Өлшем құралының негізгі қателігі деп оны пайдалану кезінде қалыпты жағдайда қателікті айтады. Өлшем құралдарын қолдану қалыпты шарттары деп әсер етуші факторлар шамасы номинал мәндерге ие немесе мәндер қалыпты облысы шектерінде ортналасатын шарттар түсініледі. Қалыпты қолдану шарттары стандарттарда немесе өлшеу құралдары техникалық шарттарында көрсетіледі. Өлшеу құралдарын қалыпты жағдайда пайдалану кезінде оларға әсер ететін шамалар іс жүзінде олардың сипаттамаларын еш өзгертпейді деп есептейді.
Өлшеу құралдары қосымша қателігі деп әсер етуші шамалар бірінің оның нормативтік мәнінен ауытқуымен немесе оның қалыпты мәндер облысынан шегінен тыс шығуымын туындаған оның қателігінің өзгеруін айтады. Қосымша қателік бірден бірнеше әсер етуші шамалар өзгеруінмен туындауы болуы мүмкін.
Субъективті қателік өлшеу орындайтын адам жеке қасиеттеріне негізделген. Оның себебі, сондай-ақ тамыр жайған дұрыс емес өлшеу орындау дағдысы болуы мүмкін.