шашыраңқылығына және хроникалық зерігуге апарады.Д.Хэмилтон «зейіннің
тәрбиеленбеуі» яғни зейінін қандай да бір стимулдарға,
тітіргендіргіштерге аударуға ,
бөлуге,шоғырландыруға икемсіздігі жас өсіпірімдердің оқу үлгерімінің нашарлауына
әкеледі және сонымен қатар осы жаста кейбір проблемалардың пайда болу себептерінің
бірі болып табылады.
Жас өспірімдік жастағы шығармашылықтар мен мүмкіндіктер. Жас өспірімдік жас
адамдар арасында даралық айырмашылықтардың күшеюімен сипатталады. Бұл жаста
танымдық іс-әрекетке қызығушылықтың жоқтығымен сипатталса, ал
басқаларда оқуға
және шығармашылыққа қызығушылықтары пайда болады. Жас өспірімдерде
интеллектінің дамуы осы кезеңде шығармашылық қабілеттермен тығыз байланысты,
алған ақпаратты меңгеріп қана қоймайды, интеллектілік инициативасы пайда болып, жаңа
нәрселерді жасауға ұмтылып жүреді.
Осы жаста шығармашылықтың маңызды интеллектілік компоненттерінің бірі –
дивергенттік ойлау басым болады, яғни бір сұрақтың бірдей, бірнеше,тең жауаптары
болуы мүмкін.
Дивергенттік ойлау – ойлаудың ерекше түрі, бір мәселенің көптеген бірдей,бірнеше
жауаптары болуы мүмкін. Ойлаудың бұл түрі шығармашылық
компоненттердің бірі
болып табылады.
Конветгенттік ойлау – мәселені шешудің тек бір ғана дұрыс жолы бар. Кейбір
жағдайда бұл ұғым « консервативтік » немесе « ригидтік » ойлау деген синониммен
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: