Сельское хозяйство


Көтерме сауда тауар айналымына



бет86/108
Дата07.06.2022
өлшемі6.56 Mb.
#459006
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   108
Түркістан облысының өңірлері материал диссертация Турданова

Көтерме сауда тауар айналымына тауар айналысы саласына тауар сату, яғни әрі қарай сату, айналымы жатады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметі, заңды тұлға ретінде тіркелген мейрамханалардың, кафелердің және сол сияқты басқа да кәсіпорындардың халыққа сатқан дайын тағамдарының көлемін көрсетеді.


Сыртқы сауда


Сыртқы сауда статистикасының негізгі көрсеткіштері: сыртқы сауда айналымы, экспорт, импорт, сыртқы сауда балансының қалдығы.
Сыртқы сауда айналымы – белгілі бір уақыт аралығындағы сыртқа шығарылған тауарлар мен сырттан әкелінген тауар құндарының қосындысы.
Тауар экспорты – сыртқы рынокта сатуға арналған тауарларды және шетелден шыққан реэкспорттық тауарларды елден сыртқа шығару.
Тауар импорты – елдің ішінде пайдалануға және реэкспортқа арналған шетелден шыққан тауарларды сырттан әкелу.


Ғылым және инновациялық қызмет


Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер – ғылыми білімнің және оларды тәжірибеде қолдануға жаңа салалар іздеу жиынын көбейту мақсатында жүйелілік негізінде жүзеге асырылатын ғылыми қызмет.
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер құрамына іргелі, қолданбалы зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер кіреді.
Іргелі зерттеулерге жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір нақты мақсат қоймай жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық зерттеулер жатады. Олардың нәтижесі – болжамдар, теориялар, әдістер т.с.с. Іргелі зерттеулер алынған ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін қолданбалы зерттеулер жүргізу туралы ұсыныс берумен, ғылыми жарияланымдар, т.с.с. жасаумен аяқталуы мүмкін.


Қолданбалы зерттеулер дегеніміз – нақты түпнұсқа міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдер алуға бағытталған жаңа маңызды жұмыстар. Қолданбалы зерттеу іргелі зерттеулердің нәтижелерін пайдаланудың мүмкін болатын жолдарын, бұрын қалыптасқан проблемелерды шешудің жаңа әдістерін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет