Агро өнеркәсіптік кешен. Жергілікті агороклиматтық ресурстар, ұлан ғайыр табиғи жайылымдар ауыл шаруашылығының мамандану сипатын анықтайды.
Егіншілікке жарамды жерлер ел аумағының 3 % астамын ғана алып жатыр. Егістік алқаптардың барлығы дерлік қолдан суарылады.Басты экспорттық дақыл- мақта.Жергілікті кәсіпорындарда мақта майы алынады, ло негізінен ішкі сұранысты қамтамасыз етеді. Дәстзүрлі сала - жібек шаруашылығы,орталықтары-Ашғабат,Чарджоу қалалары.
Табиғи жайылымдар ел аумағының 97 % жуығын қамтида.Қой елдегі мал басының жартысынан астамын құрайды.Елдегі 15 кілем фабриокасында дүние жүжіне әйгілі түрікмен кілемдері тоқылады. Түрікменстан –ғасырлар бойы сұрыптау нәтижесінде алынған әйгілі ақалтеке сәйгүлігінің отаны.
3.Көлік және сыртқы экономикалық байланыстар. Елдің қолайлы географиялық орнымен геосаяси жағдайы оның халықаралық көлік жүйесінің маңызды буыны ретінде дамуына алғышарт жасайды. Теміржолдың жалпы ұзындығы- 2330 км. Каспий теңізіне шығу мүмкіндігі бар түрікменстан теңіз жолын дамытуға да күш салуда. Қазіргі кездегі ірі теңіз порты-Түрікменбашы Орта Азиямен Кавказ елдерін байланыстыратын ең тмімді жолдың қақпасы болып табылады.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы озар байланыстар, ең алдымен көлік қатнастарын дамыту, Каспий ттеңізіне қатысты мәселелер төңірегінде дамуда. Түрікмен газы әлемдік нарыққа шығаруда Қазақстан аумағы арқылы өтетін құбыр жолбдарын, керісінше, Қазақстан мұнайын Иранға жеткізуде Түрікменстан аумағын пайдаланудың екі ел үшінде тиімді тұстары бар.
Бақылау сұрақтары:
1.Түрікменстан халқының жас құрылымы мен ұлттық құрамына қандай факторлар ықпал етеді?
2.Ел экономикасын дамытудың қандай бағыттары анықталған?
3.Көлік қатынасы мен сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуда ел қандай бағыт ұстануда?
№ 224 -сабақ
Тақырыбы: Қырғызстан Республикасы
Жоспары:
1.Географиялық орны
2. Аумағының қалыптасуы және мемлекеттік тарихы
3. Табиғат және табиғат ресурстары
4. Халық
5.Шаруашылығы, өнеркәсібі
Сабақтың мақсаты: Қырғызстан Републикасын толық қарастыру
Теориялық мәлімет
Жерінің ауданы-199,9 мың км 2
Халқы-5,1 млн адам (2004 ж.)
Астанасы-Бішкек.
Мемлекеттік құрылымы-республика.
Мемлекет басшысы-президент.
Заң шығарушы органы-парламент.
Мемлекеттік тілі-қырғыз тілі.
Ұлттық валютасы-сом.
1.Географиялық орны.Қырғызстан-Орта Азияда орналасқан ел,солтүстігінде Қазақстанмен,шығысы мен оңтүстік-шығысында Қытаймен,оңтүстік-батысында Тәжікстанмен,ал батысында Өзбекстанмен шектеседі.Солтүстіктен оңтүстікке 454 км,ал батыстан шығысқа қарай 925 км-ге созылып жатыр.Мемлекеттік шекаралары,негізінен,таулар арқылы өтеді.Сол себепті тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезенде шекараларын айқындау мақсатында көршілес мемлекеттермен келісімдер жүргізілді.Геосаяси жағынан алғанда ел аумағы аса маңызды аймақ болып табылады.Елдің географиялық орнының бұл ерекшелігін НАТО-ға мүше елдер халықаралық терроризмге қарсы күресте маңызды тірек пункті ретінде пайдалануда.
2.Аумағының қалыптасуы мен мемлекет тарихы.Қазіргі Қырғызстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д.II ғ. пайда болған.Біздің заманымыздың VI-XII ғ.аралығында бұл аймаққа Енисей бойынан түркі тайпалары қоныс аударған болатын.Кейінен олар монғол-татар шапқыншылықтарына ұшырап,қуғындалды.
XIX ғ.алдымен Қоқан хандығының иелігінде болып,кейіннен Түркістан губерниясы құрамында Ресей империясына өз еркімен қосылды.Қырғызстанның табиғат жағдаиы өте қолайлы,таулы жерлерде Ресейдің ішкі аудандарынан шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүрді.Бұл жағдай бұрын тек қана көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келген қырғыз жерінде,жаңа шаруашылық түрлерінің дамуына қозғаушы күш болды.
Қазан революциясынан кейін бұл аймақ Қара Қырғыз автономиялық облыс деп аталды,ал 1926 ж.Қырғыз КСР-і болып қайта құрылды.1991 ж.26 желтоқсанда Қырғызстан тәуелсіздігін жариялады.Бүгінде Қырғызстан Республикасы әкімшілік жағынан 6 облыстан және Бішкек қалалық кеңесінен тұрады.
3.Табиғат жағдайы мен ресурстары.Қырғыз жері,негізінен,таулы болып келеді,мұнда Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі – Жеңіс шыңы (7439 м.) орналасқан.Бір-бірінен кең тауаралық аңғарлар (Шу,Ыстықкөл,Талас) арқылы бөлініп жатқан тау жоталары басым түрде ендік бағытта орналасады.Олардың геологиялық-тектоникалық құрылысы,ланшафтылық сипаты өте күрделі.Таулы аудандар қуаты 8-10 балдық күшті жер сілкінулер байқалатын сейсмикалық белдеуде орналасқан.
Қырғыз жерінің 95%- дан астам бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биікте орналасқан,ал оның 40% -дан арты0 б-л3г3 3000 м биіктікте жатыр.Биік таулы жер бедері мен соған сәйкес қалыптасатын табиғат жағдайлары елдің экономикасын өркендетуге күшті әсерін тигізеді.
Жер қойнауы пайдалы қазбаларға аса бай.Солтүстігінде түсті металдардың (молибден,мыс,сурьма),Ішкі Тянь –Шань қойнауларында метаморфтық жыныстармен бірге кездесетін молибден,темір және қалайы кен орындары таралған.Оңтүстігінде сынап,сурьма,алтын,сондай-ақ қоры онша мол емес темір,марганец,алюминий,полиметалл кездеседі.Тау алды иіндері мен қазаншұңқырларда қоңыр және тас көмір,мұнай қоры барланған.Көптеген кен орындары биік таулы аудандарда орналасқандықтан,оларды игеру мәселесін қиындатады.
Қырғыз жері таулы болғандықтан,су ресурсымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген.Ең ірі өзені –Нарын,сондай-ақ Шу,Шатқал,Ақсай өзендері бар.Өзен суландыру мақсатында көбірек пайдаланылады.Ондағы беткі ағынның 20 пайызға жуығы жер суаруға жұмсалады.
Климаты шұғыл континентті сипатта,жаз ыстық,қыс суық болып келеді.Таулы жер бедері ауа температурасы мен ылғалдың таралуына өте күшті ықпал етеді.Ауаның орташа температурасы жазық жерлерде қыста -4 С,жазда + 25С, + 27 С-қа дейін көтеріледі.Мұндай жағдай топырақ-өсімдік жамылғысының өте айқын байқалады.
Тянь-Шань таулары аралығында орналасқан Ыстықкөл елдің ең басты рекреациялық байлығы болып есептеледі,оны «Тянь-Шаньның інжу – маржаны» деп атайды.
4.Халқы.2004 жылғы мәлімет бойынша Қырғызстан халқының саны 5,1 млн адам,ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән.Халықтың табиғи өсуі жылына – 1,5%, туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда -22 адам,ал өлім 7 адамды құрайды.Адамның өмір жасының ұзақтығы -67 жас.Соңғы жылдары табиғи өсу көрсеткіштері төмендеуде,ол елдің экономикалық жағдайының төмендеуімен және сыртқы көші- қонның күшеюімен түсіндіріледі.
Орта Азия елдері ішінде Қырғызстан Қазақстаннан кейінгі басқа ұлт өкілдері көп тұратын екінші ел болып табылады.Дегенімен қырғыздар ел халқының 58,6%-ын құрайды,одан кейін орыстар-17,1%,өзбектер-13,8%,украиндар- 1,8%,татарлар-1,3%,немістер-0,8%. Орыстар,немістер мен украиндар солтүстіктегі тау алды бөліктері мен Ыстықкөл маңында шоғырланған.Өзбектер шекаралас аймақтарды,яғни Ферғана аңғары маңын қоныстанған.
Халықтың басым көпшілігі ежелден-ақ ауылдық жерлерде көбірек,қала халқының үлесі-34%,оның40%-ға жуығы ел астанасы Бішкекте тұрады.
5.Өнеркәсіп.Кеңес Одағы ыдыраған соң,бұрынғы дәстүр байланыстар үзіліп,ел экономикасына едәуір нұқсан келді.Бүгінгі таңда Қырғызстан нарықтық экономика жүиесіне көшуге талпыныстар мен әрекеттер жасауда.Елдегі жиынтық жалпы өнім мөлшері 1998 жылғы мәлімет бойынша 9,8 млрд АҚШ долларын құрайды.Оның 47%-ы ауыл шаруашылығы өнімдерінің,12%-ы өнеркәсіп,ал 41%-ы өндіруші емес саланың үлесіне тиесілі.
Бақылау сұрақтары:
1. Қырғызстан қандай елдермен шектеседі?
2. Қырғызстанның географиялық орнының қандай басты ерекшеліктері бар?
3. Қырғызстан жері қандай табиғат ресурстарына бай?
4. Қырғызстан өнеркәсібіндегі жетекші салалары
Дамыған және дамушы елдер
№ 225-сабақ
Тақырыбы: Дамыған елдер
Жоспар:
1. Дүние жүзіндегі бірінші географиялық орталық
2.Екінші географиялық орталық
3.Үшінші географиялық орталық
Сабақтың мақсаты: Дамыған елдердің шаруашылық географиясының дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орнын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1. Өзінің әлеуметтік- экономикалық табиғаты жөнінен дүние жүзі өте- мөте әр текті. Бір жағынан бұл барынша дамыған мемлекеттердің біршама шағын тобы, олар дүниежүзілік шаруашылықтың «арқауын» құрайды, ал екінші жағынан Азия, Африка, Латын Америкасы мен Мұхит аралдарының көптеген дамушы елдері, бұлардың көпшілігінің әлеуметтік экономикалық даму деңгейлері өте төмен.
Алайда дамыған елдер мен дамушы елдердің арасын тым нақпа –нақ шектеу қате болар еді. Неғұрлым бай (АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері, Канада және т.б.)және неғұрлым кедей( Буркина –Фасо, Орталық Африка Республикасы, Чад және т.б.) елдер – бұлар өзінше бір әлеуметтік – экономикалық полюстер ғана, олардың айналасында өтпелі көрініс құрайтын ондаған басқа елдер бар. Қазірдің өзінде дамушы елдердің тұтас бір тобын көптеген экономикалық көрсеткіштерге қарап дүние жүзінің дамыған индустриялы мемлекеттері қатарында атаған қисынды. Алайда басқадай бірқатар маңызды көрсеткіштерге қарап оларды көбіне дамушы елдер қатарында атайды.
БҰҰ әдістемесіне сәйкес қандай елдің болсын әлеуметтік – экономикалық даму деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің арасында оның өндірген жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) және жан басына шаққандағы осы көрсеткіш аталады. ЖІӨ дегенде елде өндіріліп, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтердің, мемлекеттік сатып алу мен іске жұмылдырылған капиталдың жиынтық құны ұғынылады.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ жөніне дүние жүзі елдерінің арасында айырмашылық көп. Мысалы, ЖІӨ -нің абсолют көлемі жөнінде дүние жүзінде бірінші орын алатын АҚШ пен Буркино- Фасо арасындағы алшақтық 80 еселік шамаға тең. Мемлекеттердің әлеуметтік – экономикалық дамуы деңгейінің басқа көрсеткіштері де бар (өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің дүниежүзілік көлемі мен дүниежүзілік саудадағы үлесі, халықтық білім алуының деңгейі және т.с.).
ЖІӨ - нің абсолют мөлшері жөнінен КСРО дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде болатын. Алайда жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша ол негізгі дамыған мемлекеттердің бәрінен дерлік , сондай –ақ Кувейт, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Бахрейн секілді басқа да елдерден кейін қалып қойды.
КСРО – ның күшті жағы көптеген жылдар бойы Батыстағыға қарағанда экономикалық өсу қарқынының жоғары болғандығы еді. Алайда бұған көбінесе өндіріске өсе түскен көлемде шикізат, материал, жер, жұмыс күші ресурстарын тартып, экстенсивтік әдіс арқылы қол жетіп отырды. Осыдан барып ғылыми – техникалық прогрестің қарқыны мен қоғамдық еңбек өнімділігінің артуында кейіндеп қалушылық болды.
Дүниежүзілік өнеркәсіп өнімінің жетіден бір бөлігін өндіретін болса да,КСРО – ның халықаралық еңбек бөлінісіндегі, дүниежүзілік саудадағы алған орны тым қораш (3-4 пайыз) болатын. Елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы үлес салмағы көп болуы оның жалпы дүниежүзілік экономикалық процестерге ықпалының жоғары болуына жеткізген жоқ. Одақта Орталықтан алыстауға ұмтылушылық және осыдан соң оның ыдырауы салдарынан жаңа мемлекеттердің көпшілігі дүниежүзілік экономикалық көріністе күңгірт тартып қазіргі дүние жүзінің алыптарымен ешқандай салыстыруға келмей қалды. Шаруашылық жүргізудің күні өткен түрлерінен мүлдем бас тартып, демонополизацияны, өнеркәсіптің құрылымдық қайта құрылуын жүзеге асырғанда ғана, кәсіпкерлік пен жеке меншіктің еркіндігі туралы заңдар қабылдағанда ғана бұл жаңа мемлекеттер дүниежүзілік экономикада лайықты орын алып, халықтың тұрмыс деңгейін көтере алады.
АҚШ, Батыс, Еуропа елдері және Жапония күштер үшбұрышындағы арасалмақ. АҚШ, Батыс Еуропа елдері және Жапония қазіргі дүние жүзіндегі өзінше бір үлгідегі үшбұрыш құрайды. Бұл орталықтар арасындағы арасалмақ соғыстан кейінгі кезеңде тұрақсыз болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда АҚШ- тың Батыс Еуропа мен Жапониядан басымдығы көрінеу айқын болды: капиталистік елдердің өнеркәсіп өндірісінде АҚШ – тың үлесі 1946 жылы 56 пайыз болды (80 –шы жылдардың аяғында 38 пайызға дейін төмендейді). Алайда бұдан соң батысеуропалық және жапондық орталықтардың позициясы едәуір күшейді.
Кейіннен АҚШ өзінің позициясын біршама нығайтқанымен (ұлттық экономиканы тереңінен қайта құру, ғылым мен техника жетістектері көп енгізілетін салаларды алға шығару арқылы), оның экономикалық басымдығы бәсеңсіп қалды.
Сонда да дүние жүзіндегі бірінші нөмірлі географиялық орталық АҚШ болып отыр. Бұл мемлекет дүниедегі экономикалық тіршіліктің қазіргі интернационализациялануы процесінде жаңа беталыстардың өзінше бір генераторы күйінде. Дүниежүзілік саудада бұрынғы позицияларынан айырылған АҚШ шетелге капитал шығару саласында сөзсіз алда келеді. Ол басқа көптеген салаларда да, соның ішінде ҒТР – ді жүзеге асыруда да алдыңғы орынды иеленіп отыр. Мысалы, ғылыми зерттеулерге АҚШ – тың жұмсайтын қаржысы батыс елдерінде осы мақсатқа жұмсалатын бүкіл қаржының жартысына жуығын құрайды. Электр энергиясын өндіру жөнінен ол үлкен жетілікке кіретін өзге елдердің барлығынан асып түседі, ал шығаратын электронды жабдықтардың құны жөнінен Жапонияны, Германияны, Ұлыбританияны, Францияны қоса алғандағы шамадан артық шығарады. Бұл елдің ғылыми лабораториялар мен зерттеу орталықтарын техникалық жарақтандыру жағынан және ғылымды өндіріспен ұштастыру түрлерінің сан алуандығы жөнінен теңдесі жоқ.
2.Экономикалық бәсекелестіктің екінші географиялық орталығы – Батыс Еуропа. АҚШ пен Жапониядан өзгеше батысеуропалық аймақ көпұлтты сипатта. Оның дүниежүзілік шаруашылықтағы жағдайы екі ұдай. Бір жағынан,ол дүниежүзілік экспортында оның үлес салмағы АҚШ- тың деңгейінен 2 есе асып түседі. Екінші жағынан, Батыс Еуропаның позициясы ғылым мен техника көп қолданылатын өнімнің дүниежүзілік өнеркәсіптік экспортта бәсең. Мұнда орташа технологиялық деңгейдегіөнім басым, ал АҚШ пен Жапонияның өнеркәсібі роборт жасау, икемді автоматтандырылған жүйелер, жаңа материалдар, биотехнология және т.б. рыноктарында үстем болып отыр.
Германия, Франция, Ұлыбритания және Италия секілді үлкен жетілік елдерімен қатар Батыс Еуропа аймағында шағын елдер: Швеция, Норвегия, Дания, Бельгия, Нидерланды, Швейцария және басқалары маңызды рол атқарады. Дүниежүзілік нарықтағы бәсекелік күресте олардың халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуының ерекше түрі - өнімнің санаулы түрлеріне мамандануы қалыптасты. Бұл елдердің бірсыпырасы мол минерал ресурстары болмағандықтан дүниежүзілік нарықта неғұрлым қуатты елдердің монополиялары әлі иеленіп ала қоймаған бос қуыстарды іздеуге мәжбүр болды. Олар ғылымға көбірек қаржы жұмсалуын, біліктілігі мол кадрларды талап ететін, қымбат тұратындай өнімдер бере алатын салалар құрды. Бұл елдердің әрқайсысының ішкі рыногы тар болғандықтан бұл салалар, әрине бүкіл әлемге жұмыс істеуге тиіс болды. Бұлардың біразында экспорттың үлесі өндірілген өнімнің 40-50 пайызына жетіп отырғаны таңқаларлық нәрсе емес.
Нидерланды мен Швейцариядағы фармацевтика өнеркәсібі, Данияда сүт өнеркәсібі мен сыра қайнатуға қажет жабдықтар жасау (ол дүние жүзінде экспортқа сыраны ең көп шығаратын ел). Швейцарияда бүкіл дүние жүзіне мәлім сағат жасау және тағамдық концентраттар шығару осындай салалар болып отыр.
Шағын елдердің әр алуан қызмет түрлеріне мамандануы да тән сипат. Бұлар – қаржы саласындағы қызмет (Швейцарияның атақты банктері), көлік қызметі (бүкіл әлемнің ең ірі порты – Роттердам – еуропаның ішкі аудандарының сыртқы байланыстарына қызмет етеді). Бұл сондай –ақ халықаралық ұйымдарға орын – жай беру (Женевада БҰҰ – дың бірқатар комиссиялары бар және қарусыздану жөніндегі халықаралық келіссөздер өтеді. Брюссель Орталық рыноктың астанасы болып отыр.
3. Экономикалық күш – қуаттың үшінші бір орталығы – Жапонияның үлес салмағы АҚШ пен және Батыс Еуропамен салыстырғанда жұпынырақ. Алайда Жапонияның соғыстан кейінгі алғашқы ондаған жылдардағы экономикалық секірісі шын мәнінде ғажап. Ол дүниежүзілік банкир, қаржы супердержавасы болып алды. Бірқатар аса маңызды өнім түрлерін (болат, шойын, кемелер, синтетикалық талшықтар, телевизорлар, видеомагнитофондар және т.б.) шығару жөнінен Жапония АҚШ –тан басып озды. Оның шикізат импортына барынша тәуелді екенін ескергенде бұл елдің жетістіктері одан да бетер ғажап бола түседі.
Экономикалық күш – қуаттың үш орталығы бәсекелесумен қатар халықаралық аренадағы іс – қимылдарын үйлестіріп отыру жағына да күш салады.
Үш орталықтың экономикасына ортақ сипат бұлардың экономикасында монополиялардың әчіресе трансұлттық корпорациялардың үстемдігі болып табылады. Бұл корпорациялар дүние жүзінің аса ірі өнеркәсіптік монополиялары, олардың өз елдерінен тысқары филиалдары бар.
Өнеркәсібі дамыған елдердің қатарында бұрынғы британ доминиондары (британия империясында өзін -өзі басқаратын отар)Канада, Австралия, Жаңа зеландия, ОАР, сондай –ақ Израиль бар.
Бұл мемлекеттер әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан кемел дамыған, дүниежүзілік саудада елеулі рөл атқарады. Бұлардың әрқайсысының шаруашылығы өзінше маманданған.
Бақылау сұрақтары:
1.Дамыған елдерге тән негізгі көрсеткіштер бойынша, олардың жетекшілік жағдайда болуының алғышарттары қандай?
№ 226-сабақ
Тақырыбы: Дамушы елдер
Жоспар:
1.Шаруашылығының жалпы сипаттамасы
2.Өнеркәсіп түрлері
Сабақтың мақсаты: Дүниежүзілік шаруашылықта дамушы елдердің алатын орнын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Азияның,Африканың және Латын Америкасының дамушы елдерінде орасан мол еңбек ресурстары мен табиғи ресурстар бар. Мысал, олардың үлесіне минерал шикізаттың дүниежүзілік қорларының 50 пайызынан астамы келеді. Алайда өндірістік қуат –қарымы онша мол бола тұрса да, оларға мынадай сипаттар тән: 1) өндіргіш күштердің дамуы төмен деңгейде; оның құрылымында ауыл шаруашылығы мен кен өндіруші өнеркәсіп өте –мөте басым, ал ұқсатушы өнеркәсіп көбінесе жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларынан тұрады; 2) бірнеше әлеуметтік – экономикалық өндірістің қоғамдық формалары қатарласа дамып келеді.; бұлар көбінесе әр түрлі қоғамдық –экономикалық формацияларға тән; 3) дүниежүзілік нарықтағы бұларға тән тауар айырбасы- ауыл шаруашылығы шикізаты мен минерал шикізатты өнеркәсіп бұйымдарына айырбастау; 4) қаржы – қаражаттың барынша тапшылығы.
Дамушы елдер шаруашылығының географиясы тең құқылы емес халықаралық еңбек бөлінісі процесінде, отаршыл державалардың мүдделері басым болған кезде қалыптасты. Отарлық экономиканың салалары дүниежүзілік капиталистік нарықпен көбірек байланысты болды. Сондықтан құралып жатқан кен өндіру өнеркәсібі мен тауарлы ауыл шаруашылығының оқшау – оқшау ошақтары отар елдердің шаруашылық организмінде көбіне жат текті денелер түзгендей болды.
Отарлық географияның айырықша тән бір көрінісі – теңізге шығар жолы бар елдерде порттың шамадан тыс дамуы. Көбінесе мұндай порт елдің астанасы болатын (Сенегалда – Дакар, Нигерияда – Лагос және т.б.). Көптеген жас егемен мемлекеттердің ұланғайыр ішкі аумағы күні бүгінге дейін өте –мөте артта қалып немесе мүлдем игерілмеген қалпында қалып келеді. Автомобиль жолдары мен темір жолдар желілерінің орналасуы осыны көрсетеді; бұл жолдар пайдалы қазбалар өндірілетін аудандарды және плантациялық ауыл шаруашылығы өңірлерін тасып әкететін порттармен байланыстырады.
Бүгінде дамушы елдер өздерінің дамуында күрделі кезеңді бастарынан кешіріп отыр. Олардың кейбіреулері саяси және экономикалық дербестіктерін нығайтып, өз азаматтарын әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етуде елеулі табыстарға жете алады. Енді біреулері әлі қиыншылықтардан арыла алмай отыр, өйткені бұларға отаршылдықтан мұра болып қалған мешеулік жүгі тым зор ауыртпалық болып шықты.
Дамушы елдерді тарихи – географиялық аймақтар бойынша, мысалы, Африка, Латын Америкасы, Таяу Шығыс елдері және т.б. деп бөледі. Бұл тұрғыдан қарау дамушы елдердің ірі- ірі топтарының әлеуметтік – экономикалық дамуын зерттеп білуге мүмкіндік береді. Алайда бұлайша топтастырғаннан дамушы дүниедегі шын мәніндегі кереғарлықтардың бұрмаланған көрінісі келіп шығады. Мысалға, аталған аймақтағы мынадай мемлекеттер жұбын алып қарайық: Үндістан мен Бутан, Сауд Арабиясы мен Ливан, Сингапур мен Мьянма. Бұл елдердің географиялық ұқсастығына қарамастан, әлеуметтік – экономикалық жағынан ұқсастығы шын мәнінде аз екендігі көрінеді.
Саралау кезінде жас мемлекеттердің өндіргіш күштерінің даму деңгейі мен құрылымын және әлеуметтік – экономикалық болмысының елдердің бүгінгі жағдайын да, таяудағы болашағын да неғұрлым дәлме – дәл бейнелейтін белгі – нышандарын есепке алудың зор маңызы бар. Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып дамушы елдердің арасында төрт топты саралауға болады.
2.Бірінші топты көбінесе мұнай экспорттаушы елдер құрайды; бұлардың бірегей ресурстары бар және, бейнелеп айтқанда, мұнай долларларын толтырып алған (Катар, Кувейт, Бахрейн,Сауд Арабиясы,БАӘ және т.б.). Оларға тән нышандар: жан басына шаққанда өте – мөте мол табыс, дамудың мол табиғи – ресурстық қуат – қарымы, Батыстың энергетикалық шикізат пен қаржы –қаражат нарығында үлкен рөл атқаратыны, тиімдіэкономикалық – географиялық орын – жағдайы. Жан басына шаққандағы табыс бұларда да мол, шағын (халқының саны 0,5 млн. адамнан кемірек) мемлекеттерді деайтылған топқа қосуға болады (Багам аралдары, Фиджи және т.б.). Әлеуметтік даму үлгісі бойынша олардың көбі капитализм орташа дамыған елдерге ойысады. Олар плантациялық шаруашылықтың, туризмнің транзиттің өркендеуі арқасында халықаралық еңбек бөлінісіне әбден сіңісіп алды. Бұл елдердің әл – ауқатты арттыруда жеткен жетістіктерінатап айта отырып, сонымен қатар қайсыбіреулерінің әлеуметтік жағынан артта қалғандығын және әсіресе ауыл шаруашылығында феодалдық қалдықтардың бар екенін атай кетейік.
Екінші, саны неғұрлым көп топ жалпы экономикалық дамуы, жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері дамушы елдер үшін орташа болып табылатын деңгейдегі елдерді қамтиды (Колумбия, Гватемала, Парагвай, Тунис және т.б.). Бұл елдердің ауыл шаруашылығында индустриялыққа дейінгі еңбек формалары басым, ал ұқсату өнеркәсібінің кәсіпорындары бар болғанымен аз және техникалық жағынан жарақталуы өте нашар. Бұл топқа қамтылатын елдер әлеуметтік тұрғыдан өте – мөте әркелкі.
Үшінші бір ерекше топқа аумағы мен халқының саны жағынан зор, табиғи – ресурстық қарым – қуаты және экономикалық жағынан даму мүмкіндіктері мол үш елді – Үндістан, Пәкістан, Индонезия елдерін – саралауға болады. Бұл мемлекеттер халықаралық экономикалық байланыстар жүйесінде көрнекті орын алып, шетел капиталының жұмсалуы түрінде сыртқы ресурстардың көптеп келуіне қол жеткізді. Алайда жан басына шаққандағы өндіріс пен тұтыну шамаларының төмен болуы олардың әлеуметтік – экономикалық ілгерілеуін едәуір тежеп отыр.
Төртінші топқа жататындар – дүние жүзінің дамуы өте баяу елдері (Ауғанстан, Бангладеш, Бенин, Нигер, Сомали, Орталық Африка республикасы, Чад, Экваторлық Гвинея және т.б.). Бұлардың бірсыпырасының теңізге шығар жолы жоқ, сондықтан сыртқы дүниемен байланысы нашар. Бұл елдерде жан басына шаққандағы табыс өте – мөте төмен, барлық жерде еңбектің индустриялыққа дейінгі түрлері басым, ал экономикаларында ауыл шаруашылығы үстем жағдайда. Нақ осы топтағы елдер дүние жүзінің дамуы ең баяу елдерінің БҰҰ бекіткен тізімінің негізін құрайды. Сонымен, дамушы елдер – дүние жүзі елдерінің сан жағынан неғұрлым көп тобы; бұл топқа географиялық ерекшеліктер тән және кереғарлық көріністері өте –мөте анық байқалады; бүкіл азамзаттың болашақ игілігі дамушы елдердегі әлеуметтік – экономикалық прогестің қарқыны мен нәтижелеріне көп байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1.Дамушы елдер неше тарихи – географиялық аймақтарға бөлінеді
2.Бірінші топты көбінесе қандай елдер құрайды
3.Екінші топты көбінесе қандай елдер құрайды
4.Үшінші топты көбінесе қандай елдер құрайды
5.Төртінші топты көбінесе қандай елдер құрайды
Еуропаның жоғары дамыған елдер
№ 227 –сабақ
Тақырыбы: Еуропа елдер
Жоспар:
1. Шаруашылығының жалпы сипаттамасы
2. Өнеркәсіп түрлері
Сабақтың мақсаты: Еуропа елдерінің шаруашылығының дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орнын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Еуропа шаруашылығының қалыптасуы мен таралуы дүние жүзінің басқа аймақтарынан үлкен айырмашылық жасайды. Оның өзіне тән басты екі белгісі бар. Біріншіден , Еуропа жерінде игерілмеген бірде – бір бөлік қалған жоқ. Екіншіден, аумағының шағын болуы мен елдердің көпшілік жағдайы, шаруашылығының жоғары деңгейде дамуы Еуропада біртұтас экономикалық кеңістіктің түзілуіне негіз болды. Сондықтан да соңғы жылдары Атлантикадан Оралға дейін созылып жатқан біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы пікірлер де айтылып жүр.
Еуропа шаруашылығының даму кезеңдеріне көз жіберсек, тарихи уақыт аралығында шаруашылық орталықтарының да, жетекші елдердің де орындарының ауысып отырғанын байқауға болады. Біздің заманымыздың бас кезінен бастап Еуропа шаруашылығы теңізге жақын елдерде қарқынды дамыса, XVIII ғасырдан бастап табиғат ресурстары мен еңбек ресурсы жиі шоғырланған аудандарға қарай бет бұрды.
Орта Еуропа елдері мен Ресей жерінде ең алғашқы өнеркәсіп аудандарының негізі XIX ғасырдың ортасында қалана бастады. Бұлар Еуропадағы байырғы өнеркәсіпті аудандар болып саналады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында осы индустриялы аудандарды одан әрі өркендету жұмыстары жүргізілді. Ең бастыөзгеріс Еуропада социалистік индустрияландыру бағытында бұрынғы Кеңестер Одағына қатысты аймақтарда жүргізілді. Мұнай өнеркәсібі мен машина жасаудың Еділ бойы жаңа ірі орталығы қалыптасты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыс Еуропа елдерінде де экономикалық жандану басталды.
Қазіргі кездегі Еуропа экономикасының басты ерекшелігі – шаруашылықтың батыс пен орталықта басым шоғырланып, біртұтас Еуропалық экономикалық орталықтың құрылуы, соның нәтижесінде мемлекетаралық шекаралардың шартты жағдайға көшуі болып табылады. Тұтастай алғанда Еуропа елдері өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері, тауарлар мен қызмет көрсету экспорты, алтын және валюта қоры, халықаралық туризмді дамыту көрсеткіштері жөнінен дүниежүзілік шаруашылықта бірінші орын алады.
Аймақтың экономикалық қуатын төрт ел – Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия анықтайды. Сол сияқты шағын капиталистік елдердің де экономикалық салмағы күннен – күнге артуда. Ал Шығыс Еуропа елдері болса өтпелі экономикалық жағдайда отырғандықтан, өзінің даму бағытында түрлі қиындықтарға кездесіп отыр. Түрлі деңгейдегі даму ерекшеліктеріне қарамастан, Еуропа елдері өзара ынтымақтастық үрдісін тоқтаусыз жүргізуде.
2.Өнеркәсібі. Еуропадағы ең жетекші сала- машина жасау. Аймақта өндірілетін бүкіл өнеркәсіп өнімінің 30 пайыздан және оның экспортының 70 пайыздан астамы осы саланың үлесіне тиеді. Машина жасаудың ғылыми базаға, еңбек қорларына бағдарланған электроника, электротехника, автомобиль, авиазымыранғарыш, кеме, құралдар мен станок, тоқыма машиналарын жасау сияқты салалары басым таралған.
Еуропаның химия өнеркәсібі машина жасаудан кейінгі жетекші орынды алады. Бұл салада тек осы аймақта ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең химияландырылған ел- Германияның алатын орты ерекше. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін химия өнеркәсібі тас көмір мен қоңыр көмірге, калийге, ас тұзына негізделіп келсе, соңғы кезеңдерде көмірсутекті шикізаттарға, яғни мұнайға ауысуы бұл өнеркәсіп саласының Солтүстік теңіз бен Шығыс Еуропа елдеріне қарай ығысуына себепші болды. Солтүтсік теңіз жағалауында орналасқан химия өнеркәсібінің өнімі бүкіл АҚШ пен Жапонияның химия өнеркәсіптерін қосып есептегендегі өніммен теңдес.
Отын – энергетикалық өнеркәсіп те Еуропаның көптеген елдерінде соңғы кезде мұнай мен газға ауысуда. Мысалы, Германия мен Ұлыбританияда көмір өндіру күрт азайды, Нидерланд пен Бельгияда мүлдем тоқтатылды. Ал Шығыс Еуропа елдерінде әлі де көмірге бағдарлану сақталып отыр, тіпті тас көмірге ғана емес, қоңыр көмірге (Польша, Чехия) де сұраныс жоғары. Электр энергиясын өндіру мүмкіндігі 2 трлн кВт/сағ – тан артық. Электр Энергиясын өндіруде Батыс Еуропа елдерінде АЭС – тің үлесі артуда.Әсіресе Франция, Бельгия, Германия, Ұлыбритания елдерінде, соңғы кезде Чехия, Словакия, Венгрия, Болгарияда АЭС- тер салу жаппай қолға алынуда. Қазір аймақтағы АЭС – тер саны 80- нен астам. Дунай мен оның салаларында, Рона, Рейн өзендерінде СЭС – тер мен олардың тұтас тізбектері салынған. Сол сияқты Скандинавия елдерінде де электр энергиясын өндіру СЭС – терге негізделген. Ал жылу электр станциялары көмір өндірілетін аудандар мен теңіз порттарында сақталған. Соңғы жылдардағы ғылым жетістіктері нәтижесінде теңіз жағалауындағы елдер толысу, теңіз толықындары мен теңіз ағыстары энергиясын. Исландияда геотермальдық энергия пайдалану шараларын жолға қоюда.
Металлургия өнеркәсібі, оның ішінде қара металлургия отын мен шикізат бар елдерде, яғни Германия, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Польша, Чехия, Ресей және Украинада жақсы дамыған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін неғұрлым жоғары сапалы әрі арзан темір кені мен металл сынықтарын импорттауға негізделген металлургия комбинаттары көбеюде. Солардың ішіндегі ең ірісі Италияның Таранто қаласында орналасқан, жылына 10 млн т- дан астам сапалы болат қорытады. Соңғы кездерде машина жасау өнеркәсіптері маңында шағын зауыттар көптеп салынуда. Дегенмен машина жасау өнеркәсібінде дайын прокатқа негізделу белең алуда.
Түсті металлургия аса маңызды салалары – алюминий мен мыс өнеркәсібі. Алюминиий өнеркәсібі боксит қоры бар немесе арзан электр энергиясын көп өндіретін елдерде шоғырланған. Жетекші елдер қатарына Германия, Норвегия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Испания, Нидерланд жатады. Соңғы жылдары алюминий өнеркәсібі теңіз жолы арқылы дамушы елдерден келетін шикізатқа бағдарлануда. Мысалы, Франция соңғы 25 жылда боксит өндіруді 20 есе азайтты, бірақ алюминий балқытудан Еуропада үшінші орынды иеленеді. Мыс өнеркәсібі жергілікті және сырттан әкелінетін шикізатқа негізделген. Жетекші елдер қатарына Германия, Италия, Бельгия, Польша, ресейді жатқызуға болады.
Жергілікті орман ресурстарына бағдарланған ағаш өнеркәсібі Швеция мен Финляндия өнеркәсібінің халықаралық маманданған саласына айналған. Сол сияқты Румыния, Югославия, Италия соңғы кезде Польша мен Беларусь елдері бағалы жиһаздар дайындау ісіне бет бұруда.
Еуропа – ежелден-ақ жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамыған аймақ. Аймақтағы индустрияландыру үрдісі де осы жеңіл өнеркәсіптен басталған. Ең алғашқы жеңіл өнеркәсіп орталықтары (Ұлыбританиядағы Ланкашир мен Йоркшир, Бельгиядағы Фландрия, Франциядағы Лион, Италиядағы Милан, Польшадағы Лодзь, Ресейдегі Иваново) әлі де өз маңызын жойған жоқ. Бірақ соңғы кезде бұл өнеркәсіп саласы неғұрлым арзан жұмыс күші бар Оңтүстік Еуропаға қарай орын ауыстыруда. Мысалы, Португалия аймағындағы тігін өнеркәсібінің, Италия былғары аяқкиім шығару, Грекия бағалы тері бұйымдарын тігу орталықтарына айналуда. Сонымен қатар әр елдің өзінің ұлттық бейнесін айшықтайтын жеңіл өнеркәсіп пен қолөнердің дәстүрлі түрлері де сақталып, одан әрі өркендеуде.
Достарыңызбен бөлісу: |