Сценарий Алматы 2017 жыл Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!»



бет2/6
Дата20.05.2022
өлшемі35.82 Kb.
#458317
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
алғашқы қоңырау 2017-2018

Қымбат:
Мектебін аңсап, сағынып,
Балалар келді ағылып,
Ашылған гүлдей арайлы,
Мектебің күліп қарайды.


Дидар:
Бұл алғашқы қоңырау 2017-2018 оқу жылының 11-сынып бітірушілері үшін соңғы болса, 1-сыныпты аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін ең алғашқы қоңырау!


Қымбат:
Ал, қымбатты бүлдіршіндер! Сендер балабақшаларыңмен қоштасып, мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанғалы отырсыңдар. Бүгіннен бастап, еркеліктеріңді қойып, «Өмір» атты өзенде, «Мектеп» деген кемемен «Білім» сапарына шығасыңдар! Біз сендерге үлкен үміт артып отырмыз. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» демекші, енді осы бүлдіршіндеріміздің қадамдары сәтті болсын деген ниетпен, ортаға шақырып, батасын алып, бүлдіршіндерге білімнің есігін ашып берейік! Бүлдіршіндерімізге білім есігін ашып беруеге, ортаға мектебіміздің беделді ұстазы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, білім саласында ?? адал еңбек етіп келе жатқан, ұлы ұстаз Жұмаділова Роза ортаға шақырып, батасын алсақ.


Дидар:
Мектеп ана күтіп тұр бізді тағы,
Шақырады қыркүйектің нұрлы таңы.
Асығады әліппені алуға
Еліміздің тағы бір жас ұрпағы – дей отырып, биылғы жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз!
Қымбат:
Көңілге шуақ жандырған,
Болашақ бір- бір үмітсің.
Қош келіпсің, балдырған,
Қадамыңа гүл бітсін!


Фанфармен ортаға 1-сыныптар кезекпен шығады


Қымбат:
1 «а» сыныбы: Сынып жетекшісі – Сергебаева Бейбітгүл. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Білім көшбасшысы» төсбелгілерінің иегері. «Сынып жұмысы», «Сергіту сәттерінің» авторы. «Зерде», «Пони» олимпиадаларынан оқушылары жүлделі орындарды иеленіп жүрген еңбекқор ұстаз.


Дидар
1 «Ә» сыныбы. Сынып жетекшісі – Салимханова Гүльнар Кадирманқызы. Математика, логика оқу құралдарының авторы. Аудандық, қалалық, халықаралық марапатталып, «Шығармашыл ұстаз» төсбелгісін иеленген жаңашылдықты жаны сүйетін, ізденімпаз, шығармашыл ұстаз.


Қымбат:
1 «б» сыныбы: Сынып жетекшісі – Асқарова Бағымгүл Абдрашқызы. «Бастауыш сынып бағдарламаларының» авторы, «Білім көшбасшысы» төсбелгісінің иегері. «Зерде», «Пони» олимпиадаларынан оқушылары жүлделі орындарды иеленіп жүрген, ұлағатты ұстаз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет