Нақтылау деңгейі.Бұл деңгейде инновация білім алу тәрбиеге байланысты жеке теориялық немесе тәжірибелік қағидаларды нақтылайды. Педагогика ғылымында бұл деңгейді жаңашылдықтың модификациялық типі деп айтады.(М.М.Поташник). Оның мазмұнына ұқсас нәрсені тиімді ету, түр өзгерту (бағдарлама, әдістеме, құрамы) жатады. Өзгертуде белгілі әдістемені жаңа пәнді оқытуға көшіру деп те түсінеді. Оған мысал, П.М.Эрдниевтің математикалық материал негізінде жасаған дидиктикалық бірліктерді ірілендіру әдісін тарих және басқа да оқу пәндеріне көшіру мысал бола алады.
Толықтыру деңгейі. Инновация білім алуда және тәрбиеде белгілі теориялық және тәжірибелік жағдайды кеңейтеді. Бұрын әйгілі болмаған білімнің жаңа қырларын ашады. Оны толық өзгертпей, жаңа толықтырулар енгізеді. Оған мысал ретінде Мәскеу қаласының №109-орта мектебінің бастауыш сыныптар мұғалімі Е.Н.Потапованың алты-жеті жасар балаларға жазу үйрету әдістемесін құру тәжірибесін келтіруге болады (Қараңыз: Потапова Е.Н. Радость познания.-М.,1990).
Қайта құрылу деңгейі. Ол бұрын теорияда болмаған білім беру және тәрбие саласында жаңа идеямен, ыңғаймен сипатталады. Көзқарастар нүктесі ауысып, тиімді ыңғай ұсынылады.Дидактикада бұған оқытуды тұтас қарастыру тәсілі жатады.
И.П.Волков, Г.И.Гончарова, И.П.Иванов, Е.А.Ямбург және тағы басқа әйгілі педагогтардың жаңашылдық және зерттеу тәжірибесінде Ресей мектептерінің жаңартылған үлгілерін көрсетті.Олардың педагогикалық жаңалықтары, нәтижелері бүкіл ел мұғалімінің игілігіне айналды.
Ғылым мен практика ұсынған жаңа әдістер оқу- тәрбие үрдісінің жоғарғы деңгейін және оқушылардың одан әрі дамуын қамтамасыз етуі керек. Бұл тұрғыдан барлық инновация өзін-өзі ақтамайды, дегенмен кейбір кезеңдерде дұрыс нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін. Педагогикалық инновациялардың прогресшілдік өлшемдері әр түрлі нәтижелерде көрінуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір мәселені толық немесе жартылай шешетін әдістемелердің жаңа баламалары жасалынады. Жаңа тұжырымдамалар, идеялар, жіктеулер, тәрбие мен оқыту саласындағы түрлі құбылыстар мен фактілерді түсіндіреді. Болашақ тәрбие жүйелерін жасауға мүмкіндік беретін болжамдар жасау және нақтылаудың болашағы зор. Жаңа идеялар мен технологиялар келешек ізденістердің жолдары мен бағыттарын ашады. Тиімді ұсыныстар даярлайды, өзекті зерттеу жобалары мен бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді. Ұсынылған жаңалықтар теориялық немесе эмпирикалық деңгейде негіделуі керек. Негізгі өлшемдеріне жататындар:
күтілген нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың күшін оңтайлы жұмсау;
мұғалімдер әрекетіндегі нәтижелердің тұрақтылығын көрсететін нәтижелілік;
жаппай тәжірибеде инновацияларды шығармашылықпен пайдалану мүмкіндігі.
Аталған өлшемдер педагогикалық жаңалықтарды, білім беру үрдісінде ғылыми және практикалық ашылымдарды ажыратуға жағдай жасайды. Онда бұл өлшемдер педагогикалық шығармашылықтың негізін салады.
Достарыңызбен бөлісу: |