Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет7/16
Дата17.06.2016
өлшемі1.74 Mb.
#142608
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

4.Метаморфтық тау жыныстары. Жердің терең қабатына батқан магмалық және шөгінді жыныстар үстіңгі тау жыныстарының қысымына және жоғары температураның әсеріне ұшырайды. Олар магманың ыстық лебінен қайта балқиды. Шөгінді жыныстарды су ерітінділері біріктіріп қатырады. Осы айтылғандардың әсерінен тау жыныстары өзінің бастапқы қалпынан айрылады, олардың құрамы өзгереді. Осындай өзгерістердің нәтижесінде пайда болған тау жы­ныстары (метаморфтық деп аталады (грекше метаморфоза -өзгеру). Метаморфозаның әсерінен әктас - мәрмәрға, сазды тақтатас - кристалдық тақтатаска, құмтас - кварцитке айналады.

Метаморфтык жыныстардың ерекшелігі - көп жағдайда олардың жаншылып, тақталанған немесе магманың ыстық лебіне ұшыраған өзгерістері байқалып тұрады. Мысалы, кристалды тақтатастың тақ­та ланған белгісімен қатар, ішіндегі кесек қиыршықтардың метамор­физм әсерінен кристалдық түйіршіктерге айналғаны көрінеді.



Бақылау сұрақтары:

1. Жер қыртысын түзетін жыныстар пайда болуы жағынан қандай топтарға бөлінеді?

2. Жер бетінде тау жыныстарының көп түрлі болуы неге байланысты?

3. Магмалық тау жыныстары қалай пайда болады?

4. Шөгінді жыныстардың топтарына сипаттама беріндер.

5. Метаморфтық тау жыныстары қалай


17- сабақ

Тақырыбы: Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну

Жоспар:

1.Жер қыртысының қозғалыстары.

2.Жер сілкіну.

3. Жер сілкінуді зерттеу



Сабақтың мақсаты: Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну

қарастыру



Теориялық мәлімет:

1.Жер қыртысының қозғалыстары. Жер қыртысы қозғалуының екі түрі болады: біріншісі -жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі.

Жер қыртысы ешқашанда тыныш жатпайды: оның кейбір аумағы көтерілсе, баска бір жері шөгеді. Бір аумақтың өзі бір көтеріліп, бір шөгеді.

Скандинавия түбегінің жағаларында, мұхит деңгейінен бірсыпыра жоғарыда бұрынгы жаға сызығының іздері байқалады. Олар: жартасты толқынның шарпуынан пайда болған кемерлер, жағадағы үйінділер және теңіз қабыршықтарының жиынтығы. Осы жаға сызықтары түбектің әр жерінде әр түрлі биіктікте кездеседі. Олар құрлықтың әр түрлі деңгейде көтерілгендігін көрсетеді. Қазіргі Скан­динавияның жағалары жылына шамамен 1 см көтеріледі.

Құрлықтың шөгуін өзен және теңіз жағалауындағы террасалар, теңіз жағалауларын су басуы, жағаға жақын маңда теңіз түбінен табылған ескі қорғандардың қалдықтары дәлелдейді.

Жер қыртысының мұндай қозғалуы қаншалықты баяу жүргенімен, бірнеше ғасырдың ішінде құрлықтың биіктігін және пішінін қатты өзгертеді. Қазіргі кездегі құрлықтың кейбір жерлері ерте замандарда теңік түбі болған, ал ертеде құрлық болған кейбір жерлерді казір теңіз басып жатыр.

Ғалымдар картаға түсіру барысында Солтүстік Америка мен Еуропаның Атлант мұхитымен іргелес солтүстік бөліктері жаппай көтерілуде екенін, ал Еуропаның Жерорта теңізі аймағы шөгіп бара жатқанын аңғарған.

Жер қыртысының баяу көтерілуі мен шөгуі жер бетінің географиялық жағдайларын өзгертеді. Мөселен, теңіз жағалаулары -құрлыққа, шығанақтар - көлдерге, аралдар - түбектерге айналады.

Жер қыртысы қозғалысының екінші түрі -тау жасалу козғалысы. Бұл қозғалыстар кезінде жер қыртыстары майысады, қатпарға бүктеледі немесе жарықтармен бөлшектенеді және сол жарықтарды бойлап ығысады. Мұндай қозғалыс жер бедерін өте өзгертіп жібереді, мәселен, жазық жердің орнына таулар пайда болады. Тау түзілу жер бетінде жиі болатын кұбылыс - жер сілкінулерге апарып соғады.



2.Жер сілкіну. Жер сілкіну дегеніміз - жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы.

Жер сілкіну ұзаққа созылмайды, әдетте бірнеше секундтардың ішінде ғана өтеді. Бірақ жер асты дүмпулері бірінің артынан бірі қайталанып, бірнеше жылдарға жалғасуы мүмкін. Мысалы, Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкіну 3 жылға созылған.

Жер сілкіну салдарынан жерде жарықтар пайда болады. Осы жарықтардың бойымен жер қыртысы қабаттары көлбеу бағытта және жоғары-төмен ығысады.

Жердің бетіндегі жарықтар мен ығысулар жер қабығының терең қабатындағы және жоғары мантиядағы жарылу және ығысулармен байланысты. Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері Жер сілкіну ошағы деп аталады. Ошақ ондаған, тіпті жүздеген километр тереңдікте болуы мүмкін.

Оның дүмпуінің жер бетіне шығатын жері эпицентр деп аталады (грекше эпи — үстіңгі, центр - шеңбердің орталығы). Тап осы жерде дүмпу күші барынша үлкен мөлшерге жетеді. Эпицентрден қашықтаған сайын жер сілкіну күші азая береді.

Жер сілкіну кезіндегі бөлінетін қуат мөлшері орасан зор. Мысалы, 1911 ж. Алматы қаласындағы жер сілкіну кезінде Днепр су электр станциясы 300-350 жыл бойы үздіксіз жұмыс істегенде өндіретін қуатқа парапар қуат бөлінген.

Жер сілкіну зардабы өте үлкен. Жер сілкінудің өзі ғана емес, онымен қоса жүретін құбылыстар - теңіз тасқыны, сел, опырылулар, су-сымалар, жартастардың құлауы аса үлкен апатқа ұшыратады.

Жер сілкінудің күші 12 балдық шкаламен өлшенеді (латынша шка­ла- саты).



3.Жер сілкінуді зерттеу. Жыл сайын Жер шарында мыңдаған жер сілкінулер өтіп жатады. Мәселен, Алматы төңірегінде жер 2 жылда 5 рет сілкінеді екен. Олардың көпшілігі өте әлсіз болғандықтан, адамдар сезбейді. Сонымен қатар Жер шарында, орта есеппен алғанда, жыл сайын ондаған күшті және бір апатты жер сілкіну өтеді.

Жер сілкіну апатыңан сактану ушін оны зерттеудің үлкен мәні бар. Жер сілкінуді зерттеу жұмыстарымен арнаулы ғылыми мекеме-лер айналысады. әзіргі ғалымдар жер сілкінудің болатын орны мен уақытын алдын ала дөп басып айта алмайды. Дегенмен олар жер сілкіну аймақтарын, оң жерлердегі жер сілкінудің күтілетін дүмпу күшін біледі және соған орай сақтық шараларын жүзеге асырады.

Түрлі зерттеулер жер сілкінуінің ошақтары литосфера лық тақталардың шеттеріндегі зкер қабығынын қозғалмалы алқаптарына шоғырланғандығын көрсетеді. Жер сілкіну жиі қайталанып тұратын аймақтар сейсмикалық аймақтар деп аталады.

Жер сілкіну кұбылысының адам үшін аса қорқыныштылығы -оның тұтқиылдан болатындығы. Қазіргі кезде ғалымдар жер сілкінудің болатын уақытын алдын ала болжау жолдарын іздестіруде.



Бақылау сұрақтары:

1.Жер қыртысының баяу қозғалысы жер бетін қандай өзгерістерге ұшыратады?

2.Тау жасалу қозғалыстарының жер қыртысының баяу қозғалыстарынан айырмасы неде?

3.Жер сілкіну қалай жүреді?


18- сабақ

Тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

Жоспар:

1.Жанартау лардың пайда болуы және құрылысы.

2.Сөнген және сөнбеген жанартаулар.

3.Жанартауды зерттеу не үшін қажет? Жанартау әрекеттерінің маңызы.



Сабақтың мақсаты: Жанартаулар ыстық бұлақтар, гейзерлердің қандай жағдайда пайда болатын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Жанартау лардың пайда болуы және құрылысы. Жанартау -көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас, т.б. тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат - лава тасып төгілетін конус форматы тау. Тереңде орналаскан магма жер қыртысында пайда болған жарықша саңылаулар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап, жер бетіне шырып төгіледі. Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айрылған магма лава деп аталады. Магма ошағынан жоғарыға қарай өңеші, яғни жанартау көмейі. Көмей жоғарыдағы тостаған тәріздес ұңғы - кратермен аяқталады (грекше кратер - тостаған).

Жанартау атқылаудың алдында жер астынан гүріл естіледі, кратерден газ бен бу бұрқырап шыға бастайды.

Бу мен күл биік бавана төрізді көтеріліп, жогары жағында жан-жағына бүлт түрінде жайылады. Күл өте ұсақ тозаңдардан тұрады, ол жанартаудың етегі мең маңайын қалың қпбат құрап басып калады. Жанартау үстінде пайда болған бүлттан несер жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Тау беткейлерінен күл араласқан лай тасқыны төмен қарай сел болып ағады. Сөйтіп етегіндегі елді мекендерді басып қалады. Іле-шала кратерден от шашқан ыстық лава тасып төгіледі.

Везувий жанартауының етегінде тұрған ежелгі Рим қалалары Помпеи мен Геркуланумды лава және лайлы тасқын мен күл осылайша басып қалғган. Көп жылдардан кейін тығыздалған күл мен қатқан лаваның бетін құнарлы топырақ жауып, оған қалың өсімдік өседі.



2.Сөнген және сөнбеген жанартаулар. Сөнген жанартауды қалай йжыратуға болады? Таудың конус тәрізді пішіні, басындағы кра­тер жанартаудың бір кезде белсенді әрекеті болғанын көрсетеді. Адамзат тарихында атқылауы женінде ешбір мағлұмат қалмаған жанартауларды сөнген жанартау дейді. Мысалы, Кавказдағы Эльбрус пен Казбек сөнген жанартаулар қатарына жатады.

Кейде сөнген жанартаулар да кенеттен атқылай бастайды. Мы­салы, Чилидегі 1960 жылғы жер сілкіну кезінде сөнген деп есептелетін 9 жанартау атқылай бастаған. Сондықтан оларды «ұйқыға кеткен жанартаулар» деп атау дәлірек болар еді.

Ал ұдайы атқылап жататын жанартауларды сөнбеген жа­нартаулар дейді. Мысалы, Камчаткадағы Ключи шоқысы

Жер бетіндегі жанартаулардың таралуы жер сілкіну және тау түзілу аймақтарымен байланысты болып келеді.

Сөнбеген жанартаулар тау жасалу әрекеттері жүріп жатқан аймақтарда кеңірек тараған. Мұндай жерде магма жер бетіне шығуға оңай жол табады. Жанартаулар жарықтарды бойлап тізбектеліп орналасады. Жеке жанартаулардың кездесуі өте сирек. Жанартаулардың көпшілігі Тынықмұхиттың жағалауында орналасқан. Мұны Тынык, мұхит жанартаулық белдеуі деп атайды.

Жанартаулар құрлықта ғана емес, сонымен бірге мұхиттар мен теңіздердің түбінде де аткылайды. Мұндай жанартаудың кратері тұсындағы су кайнайды, көбіктенеді, бүркылдайды. Су астындағы жанартау атқылағаннан кейін жаңа аралдар пайда болады. Мысалы, Тынық мұхиттағы Курилъ аралдары сөнген жанартаулардың конустары болып табылады. Бұл аралдарда ондаған елді мекендер мен қалалар, өнеркәсіп орындары бар.



3.Жанартауды зерттеу не үшін қажет? Жанартау әрекеттерінің маңызы. Ғалымдар жанартаулар аткылауы нәтижесінде литосферадағы заттардың құрамы мен қасиеттері жөнінде деректер алады. Жанартауларды зерттеу пайдалы қазбалардың шығу тегін ашуға көмектеседі. Зерттеулердің арқасында жанартаулардың атқылайтын мерзімін болжап, апаттың алдын алуға болады.

Ғалымдар жер сілкінетін және жанартау атқылайтын аудандардың көбіне өзара ұштасып жататынын анықтаған. Бұл құбылыстар жер қыртысы тұрақсыз аудандарға тән.

Жанартау атқылаған кезде су буы мен газ шығатыны сендерге белгілі. Соңғы кезде кептеген ғалымдар Жер бетіндегі судың жөие атмосферадағы оттегінің біразы жанартау кұбылысымен байланысты деп есептейді.

Бақылау сұрақтары:

1.Жанартау қалай пайда болады?

2.Жер бетін қалыптастырудағы жанартау әрекеттерінің рөлі қандай?

3.Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?


19 - сабақ


Тақырыбы: Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі.



Жоспар:

1. Таулар

2.Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі

Сабақтың мақсаты: Таулардың биіктігіне қарай бөлінуін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Жер бетінің маңдайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімделген, беткейлері қия, биік бөліктерін таулар деп атайды.(41,42 суреттер.).

Жер бетінде жеке тұрған таулар өте сирек кездеседі. Әдетте таулар бір-біріне жалғаса, ондаған, кейде тіпті жүздеген километрге дейін созылып жатады. Мұндай жалғаса тізіліп жатқан таулар тау жотасы деп аталады.

Тау жоталары бір-бірінен тау аңғарларымен бөлінеді. Тау жоталары шоғырланып, таулы өлке құрайды.

Сонымен бірге бірнеше тау жоталары келіп түйісетін жерді т а у торабы деп атайды. Олар әдетте шығуға қиын, биік болады. Мысалы, Тянь-Шаньдағы Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың қосылған жері Шелек-Кебін тау торабын құрайды.

Дүние жүзіндегі ең биік тау - Гималай (42-сурет). Оның он бір шыңының биіктігі 8000 м-ден асады. Олардың арасында Жер шарындағы ең биік нүкте - Джомолунгма (Эверест) шыңы (8848 м) бар.

Таулы өлкенің айқын бір мысалы Памир болып табылады. Памирден солтүстікте Тянь-Шанъ таулары жатыр. Оның ен биік нүктесі - Жеңіс шыңы (7439 м). Еуропаны Азиядан бөліп тұратын Орал таулары онша биік болмағанымен, ұзындығы екі жарым мың километрге жетеді.



2.Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі. Таулар биіктігіне қарай аласа, орташа биік және биік болып бөлінеді. Аласа таулар деп биіктігі 400 м-ден 1000 м-ге дейінгі тауларды айтады. Қазақстанның орталық бөлігіндегі Сарыарқаның таулары - аласа таулар. О р т а ша биік тауларға биіктігі 1000 м-ден 2000 м-ге дейін баратын таулар жатады. Оның мысалы - Қырым, Карпат таулары.

Биіктігі 2000 м-ден асатын тауларды биік таулар деп айтады. Мұндай тауларға Кавказ, Алтай, Тянъ-Шанъ, Жоңғар Алатауы жатады.

Таулар физикалық картада қоңыр бояумен бейнеленеді. Тау биіктеген сайын, оның бояуы да қара қоңырлана береді. Карта бойынша таулардың биіктігін биіктік шкаласының кемегімен анықтауға болады. Мысалы, жарты шарлар картасының биіктік шкаласын пайдаланып, Гималай таулары мен Кордилъер тауларының биіктігі 5000 м-ден астам екенін, ал Қазақстандағы Мұғалжар тауларының абсолюттік биіктігі 500-600 м екендігін білуге болады. Таулардың жеке шыңдарының биіктігі картада цифрлармен өте дәл белгіленеді. Мысалы, Тянь-Шаньдағы Хантәңірі шыңы (41-сурет) - 6995 м немесе Сауыр тауларының ең биік жері ұзтау 3816 м.

Ең алдымен тауды картадан тауып алады. Градус торын пайдалана отырып, шамамен оның географиялық координаталарын анықтайды. Содан кейін олардың созылу бағытын және ұзындығын белгілейді. Сонымен бірге таудың басқа обьектілерге қатысты, мысалы, көлге, өзенге, қалаларға байланысты қалай орналасқанын айқындайды.



Бақылау сұрақтары:

1.Тау деп нені айтады? Қандай биік тауларды білесіңдер?

2. Тау жотасы деген не?

3. Таулы өлке кандай ерекшелігімен сипатталады?

4. Таулар биіктігі жөнінен қалай бөлінеді?

5. Биіктігі жөнінен Орал, Скандинавия, Альпі тауларынын қандай тауларға жататынын карта бойынша анықтаңдар.

20 - сабақ


Тақырыбы: Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі

Жоспар:

1.Таулардың пайда болуы.

2.Қатпарлы және қатпарлы – жақпарлы таулар.

3.Таулардың өзгеруі.



Сабақтың мақсаты: Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы тауларды және олардың өзгеруін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Кейде өзеннің тік жағасынан тау жыныстары қабаттарының горизонталь жатқанын, ал таулы жерде олардың иіліп кететінін керуге болады. Ондай иілістер тау жасалу қозғалысы кезінде жер қыртысын құрайтын тау жыныстары қабаттарының майысуы, қатпарға бүктелуі нәтижесінде пайда болған.

3.Осы қатпарланған тау жыныстарының арасынан көптеген теңіз жәндіктерінің тасқа айналған қаңқалары мен қабыршықтары табылған. Бұл қазіргі таулардың орнын бір кездері теңіздер мен мұхиттар алып жатқанын дәлелдейді. Су түбінде жиналған тау жыныстарының қабаттары орасан зор бүйір қысымының әсерінен қатпарланып, биікке көтеріліп, тау құраған. Жер шарындағы таулардың көпшілігі осындай қатпарлардан тұрады. Олар қатпарлы таулар деп аталады. Алъпі, Кавказ, Кордилъер және т.б. осындай тауларға жатады. Бұл таулардағы жоғары қарай иілген қатпарлар тау жоталарын, төмен қарай иілгендері тау аралық аңғарларды құрайды.

Тау жыныстарының қатпарлануға ұшыраған қабаттары үлкен қысымның әсерінен алғашқы иілгіштік қасиетін жоғалтады. Олар енді екінші қайтара тау жасалу қысымына ұшыраса, жарықтармен бөлшектеніп, ыдырап кетеді. Жарықты бойлап тау жыныстары қабаттарының бір бөлігі тұтасынан жоғары көтеріледі де, оған кершілес екінші бір бөліктері опырылып, төмен түседі. Көтерілген жерлері -жоталарға, ал опырықтар, тау аралық ірі ойыстарға сәйкес келеді.

Мұндай тау жыныстары қабаттарының қатпарланудан кейін жарықтарды бойлап жоғары-төмен лықсуынан қатпарлы-жақп а р л ы таулар пайда болады. Жер шарының көпшілік таулары, солардың ішінде Алтай мен Тянъ-Шань осындай қатпарлы-жақпарлы тауларға жатады (физикалық картадан Тянь-Шаньды табыңдар. Ыстықкөл қазаншұңқыры және оны солтүстігі мен оңтүстігінен жиектеп жатқан жоталардың орналасуына көңіл аударыңдар. Олар қалай пайда болған деп ойлайсыңдар?).

Жарылу және опырылу қатпарлы тауларда да кездеседі, бірақ қатпарлы-жақпарлы таулардағыдай онша үлкен орын алмайды.

Сендер таулар жанартау әрекетінен де пайда болатынын білесіңдер. Жанартау атқылағанда жер бетіне шығып, үйілген күл және ірі кесек жыныстар конус түріндегі жеке тауларды құрайды (мысалы, Камчатка түбегіндегі Ключи шоқысы). Кейде олар бір-бірімен жота түрінде тізбектеліп те орналасады. Осымен қатар магма жер бетіне шыға алмай, жердің беткі қабатын күмпите кептеліп қалатын кездері де болады. Үстіңгі жауып жатқан шөгінді жыныстардың қабаты шайылып кеткеннен кейін олар түрлі ғажайып пішіндегі тауларға айналады. Солтүстік Кавказдағы Бештау (Бестау деген сөз), Қырымның оңтүстік жағалауындағы Аюдаг (Аютау) осындай жолмен пайда болған.



2. Ескі және жас таулар. Жер шарындағы таулардың бәрі бір мезгілде пайда болған жоқ: олардың біреуі ерте, біреуі кеш түзілген. Мысалы, Орал жер бетіндегі ең ескі таулардың бірі болып саналады. Ол мұнан ондаған миллион жылдар бұрын пайда болған. Уақыт өткен сайын оның шыңдары мүжіліп, аласарған, көп жері тегістеліп, аласа төбелерге айналған. Осындай тауларды ескі таулар деп атайды. Ал Кавказ, Памир, Гималай, Кордилъер таулары ж а с тауларға жатады. Олар Орал тауларына қарағанда кейін пайда болған және онша көп бұзылмаған. Олардың шыңдары үшкір, беткейлерітік, басын мұз басып жатады. Бұл таулардың биіктігі 5000-8000 м-ге жетеді.

3.Таулардың өзгеруі. Таулар сыртқы күштердің әсерінен өзгереді. Жаңадан көтерілген биік таулар желдің, судың, күн сәулесінің, мұздықтардың әсерінен бұзылып аласарады.

Ағын су беткейлерді тілімдейді, сонымен бірге бұзылған тау жыныстарын ағызып алып кетеді. Өзен түбімен домалаған тастар соқтығысып, үйкеліседі, жұмырланады, сөйтіп ірі кесектер малта тастарға айналады. Бара-бара жоталар мүжіледі, аласарып, тау аралық ойыстар түрлі шөгінділерге толады. Миллиондаған жылдар өткеннен кейін таулы өлке жазыққа айналады.

Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстарының өзгеруін ү г і л у деп атайды. Үгілудің физикалық, химиялық және органикалық түрлері бар.

Физикалық үгілу ауа температурасының өзгеруінен және тау жыныстарының беті біркелкі қызбауынан болады. Температураның өзгеруі жыныстар көлемінің өзгеруіне себеп болады (Температураның өзгеруі заттардың көлемін қалай өзгертеді?). Күндіз күн көзінен тау жыныстары қатты қызады, ал түнде, керісінше, қатты суынады. Соның нәтижесінде олардың көлемі бірде үлкейіп, бірде кішірейіп өзгеріп тұрады.

Температураның тез өзгеруінен жыныстар шытынап жарылады, одан соң бөлшектеніп кетеді. Тау жыныстары, әсіресе жарықтарға су кіргенде тез бұзылады. Жарыққа кірген су, қатқаннан кейін өзінің көлемін үлкейтіп, жарықты кернейді, соның салдарынан жыныс қақ айырылады.

Ағаш тамырлары да тау жыныстарының бөлшектенуіне әкеледі. Ал өсімдік жамылғысы жоқ тауларда үгілу тіпті күшті жүреді (неліктен деп ойлайсыңдар?).

Сонымен, физикалық үгілудің әсерінен тау беткейлерінде опырылған тау жынысының орасан зор үйінділері пайда болады.

Химиялық үгілу су мен ауаның әсерінен жүреді. Тау жыныстарының ішіне су сіңіп, оларды ерітеді. Су жай ерітумен қатар, тау жыныстарын және оларды құрайтын минералдарды күрделі химиялық өзгерістерге ұшыратады. Мәселен, су мен көмірқышқыл газының әсерінен граниттің ішіндегі дала шпаты сазға айналады.

Физикалық үгілу көбінесе құрғақ шөлді және суық аймақтарға, ал химиялық үгілу жылуы мен ылғалы мол жерлерге тән.

Органикалық үгілу әр түрлі организмдердің қатысуымен өтеді. Саңырауқұлақ, мүк, қына, басқа өсімдік пен жануарлар бактериялары тау жыныстарының өзгеруіне әкеледі. Олар органикалық заттарды шірітіп, топырақ түзеді. Ал өсімдіктердің тамырлары тау жыныстарының жарықтарын кеңейтіп, оларды жақпарларға бөліп жібереді.Бұзылған тау жыныстарын ағын су ағызып алып кетеді



Бақылау сұрақтары:

1. Еуразияда шамамен 40°-45° с.е параллельдер мен 70°-90° ш.б. меридиандар аралығында қандай таулар орналасқан?

2.Тау қалай пайда болады?

3.Қатпарлы таулар деп қандай тауды айтады? Қатпарлы-жақпарлы таулар қандай жағдайда пайда болады?

4.Ішкі күштердің әсерінен қалыптасқан таулар қалай өзгереді?

5. Үгілу дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

21- сабақ

Тақырыбы: Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі.

Жоспар:

1.Тегіс және төбелі жазықтар

2. Жазықтардың биіктік айырмашылықтары

3. Жазықтардың пайда болуы

4.Жазықтардың өзгеруі.

Сабақтың мақсаты: Жазықтардың биіктік айырмашылықтарын, жазықтардың пайда болуы мен жазықтардың өзгеруін қарастыру.

Теориялық мәлімет:

1.Құрлықтың көп бөлігін жазықтар алып жатыр.

Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабын ж а з ы қ деп атайды. Жазықтың жеке бөліктері биіктігі жөнінен бір-бірінен шамалы айырма жасайды.

Көз алдарыңа бірсыдырғы тегіс, ормансыз, шөп өскен даланы елестетіңдер. Мұндай жазықтарда көкжиек жан-жақтың бәріне бірдей ашық және мүлдем түзу сызықпен шектелген. Бұл - т е г і с ж а з ы қ .

Жазықтардың екінші түрі- төбелі жазықтар. Төбелі жазықтардың жер бедері көбінесе күрделі болады. Онда жеке төбелер мен шоқылар, сай мен ойпаңдар кездеседі.

Жазықтардың беті әдетте бір жағына қарай еңіс болып келеді. Өзендердің ағу бағыты да осы еңіске сәйкес келеді. Жазықтың еңістігі план және картадан айқын көрінеді.

Жазықтар адамның шаруашылық әрекетіне қолайлы. Елді мекендердің көбі жазықтарда орналасқан. Тегіс жерлер егін егуге, тас жолдар мен темір жолдарды, өнеркәсіп құрылыстарын салуға қолайлы. Сондықтан адамдар жазықтарды ежелден бері жан-жақты пайдаланып келеді. Қазіргі кезде Жер шарындағы халықтың басым көпшілігі жазықтарда қоныстанған.



2.Абсолют биіктігіне қарай жазықтарды негізгі үш түрге ажыратады (43-су-рет). Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 200 м-ден төмен жазық о й п а т деп есептелінеді. Ойпат физикалық картада жасыл бояумен белгіленеді. Ойпаттың теңіз жағасындағы бөлігі кейде теңіз деңгейінен төмен жатады. Оған біздің еліміздің батысындағы Каспий маңы ойпаты мысал бола алады. Жер шарындағы ең үлкен ойпат - Оңтүстік Америкадағы Амазонка ойпаты.

Абсолют биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейінгі жазықтар қ ы р а т жазықтар деп аталады (мысалы, Каспий теңізі мен Арал теңізінің арасындағы Үстірт). Қырат жазықтар физикалық карталарда сарғыш бояумен белгіленеді.

500 м-ден астам биіктіктегі жазықтар таулы үстірттерге жатады. Таулы үстірттер картада қоңырқай сарғыш түспен белгіленеді. Еуразияның солтүстігінде Енисей мен Лена өзендерінің аралығын кеңбайтақ Орта Сібір таулы үстірті алып жатыр. Африканың да көп жері таулы үстірт болып келеді.

3. Жазықтар шығу тегіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бұрын теңіз түбі болып, кейін кетерілудің нәтижесінде пайда болған жазықтарды алғашқы жазықтар деп атайды. Осындай жазыққа Каспий маңы ойпаты жатады.

Жер шарында өзендердің тосқындары мен шегінділерінен пайда болған жазықтар да бар. Мұндай жазықтарды құрайтын қиыршық, құм, саздардан тұратын шөгінді жыныстардың қалыңдығы кейде бірнеше жүз метрге жетеді. Осындай жазықтарға Ұлы Қытай жазығы, Оңтүстік Америкадағы Парана өзенінің бойындағы Ла-Плата, Азиядағы Месопотамия ойпаты жатады.

Сонымен бірге таулардың ұзақ бұзылу үрдісінің нәтижесінде пайда болған жазықтар да кездеседі. Мұндай жазықтар қатпарлануға ұшыраған қатты тау жыныстары қабатынан тұрады.

Сондықтан олар төбелі болып келеді. Төбелі жазықтардың мысалына Шығыс Еуропа мен Сарыарқаның жазықтары жатады.

Кейбір жазықтар лава тасқындарының жер бетіне шығып, жайылып, оның кедір-бұдыр жерлері тегістелуден пайда болады. Осындай жазықтарға Орта Сібір, Батыс Аустралия, Декан үстірттері жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет