Семинар жұмыс дәптері Қатысушының аты-жөні


«БЕС ТЕРЕК» жобасы екі кезеңде жүзеге асырылады



бет2/12
Дата03.11.2022
өлшемі1.59 Mb.
#463937
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жұмыс дәптері дұрысы 19

«БЕС ТЕРЕК» жобасы екі кезеңде жүзеге асырылады:
БІРІНШІ КЕЗЕҢ: Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Аутодеструктивті мінез-құлықты оқушылардың тәуекел топтарын анықтау» алгоритмі мен заманауи әдістер-тәсілдерді үйрету курстарын ұйымдастыру.
Бұл курста екі күн ішінде педагог-психологтар КАБИНЕТТІК ТАЛДАУ мен ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ психодиагностикалық әдістерін үйреніп, арнайы жасалған нұсқаулықтар бойынша өз мектептерінде осы екі түрлі талдауды жүргізеді.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ: Білім беру ұйымдарының педагог-психологтары анықталған «Тәуекел топтарымен жұмыс жасап, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» шараларын үйрету курстарын ұйымдастыру.
Бұл курста үш күн бойы тәуекел тобындағы оқушылар мен «ҚЫЗЫЛ», «САРЫ», «ЖАСЫЛ» қауіп деңгейлері бойынша жүргізілетін психо-коррекциялық, психопрофилактикалық және психологиялық ағарту жұмыстар жинағы ұсынылады.

«БЕС ТЕРЕК» ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ.
Аутодеструктивті мінез-құлықты оқушылардың тәуекел топтарын анықтау


  1. КАБИНЕТТІК ТАЛДАУ




    1. Әлеуметтік педагогтың мәліметтері.

    2. Мектеп инспекторының тіркеудегі отбасылар тізімі.

    3. Мектеп инспекторының тіркеудегі оқушылар тізімі.

    4. Медбике толтыратын тізім (Д-есебі).

    5. Сынып жетекшінің әлеуметтік желілердегі талдауы.

    6. Суицид, құқықбұзушылық, ерте жүктілік орын алған отбасылардағы оқушылар тізімі

Бұл тізім жоғарыда аталған мамандардың көмегімен жинақталады: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы, сынып жетекшісі ұсынған тізімдер бойынша кабинеттік талдау жүргізіліп, анықталған оқушылар тәуекел тобының жасыл деңгейіне тіркеледі.

2. ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
2.1. Эссе талдауы.
2.2. Сауалнама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет