Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна


Инновацияны бағалаудың сипаттамалары мен өлшемдері



бет12/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Инновацияны бағалаудың сипаттамалары мен өлшемдері
Инновацияның тәжірибеге және ғылымға қосатын үлесінің сипатын теориялық және тәжірибелік деп айыруға болады.
Теориялық инновациялар. Теориялық инновацияларға тұжырымдамаларды, болжамдарды ыңғайларды, әдістерді, заңдылықтарды, бағыттарды, жіктеулерді, білім мен тәрбиедегі зерттеу нәтижесінде алынған ұстанымдарды жатқызады.
Тәжірибелік инновациялар. Жаңа әдістер, ережелер, бағдарламалар, дидактика саласындағы ұсыныстар, тәрбиелеу теориясы, мектептану, білім берудің техникалық құралдары, приборлар мен нұсқалар, табиғи объектілер, тәжірибелік инновацияларға жатады.
Білім беру және тәрбиелеу саласында жаңалықтар енгізуден жаңа білімді ажырата білу керек. Бір жағдайда жаңа идея, жаңа білімнің құрылуы іске асса, екіншісінде оны қолдану үрдісі іске асады.
Инновациялар уақыттық және сапалық параметрлеріне қарай ажаратылады. Инновацияның мәні оның пайда болу уақытына байланысты емес деген тұжырымдар да бар. Идеяның басты мағынасы- олардың қоғамдық даму тенденциясына қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау, оқушының және педагог еңбегінің нәтижесінде білімнің жоғары сапалығын қамтамасыз ету. Бұл көзқарастар негізінде бұрынғы прогрессивті идеяларды және оларға негізделген тәжірибені ескірген деп санауға болмайды.
Шынымен де, оқымысты педагогтардың өткен жылдардағы айтқан идеялары өз мағынасын әлі сақтап отыр. Олардың ғылым мен тәжірибеге зор әсеріне ешкім де күмәнданбайды. Алайда он жыл бұрын құрылған инновацияларды жаңа деп есептеуге болмайды.
Жаңалықтар енгізу уақытқа тәуелсіз бағалануы қажет. Бұл көзқарас бойынша, белгілі жағдайды іске асырған педагогтарды жаңашылдар деп есептеген жөн. Ғылыми жұмыста іс басқа. Бүһұндай басымдылыққа ғылымда жаңа білімді алғаш кім алса, сол мәселеге қоғамның назарын аударса, сол ие болады.
Белгілі бір дәрежеде техникаға тән түсініктер оқыту немесе тәрбиелеу әдістемесіндегі жаңалықтарды сипаттауға қолданылуы мүмкін.
Идея әр оқу ұйымдарында белгілі болып, әр аймаққа таралып өз әсерін бергенде, бірақ арнайы жаңа жағдайларда қаралмайтын болады. Әңгіме әр аймақтағы әдебиет, тарих, биология және тағы басқа пәндерде жоғары және кіші сыныптар оқушыларының еңбек, моральдық, экологиялық, саясиидеялық тәрбиесі жөнінде болып отыр.
Білім беру саласында жаңалықтар енгізуді бағалау үшін сапалы бағалап, талдау керек. Ол алынған білімнің белгілі білім қатарындағы орнын және сабақтастығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет