Сценарий медицинской симуляции



бет6/46
Дата20.05.2022
өлшемі406.37 Kb.
#458164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Ситуациялық-есептер

БАРЛЫҒЫ:

600

100

50

0



Емтихан тапсырушыға қосымша ақпарат:
Объективті:
Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары, көзге көрінетін шырышты қабаттары таза, бозғылт. Дене қызуы 37,3С. Жүрек тондары анық, ырғақты. АҚ 100/60-110/60 мм с.б.б. Пульсі 84 рет минутына, ырғақты. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Тілі ақ түсті жабындымен жабылған. Ішінің алдыңғы қабырғасында іштің ақ сызығы бойымен қасағадан кіндікке дейін отадан кейінгі тыртық бар, жазылуы біріншілік тартылумен. Іші жүктілік есебінен ұлғайған, үрленген, пальпация кезінде барлық іш аумағы бойымен, әсіресе, кіндік аймағында ауру сезімді. Қол астында ішектің жоғары перистальтикасы анықталады, ішектің құрылдауы естіледі. Алдыңғы құрсақ қабырғасы аздап қатайған. Щеткина-Блюмберг симптомы әлсіз оң. Жатыр қозбаған, түбінің биіктігі 27 см, жатырдағы мүмкін болатын тыртық аймағында локалды ауру сезімі жоқ. Ұрықтың қалпы ұзынынан орналасқан, алдағы бөлігі ұрықтың басы, кіші жамбас кіреберісінің үстінде. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды. Өт қуығының нүктесі ауру сезімінсіз. Соғу белгісі екі жақтан да теріс. Зәр шығаруы бұзылмаған.
Гинекологиялық статусы:
Қарау: сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған, түктенуі әйел типтес. Уретра, парауретралды жолдар, бартолин бездері ерекшеліксіз.
OS: Қынап пен жатыр мойнының шырышты қабаты таза, жыныс жолдарынан бөлінділершырышты.
PV: Жатыр мойны сақталған, ұзындығы 4 см дейін, консистенциясы тығыз, сыртқы өзегі жабық. Алдыңғы күмбез арқылы ұрықтың басы анықталады, кіші жамбас үстінде орналасқан. Мүйіс анықталмайды. Жамбас сүйектерінің деформациясы анықталмайды.
Жалпы қан анализі:
Эритроциттер 3,7х1012/л;
Гемоглобин 105 г/л;
Лейкоциттер 10,6х109/л;
эозинофилдер – 1;
таяқшаядролылар – 5;
сегментядролылар – 76;
лимфоциттер – 28;
моноциттер – 12;
ЭТЖ – 46 мм/сағ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет