Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет4/24
Дата24.02.2016
өлшемі2.27 Mb.
#14824
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Бақылау сұрақтары:

1.Саяси картада не бейнеленедi?


2.Дүние жүзiнiң қазiргi саяси картасының қалыптасуы?

З. Еуротпаның саяси картасында Бiрiншi дуниежузiлiк соғыс әсерiнен қандай өзгерiстер болды?

187-сабақ

Тақырыбы: Елдердің түрлері.Халықаралық ұйымдар

Жоспар:

1.Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері

2.Тәуелсіз мемлекеттер

3.Тәуелді аймақтар

4.Халықаралық ұйымдар



Сабақтың мақсаты: Дүние жүзі саяси картасындағы елдердің түрлері мен халықаралық ұйымдарды қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері.Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының объектілерi қатарына мемлекеттiк мәртебесi жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екi топқа:1) мемлекеттік мәртебесi жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсiз мемлекеттер 2) дербес басқару мәртебесiне ие болмаған тәуелдi аумақтар деп екiге боледі.Олар бiр-бiрiнен жерiнiң ауданы, халық саяси әлеуметтiк-экономикалык даму деңгейiне қарай айырмашылық жасайды.
Тәуелсiз мемлекеттер. Тәуелсiз елдер мемлекеттiк құрылымы мен басқару формалары жағынан әр түрлi болады Кез келген елдiң мемлекеттiк құрылымы, яғни мемлекеттiң аумақтық ұйымдың сипаты оның қоғамдык-саяси өмiрiне тiкелей ықпал еткенiмен, экокомиканың даму деңгейiнде шешушi рөл атқармайды.Дүние жүзінің халықаралық деңгейде танылған тәуелсiз мемлекеттерiн олардың саны 191 мемлекеттiк құрылымы бойынша монархиялар мен республикаларга бөледi.
Монархия жағдайында жоғары өкімет билiгi бiр ғана адамнын (имлератор,король, герцог, князь, сұлтан және т.б.) қолында шоғырланған.Билiк ету құқығы атадан балаға мұра өтетiтi берiледi. дүние жүзiнде қазiргi кезде З0 монархия бар. Олардың барлығы дерлiк Ескi Дүниеде (Азияда — 14, Еуропада — 12, Африкада - З), тек бiреуi ғана Мұхит аралдарында (Тонга Корольдiгi) орналаскан.
Абсолюттi монархияларда монархтың билiгiне мүлде шек қойылмаған.дүние жүзi бойынша мұндай мемлекеттер саны жыл сайьш азайып келедi, олардын көпшiлiгi Азияда (Бахрейн,Қатар, Кувейт, Оман) орналасқан.
Конституциялық монархияда монархтың билiгi конституциямен шектелген.Яғни накты заң шығару билiгi парламенттiң қолында, ал үкiмет атқарушы билiкке ие. Мұндай мемлекеттерде монархтар патшалық етедi, бiрақ басқармайды, тек ұлттық символы ретiнде сан жылғы дәстүрдi жалғастырады.Еуропаның көптеген елдерiнде монархияның осы түрi тән: Бельгия, Дания,Нидерланд, Норвегия және т.б. конституциялы монархиялар арасында жоғары дамытты елдермен қатар, Непал, Лесото сияқты мешеу елдер де бар. Азиядағы жетекшi ел Жапония да конституциялык монархиялар қатарына жатады.
Теократтық (грекше құдай, билiк) монархияларда мемлекет басшысы дiни жетекші кызметiн де атқарады.Мүндай мемлекеттер қатарына бруней,Сауд Арабиясы және Ватикан жатады. Дүние жүзіндегi елдердің басым көпшiлігi мемлекеттi басқару формасына қарай республика (латынша — қоғамдык iс) болып табылады Республикалық басқару формасы Еуропадағы буржуазиялық төңкерiстің нәтижесiнде өткiзiлген болатын.Республика -заң шығаратын ең жоғары әкiмi билiгi сайлайтын өкiлеттi орган (парламент) , ал мемлекет басшысын ел халқы өзi сайлайды. Президенттiк республика жағдайында президенттi мемлекет басшысы болумен қатар, үкiмет басшысы қызметiн атқарады. АҚШ, Аргентина, Бразилия тәрiздi елдер президенттiк реслубликалар болып саналады, Ал парламенттiк республикаларда атқарушы билiк қызметiн президент тағайындаған премьер-министр атқарады.Дүние жүзiнiн көптеген елдерiнде, соның iшiнде Қазакстан Республикасыда басқарудың осы формасы тән.
Мемлекеттiк құрылымына байланысты унитарлы (латынша — бiрлiк) және федерациялы (латынша — одак, бiрлестiк) мемлекеттерлi ажыратады. Унитарлы мемлекеттерде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер тікелей орталық үкiметке бағынады.ортак заң жүзеге асырылады. Унитарлы мемлекеттер қатарына Италия, Франция сиякты республикалармен қатар, Жапония, Ұлыбритания тәрiздi конституциялық монархиялар да кiредi.
Федерациялы мемлекет жағдайында оның құрамына енетiн федерация мүшелерiнің белгiлi бiр саяси, экономикалық дербестiгi болады. Бiріңғай (федералдық) зандарымен және басқару органдарымен, ортақ әскермен қатар, федерация мүдделерiнде мемлекеттiк билiктiң барлық белгiлерi бар. Дүние жүзiндегi федера циялар саны 20-дан асады. Тәуелдi аумақтар. Ұлы географиялық ашылулар мен еуропалық отарлау нәтижесiнде метрополияларға тәуелдi аумақтар пайда болды. Жалпы аумақ деген термин егемендігi жоқ жерлерге; аз көтерiлген аудандарға; мәртебесi белгiсiз жерлерге (мысалы, Батыс Сахара) қатысты қолданылады.
Тәуелдi аумақтарға — отарлар (латынша — қоныс), лротектораттар (лат — қамқоршы), мандаттық аумақтар. департаменттер мен аймақтар.ассоция мемлекеттер жатады.
Отарлар толығымен басқа мемлекеттер билiгiндегi және саяси, экономикалық дербестiгi жоқ елдер болып табылады. Теотекторат тән емес келiсiм негiзінде неғұрлым күштi мемлекеттiң әлсiзiне қамқоршы болунан қалыптасады.Бұл жағдайда елдiң тәуелдiлiк сипаты өзiнiң сыртқы экономикалық және саяси байланыстарын жүргiзу құқығын басқа мемлекетке беруiмен аныкталады. Мандаттық аумақтар Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста жеңiлiске ұшыраған Гермнияның бұрындағы отарлары мен иелiктерi соғыста жеңіске жеткен елдердiң қарамағына беру нәтижесінде пайда болды. Екiншi дүниежүзiлiк соғысстан соң мандаттык жүйе БҰҰ-ның қамқорлы жүйесiмен ауыстырылды.Қазiргi кезде тәуелдi аумақтардың аталған түрлерi БҰҰ жасаған отарлар тiзiмiне енгiзiлген, ұйым таратылған оларға жедел түрде тәуелсiздiк беру туралы талаптар қойылуда.Соған қарамастан, ұлыбритания маңызды әскери-стратегиялық аудандар болуы себептi Исландия оңтүстiгiндегi Гибралтарды, Атлант мұхитың оңтүстiгіндегi аралдарың тәуелдi аумақтар ретiнде сақтап қалып отыр.
Халықаралық ұйымдар. 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы деп аталатын халықаралық ұйым 1939 жылы өз жұмысын тоқтатты. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан соң, 1945 жылы Бірiккен Ұлттар Ұйымыi БҰҰ құрылды. Штаб пәтерi Нью-йорк қаласында (АҚШ) орналаскан. Ұйымға 188 мемлекет (2000 ж.) мүше болды.
Кейбiр жағдайда БҰҰ халықаралық саяси жанжалдарды реттеудiң бейбiт құралдарынан басқа,әскери жолы да пайдалануына тура келедi. БҰҰ қарамағындағы әскери күштер мен қаржы оған мүше елдердiң жарнасы есебшілері түзiледi.БҰҰ-ның басты органдары — Бас Ассамблея мен Кауiпсiздiк Күшi, Экономикалық және әлеуметік кеңес,Халықаралық сот, қамқорлығы жөніндегі кеңес, Хатшылық. БҰҰ-ның Бас хатшысын Бас Ассамблея 5 жыл мерзiмге тағайындайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Дүниежүзiнiң саяси картасы

.2.Дүние жүзi елдерiнiң басқару түрлерi

3.Мемлекет курылымында кандай айырмашылыктар бар

3.Абсолютт монархиялары елдер

188 -сабақ



Тақырыбы: Саяси география және геосаясат.Тарихи географиялық аймақтар

Жоспар:

1.Саяси география мен геосаясат туралы жалпы түсінік

2.Алғашқы геосаяси теориялар

3.Қазіргі замаңғы геосаяси ағымдар

4.Тарихи-географиялық аймақтар



Сабақтың мақсаты: Саяси география және геосаясат.Тарихи географиялық аймақтарын қарастыру

Теориялық мәлімет:

Саяси география мен геосаясат туралы жалпы түсінік. Саяси география салыстырмалы түрде кейiн пайда болған ғылым саласы, ол 18 ғасырдың соңына қарай дүние жүзi елдерiнiн ерекшелiктерi мен олардың өзара қарым-қатынастарын зерттейтiн ғылым ретiнде қалыптаса бастады. Саяси географиялық ғылым ретiнде негiзiн немiс ғалымы Фрядрях Ратцелы қалаған, оның осы салалары негiзi тұжырымдамалары 1897 жылы жарияланған *Саяси география* атты еңбегi жарық көрген.
Казiргi заманғы саяси география саясаттану ғылымымен қатар дамуда Географтардың анықтамасы бойынша,саяси география геосаясат, географиялық мемлекеттану мен саяси аймақтану, аймақтың саясаттаяуды бiрiктiретiн ғылымның саласы.Саяси география саласындағы маман ғана елдiң әкімшілік-аумақтық бөлiнуi мен мемлекеттiк құрылымның сапасына мемлекеттiң бiртұтастығын сақтау тұрғысында баға бере алалы.
Қазіргi кезде әсiресе саяси географияның құрамдас бөлiгi болып табылатын саясаттың ғылыми-қолданбалы маңызы артып отыр. Геосаясат терминін швед ғалымы Рудолыф Челлен кез келген мемлекет нығайып, күшеюi , демографиялық,әлеуметтiк, әскери саясатты жургiзумен қатар,геосаясатқа үлкен көңiл бөлуi қажет деп есеттеген. Ресейлік географтардың анықтауынша, геосаясат — көлемдi билеудiң* ғылымы, ол ғаламдық мәселелердi шешуде қандай шешiмдер қабылдау қажет екендiгiне жауап бередi.
I’еоеаясат мемлекеттердiң сыртқы саясат пен олардың бiр-бiрiмен қарым қатынастарын саяси, экономикалық және әскери-стратегиялық өзара қатынастар тұрғысынан эерттейдi

Алғашқы геосаяси теориялар. ХХ ғасырдың басында саяси географияда геосаяси бағыт басым дами бастады. Бұл кезеңдегi геосаясат белгiлi бiр мемлекеттің саяси жағдайына талдау жүргiзу арқылы оның саясатқа қатысты нақты мақсатын көздедi. Осы тұрғыдан алғанда,түрлi аумақтарға бақылау жасалып, қамтитын мемлекеттердiң экономикалық және саяси мүмкiндiктерi зерттелдi.


Геосаясатшылар сол кездің өзiнде-ақ әлемдiк саясатта шешушi рөл атқаратын географиялық факторларды анықтаған болатын. Геосаясатшыар осы фактор толығымен ұштасқан жағдайда ғана ел нығайып, күшеюi мүмкiн деген болжам жасалды.Ал аумағы үлкен және бiртұтас еркiн қозғалу мүмкiндiгi шектеулi болды, мұны ХХ ғасьтрдын басында жылы теңіздерге шыға алмауымен түсiндiруге болады. Күштi теңiз флоты бар Ұлбритания, керiсiнше, дүниенiң төрт құрлығына еркiн бара алатын едi, ел отарлар мен доминиондарды көбейту есебiнен аумағын да ұлғайтты.
Қазiргi заманғы геосаяси ағымдар. Қазiргi кезде көптеген жаңа геосаяси тұжырымдар дүниеге келуде.Геосаясаттың ХХ ғасырдың екiншi жартысында дамуында америкалық геосаясатшы Солом Коэ енбектерiнің маңызы зор болды. С.Коэ әлемнiц ‘көп полюстiлiгi’ туралы тұжырым жасап,әлемiнiң анағұрлым күрделi геосаяси үлгiсiн (моделiн) ұсынды.Мұнда бүкiл әлем екi С.Коэнюн пiкiрiнше,геостратегиялық облыстардың шекарасында жатқан аудандарға (Африканың Сахарадан онтүстікке қарай жатқан бөлiгi, Таяу Шығыс,Оңтүстiк-Шығыс Азия) саяси тұрақсыздық пен, мұнда мемлекет аралық және ұлтаралық жанжалдардың жиi болуының өзi бұл аймақтардың шекаралары орнымен түсiндiрiледi.

Қазақстанның геосаяси жағдайы,ең алдымен,оның Жер шарындағы ең алдымен құрлық — Еуразияның орталығында орналасуымен анықталады.ХХ ғасырдың ұлы ойшылдарының бiрi, этногенез теориясын жасаған әйгiлi орыс ғалымы Л.Н.Гумилев өзiнің еуразиялық екендiгiн айтқан.Қазақстанның еуразиялық сипаты тарихы кезеңдерде оның мемлекет ретiнде қалыптасу бағытын және қазақ халқының ұлттық ерекiшелiктерiн анықтап бердi. Кеңес Одағының ыдырауы мен Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiн алуы елдiң геосаяси жағдайын бiршама өзгерттi. Қазақстан ядролық қаруды өз еркiмен бас тартқан тұңғыш мемлекетке айналды.1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президентi Н.Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабатындығы туралы Жарлыққа қол қойды.


Қазақстанның геосаяся жағдайы оның әлемдiк саясатта айрықша орны бар Ресей мен Қытайдың, мұсылман әлемiнің аралығында орналасуымен де анықталады.Еліміздің ТМД құрамына енетін Ресей,Қырғызстан,Өзбекстан және Түрiкменстанмен ортақ шекараларының болуы оның геосаяси жағдайына қолайлы әсер етедi.Көршілес мемлекетгермея бiрте Шанхай ынтымақтастық ұйымына енетiн Қазақстан аймақтық кауiпсiздiк, шекараны бейбiт жолмен реттеу, халықаралық терроризммен бiрлесе күресу, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi ортақ мәселелердi шешуге атсалысуда.

Тарихи-географиялық аймақтар. Казiргi әлем 16 тарихи-географиялық аймаққа бөлiнедi


1.Батыс Еуропа 9.Латын Америкасы
2.Шығыс Еуропа 10.Солтүстiк Африка
3.Теуелсiз Мемлекеттер 11.Батыс Африка
достастығы (ТМД) 12.Орталык Африка
4.Оңтүстiк-Батыс Азия 13.IIIығыс Африка
5.Оңтүстiк Азия 14.Оңтүстiк Африка
6.Орталық және Шығыс Азия 15.Аустралия
7.Оңтүстiк-Шығыс Азия 16.Мұхит аралдары
8.Солтүстiк Америка

Аймақтардың атауларын,құрамы мен шекарасын айқындауда елдер топтастырудың байырғы дәстүрiне суйенгенiмен, соңғы жылдары географиялық әдебиеттерде,әсiресе елтану бағытындағы еңбектерде берiлiп жүрген жiктелуі де ескерiлдi. ТМД-елдерiн бiртұтас тарихи-географиялық аумақ ретiнде жiктеуiмiздiң озі бұл аймақта орналасқан елдердiң ұзақ жылдар бойы бiртұтас географиялық экономикалық,мәдени кеңiстiк түзгендiгiмен ғана емес, тарихй тагдырлары.ортақтығымен түсiндiрiледi.ТМД шеңберiнде дамып, нығайып келе жатқан алуан түрлi байланыстар жүйесi,елдер экономикасының даму мүмкiндiгi сыртқы саясатында ортақ мүдделерiнiң болуы,айрықша геосаяси жағдайы тарихи-аймақ ретiнде қарастыруы себептi болды.



Бақылау сұрақтары:

1.Саяси география мен геосаясат ненi зерттейді? Олардың байланысы қандай?

2. Алғашқы геосаяси тұжырымдардың негiзгi баiғыты қандай болды?

З.Қазiргi заманғы геосаяси ағымдар бойынша елдiң геосаяси жағдайына кандай факторлар әсер етедi? С.Коэнің үлгiсi бойынша


қандай аймақтарға бөлiнген?

4.Дүние жүзінде қанша тарихи-географиялык аймақ бар?


Дүние жүзінің табиғат ресурстары
189-сабақ

Тақырыбы:Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі.

Жоспары:

1 Географиялық орта туралы түсінік.

2 Қоғам мен табиғат арасындағы байланыс.



Сабақтың мақсаты: Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Табиғаттың құрамдас бөлігі ретінде адам географиялық ортамен өзара тығыз байланысты. Өркениеттің жетістіктері түгелдей дерлік географиялық ортаның жағдайынан көрініс табады. Осы жерде біз ’’табиғат’’ және ’’географиялық орта’’ туралы түсініктерге тоқтала кеткеніміз жөн. Дегенмен ’’табиғат’’ ауқымы кеңірек түсінік. Географиялық орта географиялық қабықтың антропогендік ықпалымен ұзақ эвалюциядан өту нәтижесінде қалыптасады. Антропогендік әрекет нәтижесінде ’’екінші табиғат’’,яғни қалалар, зауыттар, суармалы жерлер, каналдар, көлік магистралдары және т.б. пайда болады.

Географиялық орта деп адамзаттың табиғи даму кезеңіне және кәсіптік әрекетіне тікелей қатысатын Жер табиғаттың бөлігін айтамыз.

Географиялық орта- қоғамның дамуы мен әрекетінің қажетін өтейтін өмір сүру ортасы, ресурстардың аса маңызды көзі болып табылады, сонымен бірге адамдардың рухани әлеміне, олардың денсаулығына және көңіл күйіне әсер етеді.

Соңғы уақыттарда географиялық орта ұғымымен қатар, ғылым салаларында қоршаған орта түсінігі де қолданыла бастады. Қоршаған орта деп адамзат қоғамының барлық тіршілік және өнеркәсіптік әрекет ету ортасы, адамды қоршаған, табиғи және антропогендік ортаны қоса есептегендегі барлық материалдық дүниені түсінеміз.

Адамзат қоғамының тарихы- ­­­­ол қоғамның табиғатпен, географиялық ортамен өзара әрекеттесу тарихы. Осы өзара әрекеттесу барысында(онда белсенді күш рөлін қоғам атқарады) олардын арасында күрделі қарым-қатынас қалыптасқан .

Қол жеткен ғылыми- техникалық жетістіктерге байланысты адам өз табиғатының қожайыны сезінді. Сондықтан табиғатты тиімсіз пайдаланады, Ғаламдық деңгеидегі табиғат ресурстарын пайдаланудың белсенділігінің артуы, әлем халқы санының күрт өсуі(1650 ж.-550 млн адам, 1850 ж. -1250 млн, 2009 ж.-6,8 млрд адам), адамдардың қалаларға шоғырлануы, қалалар санның және өндіріс аудандарының өсуі табиғат пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесуге сапалық өзгеріс алып келеді. Қоғам тарапынан табиғатқа деген ’’қысым’’ күрт өсті. Табиғи ландшафтарды антропогендік түрге айналдыруда ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жол құрылысы сияқты және т.б. салалардын үлесі күннен-күнге артты.

Барлық елдердегі өнеркәсіптер мен шаруашылық салалары табиғатты пайдаланушы рөлін атқарады. Олардағы технологиялық процестердің мешеулігінен өндірілетін шикізаттың 1,5-2%-ы ғана өнім көрскткішін құрайды. Ал соның негізгі массасы (98-99%) өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға немесе жай ғана қоқысқа айналады. Жер шарының көптеген аймақтарында шаруашылық саласының және қалалардың өсуі адамдар үшін көптеген экологиялық зардаптар тудырады:


  1. ресурстық -шаруашылық (табиғат ресурсының сарқылуы )

  2. табиғи-ландшаптылық(алуантүрліліктің қысқаруы,табиғи ландшафтылардың тозуы)

  3. антропогендік-экологиялық)адам денсаулылығының нашарлауы)

Жер шарының түгелдей дерлік аймақтарында көрініс тапқан осы зардаптар адамдар тарапынан олардың қоршаған ортаны сақтауға тікелей тәелді екендігін түсінуіне, табиғат қорғау проблемасын жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына алып келеді. Көптеген 100 жылдар бойы адамзат өзінің тіршілігін өндірістің қарқындыдамуымен байланыстырып, алынған өнімнің басым бөлігін өндірісті одан әрі дамытуға жұмсайды.Бұдан қорытындылайтынымыз-табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және олады сақтау,қалпына келтіру тірі таьиғатты, адамды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен алшақтағандай.

Мұндай жағдайда табиғат ресурстарын адамның шаруашылық әрекеттерінің аясына енгізу және табиғат ресурстары мке қоршаған ортаны қалпына келтіру,қайта өзгнртушараларының кешенді проблемалары туындайды. Бұл проблемамен білімнің қолданбалы сипаттағы табиғатты тиімді пайдалану деп аталатын жаңа кешенді ғылым саласы айналысады.



Бақылау сұрақтары:

1 Табиғат және географиялық орта туралы түсініктердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

2 Неліктен қоғаммен табиғаттың өзара әрекетін биологиялық емес, қоғамдық, әлеуметтік проблема ретінде қарастыру керек?

3 Табиғи ортаның бұзылуы қандай экологиялық зардаптар тудырады?
190-сабақ

Тақырыбы: Табиғат ресурстары және олардың түрлері

Жоспары:

1 Табиғат ресурстары туралы жалпы түсінік.

2 Табиғат ресурсының жіктелуі.

3 Шаруашылық әрекет және табиғт ресурстарының өзгеруі.

Сабақтың мақсаты: Табиғат ресурстары және олардың түрлерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. А. Минстің анықтамасы бойынша өндіргіш күштердің қазіргі заманғы дамуы мен зерттелу деңгейіне сәйкес адам қоғамның қажетін пайдалану үшін пайдаланылатын табиғат байлықтарының бір бөлігін табиғат ресурстары деп атайды.

Табиғат сферасына табиғат ресурстары оның ажырамас құрамдас болігі ретінде кіреді. Мысалы, минералдық ресурстар- табиғатта тау жыныстары литосферадаға құрамдас бөлік ретінде кірсе: су ресурстары- құрамдас бөлігі, орман ресурстары- юиоценоздардың құрамдас бөлігі болып табылады және т.б. Әлеуметтік-эканомикалық сфераға жоғарыда аталғандар өндірістік және жалпылама заттық элементтер ретінде кіреді. Энергетикалық, шикізаттық пайдалы қазбалар қоғамының әлеуметтік-эканомикалық дамуының белгілі деңгейін қамтамасыз етеді. Бір мезгілде табиғатқа да, әлеуметтік-эканомикалық сфераға да жататындықтан, табиғат ресурстары олардың арасындағы байланыстырушы болып табылады.

Табиғат ресурстарына литосфераның, гидросфераның, атмосфераның және биосфераның элементтері кіреді (олардың қандай ресурстар екенін еске түсіріңдер).

Шаруашылық тұрғыдан жіктеу ресурстары пайдалану әдістерінен және бағыттарынан туындайды. Олар: жалпы және мамандандырылған, салалық және құрамдас бөліктерден тұрады.Өнеркәсіптік өндірістің негізін құрайтын минералдық ресурстар, су ресурстары, агроклиматтық,рекретциялық, биологиялық және т.б. ресурстар бөліп қарастырылады.Бір салада табиғат ресурстарының бірнеше түрлері пайдалануы мүмкін. Мысалы, ауыл шаруашылығында жер, топырақ, су, климат ресурстарыпайдаланылады. Екінші жағынан, табиғат ресурсының бір ғана түрі әртүрлі салаларда пайдалануы мүмкін. Өзендер, көлдер өндірістің қажетін өтеу үшін немесе жол қатынасы ретінде ле пайдаланылады.

Сонымен қатар мүмкіндігінше ресурстардың бір түрімен екіншісінің алмастырылуы да бөлініп қаралады:алмастырылатын(мысалы,металды пластмассамен немесе керамикамен алмастыруға болады) және алмастыруға болмайтын (тыныс алуға қажетті атмосфералық ауа).

Қоғам дамуының белгілі кезеңінде өзендер үлкен рөл атқарып, белгілі бір өркениеттердің бесігі болды. Ежелгі шумерлердің, Ассирия мен Бабылдың (Вовилон) өркениеттері Тигр мен Ефраттың бойында туындап дамыды. Египет патшалығымен мыңдаған жылдық тарихы бар египеттіктердің өркениеті түгелмен Нілдің жағалауында өркендеген. Ал Ганг өзені Үнді субконтинентінің ежелгі мәдениетінің бесігі болды. Дәл осындай рөлді Қытайдағы Янцзы мен Хуанхэ өзендеріде атқарады. Орта Азиядағы Сырдария, Әмудария, Шу, Талас, Іле өзендерініңде түркі өркениетінің қалыптасуында алатын орны өте зор.

Өндіріс өзінің даму барысында күннен-күнге табиғат ресурсының көптеген түрлерін қамти отырып, оның пайдалану көлемін арттыра түсуде. Дүние жүзіндегі өнеркәсіптік өндіріс 1860 жылдан 1990 жылдарға дейін 120 есеге ұлғайды. Бұл жер бетінедегі барлық табиғат ресурстары қорының сарқылуына апарып соқтырады. Мұндай, көмір қорлары айтарлықтай дәрежеде сарқылып, түсті және бағалы металдардың қорлары таусылуға жақын қалды.

Жылсайын дүние жүзінде, шамамен, 300 мың км3 ағаш кесіледі оның ішінде 160 км3-і тропиктік ормандар. Жабайы аңдардың саны күн санап кемуде, Ауыл шаруашылық жерлер азаюда.

Табиғат ресурстарының сапасы нашарлады. Судың, топырақтың, ауаның өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, тұрмыстық қалдықтармен ластану осы ресурстардың сапасын нашарлатып, төмендетіп отырады. Кен орындарының азаюына байланысты өнімді аз беретін өндіріс орындары іске қосылуда. Бұл қоршаған ортаға шығарылатын бос тау жыныстарының көлемі өсуде деген сөз.

Ресурстарға өздігінен тазаланатын және қалпына келетін, сарқылмайтын кен ретіндегі көзқарасты түпкілікті түрде өзгерту қажет. Оған материалдық,энергетикалық, ресурс сақтау технологиялары, үнемді пайдалану,шикізатты қайта өңдеуді кешенді және толық жүргізу, туынды шикізатты кеңінен қолдану сияқты шараларды жүргізу арқылы қол жеткізуге болады.



Бақылау сұрақтары:

1 Табиғат ресурстары дегеніміз не?

2 Табиғат ресурстарын қандай топтарға жіктейді?

3 Адамның шаруашылық әрекеті табиғат ресурстарының қорына қалай әсер етеді?

4 Табиғат ресурстарын топтастыру олардың қандай белгілеріне қарай жүргізіледі?


Дүние жүзінің халқы

191-сабақ



Тақырыбы: Дүние жүзінің халқы

Жоспар:

1. Халықтың саны және оның өсіп - өнуі

2. Нәсілдік және этностық құрам

3. Діни құрам

Сабақтың мақсаты: Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Ғалымдардың пікірінше, бұдан 35-40 мың жыл бұрын Номо sаріепs (ақыл – есті адам( өкілдерінің саны не бары 1 миллиондай болған. Содан бері адамзат саны мың есе көбейеді. ХХ ғасырдың аяғында планетадағы халық саны 6 миллиардтан асты.

Адамзаттың демографиялық тарихында шартты түрде үлкен – үлкен екі кезеңді саралауға болады. Бұлардың біріншісі аграрлық өркениет деп аталынды да, шамамен XVII ғасырдың екінші жартысына дейін жалғасты. Бұл кезеңде халықтың өсімі біршама төмен болды.Алғашқы қауымдық қоғам жағдайында, тіпті полигамия болғанның өзінде, табиғи өсім болмашы болды, өйткені туу мен өлім – жітім биік деңгейде болса да, олар өзара теңесіп отырды. Феодализм тұсында ғана халықтың өсімі біраз жеделдеді.

Алайда жер шары тұрғындары санының неғұрлым едәуір өзгеруі, сөйтіп, демографиялық дамудың екінші кезеңінде өту соңғы үш жарым ғасырдың ішінде болды. 1900 жылы Жер шары халқының саны 1,6 млрд. адамнан асты, ал 1960 жылы бұл шама 3 млрд адамға жетті. Мұның мәнісі дүние жүзі халқының екі еселенуіне біздің ғасырымызда 60 жылдан астамуақыт қажет болды деген сөз. Бірақ келесі екі еселену (6 млрд.) 2000 жылдың шамасында, яғни не бары 40 жылдан кейін болды.

Халықтың өсіп көбеюінің дүние жүзілік тарихтағы ең жоғары қарқыны (20 пайызға жуық) үстіміздегі ғасырдың 60 –шы жылдары болды.

Демографиялық күрт өрлеу дейтін, халықтың күрт көбеюін білдіретін ұғым да сол кезде шықты. Жер шарында халықтың тым көбейіп кетуі туралы үрейлі болжамдар айтылатын болды.

Демографиялық өрлеу ең алдымен барлық жастардағы топтарда өлім – жітімнің күрт азаюының нәтижесі. Ал туу болса не өзгермеген деңгейде сақталды не төмендегенімен, өлім – жітім сияқты дәрежеде болғкан жоқ.

Демографиялық күрт өрлеудің зардаптарын айтқан түңілушілік болжамдарды өмірдің өзі теріске шығарды. 80- ші жылдардың ортасында –ақ Жер шары халқының жылдық өсімі 17 пайызға түсті, яғни демографиялық күрт өрлеудің шыңы артта қалды.

Демографиялық өтпелілік дегеніміз елдердің әлеуметтік – экономикалық дамуына орай халықтың тууы мен өлімінің және табиғи өсуінің дәйектіөзгерістерінің процесі.

Демографиялық өтпелілік роцесі мына фазалармен сипатталады.: 1) туудың көптігі - өлімнің көптігі; 2) туудың көптігі – денсаулық сақтаудың жетістіктерімен байланысты өлімнің аздығы.

Қазіргі заманғы дүниеде халықтың есесі тоып отыруының басты – басты екі түрін саралауға болады.Бірінші түріне тән сипат – туу өте көп, өлімнің азаюы және халықтың көбеюінің жоғары қарқыны. Нақ осы түрдегі елдерде демографиялық күрт өрлеу айқын көрінді (Африка, Азия, Латын Америкасы елдерінің көпшілігі).

Халықтың есесі толуының екінші түрінің ерекшелігі – туу көрсеткіштері орташа және төмен , өлім – жітімнің күрт азаюы және халықтың көбею қарқынының бояулауы не тұрақтануы (дамыған капиталистік елдер, Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігі, Ресей және ҚХР).

Дүние жүзінде тұтас алғанда халық өсімі қарқынының тұрақты төмендеуі байқалып отыр. Алайда демографиялық жағдай жақсармауы былай тұрсын, қайта нашарлап, адамдардың әлеуметтік жағдайының одан әрі шиеленісуіне апарып соғып отырған елдер бар.

Демографиялық саясат дегеніміз халықтың табиғи өсіміне, халық санына қатысты белгілі бір елдің өзіне тән проблемалардың шешілуіне ықпал жасау мақсатымен мемлекет қолданылатын әр түрлі щаралар жүйесі. Мұның өзі тууды көтермелеудің экономикалық шаралары.

Әр түрлі елдердегі демографиялық саясаттың бағыты сол елдерде бар демографиялық проблемаларға байланысты. Мысалы, халықтың өсуі тым көп елдерде бұл саясат оны азайтуға бағытталған. Дүние жүзіндегі халқы ең көп ел – ҚХР үкіметінің мақсаты халықтың өсімін күрт тоқтатып, елді жанұяға жалғыз бала деңгейіне «шығару» болды.ҚХР әкімшілік шаралардан насихаттық және экономикалық шараларға ауысты. Осының нәтижесінде жанұяны жоспарлау айтарлықтай нәтиже берді – халықтың жылдық өсімі 28 пайыздан (1968) 10-11 пайызға дейін төмендеді, яғни дүниежүзілік орташа деңгейден төмен болды.

ҚХР – дің тәжірибесі халқының табиғи өсімі жоғары көптеген елдер үшін өнеге болды. Халқы көп Үндістан осы жолға түсіп «әр жанұяға - екі бала « ұранын ұстанатын болды. Алайда мұнда демографиялық саясаттың жүзеге асырылуы онша ойдағыдай емес. Тууды мемлекеттік тұрғыда шектеу саясатын сондай –ақ Бангладеш, Индонезия, Шри – Ланка, Пәкістан және басқа бірқатар азиялық және латынамерикалық елдер де жүргізуде. Демографиялық саясаттың нәтижесі бәрінен гөрі Африканың дамуы нашар елдерінде төмен. Мұсылман елдерінде халықтың балалы –шағалы болуын дін қолдайды.

Кейбір дамыған елдерде (Франция, ГФР, Дания, Бельгия, Венгрия және т.б.) – демографиялық саясат халық өсімін көбейтудікөздейді. Бұл мемлекеттер үкіметтерінін тууды көбейтіп көтермелеу үшін қолданп отырған шаралары әр алуан; олардың қатарында екі және одан көп баласы бар жанұяларға ақшалай төлемдер мен жеңілдіктер берілуін, түсік түсіруге тиым салынуын (ГФР) және т.б. шаралардыайтуға болады.

Біздің өркениетіміз демографиялық күрт өрлеу шыңынан өтті. Алайда халық саны одан әрі көбейіп отыр.Планетамыз тұрғындары санының табиғи тұрақтануына жету қажет. Бұған жетудің жолы ең алдымен дамуы нашар елдерде халық ағарту ісін өркендету. Бұл орайда нысаналы демографиялық саясаттың рөлі өте зор, мемлекеттердің бірден – бірге көбі осындай саясат ұстанып отыр.

Адамзат басты – басты үш нәсілге: еуропеидтік, монголоидтік және негроидтік нәсілдерге бөлінеді. Бұларға қоса кейбір ғалымдар тағы бір төртінші нәсіл – австралоидтік нәсіл бар деп есептейді. Оның онша көп емес өкілдері Азияның оңтүстік – шығысында, Мұхит аралдары мен Австралияда қоныстанған. Алайда дүние жүзінің барлық халқы осы нәсілдерге жатады деп ойлау дұрыс емес. Олардың өкілдері дүние жүзі халқының жалпы санында 70 пайыздай ғана. Қалған 30 пайызы аралас және аралық нәсілдік топтар; бұларға жататындар, мысалы эфиоптар, малагасийліктер, полинезиялықтар, меланезиялықтар және т.б.

Жер шары халқының этностық (ұлттық) құрамы – ұзақ тарихи процестің нәтижесі. Қазіргі уақытта дүние жүзінде этностық қауымдастықтардың әр алуан түрлері: жекелеген тайпалар, рулас тайпалар топтары, ұлыстар, ұлттар бар.

Этностық қауымдастық мынадай белгілердің: ортақ тіл, аумақ, мәдениет пен тұрмыс ерекшеліктері, этностық сана – сезім секілді белгілердің жиынтығымен сипатталады. Алайда кейде қайсыбір белгілер болмауы мүмкін.

Жердің этностық құрамын дәл анықтау өте қиын, өйткені ғалымдардың қазіргі дүние жүзінде 3-4 мың әр түрлі халықтар бар дейді. Бұларда ондаған адамнан жүздеген миллион адамға дейін болуы мүмкін.

Ұлттық өлшемдер адамзаттың мемлекеттерге бөлінуінің негізі болады. Кейде бір немесе бірнеше ұлт бір мемлекет құруы мүмкін( Ресей, Үндістан және т.б.). Мемлекеттік және этностық шекралардың бөлшектенуі апарып соғады. Мысалы, курдтер Түркия, Иран, Ирак және Сирия түйісетін тұста шоғырланған.

Жер шарындағы мемлекеттердің жартысына жуығы бір ұлтты (яғни, негізгі ұлт 90 пайыздан астам). Бұлар Дания, Швеция, және т.б. Қалған елдер көп ұлтты Олардың қатырна Ресей, АҚШ – ты (бұл елдерде 100- ден астам әр түрлі ұлттардың өкілдері тұрады), Ұлыбританияны (ағылшындар, шотландтар, уэльстіктер және т.б.), Испанияны (испандар, католондықатр, баскілер және т.б.) жатқызуға болады.

Көпұлттылық әсіресе дамушы елдерге тән. Үндістанның өзінде ғана бірнеше жүз, Нигерияда 200- ге жуық, Индонезияда 150 – дей әр түрлі этностық қауымдастықтар бар.

Халықтар әдетте тілдік жақындығы принципі бойынша топтастырылады. Бұлайша топтастырудағы ең үлкен бірлік – тілдік ұялар. Сан жағынан ең көбі индоеуропалық ұя, онда шамамен 2,5 млрд. адам бар. Ол бірқатар топтардан тұрады: роман тобы (француздар, итальяндар, испандар, латынамерикандар), герман тобы( немістер, ағылшындар, американдар), славян тобы (орыстар, украиндар, беларустар, поляктар, чехтар, словактар, болгарлар, сербтер, хорваттар). Қытай – тибет ұясы саны жөнінен екінші ұя, ал оның құрамындағы ең үлкен тілдік топ – қытай тобы.

Дүние жүзінің неғұрлым көп тараған тілдері мыналар: қытай тілі, онда 1 миллиардтан астам адам сөйлейді, ағылшын тілі (400 млн.), хинди (300млн), испан(280 млн), араб тілі (230 млн), орыс (220 млн). Ұлыбритания мен Испанияның өзінің халқынан әлдеқайда көп халыққа ағылшын және испан тілдерінің кеңінен тарауы Азияның, Африка мен Латын Америкасының көптеген елдерінің бұрын отар болғанынан. Мысалы, Африкадағы 19 елдің мемлекеттік тілі осы күнге дейін ағылшын тілі болып отыр.Мұндағы ұлттық белгі тілдік белгіден едәуір сараланады.

Дүние жүзінің ұлттық немесе нәсілдік айырмашылықтары бар көптеген елдерінде ең өткір мәселелердің бірі – ұлт мәселесі; ол әр түрлі этностық қауымдастықтар арасындағы саяси , экономикалық, аумақтық, құқықтық, идеологиялық және мәдени қатынастар жиынтығын қамтиды.

Адамдардың діни түсініктерінде ХХ ғасырда күрт өзгерістер болғанына және халықтың бірсыпырасының діннен қол үзгеніне қарамастан, дүние жүзінде діннің позициясы берік. Ол адамдардың ақыл – ойына, құлқына, әдет – ғұрпына, адамдар арасындағы қарым – қатынасқа және тіпті кейбір мемлекеттердің сыртқы саясатына әсер ықпал етіп келеді.

Бүгінде әлемде дүниежүзілік діндер деп аталатын үш дін бар, олардың бұлай деп аталатыны бұл діндерді кейде әр түрлі континеттерді мекендейтін көптеген халықтар ұстанады.

Олардың ішінде ең көп тарағанының бірі – христиандық, оны ұстанатындар 1 млрд. адамнан асады. Христиандықтың ықпалы Еуропа, Америка, Австралия елдерінде неғұрлым күшті. Христиан дінін ұстанушылар Азия мен Африкада да бар, мұнда олар еуропалықтардың миссионерлік әрекетімен тараған.

Христиандықтың негізгі бұтақтары – католицизм, православие, протестанттық. Дүние жүзінің кейбір елдерінде (мәселен АҚШ – та) осы бағыттардың бәрі бар. Ал Латын Америкасында үстем дін – католицизм. Грекияда – православие, Австралияда – протестанттық,т.б.

Енді бір дүниежүзілік дін – ислам неғұрлым шоғырланып тараған. Мұсылмандар негізінен Азия мен Африкада (Сауд Арабиясы, Түркия, Иран, Ирак, Ауғанстан, Пәкістан, Бангладеш, Алжир, Марокко, Египет, Индонезия, Үндістан, Малайзия және т.б.). Исламды ұстанушылар Орта Азияда, Қазақстанда, Кавказда, Ресейде, Қытайда, Еуропада тұрады. Дүние жүзінде мұсылмандардың жалпы саны 1,5 млрд. адамға жуық және мұсылман елдерде халықсаны артып келе жатқандықтан тез көбеюде.

Исламның тараған жері – Сауд Арабиясындағы Мекке және Мәдине қалалары деп есептеледі. Басқа дүниежүзілік діндердегі секілді исламда да біртұтастық жоқ. Онда суниттер мен шейіттер деп аталатын екі бағыт бар. Қазіргі заманғы мұсылман әлемінде сунниттер көп басым, ал шейіттер негізінен екі елде – Иран мен Иракта тұрады.

Бұдан мың үш жүз жылдан астам шыққан ислам замндар бойына өзін ұстанатындардың өміртіршілігінің қай жағын болсын түгел анықтап беретін әмбебап қағидалық жүйе болып келді. Қоғамдық қарым –қатынастар, шаруашылық қарекет, неке – жанұя қатынастары, адамдардың өзара қарым – қатынасы дін қағидаларына сәйкестеліп, адамдар мен халықтардың тағдырын сол заңдар шешіп отырды. Ислам қазір де Шығыс халықтарының өмірлік салт – санасының өте маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады. Көптеген елдердің конституциялары оны мемлекеттік дін деп жариялайды, ал саяси партиялар өздерінің бағдарламлалық құжаттарында мұсылмандық қағидаларынан айнымайтындықтарын жиі жиі жариялап отырады.

Үшінші дүниежүзілік дін – буддизмнің тараған ауданы географиялық жағынан анағұрлым шектеулі. Оны ұстанатындар непалдықтар, бирмалықтар, Үндіқытай, Үндістан, Шри – Ланка, Қытай, Монғолия елдерінің дінге сенетін тұрғындарының біразы.

Ресейде буддизмді ұстанатындар Бурятияда, Қалмақстанда, Тувада. Буддистердің жалпы саны шамамен 200 млн. адам.

Дүниежүзілік діндерге қоса өзіндік ерекшеліктері бар ұлттық діндер де бар. Мысалы, Үндістанда индуизм, Қытайда конфуцийшілдік, Жапонияда синтоизм, Израильде иудаизм бар. Тропиктік Африканың, Азияның, Латын Америкасы мен Австралияның жетуі қиын және артта қалған аудандарында негізінен әр алуан рухтарға , табиғи обьектілерге және т.б. табынатын жергілікті діни наным – сенімдер әлі де бар.

Жер шары халқының басым көпшілігі дінге сенеді. Мұның мәнісі қазіргі заманның келелі проблемаларының ойдағыдай шешілуі едәуір дәрежеде дінге сенетіндер мен дінге сенбейтіндердің бірлігін нығайтуға байланысты деген сөз. Біздің күрделі заманымызда дінбасылары әсіресе бейбітшілікті сақтау, қарусыздану, айналадағы ортаны қорғау туралы мәселелерде барған сайын прогресті позициялар ұстанып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет