«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 75.73 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі75.73 Kb.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы « » .

қаулысымен

бекітілген



«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер


  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

  3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – арнайы комиссияның жұмыс органы).

  4. Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы:

1) арнайы комиссияның жұмыс органы;

2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық).

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы (бұдан әрі – уәкілетті ұйымның бөлімшесі) – біржолғы мемлекеттік өтемақы төлеуге қатысу бөлігінде.


  1. Мыналар:

1) әуеде және жер үстінде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949 – 1965 жж.) радиоактивті заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар;

2) 1966 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңінде осы аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар;

3) 1949 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (оның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар;

4) осы баптың 1) және 2) абзацтарында аталған, мүгедек деп танылған аурулары бар адамдардың балалары, олардың денсаулық жағдайы мен «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 1787 Заңында көрсетілген аймақтарда ата-ананың бірінің болу факторы арасындағы себепті байланыстар анықталған ретте, көрсетілетін қызметті алушы болып табылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта:

1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы қабылданған шешім – арнайы комиссияның жұмыс органында өтінішті тіркеген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;

бірінші рет өтініш білдірген көрсетілетін қызметті алушыға куәлік беру – Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде;

куәліктің телнұсқасын беру – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін арнайы комиссияның жұмыс органында тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

арнайы комиссияның жұмыс органында:

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлінісінде өтемақы төлеу кестесіне сәйкес біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны (бұдан әрі – өтемақы) төлеу.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдау үшін қосымша сұраулар, тексерулер жүргізу қажет болған жағдайларда бір ай мерзімге ұзартылады;

2) өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін тапсыру үшін (тіркеу, талон алу кезінде) күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге 30 минуттан асырмай есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минуттан аспайды.


  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:

арнайы комиссияның жұмыс органында немесе орталықта:

осы стандартқа 1-қосымшаға Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану (танудан бас тарту) туралы шешім;

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес куәлік немесе оның телнұсқасын беру;

уәкілетті ұйымның бөлімшелерінде:

көрсетілетін қызметті алушының жеке шотына аудару арқылы өтемақы төлеу;

бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетілетін қызметті алушыларға жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы төлеу болып табылады.Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.



  1. Арнайы комиссияның жұмыс органы мен орталықтың жұмыс кестесі осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға тиісінше көрсетілген.

  2. Көрсетілетін қызметті алушы арнайы комиссияның жұмыс органына немесе орталыққа осы стандартқа 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті мына құжаттармен бірге ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) жинақтау кітапшасын немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт;

4) 1949 жылдан бастап 1965 жыл, 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңдерінде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, Халық депутаттары селолық, кенттік (ауылдық) кеңесінің, тұрғын үй пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамаларын; еңбек кітапшасын; оқу орнын бітіргені туралы дипломды; әскери билетті; туу туралы куәлікті, орта білім туралы аттестатты, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті; болған кезде – «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.

Егер осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар сақталмаса, ядролық сынақтардың салдарына ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактісін және кезеңін белгілеу туралы соттың шешімі ұсынылады.

Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды орталыққа өтініш білдіргенде ондағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйеде болған жағдайда қажет болмайды.

Құжаттар көшірмелерде және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың тұпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.


  1. Мыналар:

1) арнайы комиссияның жұмыс органында – көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты-жөні көрсетілген талон;

2) орталықта – қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), өтінішті беру күні және уақыты көрсетілген қолхат көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар пакеті қабылданғанын растайтын құжаттар болып табылады.



  1. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда арнайы комиссияның жұмыс органының маманы немесе орталық қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

  2. Тексеру қорытындылары бойынша іс макеті ресімделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа өтемақы төлеу фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) арнайы комиссияның жұмыс органының, уәкілетті орталықтардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің басшысына тікелей.

Азаматтарды қабылдау кестесі мынадай интернет-ресурстарға орналастырылған: http//www.enbek/gov.kz; www.con.gov.kz;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлімінде;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» беті);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;



6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

  1. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

Шағым берген кезде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамдардың лауазымы, тегі, аты-жөні, өтініш беру себебі және талаптары көрсетіледі.

  1. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдау күні мен уақыты және шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

  2. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

  3. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарланады.

  4. Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде

электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар


  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс, интернет-ресурсы www.enbek/gov.kz, сондай-ақ осы стандартқа 2 және 3-қосымшаларға сәйкесінше көрсетілген.

  2. Консультациялық қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы call-орталығының (1414) телефоны арқылы көрсетіледі.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет