Сельское хозяйство



бет74/108
Дата07.06.2022
өлшемі6.56 Mb.
#459006
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   108
Түркістан облысының өңірлері материал диссертация Турданова

Глоссарий

Демография

Санақ аралығындағы жылдарда халық санын ағымдағы бағалау соңғы халық санағының қорытындысы негізінде жасалады. Оларға жыл сайын туылғандардың және осы аумаққа келгендердің саны қосылып, өлгендердің және осы аумақтан кеткендердің саны шегеріліп отырады.


Халықты қалалық және ауылдық деп бөлу тұрғылықты жері бойынша жүгізіледі, сонымен бірге қалалық (қалалар, кенттер) елді мекендерге заңнамада белгіленген тәртіппен қалалар санатына жатқызылған елді мекендер болып есептеледі, ал қалған барлық елді мекендер ауылдық болып табылады.
Туу, өлу, некелер мен ажырасулар туралы мәліметтер азаматтық хал актілерін жазу органдарындағы туу, өлу, некеге отыру жєне некені бұзу туралы актілердегі жыл сайынғы статистикалық деректердің негізінде әзірленеді.
Табиғи өсім жыл ішінде туылғандар мен өлгендер санының аралығындағы айырмашылыққа тең.
Көші-қон өсімі келгендер мен кеткендер санының айырмашылыңы ретінде есептеледі.
Халықтың жалпы өсімі табиғи өсім мен көші-қон өсімінің алгебралыќ қосындысын көрсетеді.
Туушылық пен өлім-жітімнің, некелесушілік пен ажырасушылықтың жалпы коэффиценттері тиісінше күнтізбелі жыл ішінде тірі туылғандар мен өлгендер санының, тіркелген және бұзылған некелер санының халықтың орташа жылдық санына қатынасы ретінде есептеледі.
Халықтың жұмыспен қамтылуы
Жұмыс күші – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық. Жұмысқа қабілетті жастағы адамдарға 16 - 59 жастағы әйелдер, 63 жастағы ерлер жатады («Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» және «Қазақстан Республикасы халқын зейнеткерлікпен қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес).
Халық санындағы жұмыс күші үлесі – 15 және одан жоғары жастағы халықтың жалпы санындағы жұмыс күші санының процентпен өлшенген үлесі.
Жұмыспен қамтылған адам – ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.
Жұмыспен қамтылған адамдарға мыналар жатады:
1) жалдамалы жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;
2) дара кәсіпкерлер;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлерге жатпайтын жеке тұлғалар;
5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;
6) тәуелсіз жұмыскерлер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүргендер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет