Сценарий медицинской симуляции



бет13/46
Дата20.05.2022
өлшемі406.37 Kb.
#458164
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Ситуациялық-есептер

Қалқанша без гормондары:
ТТГ – 11,5 мМЕ/мл
Тироксин – 2,5 мкг%
Қалқанша без УДЗ:
Сол бөлігі: 2х1.5х1 см, оң бөлігі: 1,5х1,5х1 см, эхотығыздығы жоғарылыған аймақтармен.
ЭКГ: миокардтың дистрофиялық өзгерістері, сол қарыншаның гипертрофиясы, синусты брадикардия.
Ситуациялық есеп №14

Сіз гинекологиялық бөлімнің қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге іштің төменгі бөліміндегі тік ішекке иррадиацияланатын қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жалпы әлсіздікке, дене температурасының 400С дейін жоғарылауына, қалтырауға, жыныс жолдарынан шырышты-іріңді бөліністердің болуына шағымданып әйел келіп түсті.


Тапсырма:

  1. Пациентке сұрау жүргізіңіз.

  2. Диагноз қойыңыз.

  3. Ажырату диагностикасын жүргізіңіз.

  4. Жүргізу тәсілін анықтаңыз.

Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер



Қа-дам№

Қадамдарды бағалау критериі

Уақыт (сек)

Баллмен бағалау

Дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

орындамады

1.

Пациентті үстелге шақырырыңыз, өзара сәлемдескен соң анамнез жинауды бастаңыз.

15

5

2,5

0

2.

Шағымдарының болуын анықтаңыз, қосымша сұрақтар қою арқылы шағымдардың пайда болуын анықтайтын себептерге жататын, олардың пайда болуына алып келген жағдайларды көрсететін аурудың негізгі симптомдарын анықтаңыз.

180

10

5

0

3.

Анамнезді жинаған соң сізге парақта көрсетілген объективті тексеру мәліметтерін қараңыз, алдын ала диагноз қойыңыз және оны пациентке түсіндіріп негіздеңіз

60

20

10

0

4.

Анализдердің қандай және не үшін алу керектігін пациентке түсіндіріңіз

15

10

5

0

5.

Әңгімелесу кезінде пациенттің физикалық және эмоционалды комфорттық жағдайына қол жеткізіңіз.

40

10

5

0

6.

Сізге парақта көрсетілген лабораторлық анализдердің нәтижелерін интерпретациялаңыз, пациентке түсіндіріңіз

40

10

5

0

7.

Пациентке қорытынды диагнозды құрастырыңыз және негіздеңіз

30

10

5

0

8.

Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын қысқаша жүргізіңіз, пациентке түсіндіре отырып ол ауруларды алып тастаңыз

120

10

5

0

9.

Науқасты ары қарайғы жүргізу әдісін дұрыс негіздей отырып анықтаңыз және компетентті түрде пациентті ауру туралы, оның мүмкін болатын асқынулары, емдеу нұсқаулары туралы ақпараттындырыңыз

100

20

10

0




БАРЛЫҒЫ:

600

100

50

0



Емтихан тапсырушыға арналған қосымша ақпарат:


Объективті:
Жағдайы ауыр. Тері жабындылары қалыпты түсті, көрінетін шырышты қабаттары таза. АҚ 120/80 мм сын. бағ. Пульсі 90 рет минутына. Тыныс алуы везикулярлы, сырылдары жоқ. Жүрек тондары анық, ритмді. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші кебуі байқалады, апльпация кезінде іштің төменгі бөлімдерінде кенеттен ауру сезімді. Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Ұрғылау симптомы екі жақтан да теріс.
Гинекологиялық статус:
Қарап тексеру: Сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған. Уретра, парауретралды жолдар, бартолин бездері ерекшеліксіз.
OS: Қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты таза, бөлінділері – шырышты-іріңді. Серіппенің өткізгіш жіптері көрінеді.
PV: Жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеуі жабық. Жатырды және жатыр қосалқыларын кенеттен ауру сезіміне байланысты пальпациялау мүмкін емес. Күмбездері тегістелген.
Жалпы қан анализі:
Эритроциттер 3,7х1012/л;
Гемоглобин 126 г/л;
Лейкоциттер 17,8х109/л;
базофилдер – 0;
эозинофилдер – 0;
таяқшалар – 5;
сегменттер – 76;
лимфоциттер – 13;
моноциттер – 7;
ЭТЖ – 36 мм/сағ.
Қынаптан алынған жағында бактериоскопиясы:
Эпителиалды жасушалар – 10-12 көру аймағында;
лейкоциттер – 20-30 көру аймағында;
флора – грам+- кокктар;
gn – анықталмаған;
trich –анықталмаған;
дрожжи – анықталмаған;
шырыш+++.
Жалпы зәр анализі:
Түсі ашық сары;
Салыстырмалы салмағы – 1012;
Белок – abs;
қант - abs;
лейкоциттер – 2-3 көру аймағында;
эпит. клетки – 4-5 көру аймағында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет