Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат



бет14/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.07 Mb.
#6432
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Дәріс №29


Тақырыптың атауы: Тіл және жазу, әдебиет, дін.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге көне түрік ескерткіштерін мазмұны мен зерттелу барысы, түрік халықтарының әдеби шығармаларының маңызы, Қазақстанда көне заманда тараған дін тармақтары туралы мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Көне түрік жазба ескерткіштері және оның маңызы. 2. «Құтаду білік» - түрік халықтарының зайырлы әдебиетінің тұңғыш ескерткіші. 3. Махмуд Қашғари және оның «Диуан лұғат ат -түрік» еңбегі. 4. Діни наным-сенімдер. Тәңірге табыну. Исламның таралуы.

Түріктер өзге мемлекеттермен елшілік қатынастарда ресми қағаздарды кеңінен қолданған. Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректі Менандр Протектор қалдырған. Византия императоры І Юстиннің түрік елшісі Маниахты қабылдауын суреттей отырып, Менандр қағанның “скиф жазуымен” хат жолдағанын айта кетеді.

Ежелгі түрік жазуының ең белгілі ескерткіштері деп Солтүстік Монғолиядан, Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынан табылған тастағы жазуларды айтамыз.

Әріпті жазуды ойлап табу идеясын және ежелгі түрік руна алфавитінің негізіне алынған оның үлгісін түріктер өздерінің батыстағы көршілері–арамей жазуының алфавитін пайдаланатын Орта Азиядағы иран тілдес тайпалардан немесе ең сенімдісі, соғды алфавитінен қабылдап алған. Түрік тіліне бейімделген кезде соғды алфавиті айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.

ҮІ-Хғғ. Қазақстанда руна жазуымен қатар соғды жазуы да кеңінен қолданылды. Соғды тілінің таралуына сол тілде жазылған діни кітаптар көп әсер етті.

Қалалардағы біраз халық сондай-ақ сирия мен ұйғыр алфавитін пайдаланды.

ІХ-ХІІғғ. Исламның таралуына байланысты араб тілі кеңінен қолданыла бастады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Шығыстың атақты ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж.) арабша жазды. Ол Фараб(Отырар) қаласында туған.

Әл-Фараби ғылымда теориялық(логика, жаратылыстану, математика) және практикалық (этика, саясат) деп бөлді. Ол өз еңбектерінде адам сезім және ақыл арқылы әлемді, оның мән-мазмұнын тани алатынын дәлелдеді.

ХІғ. сол кездегі аса маңызды тарихи және әдеби шығармалардың бірі-Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастаны жазылды. Онда ақын өмір сүрген орта шындығы, белгілі бір әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымдары берілген, ХІғ. түркі әдебиетінің жазу тілінің үлгілері көрініс тапқан.

Ыстықкөл жағасындағы Барысхан қаласынан шыққан Махмұд Қашғари ұзақ уақыт саяхаттан кейін 1074ж. “Диуани лұғат ат-түрікті” құрастырды. Автор бұл еңбегімен тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма түркі тілдес халықтардың тұрмыс- тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы, сондай-ақ сол кездегі тіршіліктану ғылымы жайлы ұғым беретін теңдесі жоқ тарихи ескерткіш болып табылады.

ХІІғ. Йасы(Түркістан) қаласында туған Қожа Ахмет Йассауи атақты ойшыл әрі ақын болған. Ол Қазақстан жеріне мұсылман дінін таратуға ат салысқан, кейін ХІҮғ. оның моласының басына Ақсақ Темірдің пәрменімен зәулім кесене тұрғызылды. Ахмет Йассауи түрік тілінде “Диуани Хикмет” өлеңдер жинағын шығарған. Онда жаратушыға мадақ, көнбістік және тақуалық насихатталып, мәдени және этнологиялық көптеген мағлұматтар беріледі.

Ерте ортағасырлық түркі тайпалары пұтқа табынған. Олар Көкке(Тәңірі) және Жер мен Суға(Иер-Су) табынған. Қағандар жеңіске жеткен және жеңіліске ұшыраған.

Маңызы жағынан екінші орында Ұмай құдай-ана тұрады. Ол ошақ пен балалардың қамқоршысы. Қасиетті тауларға табыну да кеңінен таралған.

Түріктер өлгендерді ежелгі шаман дәстүрімен жерленген.

ІХ-ХІғғ. Қазақстан халқы арасында өз сенім-нанымдарымен қатар зороастризм, буддизм, манихейлік, христинадық сияқты дүниежүзілік дін жүйелері кеңінен таралған.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. “Құтаду білік” еңбегінің авторы?

2. Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректі қалдырған кім?

3. Ежелгі түрік руна алфавиті негізін қандай алфавиттен алды?

4 Жүсіп – Баласағұнның “Қалай бақытты болу жайындағы ғылым ” атты дастаны қашан жазылды?

5. Қожа Ахмет Яссауи қай қалада дүниеге келген және оның атақты еңбегі?

6. Орта Азия мен Қазақстандағы мұсылмандар дәріптейтін қасиетті тұлғалардың арасындағы ең көрнектісі кім?

7. Түріктерде маңызы жағынан екінші орында тұрған құдай?

8. Қазақстанда поэзиялық сопылық бағытын кім дамытты?
Дәріс №30

Тақырыптың атауы: Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге Ұлы Жібек жолының бағыттары, Ұлы Жібек жолының бойында өсіп шыққан қалалар, Ұлы Жібек жолдындағы мәдениеттердің өзара ықпалы жөнінде мәліметтер беру.

Тірек сөздер:Ұлы Жібек жолы, жібек, халықаралық сауда.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. 2. Ұлы Жібек жолындағы мәдениеттердің өзара ықпалы мен бірін-бірі байытуы.

Шаштан шыққан жол Тұрбат асуынан асып Испиджабқа барады. Ал Испиджабтың сауда адамдары Бағдат қаласында Мерв, Бұхар, Балх және Хорезм көпестерімен қатар өз сауда орныдарын ашқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай Шараб, Будухкет, Керуен-Сарай, Тамтадж, Абардадж қалалары арқылы Таразға беттеген. Олар құлдарды, боялмаған мата, қару-жарақ, мыс пен темір тасыды.

Талас жазығында кездесетін ең алғашқы ірі қала Жамукет, содан кейін барып керуен Таразға жетеді. Тараз ҮІ ғасырдан белгілі ежелгі қала. Нақ осы қалада 568ж. түрік қағаны Дизабұл. Византиядағы ІІ Юстиннің Земарх бастаған елшілігін қабылдап, Иранға қарсы әскери одақ құру және жібек саудасына байланысты мәселелерді қараған.

Талас аңғары мен Таразға керуендер Ферғана аңғарынан Шайтал жотасындағы Шапаш асуы және Талас Алатауындағы Қарабура асулары арқылы да келіп тұрды. Бұл жол тармақтарын Жібек жолының “ферғаналық” және “жетісулық” бағыттары байланыстырды.

Тараздан әрі жол шығысқа қарай шөл даламен Құлан қаласына жеткізеді. Тараз бен Құланның арасындағы жер қарлұқтар иелігінде болды. Бұл екі арада жол Касрибас, Кулшуб және Жұлшуб қалаларын басып өтеді.

Жұлдан шыққан жол Сарыгқа, одан кейін “түрік қағанының қаласы” Кирмирауға апарады.

Кирмурадан кейін жол Жетісудағы ірі қалалардың бірі Науабетке жеткізеді. Бұл жаңа қала дегенді білдіреді. Науакеттен кейін жол Жетісудағы ірі қала Суябқа әкеледі. Суябтан кейін Жібек жолы Ыстықкөлдің бірде солтүстік, бірде оңтүстік жағалауын бойлай жүрді. Бұл екі тармақ жол Бедел асуында қосылады да, одан асып барып Жібек жолы Қашқар мен Ақсуға жетеді.

Ыстықкөл қазаншұңқырында Санташ асуынан және Қарқара өзені аңғарынан өткен жол Іле аңғарына келеді, Іленің оң жағалауымен Өсек және Қорғас өзендері аңғарынан өтіп Алмалыққа, одан Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегімен, Хами және Тұрапн жазиралары арқылы Дуньхуан мен Қытайға жетеді.

Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі тірек нүктелерінің бірі-Испиджаб қаласы.

Испиджабтан шыққан керуен Арыс өзеніндегі Арсубаникетке, Отырарға тоқтап одан әрі Сырдарияны бойлап Арал маңына беттейді. Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар-Отырар мен Шауғар.

Шауғардан шыққан жол оғыздардың астанасы Жаңакент қаласына, одан әрі Қызылқұм арқылы Хорезмге барды.

Шауғардан кейінірек Йасыда Тұрпан асуы арқылы жол Қаратаудан солтүстік баурайына шығып, Сырдарияны бойлай созылып жатқан жолмен түзу параллель жасай жүріп отырды. Бұл жол ХІІІ-ХІҮғғ. қызу қозғалысқа толы болды.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өткен негізгі Жібек жолынан солтүстік пен шығыс Қазақстанға да тармақтар шығады. Олар Орталық және Шығыс Қазақстандағы Дешті Қыпшақ, кейіннен Сарыарқа аталған далаға, Ертіс жағалауына, Алтай мен Молнғолияға апарды. Бұл жерде атты көшпелілер салған Дала жолы болатын.

Отырардан шыққан жол Арсубаникент қаласын, Арыстанды, Шаян өзендері аңғарын, Қаратаудан аласа жоталарын басып өтіп, Шауғар мен Йасыдан шыққан жол Тұрпан асуы арқылы, Сауран мен Сығанақтан, Янгикенттен шыққан жолдар Орталық Қазақстан далаларына жетіп, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл жағалауларын жалғастырған.

Янгикенттен шыққан жол солтүстік-шығысқа беттеп, Білеуті өзенін жағалай Қоңырат пен Қарсақпайға әкелді. Орталық Қазақстанға әкелетін сондай-ақ Отырардан шығып Шауғар мен Ақсүмдегі Торғай асуы арқылы Сарысу сағасына, одан әрі Ұлытау өзенін өрлеп барып Есіл мен Ертіс өзендеріне кететін Сарысу жолы болды.

Жібек жолы әуелде Қытай жібегін батыс елдеріне тасу үшін салынған. Ал шығысқа Римнен, Византиядан, Үндістан, Иран, Араб халифаттарынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Осынау таңғажайып, жат жерлік тауарлардың тізімі шексіз мол. Бұлар-хош иісті дәрілік шөптер, кілемдер мен маталар, бояғыш заттар мен минералдық шикізаттар, алмаздар мен яшма, янтар мен маржандар, піл сүйегі, алтын мен күміс құймалары, аң терілері мен тенгелер, садақ пен жебелер, семсер мен найзалар т.б. көптеген заттар.

Жібек жолымен сатуға таза қанды Ферғана, араб сәйгүліктері, түйелер, пілдер, мүйізтұмсық пен арыстандар, сілеусін мен қарақұйрықтар, қаршыға мен бүркіттер, тауыстар мен тотықұстар, түйеқұстар әкелінді.

Жібек жолы арқылы екпе өсімдіктер: жүзім, шабдалы мен қауын, дәм-татымдық шөптер мен қант, көкөкністер мен жемістер таралды.

Алайда саудадағы басты тауар жібек болды. Жібек алтын сияқты халықаралық валютаға айналды, оны патшалар мен елшілерге сыйлық ретінде ұсынды, жалдамалы әскер ақысына және мемлекеттік борышты өтеуге пайдаланды.

Ұлы Жібек жолындағы мәдениеттердің өзара ықпалы мен бірін-бірі байытты. Орта ғасырлардың басында Азияда кең-байтақ аймақтар мен елдерді қамтитын төрт “дүниежүзілік патшалық” болды деген тұжырым бар. Бұлар Ганг бойындағы Канауджа қаласы орталығы болған үнді билеушілерінің патшалығы-пілдер патшасы, батыстағы құнды байлықтар патшасы(Иран мен Византия), солтүстіктегі жылқы патшасы(Түрік қағанаты), шығыстағы адамдар патшасы (Қытай) империялары. Бұл тұжырым Самрқан төңірегіндегі Кушания елді мекеніндегі құрылыстың қабырғасына салынған суреттерден байқалды, мұнда қытай императорлары, түрік хандары мен үнді брахмандары, үшіншісінде-парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген.

Талас аңғарындағы Жамукетке ұқсас Қостөбе жұртын қазғанда ашылған діни үйдің қабырғасы(ҮІІІ-ІХғғ.) қалың сылаққа ойып салынған суреттермен әшекейленген. Ою мәнері, өрнектің кейбір элементтері, стилі Афрасиаб пен Варахши, Самгарр мен Фустани сарайларының қабырғарларының әшекейлеріне ұқсас. Бұл Бағдат шеберлерінің өнері мен Бағдаттың астаналық стильдік сәні Жібек жолы арқылы таралып, мұсылман елдеріне берік орныққандығын көрсетеді.

Жібек жолы арқылы заттар, мәдени үлгілер мен қолданбалы өнер, сәулет өнері, қабырға суреті мәдениетімен қатар Батыс пен Шығыс елдері арасында саз және би өнері, түрлі ойын-сауық түрлері де таралды. Өнер иелерін Греция басилевсі, Киев князі, Түрік қағаны, Қытай императоры тамашалады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы маршруты?



  1. Жібек жолымен ең алғашқы қатынас, байланыс қашан жасалған?

  2. Ұлы Жібек жолы қай ғасырларға дейін пайдаланылды?

  3. ХІ-ХІІғғ. Қай қалада матамен сауда жасайтын арнаулы орны бар керуен-сарай болды?

  4. ХІ-ХІІғғ. Қазақстан территориясында “күміс дағдарысы” неден көрініс тапты?

  5. Ерте және ортағасырлардағы саудадағы басты тауар?

  6. ХІ-ХІІғғ. Қазақстанның қай бөліктерінде жәрмеңкелік сауда дамыды?

  7. Ұлы Жібек жолының б.з.б. ҮІІ-ҮІғғ. Ең гүлденген бөлігі?

  8. Не себепті Жібек жолы өзінің маңызын жоғалтып, өмір сүруін тоқтатты?


6. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.



Тақырыбы

Семинар сабақтарының мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Тарих ғылымының пәні, қалыптасуы.

1.Қазақстан тарихын оқытудағы мақсат-міндеттер. 2. Қазақстанның ежелгі дәуіріндегі тарихының зерттелуі.





1

Ақышев К. “Қазақ мемлекеті: қайнар көзі, даму кезеңдері, тұрақтануы” / Қазақ тарихы, 1995, №2; Қазақстан тарихы» очерктер, Алматы., 94ж; «Қазақстан тарихы» көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. А; 96; Назарбаев Н.Ә. «Қазақтың бүкіл тарихы, бірігу тарихы, тұтастану тарихы.» Ақиқат журналы, 1998.

2

Қазақстан тарихындағы тас ғасыры дәуірі.

1. Тас дәуірінің ерекшеліктері мен кезеңдері. 2. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары.

2

Алпысбаев Х.А. “Памятники нижнего палеолита южного Казахстана” А., 1989; “Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана” А., 1989; “По следам древних культур Казахстана” А., 1970; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. “Археология Казахстана” А., 1993; Таймагамбетов Ж.К. “Палеолитическая стоянка им. Ч. Валиханова” А-А., 1990; Медоев А.Г. “Геохронология палеолита Казахстана” А-А., 1982.

3

Жаңа тас ғасырындағы Қазақстан.

1.Неолит дәуірінің ерекшелігі. 2. Неолиттік мәдениеттер.


3

«Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана» А., 1989; “По следам древних культур Казахстана” А., 1970; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. “Археология Казахстана” А., 1993

4

Қола дәуіріндегі Қазақстан.


1.Қола дәуіріндегі шаруашылықтың даму бағыттары, мәдениеті, өнері мен діні. 2. Андроновтық тайпалардың қоғамдық құрылысы, әлеуметтік өмірде мүліктік теңсіздіктің пайда болуы.

4

МаргуланА.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. «Древняя культура Центрального Казахстана» А., 1966; Маргулан А.Х. «Бегазы – Дандыбаевская культура Центрального Казахстана» А-А., 1979; Байпаков К. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының кейбір мәселелері / Қазақ тарихы, 195. №5; Зданович Г.Б. «Феномен протоцивилизация бронзового века Урало – Казахстанских степей. Взаймодействие кочевых культур и древних цивилизаций» А-А., 1989; Кузьмина Е.Е. «Древнейшие скотоводы от Урало до Тянь-Шаня» Фрунзе., 1989.

5

Қазақстан Ерте темір дәуірінде.





1.Сақ тайпалық одағының көрші мемлекеттермен (Иран, Қытай) өзара қарым-қатынастары. 2. I Дарий, Кир әскерлері мен А.Македонскийдің жаулаушылық жорықтарына қарсы сақтардың күресі.

5

Акишев К.А., Кушаев Г.А. “Древняя культура саков и усуней долина реки Или” А., 1963; Акишев К.А. “Курган “Иссык” Искусство саков Казахстана” М., 1978; Акишев К.А. “Икусство и мифология саков Семиречья” А., 1986; Артықбаев Ж. Қазақтың этникалық құрылымының бастаулары. / қазақ тарихы, 1996, №3; Вишневская О.А. “Культура сакских племен низовья Сырдарьи в YII-Y в.в. до н. э.” М., 1973; Есмағамбетов К Батыс деректері мен әдебиеттері Қазақстанның ежелгі тарихы хақында / Қазақ тарихы, 1996, №1; Жұртбаев Т “Дулыға: көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар” А., 1994. К.1.; кушаев Г.а.”Этюды степного Приуралья” О., 1993; МаргуланА.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. «Древняя культура Центрального Казахстана» А., 1966; Смирнов К.Ф. “Сарматы и утверждение их политического господства в Скифии” М., 1984; Черников С.С. “Загадка Золотого кургана” М., 1965.

6

Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттік құрылымдар.



1. Ғұндардың және үйсіндердің саяси тарихы. 2. Шаруашылық-экономикалық қатынастары және әлеуметтік құрылымы.


6

Акишев К.А., Кушаев Г.А. “Древняя культура саков и усуней долина реки Или” А., 1963; Бернштам А.Н. “Очерки истории гуннов” Л., 1951; Бичурин Н.Я. “Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в дрение времена” Т. 1. М-Л., 1950; Гумилев Л.Н. “Хунну” м., 1960; Жұртбаев “Дулыға” А., 1994. К.1.; Исмагулов О.И. “Население Казахстана от эпохи бронзы до современности” А-А., 1992, Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. “Казахстан летопись трех тысячилетий” А-А., 1992; Миняев С.С. “Сюнну” М.,1988; Салғарин Қ. “Алтын тамыр” А., 1986; Тынышпаев М. “Материалы к истории киргиз-казахского народа” Ташкент., 1925.

7

Ерте ортағасырлық мемлекет – Түрік қағанаты.


1.III-Y ғ.ғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай. Ашина руы. 2. YI ғ. I-ші жартысында Алтай өңірінде түрік ықпалының нығаюы. 3. Аварлардың күйреуі және Бумынның Ашина руының мемлекетін құруы. 4. Түріктердің Орта Азияға жылжуы. 5. Түрік қағанатының халықаралық байланысы. 6. YI ғ. соңындағы саяси дағдарыс және ұлы империяның жікке бөлінуі.

7

Ақышев К. Қазақ мемлекеті: қайнар көзі, дапу кезеңдері, тұрақтануы. / Қазақ тарихы, 1995, №2; Бартольд В.В. «Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии» Шығ. 5-том. М., 1972; Бартольд В.В. «Очерки истории Семиречья» Шығ. 2-том. М., 1963; Бартольд В.В. «Древнетюркские надписи и арабские источники» Шығ.5-том. М., 1972; Барманкулов М. «Хрустальные мечты тюрков о квардонации» А., 1999; Бернштам А.Н. «Социально-экономический строй орхоно – енисейских тюрок YI-XII в.в. Восточно-тюркский каганат и кыргызы.» М-Л., 1946; Бичурин Н.Я. “Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в дрение времена” Т. 1. М-Л., 1950; Гумилев Л.Н. “Көне түріктер” А., 1994; Гумилев Л.Н. “Древняя Русь и Великая Степь” М., 1970; Гумилев Л.Н. “Қиял патшалығын іздеу” а., 1992; Ирмуханов Б.Б. “Этническая история древнего Казахстана” А.,1998; Кляшторный С.Р. “Древнетюркские рунические надписи как источник по истории Средней Азии” М., 1964; Салғарин Қ. “Көмбе” А., 1989.

8

Батыс Түрік және Түргеш қағанаттары.


1. Батыс Түрік қағанаты құрылуының алғышарттары. 2. Батыс Түрік қағанатының қоғамдық құрылысы. 3. Мемлекеттегі тайпааралық соғыстар. Түргештердің көтерілуі. 4. Түргеш қағанатының ішкі саяси, халықаралық дағдарысы және құлауы.

8

Ақышев К. Қазақ мемлекеті: қайнар көзі, дапу кезеңдері, тұрақтануы. / Қазақ тарихы, 1995, №2; Бартольд В.В. «Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии» Шығ. 5-том. М., 1972; Бартольд В.В. «Очерки истории Семиречья» Шығ. 2-том. М., 1963; Бартольд В.В. «Древнетюркские надписи и арабские источники» Шығ.5-том. М., 1972; Барманкулов М. «Хрустальные мечты тюрков о квардонации» А., 1999; Бернштам А.Н. «Социально-экономический строй орхоно – енисейских тюрок YI-XII в.в. Восточно-тюркский каганат и кыргызы.» М-Л., 1946; Бичурин Н.Я. “Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в дрение времена” Т. 1. М-Л., 1950; Гумилев Л.Н. “Көне түріктер” А., 1994; Гумилев Л.Н. “Древняя Русь и Великая Степь” М., 1970; Гумилев Л.Н. “Қиял патшалығын іздеу” а., 1992; Ирмуханов Б.Б. “Этническая история древнего Казахстана” А.,1998; Кляшторный С.Р. “Древнетюркские рунические надписи как источник по истории Средней Азии” М., 1964; Салғарин Қ. “Көмбе” А., 1989.

9

Қарлұқ конфедерациясы.


1. Қарлұқтардың Жетісуға қоныс аударуы және ондағы саяси өмірге әсері. 2. Мемлекеттің қоғамдық құрылымы.

9

Бисенбаев А. Батыс Қазақстандағы көшпелілер ескерткіштері(YIII-IX ғ.ғ.). / Қазақ тарихы, 1996, №3; Есмағанбетов к. Батыс деректері мен әдебиеттері Қазақстанның ежелгі тарихы хақында. / Қазақ тарихы, 1996, №2; Сыздықов С. Қарлық қағанаты : шаруашылығы, саяси-әлеуметтік құрылымы. / Қазақ тарихы, 1995, №5; Шаниязов К. «Узбеки-карлуки.» Ташкент., 1964.

10

Оғыз мемлекеті.


1. Оғыз мемлекетінің қоғамдық құрылысы. 2. Оғыздардың шаруашылығы, салт-дәстүрлері.

10

Агаджанов С.Г. «Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии IX-XIII.в.» Ашхабад., 1969; Бисенбаев А. Батыс Қазақстандағы көшпелілер ескерткіштері(YIII-IX ғ.ғ.). / Қазақ тарихы, 1996, №3; Есмағанбетов к. Батыс деректері мен әдебиеттері Қазақстанның ежелгі тарихы хақында. / Қазақ тарихы, 1996, №2.

11

Кимек қағанаты.


1.”Кимек», «Кимак», «Йемек», «Яньмо», «Болат» атауларына сипаттама. 2. Кимектердің үй кәсіптері мен қолөнері.3. Кимек Қағанатының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы. 4. Кимектердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

11

Бисенбаев А. Батыс Қазақстандағы көшпелілер ескерткіштері(YIII-IX ғ.ғ.). / Қазақ тарихы, 1996, №3; Есмағанбетов к. Батыс деректері мен әдебиеттері Қазақстанның ежелгі тарихы хақында. / Қазақ тарихы, 1996, №2; Кумеков Б.Е. «Государство кимаков IX-XI в.в. по арабским источникам.» А-А., 1972; Кумеков Б.Е. «Арабские источники по истории кыпчаков, куманов, кимеков YIII-XIII в.в.» СПБ., 1994.

12

Қарахан мемлекеті.

1. Этникалық-саяси тарихының мәселелері. 2. Шаруашылығы.

12

Бартольд В.В. «Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии» Соч. Т.5. М., 1968;Караев О. «История Карханидского каганата»Ф., 1983; «Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и Казахстана»м., 1986.

13

Қарақытайлар мемлекеті.


1.Қидан-қарақытайлардың этникалық-тайпалық құрамы. 2. Қарақытайлық гурхандардың ішкі саясаты, әулеттік қырқыстар.

13

Бартольд В.В. «Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии» Соч. Т.5. М., 1968; «Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье» М., 1988; Қалибек Данияров «Қазақстанның балама тарихы» А., 1997.

14

Наймандар, керейттер, жалайырлар.


1.Наймандар, керейттер, жалайырлардың саяси ұйымы. 2. Наймандар, керейттер, жалайырлардың шаруашылық-экономикалық уклады.

14

Бартольд В.В. «Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии» Соч. Т.5. М., 1968; Бартольд В.В. “Туркестан в эпоху монгольского нашествия” Соч. Т.1. М., 1963; Бартольд В.В. “О христианстве в Туркестане в домонгольский период.” Соч. Т.1 м., 1963; “Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье” М., 1988; Сұнғатай С. Несториан дінінің ортағасырлық қазақ тайпалары арасында таралуы / Қазақ тарихы, 1996, №1; “Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и Казахстана” М., 1986.

15

Қыпшақ хандығы.


1. Қыпшақтардың ерте этникалық тарихының проблемасы. 2. Шаруашылығы. 3. Әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. 4. Қыпшақтардың мәдениеті мен діні.

15

Ахинжанов С.Н. “Кипчаки в истории средневекого Казахстана” А., 1989; Бартольд В.В. «Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии» Соч. Т.5. М.,1968; “Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и Казахстана” М., 1986; Кляшторный С.Г. “Кипчаки в рунических памятниках.” Л., 1986; Мурад Аджи “Европа, тюрки, Великая степь” М., “Мысль”, 1998.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет