкерлерінің ешбірін аямайтын, шынайылығы міне осы 
жерден көрінеді. Ал, Үрия кім? Оған не керек? Ол өмірден не күтеді деген сурақтарға жауап іздеп 
көрсек. Психологиялық желіні пайда қылушы да, дамытушы да қашан да әйел адам десек, 
қателеспейміз. Үрия – психологиялық тип. Үрияның өткеніні қараңыз ештеме жоқ. Тым құрыса ол 
қызмет те қумаған, басында баспанасы, бауырында баласы жоқ тұл.Бірақ, жаны нәзік, трагедиға толы 
психологиялық кейіпкер.Мәлік пен Үрия арасында махаббатта қайғы мен қуанышта жоқ. Екуіне де 
керегі штаттан қысқартылып қалмау. Соның жолында барлығын құрбан етуге даяр. Ар-ұятты да 
ысырып қойып, мақсатқа жету басты міндеттері 
Әке мен бала мәселесі Әскерден уақытша демалысқа келген баласына арақ сат деп тапсырма 
беруі – кеңестік тәрбиеге мүлдем жат, мойнына галстук байлап өсен кез-келген бала ат тонын ала 
қашатын тапсырма. Автор бұл ретте ардың байрағын желбіретіп, ұждан алдында алаяқ болмауды 
қатты талап етеді. Алайда, бір сұрақ көрерменнің көкейінде қалады: Ол қай жақтың сөзінің 
дұрыстығы жайлы еді. Әкенің бе Әлде, баланың ба? Осы кішкене қақтығыстың психологиялық 


146 
тұжырымы – мейілінше тереңдегенімен , ақ-қарасын айырып, таңдау жасауды – оқырманның өзіне 
қалдырады. Персонаждардың мінез-құлқы – күйзелісте жинақталған. Барлығына ортақ депрессивті 
көңіл-күй алданып қалған совет қоғамының ғана емес, келешектегі де тәуелсіздік алғанымен бағыты 
мен бағдары айқын емес қоғамға тән мінез-құлық еді. [3] 
А. Сүлейменовтың жаңашылдығы оның әрбір шығармасынан байқалады. Адам жанының психо-
логиясы арқылы қоғамдық-әлеуметтік проблемаларды ашып көрсете білу. Ұлттық құндылықтарды 
жоғалтып алмауды, оның түп негізі адам санасында қалыптасу керек екендігін кез-келген 
пьесаларынан көре аламыз. Характер, конфликт мәселелері өмір шындығымен үйлесіп, бірігіп 
жатады. Себебі, өмірдің мәні өнер. «Сезімді суреттеп көрсету» -, дейді драматургия жайлы 
З.Бисенғали. А.Сүлейменовтың драматургиядағы жолы болашақта түрлі қырынан талданып, аршы-
лып, жаңарып отыратыны даусыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет