Сельское хозяйство



бет77/108
Дата07.06.2022
өлшемі6.56 Mb.
#459006
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   108
Түркістан облысының өңірлері материал диссертация Турданова

Жоғары оқу орындары - біліктілікті және (немесе) “бакалавр” академиялық дәрежесін бере отырып ма-мандар даярлауға, жоғарғы білікті ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.


Оқу орындарына қабылдау - осы оқу жылында оқуға қабылданған адамдар санының көрсеткіші. Бекітілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдағандар саныны екі жыл бір сыныпта қалған балалар және оқытуға қайта алынған адамдар қосылмайды.
Оқу орындарын бітірген түлектер - оқу орындарын-да оқыту курсын толық аяқтаған және тиісті білім (мамандық) алған адамдардың саны.
Магистрант - магистратурада оқитын және магистрдің ғылыми дәрежесін алуға магистрлік диссертация кор-ғауға дайындалудағы адам.
Докторант - докторантурада оқитын және доктордың (философия, бейін бойынша) ғылыми дәрежесіне ізде-нуге докторлық диссертация қорғауға дайындалудағы адам.


Денсаулық сақтау


Ауру сырқаулық деңгейі – біріншіі рет диагноз қойылған аурулар санының тұрақты халықтың орташа жылдық санына қатынасымен анықталып, шыққан сан 100 000-ға көбейтіледі.
Кейбір жұқпалы ауруларға шалдыққан аурулар саны – халықтың амбулаторлық-емханалық мекемелерге осы ауру түрлерімен баруының жалпы санымен сипатталады.
Туризм


Туризм – жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты.


Қылмыстылық


Қылмыстылық – белгілі уақыт кезеңі ішінде нақты аумақта жасалған, сандық және сапалық көрсеткіштермен сипатталатын қылмыстар жататын әлеуметтік – құқықтық құбылыс.
Тіркелген қылмыс – ашылған және ресми түрде есепке алынған, оған қылмыстық заңнамада жауапкершілік көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет