Сельское хозяйство


Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар



бет88/108
Дата07.06.2022
өлшемі6.56 Mb.
#459006
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   108
Түркістан облысының өңірлері материал диссертация Турданова

Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға, құруға және ұлғайтуға бағытталған шығындардың жиынтығы болып табылады.
Негізгі капиталға бағытталған нвестицияларға үйлер мен ғимараттарға; машиналар мен жабдықтарға; малға; көп жылдық екпе ағаштарға; пайдалы қазбаларды барлауға; компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз етуге; әдеби және көркем шығармалардың тұп нұсқаларына; өндірісте өте аз мөлшерде шектеулі қолданылатын жаңа ақпаратқа, арнаулы білімге салынған қаражат кіреді.
Өндірістік қуаттарды іске қосуға жаңадан салынған және толықтай біткен объектілерге қосылған қуаттар туралы, сондай-ақ қаржыландырудың барлық көздері есебінен жүзеге асырылған техникалық қайта жарақтанудың және қайта жаңғыртудың есебінен қуаттардың өсімі туралы деректер берілген. Бұл деректер қабылдау актілерінде көрсетілген нақты қабылданған өлшемдерде, әдеттегідей, өлшемнің заттай бірліктерінде есепке алынады. Жекелеген жағдайларда қуаттарды іске қосу туралы деректер құндық көрінісінде көрсетіледі. Салынған цехтар, корпустар оларда өнім шығару басталмаса, бұл санатта есепке алынбайды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары және күрделі жөндеу – ғимараттар мен имараттарды көтеру, кеңейту, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстар кешенін қосатын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі, энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары, сонымен қатар тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу шығындары.
Машиналар мен жабдықтарға инвестиция салу – машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындарды қосатын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Өзге де жұмыстар мен шығындар - жобалау-іздестіру жұмыстарына шығындарды, авторлық қадағалауды, салынып жатқан объектілердің дирекцияларын ұстауды, құрылыс аумағын дайындау және игерумен байланысты және басқа құрылыс сметасына кіретін және кірмейтін шығындарды көрсететін инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет