Заттай көріністегі өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі заттай көріністе шығарылған нақты өнім түрлерін көрсетеді. Ережеге сәйкес, сол кәсіпорынның өнеркәсіп-өндірістік ішкі қажеттілігіне жұмсалған өнімдерді есепке ала отырып көрсетіледі, яғни жалпы өнім шығару. Заттай көріністегі өнеркәсіп өнімдерінің көлемі туралы көрсеткіштер шағын кәсіпорындар мен өнеркәсіпке жатпайтын кәсіпорындардың (ұйымдардың) жанындағы өнеркәсіп кәсіпорындарын есепке ала отырып, өнеркәсіп өнімдерін шығаратын барлық кәсіпорындар бойынша берілген.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы кәсіпорны – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сақтаумен, қайта өңдеумен және ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі.
Жұртшылық шаруашылығына халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары, ұжымдық бақтар мен бақшалар, саяжай учаскелері жатады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы – аграрлық сектор саласында, сонымен бірге өткізу үшін сондай-ақ өзінің жеке тұтынуына құрылған өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құны. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтердің) жалпы шығарылымынан, аңшылық шаруашылығында, орман өсіру мен ағаш дайындауда, балық аулау мен акваөсірудегі өндірілген өнімнің (көрсетілетін қызметтің) құнынан қалыптасады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы – аяқталмаған өндіріс құнының жыл басынан жыл соңына өзгеруін қоса алғанда өсімдік және мал шаруашылығында құрылған өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құны.
Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі – өсімдік шаруашылығында аяқталмаған өндіріс құнының жыл басынан жыл соңына өзгеруін қоса алғанда ағымдағы жылғы түсімнен алынған барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының (дәнді, бұршақты және майлы дақылдар, тамыржемістілер мен түйнекжемістілер, темекі, көкөністер мен бақша дақылдары, жемістер мен жидектер, азықтық дақылдар, гүлдер және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерінің) құны.
Достарыңызбен бөлісу: |