маңызды екенін түсіне бастайды.Ойынға деген қызығушылықты жо,алту оқу
мотивтерінің даму ерекшеліктерімен байланысты. Н.И.Гуткина 3-5 жас аралығындағы
балалар ойын үрдісінен қанағаттанады,ал 5-6 жаста үрдістен
ғана емес,сонымен қатар
ннәтижесінен,яғни ұтыстан да қанағат алады.Ереже бойынша ойналатын ойында,жоғары
мектепке дейінгі кезеңде және бастауыш сыныптық кезеңде ойынды кім
жақсы
меңгерсе,сол ұтысқа жетеді.Бастауыш сыныптық кезеңде басты әрекет оқу болып
табылады.Бала өмірінде 10-11 жас уақытпен күшті талап ететін күрделі
әрекет.Әрине,оның белгілі бір құрылымы бар. Д.Б.Элькониннің ұсынған оқу әрекеттерінің
компаненттерін қысқаша қарастырайық.
Бірінші компонент -
мотивация. Оқу әрекеті көп мотивті ол әртүрлі оқу
мотивтерімен бағытталады және талаптанады.Олардың ішінде оқу
міндеттеріне аса тапе-
тең мотивтер бар,егер осылар оқушы бойында қалыптасса,оның оқу жұмысы мәнді әрі
тиімді бола бастайды.Д.Б.Эльконин оларды оқу –танымдық мотивтер деп атайды.Бұл оқу
әрекетінің мазмұнына және әрекет үрдісіне қызығушылық.Балаға тек нәтижелер ғана
түрткі болмауы керек,сонымен қатар жеке өсу,өздігінен жетілу,өзінің жақсы
қасиеттерін,қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіру мотиві.
Екінші компонент -
оқу міндеті, яғни бала тапсырмаларды орындау кезінде жалпы
әрекет тәсілдерін меңгереді.Оқу тапсырмасын басқа тапсырмалардан ажырата білуі
қажет.Әдетте балалар көп нақты тапсырмаларды орындай отырып,оларды
шешудің
жалпы тәсілдерін өздері үшін күтпеген жағдайд түрінде ашады,бұл тәсілді балар
түрліше орындап,осыған ұқсас тапсырмаларда қате жібереді.
Дамыта оқыту оқушы мен мұғалімнің арасындағы сынып тапсырмаларын
орындаудың ортақ тәсілдерін қалыптастыру.Мұндай жағдайда жалпы тәсіл үлгі ретінде
болады да,ал қателер көп кездеспейді және тез жойылады.
Оқу операциялары (3 компонент) – әрекет тәсілінің құрамына кіреді.Операциялар
оқу тапсырмалары оқу әрекеттерінің негізгі құрылымы болып табылады.Әрбір оқу
операциясы өңделуі керек.Дамыта оқу бағдарламасы П.Я.Гальперин жүйесі
бойынша,кезеңдегі өңдеуді қарастырады.Оқушы операция құрылымында толық бағдар
алып,мұғалімнің қадағалауы бойынша орындайды.Практикалық түрде қатесіз орындауды
үйреніп,ол айтып салуға көшеді және соңында операция
құрамын қысқарту кезеңінде
тапсырманы ойша тез шешіп,мұғалімге дайын жауапты ғана айтады.
Төртінші компонент - қадағалау. Алғашында оқу жұмысын мұғалім қадағалайды.
Бірақ біртіндеп олар қадағаламайтын болады.Қадағалаусыз өзіндік оқу әрекетін толық
ашу мүмкін емес,сондықтан да қадағалауға үйрету педагогтың маңызды және күрделі
міндеті.Жұмысты соңғы нәтижесінде қадағалау жеткіліксіз (тапсырманың дұрыс немесе
қате орындалуы). Балаға өзінің оқу жұмысының үрдісін қадағалауды үйрету зейін
сияқты психикалық функцияның қалыптасуына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: