Сценарийі Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»



бет3/3
Дата07.03.2023
өлшемі21.35 Kb.
#470486
түріСценарий
1   2   3
тәуелсіздік кеші

1 -жүргізуші: Тәуелсіздік – тәңірдің сыйы. Ол оңайлықпен келген жоқ бізге.Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде егемендік пен елдіктің береке мен бірліктің, ынтымақтың туын жоғары көтере білдік. Ендігі мақсат – Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, басқа қонған баытты бағалай білу. Азаттық ұраннын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы, тарих атты қарт шежіренің қойнауына алтын әріптермен жазылған күн, егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі- Тәуелсіздік құтты болсын! Осындай тілектердің жалғасы ретінде 9- сынып ер балаларының орындауында «Аманат» атты қазақтың ұлттық биін қабыл алыңыздар.
2 -жүргізуші: Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың,
Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың
Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы
Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның – деп, ұрандатқан бір топ 9- сынып оқушыларының орындауындағы «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты көркемсөз өнерін тамашалаңыздар.
1 -жүргізуші:
Тойланып мың мереке,ұлыс күні
Құйылған шаңырақтың ырыс нұры
Халқымның бақыты үшін аз байлық па?
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы,- деген өлең жолдарымен ортаға Манас Дарханұлын
«Жаса, Қазақстан» әнімен шақырамыз ,қарсы алыңыздар!
2 -жүргізуші:
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті бостандықты иеленгендер. «Тәуелсіздікке тарту» айдарымен мектеп оқушыларының құттықтауын қабыл алыңыздар. (видеоматериал__________________________________)
1 -жүргізуші:
Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып.
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып, - деген өлең жолдарымен 9- сынып қыздарынан құралған би тобын «Толғау» атты бимен қабыл алыңыздар.
2 -жүргізуші:
Кең даласы , кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз еркін жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз, - дей келе . «Тәуелсіздікке тарту» айдарымен мектеп ата аналарының құттықтауын қабыл алыңыздар. (видеоматериал__________________________________)
1 -жүргізуші:
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, хор «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар.
2 -жүргізуші: Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы, келе берер!
1 -жүргізуші:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр! Деген қлең жолдарымен бүгінгі іс шарамызды қортындылаймыз.
Екі жүргізуші бірге: Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет