( 1-сынып оқушылары мен апайлары ортадан жүріп өтеді )
АӘД пәнінің мұғалімі: Ту кіргізіледі
Жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түрікті байрығынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран.
ГИМН
Жүргізуші:
Қазағым қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жүргізуші:
Берейік бастар сөзді басшымызға,
Ұйытқы болған ұжымға ұлы тұлға.
Ақ ниетпен баршаңызға айтсын тілек,
Бөленген қуанышқа, алтын нұрға.
Өздеріңізге арналған алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры
Исабекова Айсұлу Әбдімаратқызына беріледі.
Ән: «Мектебім» Орындайтын 2-сынып оқушысы Қапас Ақнұр Әсетқызы
Жүргізуші:
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар - сөз кезегі қадірменді қонақтарда.
Сөз кезегі_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ беріледі.
Жүргізуші:
Бірінші қыркүйек күнімен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алды мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен дей келе келесі сөз кезегі 1-сынып оқушыларына беріледі.
Ән: «Оқуда озат боламын» орындайтын Бақытжан Айкүнім Сәбитқызы
Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |