Сельское хозяйство



бет85/108
Дата07.06.2022
өлшемі6.56 Mb.
#459006
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   108
Түркістан облысының өңірлері материал диссертация Турданова

Құрылыс ұйымдарына жөндей-құрылыс ұйымдары мен іске қосу-реттеуші ұйымдарды қоса, барлық жалпы құрылыстық және мамандандырылған ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі “Экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы сыныптауышындағы” “Құрылыс” қызмет түріне сәйкес тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша жұмыстарды орындау болып табылады.


Мердігерлік жұмыстардың көлемі – тапсырыс берушімен жасасқан мердігерлік шарт бойынша мердігерлік ұйымдар орындағае құрылыс-монтаж жұмыстарының (жаңа құрылыс, қайта жаңғырту, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау бойынша), ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың, сондай-ақ басқа да мердігерлік жұмыстардың (іске қосу-реттеу, сумен шаю, ашу-қазу және басқа) құны.


Көлік және байланыс


Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған жүктердің саны тоннамен.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі тонна-километрмен көрсетіледі. Әрбір партияның (жөнелтімнің) туынды салмағының тасылған жүктің тасу ара қашықтығына жиынтығы ретінде анықталады.
Тасымалданған жолаушылар – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Жолаушыларды тасымалдау статистикасының өлшем бірлігі жолаушы-жүруі болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – көліктің жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі ретінде жолаушы-километр, яғни жолаушының 1 км қашықтықта орын ауыстыруы болып саналады. Тасымалдаудың әрбір тасымалдаудың жолаушылар санын километрдегі тасымалдау қашықтығына көбейтуді жиынтықтау арқылы анықталады.
Байланыс қызметтерін көрсету – байланыс операторларының пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде келтірілген байланыс қызметтерін көрсету болып табылатын қызметі. Байланыс қызметінің көлеміне қалааралық, халықаралық және жергілікті телефон байланысының, деректерді беру, Интернет желісі, ұтқыр байланыс, бағдарламаны тарату қызметінің көлемдері, сонымен қатар өзгеде телекоммуникациялық қызметтердің көлемдері кіреді.


Ішкі сауда

Бөлшек сауда тауар айналымы соңғы тұтынуға немесе үй шаруашылығында пайдалану үшін халыққа сатылған тұтыну тауарларының көлемін бейнелейді. Көлемге кәсіпорындар бойынша – негізгі, қайталама қызмет түрі «Бөлшек саудамен» айналысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке тұлғалардың сату көлемінің деректері қосылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет