Сценарий Алматы 2017 жыл Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!»



бет4/6
Дата20.05.2022
өлшемі35.82 Kb.
#458317
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
алғашқы қоңырау 2017-2018

1 «А» сыныбы. Тәңірберген Бегімай
Қуаныш көп үнімде,
Жүрегімде, түрімде.
Атанамын оқушы
Қыркүйектің бірінде.
1 «Ә» сыныбы Насуралов Алихан
Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.


1 «Б» сыныбы Өрісбек Әділет
Алты жасқа келгенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.


1 «В» сыныбы Базарбаева Мерей
1 қыркүйек күнімен!
Аңқыған жұпар гүлімен.
Келіп ем қарсы алды мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.


1 «Г» сыныбы. Сағымбеков Ернұр
Айқара ашқан есігін,
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтывн бесігің,
Жылы ұяң, міне сыныбың.


1 «Д» сыныбы. Муканбеткалиева Аия
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз.


1 «Е» сыныбы. Қосан Нұрсәт
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
3 оқушы қосылады (Арай апай, Дана, Жадыра апай)

2 Музыкалық номер: «Атамекен» 6 В сынып




Дидар:
Мектеп! Түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын! (Көк тудың желбірегені фонға)


Қымбат
Құрметті қауым, сіздер қазір тағы да бір көңіл толқытар сәттің куәсі болғалы отырсыздар. Бұл – алғашқы қоңырау үні. Қоңырау соғу рәсімі мектеп табалдырығын енді ғана аттап отырған 1-сынып оқушылары Нұрғалиұлы Иманғали мен Құсаинова Ханерке және Кабиев Ернар мен Төлбасы Адель.


Дидар:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау соғылсын!


Қымбат:
Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар осымен 2017-2018 оқу жылының 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мен – өз елімнің патриотымын» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялай отырып, шәкірттерді мектеп табалдырығын аттауға шақырамыз!


Дидар:
Иығына алтын күнді қондырып, бесігінде күміс айды тербеткен Алатаудың атырабын жайлаған ел аман бол! Бүгінгі күнің тамаша, ертеңің одан да керемет болсын! Темір болат топшысын Күннің жалын шапағы күйдіре алмайтын қыран қонған көк туың бейбіт аспанның зәулім биігінде желбірей берсін!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет