Бағалар
Тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтері бағасының жалпы деңгейінің әр уақыттағы өзгерісін сипаттайды. Тұтыну бағасын байқау және ТБИ-ін есептеу үшін қажет тауарлар мен қызметтер жиыны Қазақстанның барлық өңірлері үшін бірдей. Тауарлар мен қызмет көрсетулердің тізбесіне 510 позиция кіреді, бұл тізбеге репрезентантты, халық тұтынуындағы үлес салмағы ең көп орын алатын тауарлар мен қызметтердің негізгі түрлері қосылады.
Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы – құнының шамасы бойынша ең төменгі деңгейдегі тұтыну қоржынына тең бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны заттай және құндық тұлғанудағы тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің шығыстарынан тұрады Азық-түлік қоржынына 43 тамақ өнімдерінің атаулары: ет, балық, сүт, май-тоң май, нан, жеміс-көкөністер және олардың түрлері, жұмыртқа, қант, шай, дәмдеуіштер және басқа тағамдар кіреді. Ең аз қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге шығыстар үлесі күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасын есептеу үшін ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайызы мөлшерінде белгіленген.
Өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің баға индексі республика кәсіпорындары дайындаған өнеркәсіп өнімдері бағасының серпінін көрсетеді. Өндіруші бағасы қосылған құнға салынатын салық, акциздер мен өзге де жанама салықтарды, сауда мен өткізудің үстеме бағасын және өнімнің өндірушіден сатып алушыға дейінгі қозғалысымен байланысты көлік шығындарын қоспағанда кәсіпорынның қақпасынан шыққан сәттен бастап өткізілетін өнім бірлігінің бағасын құрайды.
Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сатып алу бағасының индексі өндірістік кәсіпорындар технология-лық процестер үшін сатып алған материалдық-техникалық ресурстарға баға серпінін көрсетеді. Сатып алу бағасы – қосылған құн салығын, көлік, сауда – өткізу, делдалдық және басқа да шығыстарды есепке алумен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімнің нақты түрінің бағасы.
Достарыңызбен бөлісу: |