Сценарийі Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»



бет2/3
Дата07.03.2023
өлшемі21.35 Kb.
#470486
түріСценарий
1   2   3
тәуелсіздік кеші

2 -жүргізуші: Бүгінгі тарих тағылымдарына толы кешімізді ашу үшін ортаға мектебіміздің директоры Ақбөпе Бекетқызын ортаға шақырайық.______________________________________________
Рахмет Ақбөпе Бекетқызы!!!
Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап — жас қыз жігіттер өмірлерімен қош айтысты
1 -жүргізуші:
Жас арудың жанарында - Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында - Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да - Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да - Желтоқсан.
2 -жүргізуші: Тәуелсіздікке қол жеткізу барысындағы тарихи оқиғаларды бейнелейтін видеоматериалды тамашалайық.____________(видеоматериалдан соң)
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
1 -жүргізуші: Желтоқсан — ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.- дей отырып, Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін құрбан болған аға апаларымыздың ерлігін еске алу мақсатында 1минут үнсіздік жариялаймыз.
2 -жүргізуші: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады
1 -жүргізуші: Қандай бақыт қуаныш күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар,
Елің алды егеменді теңдігін, .- дей отырып, біздің домбырашы жігіттердің күйін қабыл алыңыздар. Қазақтың атақты күйшісі Әбдімомын Желдібаев атамыздың күйі «Ерке сылқым».
2 -жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!! - дей келе мектебіміздің ұстаздарының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған құттықтау сөздерін қабыл алыңыздар (видеоматериал)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет