2.Географияның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі. География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «География» деп атаған.
Ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып, сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептеліп келді. XIX ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған, белгісіз жер қалған жоқ. Соған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін де түсіндіретін ғылымға айналды.
Қазіргі заманда адамдардың айнала қоршаған ортаға өсері тез ұлғайып, бүкіл Жер шарын қамтыды. Адам іс-әрекетінің әсерінен жер бедері, климат жағдайлары өзгеруде. Бір жерлерде қолдан орасан зор бөгендер жасалып жатса, оған керісінше басқа бір өңірлерде көлемді су алаптары жойылуда (мысалы, Арал теңізі). Жер қыртысынан миллиондаған тонна тау жыныстары қопарылып, топырақ құрамы азып-тозуда. Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері құрып кетудің аз-ақ алдында тұр, т.б. Осындай жағдайлар география ғылымының алдына табиғатты қорғау және оны тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру міндетін қойып отыр.
Адамның шаруашылық әрекетінің мықтап өркендеуі табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді алдын ала болжау қажеттігін тудырады. Мысалы, ірі су электр станциясын салуға байланысты сол төңіректің табиғаты қай бағытта өзгереді, ол өзгерістердің тиімді және тиімсіз жақтары қандай болмақ деген мәселелер туады. Оган физикалық география мамандары зерттеу жүргізіп, алдын ала болжам жасайды.
География ғылымы өнеркөсіп пен ауыл шаруашылығы салаларын тиімді орналастыруға, т.б. жобалау жұмыстарына да өз үлесін қосады.
Бұл оқулық физикалық география ғылымының жалпы мәселелеріне арналған. Онда Жер табиғатының бүкіл планетаға тән жалпылама заңдылықтары қарастырылады. Атап айтқанда, Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен мөлшері, жер бетінің план мен картада бейнеленуі, Жер қабықтары және олардың өзара -әрекеттестігі туралы ұғым беріледі.
Бақылау сұрақтары:
1. География ғылымы нені зерттейді? Оның қандай салалары бар?
2. Физикалық география мен экономикалық география неліктен біртұтас ғылым деп есептелінеді?
3. Жалпы физикалық география немен шұғылданады?
№ 2- сабақ
Тақырыбы: Жер туралы мәліметтер
Жоспары:
1.Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген?
2.Орта ғасырдардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы
3.Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты.
4.Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уәлиханов.
5.Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы.
Сабақтың мақсаты: Жер туралы мәліметтерді қарастыру.
Теориялық мәлімет:
1.Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Жер туралы мәліметтер адамзат тарихының барлық кезеңінде карта жасау және сипаттап жазу түрінде жиналып отырды. Алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың өзі-ақ жер бетіндегі өзен, көл, орман, тау-тасты ағаштың қабығына, сүйекке, тасқа сызып, белгілей бастаған. Алғашқы адамдардың бұл әрекетін жер бетін картаға түсірудің бастамасы деп қарауға болады;
Ежелгі мәдениет орталықтары - Қытай, Үнді, Персия, Мысыр (Египет) мемлекеттерінің өкілдері әскери жорықтар, сауда-саттық сапарлары кезінде алыс елдер жайында мәліметтер жинаған. Бұл мәліметтер жаңа жерлердің табиғаты, шаруашылығы, халқы жөніндегі географиялық сипаттағы жазба еңбектерге енді.
География ежелгі Грекия мен Римде жаңа сатыға көтерілді. Грек және Рим ғалымдары сол кезде белгілі болған жерлерге географиялық сипаттама берумея бірге, олардың картасын да жасады (1-сурет). Гректер ғылымға тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғым енгізіп, Еуропа мен Азияны бөлді. Рим ғалымдары оған Африка дүние бөлігін қосты. Жердің шар тәріздес екендігі туралы пікір де осы уақытта туды.
2.Орта ғасырдардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы. ХV ғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығы тарихқа «Ұлы географиялық ашулар заманы» деген атпен енді. Осының алдындағы орта ғасырлар адамдарының Жер туралы түсінігі 2-суреттен айқын көрінеді. XV ғ. атақты неміс картографы Мартин
Бехаймның глобусында Еуропа, Азия және Африка бейнеленген. Онда Америка туралы түсінік жоқ. Оның орнын, яғни Еуропадан Шыгыс Азияға дейінгі аралықты мұхит алып жатыр. Бұдан теңізшілердің арасында «Еуропадан батысқа қарай жүзе берсе, Азияның шығыс жағалауына жетуге болады» деген пікір туған.
"Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде дүние жүзі картасына Африканың бүкіл оңтүстік бөлігі, Солтүстік Оңтүстік Америка, Аустралия материктері, Тынық мұхит енді.
Бүкіл Батыс жарты шарды алып жатқан Америка дүние бөлігінің ашылуы Христофор Колумбының экспедициясынан басталды.
3. Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты. Ұлы географиялық ашулардың тұтас бір кезеңін дүние жүзін айналу саяхаттары құрайды. Мұндай саяхаттардың ұйысдастырылуы ежелгі грек ғалымдарының «Жер -шар тәріздес» деген ұмытылған пікірінің қайта жаңғырып, таралуымен байланысты болды.
1519-1522 ж. Испаниядан шыққан Фернан Магелланның экспедициясы тұңғыш рет дүние жүзін айнала жүзді.
Магелланның экспедициясы география ғылымына теңдесі жоқ жаңалық қосты. Саяхат нәтижесінде Жердің шар тәріздес екендігі іс жүзінде дәлелденді. Азия мен Американың аралығын Атлант мұхитынан әлде қайда үлкен, орасан зор су алқабы - Тынық мұхит алып жататындығы ашылды. Жер шарының көпшілік бөлігі құрлық емес, судың үлесіне тиетіндігі анықталды. Магелланның саяхатынан кейін біртұтас Дүниежүзілік мұхит туралы ұғым орнады.
4.Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уәлиханов. XIX ғ.
бас кезінде Жер шарындағы барлық материктер мен мұхиттар ашылып бітті. Ендігі жерде саяхатшылар мен ғалымдардың алдына материктердің ішкі бөлігінің табиғатын егжей-тегжейлі зерттеу міндеті қойылды. Бұл міндетті жүзеге асыруды әр елдерде құрылған
географиялық, қоғамдар қолына алды.
1845 ж. Санкт-Петербургте Орыс география қоғамы құрылған еді. Қоғам Азияның ішкі бөлігін зерттеуге айрықша көңіл бөлді.
5. Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы. XX ғ. 2-жартысында Жер шарындағы ең соңынан ашылған материк - Антарктиданы және мұхиттар мен атмосфераны зерттеу қолға алынды.
Антарктидада 16 ел ғылыми станцияларын орнатып, оның табиғатын жан-жақты зерттеді. Мұзды материктің тұңғыш географиялық атласын жасаған бұрынғы Кеңес Одағының ғалымдары болды.
Мұхиттық зерттеулер көптеген ғылыми жаңалықтарға қол жеткізді. Мұхиттардың түбінен бұрын белгісіз су асты жоталары мен шұңғымалары ашылды. Солардың бірі - Солтүстік Мұзды мұхитының орта тұсын басып, оның бүкіл өн бойына созылып жатқан Ломоносов жотасы. Мұндай орталық су асты жоталары барлық мұхиттардан табылды.
Ертеңгі және одан арғы уақыттағы ауа райы жағдайын алдын ала білу адамның жан-жақты шаруашылық өрекеті үшін өте қажет. Әсіресе атмосфераның сүрапыл дауыл, боран, қатты аяз, нөсер, т.б. түрлі кауіпті күбылыстарын, алдын ала білу олардан сақтануға мүмкіндік береді. Мүндай болжамдар дүние жүзінің барлық елдеріндегі мыңдаған станцияларда ауа райының жай-күйін бақылау нәтижесінде жасалады. Бірақ дұрыс болжам жасау үшін ауа райын тек жер бетінде жүріп бақылау жеткіліксіз.
Зымыран техникасының табыстары, жасанды Жер серіктері мен ғарыш кемелерінің үшырылуы Жердің ауа қабығы жөнінде де жаңа ғылыми мәліметтер берді. Олар үлкен биіктікте Жер бетінің ауқымды аймағындағы ауа райы жағдайын, қауіпті құбылыстардың өрбуін хабарлап отырады.
Ғарыштан түсірілген суреттер, сонымен катар Жер қыртысының құрылысын, құрлық беті түрлерінің таралу заңдылықтарын, ауа қабығының түрлі қоспалардан ластануын және т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ғарыштық құралдар Жерді зерттейтін барлық ғылым салаларында кеңінен қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Х.Колумбтың экспедициясы неліктен Ұлы географиялық ашылулардың бастамасы деп есептелді?
2.Жерді ғарыштан зерттеу қашан басталды?
3. Мартин Бехаймнің глобусы бойынша жасалған картаға қарап, орта ғасырларда батыс еуропалықтарға белгілі болған жерлерді анықтаңдар.
І тарау ЖЕР - KYH ЖҮЙЕСІНІҢ ПЛАНЕТАСЫ
№ 3- сабақ
Тақырыбы: Жердің Күн жүйесіндегі орны.Жердің пішіні мен мөлшері
Жоспары:
1. Жер - Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы
2.Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні.
3.Ежелгі халықтар елдің пішінін қандай деп ойлаған?
4.Жердің шар тәріздес екендігіне қандай дәлелдер келтіруге болады?
5.Неліктен глобус жердің нақты үлгісі деп аталады?
Сабақтың мақсаты:Жердің Күн жүйесіндегі орнын.Жердің пішіні мен мөлшерін қарастыру.
Теориялық мәлімет:
1. Жер - Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы. Сендер Күннің төңірегінде Жерді коса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүретінін білесіңдер. Олар - планеталар (грекше планета - кезбе).
Планеталардың Күн төңірегіндегі жолы «орбита» деп аталады (латынша орбита -із, жол).
Күнге ең жақын айналатын планета -Меркурий, онан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең соңында Плутонның орбитасы өтеді (б-сурет).
Жер басқа планеталардың тұйық жол жасап айналып жүруі Күннің Тарту күшіне байланысты.
Мұны түсіну үшін ұзын жіпке салмақты темір шығыршық байлап, бастарыңнан айналдырып байқаңдар. Айналдырғанда шығыршық жіпті керіп, сыртқа тебеді, босатып жіберсең, ұшып кетеді. Бірақ жіп оны тартып ұстап тұрады. Осы сияқты Күн де планеталарды өзіне тартып, төңірегінде айналып жүруге мәжбүр етеді. Егер Күннің Тарту күші кенет жойылып кетсе, Жер секундына 30 км жылдамдыкпен әлем кеңістігіне самғап кетер еді.
Өздерің орасан зор күшпен өзіне тартып тұрған Күннің бетіне планеталар неге құлап түспейді деген сұрақ туады. Біз бұл жерде үлкен жылдамдықпен қозғалушы дененің өзінің қозғалу бағытын сақтауға тырысатынын есімізге түсіруіміз керек. (Жіпке байлап айналдырған шығыршық осыны көрсетеді).
Сонымен, бір жағынан Күннің тарту күшіне, екінші жағынан жылдам козғалушы дененің өзінің бағытын сақтауға тырысуына байланысты басқа планеталар да, Жер де өз орбитасы бойымен бір қалыпты қозғалады.
Күн жүйесіне 9 ірі планетадан басқа көптеген ұсақ денелер кіреді. Олар: астероидтер, құйрықты жұлдыздар және метеорлар.
Астероидтер (грекше астероид- жұлдыз тәріздес) Марс пен Юпитер орбиталарының аралығында Күннің төңірегін айналып жүреді. Ең ірісінің көлденеңі 800 км-ге жуық, ал кішкенелерінің көлденеңі жүздеген, ондаған метрге ғана жетеді. Астероид жай көзге байқалмайды, ал телескоппен қарағанда жұлдыздардың арасында орын ауыстырып жүретін солғын жұлдызша тәрізді көрінеді (астероид жұлдыз тәрізді деп аталуы содан).
Құйрықты жұлдыздар. Күнді өте сопак орбитаның бойымен айналады. Сондықтан олар бірде Күнге өте жақындап, енді бірде одан өте қашықтап кетеді. Соған байланысты құйрықты жұлдыздардың жолы планеталардың орбитасын кесе-көлденең қиып өтеді. Құйрықты жұлдыздың басы тозаңның, қатты кесектердің және қатып қалған газдардың қоспасынан тұратын болуы керек. Ол Күнге жакындап келгенде қатып қалған газ еріп буланады да, Күн лебімен сыртқа тебіледі. Содан өте сирек газ бен тозаңнан тұратын ұзыннан-ұзақ желбіреген құйрық сияқты шашақ пайда болады.
Метеорлар (латынша «ауада қалықтаған» деген сөз) - Жердің ауа қабатына үлкен жылдамдықпен келіп енетін ұсақ түйіршіктер (көбінесе тебен иненің жасуындай болады). Олар ауаға үйкелгенде қатты қызудан жанып кетеді де, шоқ сияқты жарқырап көрінеді. Оны халық арасында «аққан жұлдыз» дейді. Неғұрлым ірірек метеорлық денелер ауада түгел жанып үлгірмей, жерге түседі. Оны «метеорит» дейді. Метеорлық денелер ыдыраған астероидтардың, кометалардың бөлігінен пайда болады.
2.Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні. Жер Күнді орта есеппен 150 млн км қашықтықта айналып жүреді. Күн жүйесіне кіретін планеталардың ішінде тек Жерде ғана тіршіліктің дамуы оның осы қашықтықтағы орнына тікелей байланысты. Ғалымдар күн сәулесінің түсу мөлшері Шолпанның орбитасынан Марстың орбитасына дейінгі аралықта ғана тіршілік үшін қажетті жағдай жасай алады деп есептейді. Жерге қарағанда Шолпанның орбитасы Күнге 40 млн км жақын, ал Марстікі, керісінше, онан 78 млн км алые орналасқан.
Күн жүйесінің мөлшерімен салыстырғанда бұлар онша үлкен ай-ырма больш есептелмейді. Сондыктан соңғы кезге дейін адамдар Шолпан мен Марека кандай да болмасын тіршілік көзі ретінде үмітпен қарап келді. Алайда біздің кезіміздегі ғарыштық зерттеулер бұл үмітті бекерге шығарып отыр. Шолпан мен Марека жіберілген ғарыш құралдары бұл екі планетаның екеуінде де тіршілік үшін қажетті жағдайдың жоқ екендігін анықтады. Шолпанның бетінде температура 500° С-қа дейін көтерілетіні және ондағы атмосфераның 97 пайызы тіршілікке зиянды көміркышкыл газынан тұратындығы белгілі болды. Ал Марстың атмосферасы өте жұқа және оның өзі түгелдей дерлік көмірқышқыл газынан құралған. Атмосфераның жұқа өрі селдір қабаты Күннен түскен жылуды ұстап тұра алмайтындықтан, Марстың беті ғаламат суық. Температура планетаның ең колайлы деген жерінде ғана кейде 16° С-қа дейін көтеріледі. Ал басқа көпшілік бөлігінде барлық уақытта 0° С-тан төмен. Аяздың күштілігі соншалық, онда су ғана емес, оның атмосферасынын басым көпшілік бөлігін құрайтын көміркышкыл газ да тек катты күйде кездеседі. Мұндай жағдайда микроорганизмдердің де тіршілік ете алмайтындығы белгілі.
Сонымен, Жер - Күн жүйесіндегі бірден-бір тіршілік пайда болған планета. Оған Күн жүйесіндегі орнымен (Күннен қашықтығы) бірге қалың атмосфера қабатының болуы, өз білігінен айналу уақыты және басқа да жағдайлар жиынтығы себеп болған.
Жер- шар тәріздес дене.Жердің өлшемдері. Жердің ғарыштан түсірілген суреті оның пішіні шар тәріздес екендігіне күмән қалдырмайды. Алайда адамдар мұндай тұжырымдарға бірден келе қойған жоқ.
3.Жердің пішіні мен мөлшері туралы түсінік ғасырлар бойы қалыптасып,ұзақ даму кезеңінен өтті. Ежелгі халықтар «Жер тегіс, оның үстінде аспан күмбезі төңкерілген» деп ойлаған.Алайда бақылап тұрған адамға көкжиек сызығының шеңбер тәріздес болып көрінуі бара-бара басқа ой туғызады. Содан барып «Жер беті диск тәріздес дөңес болу керек»деген пікір келіп шығады.
Түрлі қосалқы белгілерді бақылаудың нәтижесінде ежелгі грек ғалымдары»Жер шар тәріздес»деген пікір ұсынды. Дегенмен бұл пікір бірден қолдау таба қойған жоқ.Кейінірек, орта ғасырлардың соңына қарай дүние жүзін айналу саяхаттарынан кейін ғана «Жер шар тәрізді»деген пікір түпкілікті дәлелденді.Түрлі өлшем жұмыстары жүргізіліп, Жр меридианының ұзындығы,диаметрінің мөлшері анықталды. Жер бетіндегі дәл өлшеулер біздің планетемыздың нақты шар емес, полюстері жағынан сәл қысыңқы келетіндігін көрсетті. Жердің полюстік радиусы экваторлық радиусынан шамамен21 км қысқа болып шықты. Бұл айырма бүкіл Жер өлшемімен салыстырғанда тым мардымсыз. Сондықтан Жер радиусы 6371 км болатын шар деп есептелінді. Жер экваторының ұзындығы 40000 км. Осы орайда: «Жердің шар тәріздес екендігін неге байқамаймыз?» деген заңды сұрақ туады. Оған себеп,тегіс жерде тұрған бақылаушы айнала төңірегіне 4-5 км қашықтыққа дейін ғана көз жібере алады. Ал шардың ондай шағын бөлігі оған тегіс болып көрінеді.
2.Жер пішінінің шар тәріздес болуының мәні. Жер пішіні шар тәріздес болғандықтан оның бетіне күн сәулесі де әркелкі таралады. Егер жер беті тегіс болса, оның барлық жеріне күн сәулесі бірдей бұрыш жасап түсер еді. Ал шардың бетіне түсетін күн сәулесі оған әр түрлі бұрыш жасап қиылысады.Экватор жағына тік түседі де, полюстерге қарай барған сайын көлбей береді. Күн сәулесі түсу бұрышының экватордан полюстерге қарай өзгеруіне сәйкес Жер бетіне келетін жылу мөлшері де осы бағытта өзгере береді. Күн сәулесі неғұрлым тік түскен сайын жер бетін кобірек жылытады. Экватор маңы ыстық болатыны да сондықтан.Полюстерге қарай күн сәулесі түсу бұрышының кішірейе түсуіне орай жылу да азая береді.
4.Жердің пішіні мен мөлшерін білу оның дәл картасын жасау үшін де қажет. Мұндай дәл өлшемдер қазіргі кезде Жер серіктерінің көмегімен жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1.«Орбита» деп нені айтады?
2. Жердің Күн жүйесіндегі орннының қандай мәні бар?
3.Күн жүйесіне кіретін шағын денелер туралы не білесіңдер?
4.Неліктен ертедегі халықтар Жерді тегіс деп ойлаған?
5.Жер шары радиусының, экватордың мөлшері қандай?
6.Жердің пішіні шар тәріздес екндігі неге байқалмайды?
7.Жердің шар тәріздес пішінінің географиялық мәні неде?
№ 4- сабақ
Тақырыбы: Жердің өз білігінен айналуы және оның географиялық мәні. Жердің Күнді айнала қозғалысы және оның географиялық мәні
Жоспары:
1.Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде күн мен түннің ауысуы.
2.Жердің өз білігін айналуының тіршілік үшін маңызы
3.Жердің жылдық қозғалысы.
4.Жер бетіне жылу таралудағы айырмашылық.
Сабақтың мақсаты: Жердің өз білігінен айналуын және Жердің Күнді айнала қозғалысы мен оның географиялық мәнін қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде кү мен түннің ауысуы. Әлемдік дене ретінде Жер өз білігін айналады. Сонымен бірге Әлемдік дене ретінде жер өз білігін айналады. Сонымен бірге өз орбитасымен Күнді де айналып отырады. Ол бүкіл Күн жүйесінің құрамында Голлактика ядросының төңірегінде айналады және бүкіл Галлактикамен бірге әлемдік кеңістіктегі қозғалысқа қатынасады. Осылардың ішінде Жер бетіндегі түрлі құбылыстардың дамуында Жердің өз білігін айналуы және орбита бойынша Күнді айнала қозғалуы басты орын алады. Егер Жер шарының солтүстік полюс жақтағы үстінен қарайтын болсақ, оның батыстан шығысқа қарай, сағат тілінің айналу бағытына қарама қарсы бағытта өз білігін айналып тұрғанын көрер едік. Күн мен түннің ауысып отыруы нақ осы айналудың әсерінен болады.
Глобусты қолдарыңа алып, айтылған бағыт бойынша баяу йналдырып байқаңдар. Күн неге шығыстан шығып, батысқа бататынын ойланыңдар?
2.Жердің өз білігін айналуының жердегі тіршілік үшін маңызы.Жер өз білігін бір тәулікте,яғни 24 сағатта бір айналып шығады.Жердің өз білігін мұндай жылдамдықпен айналуының ондағы табиғат құбылыстары үшін шешуші мәні бар.Егер жоғарыда айтқанымыздай, Жердегі 1 тәулік 1 жылға тең болса, онда Жердің Күнге үнемі бір жағы ғана қарап, екінші жағына күн сәулесі түспес еді.Ондай жағдайда әдеттегі тәулік есебі де жойылып, күндіз, түн, жыл мезгілдері дегенді білмес едік.Жердің Күн батпайтын жағындағы ыстық 100С-тан асып, Күн түспейтін жағы соншалықты қақаған аяз болып тұрар еді. Мұндай планетаның тіршілікке жарамайтындығы өзінен-өзі түсініктк. Ол олма ! Жердің Күн батпайтын жағындағы су түгелдей буланып кетер еді,Күн шықпайтын жағындағы су үнемі қатып жататындықтан, ол жағын ғаламат қалың мұз құрсар еді.Бәлкім, күн мен түннің тоғысқан астарлас өңірінде тіршілікке жайлы, өтпелі қоңыржай жағдай орын алатын шығар? Жоқ , олай емесн.Тура осы өңірде температураның, ауа қысымының күрт өзгеруі салдарынан сұрапыл дауыл,су тасқыны және тағы басқа түрлі апатты құбылыстар болып жатар еді.
Жердің өз білігін тәулік ішінде бір айналып шығуы нәтижесінде күн мен түн ауысып қана қоймайды, жылу мен ылғал да бүкіл Жер бетіне бөліне таралып отырады.Жер бетінде тіршілікке қолайлы жағдай туу себебі де осыдан.
3.Жердің жылдық қозғалысы. Басқа планеталар сияқты Жер де Күнді тұйық сызық құрайтын жолдың бойымен,яғни орбита мен айналады.Жер орбитасы дұрыс шеңбер түзбейді,одан гөрі сәл сопақтау.Сондықтан Жер жылына Күнге бір рет жақынырақ келеді де (3-і қаңтар),бір рет орбитадағы ең алыс нүктесіне(5-і шілде)барады.Ең жақын(147 млн. км)нүкте мен ең алыс (152 млн. км) нүктенің арасындағы қашықтық айырмасы-небәрі 5 млн. км.Бұл Жердің Күннен орташа қашықтығымен салыстырғанда тым мардымсыз.
Жер Күнді орбита бойымен 365 күн 6 сағатта бір рет айналып шығады.Жыл есебін оңайлату үшін 1 жылда 365 күн бар деп есептелінеді.Жыл сайын есепке қосылмай қалып отыратын 6 сағат 4жылда 24 сағат немесе 1 тәулік құрайды.Жиналған1 тәулік әрбір 4 жылдың ақпан айына қосылады.Сонда 3 жыл 365 күннен, ал 4ші жыл 366 күннен тұрады. 366 күннен тұратын жыл «Кібісе жылы» деп аталады. Ақпан бұл жылы 29 күнмен, ал қалған 3 жылда 28 күнмен бітеді.
4.Жер бетіне жылу таралудағы айырмашылық . Жерге Күннен келетін жылу мөлшері Жер білігінің орбита кеңістігінде орналасу қалпына тікелей байланысты.Жердің білігі орбита кеңістігіне тік орналаспай 66,5 бұрыш жасап көлбеу қиылысады,сондықтан жылу Жер бетіне бұл айтылғаннан басқаша таралады.Жер білігінің көлбеулік мөлшері оның Күнді айналу жолында тұрақты болады. Соған сәйкес жыл ішінде Жер бетініңи кез- келген нүктесіне Күн сәулесінің түсу бұрышы және түсу уақытының ұзақтығы өзгеріп отырады. Нәтижесінде келетін жылу мөлшері өзгереді, жыл мезгілдері де ауысады.
Маусым, шілде, тамыз айларында Жер Күнге Солтүстік жарты шар жағы мен қарайды да планетаның бұл жағына жылу мен жарық молырақ түседі.Сондықтан бұл кезде Солтүстік жарты шарда-жаз, оған қарама –қарсы Оңтүстік жарты шарда қыс болады.Желтоқсан,қаңтар, ақпан айларында Жер орбитадағы бұған қарма- қарсы орнына келеді.Енді Күн сәулесі Оңтүстік жарты шарды көп қыздырады да, ол жақта- жаз, ал слтүстік жарты шарда қыс болады.Қыркүйек,қазан,қараша; наурыз,сәуір,мамыр айларында Жер шары Күнге қырынан тұрады да, Күн сәулесі мен жылуы екі жарты шарға бөлініп түседі. Сондықтан бұл кездерде екі жарты шардың бірінде –көктем, екішншісінде күз болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Жер өз білігін қанша уақытта бір рет айналып шығады?
2.Жердің өз білігін айналу уақытының планетаның табиғаты үшін қандай мәні бар?
3.Эватордың үстінде жатқан нүкте Жер білігін қандай жылдамдықпен айналатынын м/сек есебімен есептеп шығарыңдар.
4.Жер Күнге неліктен жылына бір рет жақындап, бір рет алыстайды?
5.Жер Күнді қанша уақытта бір айналып шығады?
6.Неліктен ақпан кей жылы 28,29 күнмен бітеді ?
ІІ тарау План және карта
№ 5 - сабақ
Тақырыбы: Жергілікті жерді бағдарлау
Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб
Жоспар:
1.Тұрған жерді және жүру бағытын компаспен анықтау
2.Азимут
3.Қашықтықты өлшеу тәсілдері
4.Масштаб және оның түрлері
Сабақтың мақсаты: Жергілікті жерді бағдарлауды,Жер бетіндегі қашықтықты өлшеуді ,Қашықтықты қағаз бетіне белгілеуді, Масштаб түсінігін қарастыру
және Жердің Күнді айнала қозғалысы мен оның географиялық мәнін қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Бағдарлау дегеніміз - көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.
Бұрыннан жақсы таныс жерде компас пен картаның көмегінсіз-ақ, ойланбастан, үйреншікті дағды бойынша жүре бересің? Ал бейтаныс жерде өзіңе қажетті бағытты тауып жүру оңай емес. Ол үшін алдымен түрлі әдістерді қолданып немесе картаны пайдалану арқылы бағдарлап алуға тура келеді.
Бейтаныс жерде бағдарлау үшін ең алдымен көкжиек тұстарын табу керек, содан кейін барып өзіңнің тұрған жеріңді анықтайсың. Көкжиектің түстарын күнге, Темірқазық жұлдызына және жергілікті белгілерге қарап анықтау тәсілдері сендерге белгілі (қалай анықтайтынын естеріңе түсіріңдер). Дәл бағдарлау үшін компасты қалай пайдалануға болатынын білесіңдер. Көкжиектің негізгі және аралық тұстары бағытты тек тұспалдап қана білдіре алады. Ал компастың көмегімен жүретін жолды дәлме-дәл анықтауға болады. Ол үшін компаспен азимутты өлшейді.
Азимут (арабша ас-сумут - жол) деп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады. Азимут компастың магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0°-тан З60°-қа дейін есептелінеді.
Толық шеңбер 360°-тан тұрады. Соған сәйкес компастың циферблаты 360°-қа бөлінген (11-сурет): 0° - сол-түстік, 90° - шығыс, 180° - оңтүстік, 270° - батыс бағытқа сәйкес келеді.
Карта бойынша немесе жер бетіндегі азимутты табу үшін компасты дәлдеп қойғаннан кейін алынған нүктеге қарай жүргізілген бағыт циферблаттың қай градусына тура келетінін байқаймыз. 12-суреттегі азимуттар: ағашқа қарай - 45°, төбеге қарай -135°, оқшау тұрған үйге қарай - 225°, электр бағанасына қарай - 315°.
Азимут А әрпімен белгіленеді де, жанына градус мөлшері қойылады. Мысалы, А=30°.
Достарыңызбен бөлісу: |