Бақылау сұрақтары:
-
ОПЕК -ке мүше елдерді ата?
-
Ресейде мұнай өндіретін негізгі аудан
-
Табиғи газ өндірудің қарқынды дамыған уақыты
-
Көмір өндіретін негізгі елдер
№ 196-сабақ
Тақырыбы: Өңдеуші өнеркәсіп
Жоспар:
1. Металлургия
2. Машина жасау
3. Химия өнеркәсібі
Сабақтың мақсаты: Ұқсатушы өнеркәсіп салаларының дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орнын қарастыру.
Теориялық мәлімет:
1.Ұқсатушы өнеркәсіп салаларына металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ағаш өңдеу, цемент, жеңіл, тамақ өнеркәсібі және басқа да көптеген салалар жатады. Бұлардың негізгі түрлерін қарастырайық.
Металлургия адамзатты конструкциялық материалдарымен – қара және түсті металдармен қамтамасыз етеді. Пластмассалардың бәсекелесуі күшейгеніне қарамастан, болат дүниежүзілік экономикада негізгі конструкциялық материал ретінде қалып отыр.
Дүниежүзілік болат өндірісі жыл сайын шамамен 800 млн. тонна мөлшерінде. Бұл орайда осы мөлшердің 80 пайызына жуығы дамыған елдердің, 20 пайызы дамушы елдердің үлесіне келеді. Болатты көп өндіретін елдер – Жапония (100 млн. тоннадан астам), АҚШ, Ресей, Украина, ҚХР, Германия.
Батыстың дамыған елдерінде қара металлургияның дамуының соңғы жылдарға тән ерекшелігі болатты өндіру мен тұтынудың азаюы болып табылады. Тосыннан қарағанда мұндай оғаш беталыстың үш себебі бар. Біріншіден, дүние жүзінде өнімге жұмсалатын металдың жалпы азаюының пргресті процесі жүріп жатыр. Екіншіден, металдарды пластмассалар пәрменді түрде ығыстыруда. Үшіншіден, қара металлургияның біразы онша таза өндіріс болмағандықтан, қазірден – ақ үшінші дүние елдеріне көшірілді.
Ресейде де өнім жасауға металдың жұмсалуын азайту бағыты көзделіп отыр. Алайда ондағы машина жасауда металл емес конструкциялық материалдардың үлесі АҚШ – тағыдан аз. Металл сынықтарын пайдалану деңгейі де төмен.
Соңғы жылдары дүниежүзілік темір руда базасының географиясы көп өзгерді. Дамушы елдерден келетін бай руданың пайдаланылуы (60 пайызына дейіні – темір) және жергілікті жұмыс күшінің арзан болуы Батыс Еуропаның темір рудасы бассейндерінің біразында өндірудің тоқтатылуына әкеліп тіреді.
Руда шикізатының негізгі экспортшылары – Бразилия, Үндістан, Либерия, Австралия, ОАР. Шығыс Еуропа елдеріне темір рудасын ең көп жіберетін ел – Ресей.
Импорттық руданың ағыл – тегіл әкелінуі батыс Еуропаның көптеген елдері мен Жапонияда теңіз жағасындағы металлургияны дамытты. Батыстың дамыған елдерінен АҚШ пен Германия ғана қара металлургияның ішкі орталықтары басым. АҚШ – та олар Ұлы көлдерге жақын орналасқан (Чикаго, Детройт, Янгстаун ауданы). Әйтсе де теңіз жағасындағы металлургия да дамып отыр (Атлант жағалауындағы Балтимор, Тынық мұхит жағалауындағы Лос – Анжелес маңы). Германияда Рур және Саар металлургия аудандары алда.
Шикізат пен кокс импортынан тәуелсіз лдерде (Ресей, Украина, Қытай, Қазақстан, т.б.) және темір рудасы базалары маңында не олардың арасында орналсқан. Металл өндірушілер арасында Польша да елеулі орын алады.
Қара металлургия дамушы елдерде шапшаң қарқынмен дамып келеді. Металды көп өндірушілер қатарына Бразилия (Франция мен Ұлыбританияның алдына шықты), Үндістан, Корея Республикасы және т.б. қосылды.
Дүние жүзінің түсті металлургиясы жылына 40 млн. тоннаға жуық әр түрлі металдар өндіреді. Бұл ең алдымен алюминий (17 млн. т.), ол қазіргі заманда алуан түрлі салаларда: автомобиль жасауда, жеңіл констуркциялық материалдар өндіруде және басқа да көптеген шаруашылық салаларында көп қолданылады.
Алюминий өнеркәсібі аумақтық жағынан бір – бірінен бөлінген өндірістік буындарын құралады. Бұлардың біріншісі – глинозем (алюминий тотығы) алу, мұның географиясы ішінара боксит өндіретін елдерге қарай ойысады. Энергия көп жұмсалатын екінші буын- алюминий өндіру – көбіне дамушы елдердегі арзан электр энергиясы көздеріне жақындауға бейім.
Боксит өндіретін негізгі елдер – Австралия, Гвинея, Ямайка, Ресей, Бразилия, глинозем өндіру жөнінен – Австралия, Ресей, АҚШ, Ямайка. Ал алюминий қорыту жөнінен алда келе жатқандар реті мүлдем басқаша: АҚШ, Жапония, Ресей, Канада, Германия. Бұл елдердің бәрінде өндіріс ірі ГЭС – тер аудандарында немесе қуатты шоғырланған. Жерде жүргізіледі.
Ауыр түсті металдрдың рудаларында металл өте аз болады. Мысалы, өндіретін рудадағы мыстың мөлшері 0,5 – тен 3,5 пайызға дейін, осының өзінде барған сайын жұтаң рудалар ұқсатылатын болды. Рудаларды байыту және қара мыс өндіру іс жүзінде руда өндіретін елдердің бәрінде ұйымдастырылатын себебі осы.
Мыс рудалары қорының дені Чилиде, АҚШ – та, Замбияда, Қазақстанда шоғырланған. Мысты тазартып қорытуға электр энергиясы көп кетеді, сондықтан қара мыстың біразы дамушы елдерге жіберіледі. Тазартылған мысты көп өндіретін елдер – АҚШ, Ресей, Жапония, Германия, Қазақстан.
Металды өндіруші елдер мен қорытушы елдер арасындағы айырым қорғасын қорытып шығаруда да көрінеді. Руда өндіру жөнінен мұнда Австралия, АҚШ, Канада, Қазақстан, Ресей, одаг әрі Перу, Мексика алдыңғы қатарда. Алайда металды көп қорытып шығарушы елдердің арасында дамушы елдер жоқ десе болғандай: АҚШ, Батыс Еуропа елдері, Ресей, Қазақстан.
2.Машина жасау дүние жүзілік өнеркәсіптің ең күрделі және көп тармақты саласы. Машиналар мен жабдықтарға, приборлар мен өндірістік мақсаттағы аспаптарға қоса бұл сала тұрмыс және мәдениет тұрғысындағы алуан түрлі бұйымдарды шығарады. Жасайтын бұйымдарына байланысты машина жасау энергеткалық, көлік, ауыл шаруашылығы машиналарын жасайтын, өнеркәсіптің көптеген салалары үшін тенологиялық жабдықтар жасайтын, станок жасайтын көптеген салалар болып бөлінеді.
Дүние жүзінің машина жасау саласының басты бір саласы – автомобиль жасау.
3. Қазіргі уақытта химия өнеркәсібі қай елдің болса да экономикасының қаншалық жаңғырғанын оның ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін пайдалануы қалай екенін айнытпай көрсететін индикатор болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
-
Руда шикізатының негізгі экспортшылары
-
Боксит өндіретін негізгі елдер
-
Машина жасау дүние жүзілік өнеркәсіптің ең күрделі және көп тармақты саласы
4. Қазіргі уақытта химия өнеркәсібінің дамуы
Ауыл шаруашылық географиясы
№ 197 – сабақ
Тақырыбы:Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты
Жоспар:
1.Ауыл шаруашылығының маңызы
2.Аграрлық қатынастар
3.Даму бағыттары
Сабақтың мақсаты: Ауыл шаруашылығының маңызын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Ауыл шаруашылығының маңызы. Ауыл шаруашылығы — халық шаруашылының ең ежелгi және табиғат жағдайларына тiкелей тәуеллi саласы. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы — неғұрлым кең тараған сала. Шындығында, дүние жүзiнде ауыл шаруашылғынң түрлi салаларымен айналыспайтын бiрде-бiр ел жоқ. Ауыл шаруашылғының барлық жерге таралуы оның алуан әр түрлiлiгiне байланысты.Ғалымдар, шамамен, оның 50-ге жуық түрiн көрсетедi. 2001 жылғы мәлiмет бойьшша дүние жүзiнде бұл салада, шамамен, 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етедi, олар ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткiшi 2,6 млрд адамға жетедi. Еңбекке жарамды әр адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесiне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жiктеледi.
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiндер саны ‚тікелей айырма жасайды. Мысалы, 2000 жылдың басында Батыс Еуропа елдерiнде бұл көрсеткіш — 8% АҚШ-та — 3%, Канадада 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары.
Ауыл шаруашылық географиясы климаттық әлеуметтiк және өндiрiстiк факторлары әсерiнен ұзақ тарихи уақыт аралығында калыптасъш, дамып отырады.Соңғы уакытка дейiн ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тiкелей тәуелдi болып келдi. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсiмдiктердiң өсуiне мүмкiндiк туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиытығы; жылдық жауын-шашынның мөлшерi мен түсу мерзiмi топырактың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында қарашiрiгi мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулы топырақ және тұнба жыныстардан түзiлген өзен аңғарлары бойындағы топырактар жатады.Казiргi кезде құрылымы мен техникалық озық жетiстiктерi ауыл шаруашылығында кеңiнен қолданылып отырған елдерде климаттық жағдайда тәуелдiлiк әлдекайда темендейдi. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзiн толық қамтамасыз етiп, тiптi оның экспортқа шығара бастады.
2.Аграрлы қатынастар. Дүние жүзiнiң кез келген елiнің ауыл шаруашылығы өзара бiр-бiрiмен тығыз байланысты екi саладан — өсiмдiк және мал шаруашылығынан құралады.Олардың арасалмағы әр елдiң әлеуметтiк экономикалық жагдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштерiне және табиғат жағдайларының ерекшелiгiне сәйкес өзгерiп отырады.Экономикалық деңгейi жоғары елдерде ғылым жетiстiктерi мен агротехникалык шаралар кеңiлен колданылуының нәтижесiнде мал шаруашылығы өнімдерiнiң үлесi жоғары.Мұндай жағдай кейбiр жекелеген дамуыншы елдерде де байқалуда,бiрак оның басты себебi климаттың қолайсыз әсерiнен өсiмдiк шаруашылығының өркен жаюына мүмкiндiктiң болмауы.Бұл көрiнiс Таяу Шығыстың кейбiр елдерiне тән.өсiмдiк және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнiмдерiн өңдейтiн өнеркәсiп салаларымен де байланысты.Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптiк кешен аркылы жүзеге асады. Мұндай кешелер құрылымы мен қуатына алуан түрлi болып келедi және дамыган елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белес алып келедi.
Бүгiнгi таңда жерге иелiк етудiң бiрнеше түрi қатар кездеседi. Олар, мемлекеттiк меншiк және кооперативтiк меншік. Ең көп таралған жерге жеке меншік иелiгі олар дүние тауарлық ауыл шаруашық өнiмдерiнiң басым бөiгiн өндiредi.
Жоғары дамыған елдердiң көпшiлiгінде жер қорының бiраз бөлiгi iрi иеленушiлердiң фермерлердiң қолында шоғырланған. Оларға берiлген орташа1, жер мөлшерi — 40—50 га. Бiраз жердiң басты қожасы — мемлекет. Мысалы АҚШ-та жер қорының 1/4-1 мемлекет мешiгiнде.Дамушы елдерде аграрлы қатынастар түрлiше сипатты болып келедi.Азия мен Африканың барлық елдерiнде жергiлiктi және сырттан әкелiлген күрделi қаржыға негiздері
капиталистiк шаруашылықтармен қатар феодалистік,тiптi ру-тайпалас қатарына әлi сақталып қалған шаруашылықтар да көптеп кездеседi. Ал Латын Амеркикасы елдерiнде жер қорының көпшiлiгiн помещиктiк шаруашылық негiзiн құрайтын iрi жер иелiктерi — латифукакуиялар мемлекетік дегейлеріл,оларға берiлген орташа жер мелшерi — 2—З мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыста Еуропа елдерiнің меншiктi жаңа түрлерi енгiзiлуде.Жер қорынын бiраз бөлігі фермерлерi кооперативтер мен жалгерлерге ұзақ мерзiмде берiлiп, олар өз қалаулар бойынша жиі кажеттерiне жаратады.Бiрақ мемлекет таратылған жердi пайдалану Мен күтiп-баптау шараларының тұрақты бақылау жүргiзiлiп отырады.Сонымен қатар жердi жеке меншiкке беру мәселелерi де басты назарда тур.Қазақстан жер мезгiліне қатысты осы бағыттағы ұстауда.
Даму бағыттары. Ауыл шаруашылығын өзiнiң дамуы мен өркендеу сипатына қарай 3 топқа ажыратылады:
1.Дәстрлi ауыл шаруашылығында қауымдық және ру тайпалық қатынастар әлi де сақталған.Бұл топ ауыл шаруашылығында екi түрден тұрады.Бiрiншісi — Африка,Оңтүстiк Америка және Азияның тропиктiк орманарына тән аңшылық, балық аулау және өсiмдiктердi жинаумен қатар жер өңдеудi ұштастыру.Негiзгi өсiретiн дақылдары -тамыр және түйнек жемiстiлер, астық, бұршпқ тұқымдастары, май пальмасы.Жер оңдеуде дәстүр көне тәсiлдер (кетпен,соқа) қолданылады.Бұл шаруашылык ертенгі шаруашыльқты деп те аталалы. Ал екiншiсi –көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы.Әсiресе Африка мен Азияның тропиктiк,белдеулерiнiң құрғак аудандарында (түйе, қой, iрi қара, жылқы өсiру , Солтүстiк Еуропа мен Азияның тундра зонасында бұғы өсіру кең тараған.Шаруашылығы дамушы елдерге тән,өте ұсак шаруашылық жиынтыктарынан құралады.Олардағы еңбек өнiмдiлiгi дамытып елдермен салыстырғанда 25 темен. Кейде егiншілiк мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бiр ғана дақыл өсiруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстiк-Шығыс: Азия елдерi — күрiш, Африка елдерi — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдерi — қант құрағы мен какао өсiруге маманданған.
2. Тауарлы дене жартылай тауарлы дәстүрлi шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлi бағыт жүргiзiледi;
а) егiншiлiк шаруашылықты (көп еңбек күшiн қажет ететiн Азиядағы күрiш өсiру);
е) егішілiк пен мал шаруашыльггы — Африка мен Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәндi дақылдар мен жемiстер сергiтпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук жене талшык беретiн өсiмдiктер) күш-келiк ретiнде және өнім алу үшiн өсiрiлетiн мал шаруашылығымен ұштасады;
б) көп салалы тауарлы егіншілiк пен мал шаруашылылғы — Еуропаның кейбiр елдерi мен Азия және Латын Америкасы елдерiне тән. Егiншiлiк пен мал шаруашылығы бiр-бiрiмен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылығына көп салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсiрiледi.
3. Жоғары маманданған тауарлы ауыл шаруашылығы — ол ауыспалы егiстiктерi бар өсiмдiк шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргiзетін интенсивтi мал шаруашылыктарынан және оларды байланыстырушы АОК-тер жиынтығынан тұрады. Мұнда ҒТР нәтижесiнде механикаландыру мен химиялык шарықтау шегiне жеткен. Тiптi автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологиялъқ соны жетiстiктерi кеңiнен пайлаланылуда.шаруашылық өнiмдерін өндiрумен қатар, окы у ұксату, сактау, тасымалдау және өткiзу, соңдай-ак тыңайткыш сиякты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл оз тарапнан ауыл шаруашылығына индустриялык шикiзат бередi. Мұндай шаруа шылықтар жаксы жерлерге орналасып, жалдамалы жұысшылар күшiн және агротехникалык шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың ең iрiсi әсiресе сыртқы нарықта бағдар ұстайды, сөйтiп олар мемлекет iшiндегi мемлекет рөлiн де орындайды. Жоғары механикаландырылған алты шаруашылык түрiне бөлiнедi:
а) дәндi дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгерi). Солтүстiк Америка Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Кытай, Казақстан) аумақтары;
е) интенсивтi егiншiлiк (дәндi дақылдар, техникалык дақылдар, жемiс және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстiк Америка елдерi, Азия (Кытай, Жапония) аумақтары;
б) плантациялык шаруашылық (жемiс, сергiтпе және техникалық дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Афрканың тропиктiк, субтропиктiк аймақтарындағы дамушы елдер;
в) экстенсквтi жайылыимды мал шаруашылығы (еттi бағыттағы iрi қара, қой). Солтүстiк Америка (АҚШ), Оңтүстiк Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Қазакстан), Аустралия аумактары;
г) интенсивтi мал шаруашылығы (суттi және сүтгi-еттi iрi қара, етті бағытындағы iрi қара бордақылау, шошқа және құс өсiру). Солтустiк Америка (АКШ), Жаца Зеландия аумактары;
Соңғы жылдары экономикасы дамыған елдердiң ауыл шаруашылығындағы еңбек өнiмдiлiгi бiртiндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы агротехникалық шараларды кеңiнен пайдалану негiзiнде ауыл шаруашылығын қайта түлету ХХ ғасырдың 60-жылдарынан басталған .жасыл революция арқылы жүзеге асуда.Жасыл революцияньң негiзi болып табылатын басты мәселелерге — мәдени өсiмдiктердiң өнiмдiлiгiн арттыратын және егiстiк жерлердi пайдалану мүмкiшiлігiн кеңейтетiн дакылдардың тез пiсетгiн сорттарын шығару,суландыру шараларын ұлғайту жатады.Өйткенi жаңа сорттар қолдан суарған жағдайда ғана жақсы қасиеттерді көрсетiп салалы үкiм бередi. Сонымен қатар осы заманғы техникаңы, тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы улы химикаттардың кеңiнен пайдалану шаралары жатады. Жасыл револютция нәтижесiнде кейбiр дамушы елдер өздерiнiң астыққа мұқтаждығын өтедi, дәндi дакылдар шығымдылығы екi-үш есеге артық, артықты жоюға мұмкiндiк туды.Әсiресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсiп жатқан Мексика,Үндiстан және Қытай елдерiнде белес алды.Қалай болғанда да жасыл революция. дамушы елдердiң артта қалған ауыл шаруашылығына аса үлкен өзгерiс әкеле койған жоқ. Негiзiнен, шетелдiк компаниялар Мен iрi қожайындарға тиесiлi жерлерге ғана ықпал еттi. Сонымен, бұл революция дамушы елдер ауыл шаруашылығының артта қалуы табиғи себептерге ғана емес, ең алдымен,әлеуметгiк-экономикалық жағдайларға байланысты болатынын тағы да көрсеттi.ХХ ғасырдың 80-жылдары басым түрде дамыған елдер аясында екi жасыл революция. немесе биотехнологиялық революция жүрдi. Гендiк iшженерия нәтижесiнде үсiк пен түрлi ауруларға төзiмдi томат, картоп мақта, соя бұршағы сияқты өсiмдiктердiң жаңа сорттарьи будандастырылса суттi сиырлардың, еттi шошқа мен iрi қараньң жаңа түрлерi шығарылды. Мұндай жетiстiктердi өндiрiске енгiзу өте қымбатқа тусетiндлiктен, казiрше батыстың жоғары дамыған елдерiнде ғана қолданылуда. Ауыл шаруашылығы даму бағыттарна қарай интенсивтi және экстенсивтi болып болiнедi.
Бақылау сұрақтары:
1.Д.Ж ауыл шаруашылығында қанша адам жұмыс жасайды
2.ЭБХ дегеніміз не
3.Аграрлық қатынастардың түрлері
4.Жерге қандай меншік түрлері тән
5. «Жасыл революция» қарқынды жүрген елдер
№ 198 -сабақ
Тақырыбы: Өсiмдiк шаруашылығыньң географиясы
Жоспар:
1.Дәнді дақылдар
2.Техникалық дақылдар
3.Бақша және жеміс жидек шаруашылығы
Сабақтың мақсаты: Өсiмдiк шаруашылығыньң географиясын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Жоғарыда айтып өткенiмiздей, ауыл шаруашылығы екi үлкен салада,яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кiредi.
Дәнді дақылдар. Ежелден-ақ өсiмдiк шаруашылығының негізi дәндi дақылдар құрайды.Дәндi дақылдар дүние жүзiндегi еңделетiн жер қорының 1/2-iнен астамын алып жатыр.Олардың егiстiктерi iс жүргізуде адамдардың таралу аймағына (ареал) сайкес келеді. Соңғы 50 жыл iшiнде дәндi дақылдар өнiмдiлiгi 3 есеге артқан, жылына өндiрiлетiн мөлшерi 2 млрд т-дан асып отыр.4)Дәндi дақылдар өнiмдiлiгi егiс көлемiн ұлғайту есебiнен емес,әрбiр гектардан алатын түсiмдi көтеру есебiнен көбеюде. Дәндi дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц]га болса, дамыған елдерде ол көрсеткiш 35—40 ц/га.Дүние жүзі бойынша жылына дәндi дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азия елдерiнде, 1/4-i Солтүстiк Америка, ал қалған бөлiгi Еуропа елдерi мен басқа елдер үлесiне келедi. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚПI-ты басып озған Қытай, 3-орында — Үндiстан, 4-орында Ресей болса, 5-орында Франция иеленедi. Дәндi дақылдар тамақ,құрамы жем, спорт және т.б.өндiрiс салаларына шикiзат болып табылады. Дәндi дақылдардың негiзгі басты 3 дақыл — бидай, күріш және жүгерi құрайды. Дәндi дақылдар егiстiгiнiң 32%-ын бидай, 20%—ьш күрiш, ал 18%-ын жүгерi егiстiгi алып жатыр.
Бидай — ен басты дақыл.Оның негiзгi шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңiзi аймағы екенi белгiлi. Оны академик Н.И.Вавилов анықтаған.Қазiр бидай адам тұрақты мекендеитін орталық материктерде өсірледі.Бидай солтүстiк жарты шарда көп өсiрiледi. дүние жүзiнде 70-тен астам ел бидай өсiрумен айналысады, бiрак оның жалпы өнiмiлiгі басым бөлiгi тек бiрнеше елге тиесілі.Алдыңғы үштiктi Кытай, АКШ, Үндiстан құрайды.Бидайдың тауарлы өндiрiсi ХIХ ғасырдан басталады дала зонасы таралған материктерде қалыптаса бастаған.Қазiр олар жоғары маманданған шаруашылықтарға айналған. Ондай аудандарға АҚШ пен Канададағы жазыктар, Ресейдің Еуропалық бөлiгiнің оңтүстiгi, Украина, Қазакстан, Ұлы Қытай жазығы, Африканың оңтүстiгi, Аустралияның оңтүстiгi, Аргентина Пампасы сияқты басты астықты өңiрлер жатады. Астықты өлкелердiң бiрi болып саналатьти жер — АКШ пен Кавказдың Орталық жазықтары. Мұндда көбiнесе жоғары сапалы нан пісiруге арналған қатты бидай өсiрiледi. Виниппег каласы «бидай астанасы» деп атайды.
Күрiш -тропиктiк дәндi дақыл.Оның негiзгi шыққан жерi — Қытай.Бидай, сияқты басқа жерлерге қоныс аударған. Муссондық климат сипаты.субтропиктiк, тропиктiк және субэкваторлық белдеулерде косымша қолдан су. аркылы өсiрiледі.Егiстiк аумағы бидаймен салыстырғанда екi есе аз болғанына қарамастан,өнім мөлшері бірдей.Оның басты себебi климаттық жағдайына, байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндiстан, Жапония, Индонезия, және т.б.) күрiштен жылына үш рет өнім жинай алады. Күрiш — жылу мен ылғалды күтiмдi көп қажет ететiн дақыл. Сондықтан халық өте тығыз орнналасқан аймақтарда басым өсiрiледi.Қазiргi кезде күрiш өсiрумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзiлік жалпы өнiмiнiң 9/10-ы Азияның күріш өсiрушi елдерiне келедi.Дүние жүзiндегi суармалы жердің 2/З-сiн күріш алып жатыр.
2. Жүгерi (маис)—Америкалық Колумб саяхатынан кейiн дүние жүзiнің басқа аудандарында таралды. Оның егiстіктерi көбiнесе бидай егiстiгiмен қатар орналасады. Тек дән үшiн ғана емес; Мал бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін өсiру сонғы кезде оның таралу аймағының кеңейттi. Басты өндiрушi елдер — АҚш, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан бразилияя мен Мексика Батыс Еуропаның оңтүстiгiндегi елдер. Дүние жүзiндегi жүгерi өсiретiн Бастыы аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерiнен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері. Бұл жер осы дакыл, өсіруге ең қолайлы жер болып табылады.Жүгері өндiруден әсiресе Айова штатының даңқы шыккан.Дамыған елдерде жүгері ‚мал азығы ретiнде, ал дамушы елдерде азьқ-түлiк дақылы ретiнде өсiредi.
Өндiрілетiн астықтың дүниежүзiлiк нарыққа 20—15%-ы шығарылады.Астықты сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия,Египет жатады.
Техникалык Дақылдар.Өсiмдiк шаруашылығының маңызды саласының Бiрi техникалық дақылдар. Олар әр түрлi өндiрiс салаларына шикiзат ретiнде өндірiледi. Аса маңызды техникалық дакылдарға майлы дакылдар, қант ондрілетiн дақылдар, талшықты, крахмалды,сергiтпе және дәм-татымдық дакылдар
жатады.Олардың өзi азық-түлiктiк мадызды бар және азық-түлiкке жатпайтын деп ажырылатылады.
Майлы дақылдар Жер шары халкының тамақ құрамында дәнді дақылдардан кейiн 2 орын алады. Маңызды түрлерi:соя, жержаңғақ, зәйтүн, күн6ағыс.Бүкiл пайдаланатын майдың 2/З-сi осы өсiмдiктерден алынады.Соя өндіруден АҚШ 1-орында, одан кейін Бтазилия мен Аргетина. Жержаңғақ өнiруден Үндiстан, зәйтүннен Италия, ал күнбағыс өсiруден Ресей алдыңғы орында.Азия, Латын Америкасы елдерiнде пальмалардан, мақта өсiретiн елдерде Макта майын алу солға қойылған.
Қантты дақылдардың да азық-түлiктiк Маңызы зор. Олардан жыл сайын 100 млн-нан астам қант өндiрiледi.Оның 60%-ы қант құрағынан,ал 40%-ы қант қызылшасьшнан алынады.Екеуi де еңбектi өте көп қажет ететiн дақылдар, Бірақ таралу аймағы мүлде бөлек.Қант құрагы – шөптесін,көп жылдық өсiмдiк.Оңтүстік Шығыс Азиядан шыққанымен қазiр Латын Америкасы елдерiнде және баска материктердiң тропиктiк, субтропитік белдеулерде көбірек өсiрiледi.негiзгi өндiрушiлерi - Бразилия, Үндiстан,Қытай. Кант қызылшасы коңыржай белдеуiнде дақылдар, онын басты өндiрушiлерi -Франция, АҚШ, Ресей, Украина т.б басқа қоңыржай белдеу елдерi.
Талшықты дақылдардың ең маңыздысы- мақта. Ол жылу мен ығғалды көп қажет етедi.Мақта талшығының дүниежүзілік өндiрiс 20 млы т-ны құрайды. Макта егiсiнің алқабы мен Мақта жинау жөнiнен I-орында ежелден мақта өсiрушiлер — Азия елдерi, 2-орында — Америка, З-орында- Африка елдерi йеленедi. Олардың iшінен Қытай, АҚШ,Үндiстан елдерi ерекшеленедi.
Сергiтпе дақылдарға шай, кофе және какао жатады. Олар, әдетте, тропиктi беллеулерде өсiрiледi және таралу аймағы айтарлыктай шектеулi. Шайдың отаны — кытай. дүние жүзiнде жиналатын шайдың 4/5-і Үндiстан,Қытай және Шри-Ланка өндiредi.Ал субтропиктерде шай Грузия, жерінде өсiрiледi. Кофеның отаны - Африка,қазiр оньщ түсiмiнің 2/3-сiн Латын Америкасы елдерi,әсiресе Бразилия мен Колумбия бередi. Какао, керiсiнше, Америкада шыққан,қазір оның негiзгi өндiрушілерi Африканың Гвинея жағалаулары елдер. Жетекшi елдер қатарына Котд*идвуар, одан кейiн Бразилия, Гана.Индонезия мен Нигерия жатады.
3. Бақша және жеміс шаруашылығы.Өсiмдiк шаруашылығының маңызды салаларының бiрi — бақша шаруашылығы, дүние жүзi елденiң Барлығыа дерлiк тән. Жылдык өнiмдiлiгі 600 млн т оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсiредi. Жоғары маманданған бақша шаруашылықтары ірі қала маңдарында шоғырланған Ал жемiс-жидек шаруашылыгы табиғат, жағдайлары қолайлы және көлiк түрлерiмен жақсы қамтамасыз етілген. Жылдық өнiмдiлiгi 430 млн т,оның 2/5-сi Азия елдерi жинайды, Жемiс-жидектi көп өндiретiн елдер қатарына Қытай,Үндiстан,Бра зилия, АҚШ,Италия жатады. Жүзiм өсiру Жерорта теңiзi жағалаулары елдерде ерекше дамыған. Жүзім жинаудан Италия, Франция, Испания және АКШ көзге түседі.Цитрус өсiру де АҚШ, Бразилия, Испания,Италия,Қытай мен Жапония сияқты
субтропиктерде орналасқан елдерге тән.Банан — азиялық жемiс, бiрак қазiр тек Азияда ғана емес.Орталық және Оңтүстiк Америка, Африка елдерiнде де көптеп өсiрiледi.Жетекшi елдерге Үндiстан, Эквадор, Вразилия, Филяандия ,Мексика жатады. Соңғы жылдары гүл өсiруге маманданған шаруашылықта жаппай белең алуда.
Достарыңызбен бөлісу: |