Білім жүйесіндегі өзгерістер
- Репродуктивтік оқытудан конструктивтік оқуға көшу.
- Білімдік парадигмадан таным процесіне қатысушылардың белсенді әрекеттерін талап ететін әрекеттік парадигмаға көшу.
- Оқудың нәтижесін айқындауда біліктілік (квалификация) деген түсініктен құзырлылыққа ауысу.
- Мақсаттың өзгеруі: интеллектуалдық тұлғадан рефлективтік тұлғаға көшу.
- ЖОО-да кредиттік оқуға көшу.
- Оқу процесінің мазмұнын зерттеу жұмыстары құрайды.
Бүгінгі күні маманға қойылатын талаптар
- Дамыған елдердің экономикасы символикалық аналитиктерді көптеп қажет етуде. Символикалық аналитиктер деп нақты емес жағдайда жұмыс жасай білетін, проблеманы айқындай біліп, оны шешу жолдарын белгілеп, стратегиялық бағыттарды айқындай білетін мамандарды атайды.
- Қазақстан экономикасы да біліммен жұмыс жасай алатын, білімді нақты жұмысқа айналдыра білетін символикалық аналитиктерді қажет етеді.
Білім алушылар оқуды аяқтағанда қандай құзырлылықтарды меңгеруі керек
- Проблемаларды шешуге дайын болуы.
- Өзіндік тұрғыдан танымдық әрекеттерге дайын болуы.
- Тұлға аралық қарым-қатынасқа дайындық (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тұтынушы деңгейінде тиімді қолдану дайындығы.
- Әлеуметтік өзара әрекеттесуге дайындық;
- Қазақстандық идея мен өзінділікті қалыптастыру негізінде өз Отаны үшін жауапкершілікті өзіне жүктеу дайындығы.
- Өзін-өзі дамыту, өркендету, жүзеге асыруға дайындық.
Заманның осы талаптарына оқытудың интербелсенді әдістемесі толығымен сәйкес келеді.
Интербелсенді әдістеме
- Интербелсенді оқу білім процесінің бұрынғы біржақты түсінігін (әрекет жасаудың негізгі тұлғасы педагог болып табылатын және «үйрету», «білім беру» секілді етістіктерді қолданатын бағдарламаға бағытталған, бағдарламацентристік) екіжақты, диалогиялық түсінікке ауыстырады.
- Интербелсенді оқу таным процесін негізгі әрекетті студент (студентцентристік), өздігімен атқаратын «білім игеру» деп таниды, мұнда «үйрену», «тану», «оқу» сияқты етістіктер қоланылады: «Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал».
Достарыңызбен бөлісу: |