13-дәріс. Жаһандану мән-мәтініндегі Қазақстан мәдениеті
Қазіргі Қазақстан мәдениетінің басты сипаттары.
Әлемдік өркениеттік үрдістер аясындағы қазақ мәдениеті
Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты.
Мемлекеттің «Мәдени мұраң бағдарламасы – мемлекеттік мәдени саясаттың басты саласы.
Қазақстан жағдайында еуроазиялық-қазақи мәдени тип пен орыстілді мәдениет өкілдерінің арасыңда көптеген үқсастық бар. Әрине, соңғылардың менталитеті әр уақытта православиелік дінге және Ресейдің қамқоршылығына бағытталған. Алайда Кеңес Одағына қаншама әділ теріс баға бергенімен, бір нәрсені мойындау керек. Халықтар достығы тек жалған үран емес, қарапайым адамдардың ментальдық қасиетіне айналды. Сол себепті Қазақстанның халқының көпшілігі 1991 жылдың наурызында Кеңес Одағын сақтап қалуды жақтап дауыс берді. Бүдан олар Қазақстанның тәуелсіздігіне қарсы деген түжырым тумауы керек. Қысқаша айтқаңда, өздерін Қазақстан Республикасының азаматтары деп сезінетін еуропатектестер еуразиялық ментали-тетке ие болып, республиканың өркениетті елдер қатарына қосылу жолында жемісті қызмет атқара алады.
Сонымен, еуразиялық мәдени типтің кейбір мәселелеріне тоқталып өттік. Еуразиялық мәдени тип өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қазақтың дәстүрлі мәдениетімен түтасуы қажет. Керісінше болса, онда еуразиялық қазақ мәдениетінің марги-налдық белгілері басым болып, рухани қайнарлары таусылып қалады. Маргиналдық пен шығармашылық бір-біріне қолайлы емес.
Енді жаңа жағдайлардағы қазақтың төлтума мәдени типінің кейбір тенденцияларына, даму бағыттарына қысқаша тоқталып өтейік. Қазақтың төлтума мәдени типінің жүйелік қүрылым-дық және функционалдық ерекшеліктері мен олардың әлемдік тарихпен үндестігін аддыңғы тарауларда қарап өттік. Қазақстан-ның тәуелсіздік алғанына 8—9 жылдай ғана болды. Бүл аз уақыттың ішінде, әрине, жаңа мәдениет қалыптасты деу асығыстық болар.
Соңда да қазіргі дүниежүзілік мәдениетте XXІ ғасыр қарсаңында кейбір адамдық әмбебаптық болмыстың (мәдениеттің) басты бағыттары айқындала бастағандықтан, оларды қазақ мәдениетінің мүмкіңдіктері, парадигмалары және бағдарламаларымен салыстыра қарастырайық.
XX ғасыр адамзат тарихында өзінің үлылығы мен әлеуметтік дағдарыстары, ғылым мен техниканың керемет жетістіктері мен сүрапыл соғыстары, жарқын болашаққа нақтылы қадам басуымен және термоядролық әзәзіл қаупімен ерекше орын алады. Ғасырдың алғашқы жартысыңда адамзат басынан өткізген екі дүниежүзілік соғыс заманақыр жақын деген үрей туғызса, оның аяғына таман планетамызда парасаттылық пен ізгілік күшейе бастады. XX ғасырдың ең негізгі сабағы «біздің бәріміз бір ға-рыш кемесінің — Жер деген планетаның жолаушыларың екенімізді түсіну, мүны айтқан үлы гуманист — Антуан де Сент-Экзюпери.
XXІ ғасырдың қарсаңына мәдениеттердің үлы тоғысуы, сүхбат-тасуы және түтастануы басты теңденцияға айналды. Біз, шынында да, біртектес адамдық мәдениеттің аймағына ене баста-дық. Нәсілдік, отаршылдық, саяси-идеологиялық жікшілдіктен «бүкіладамдық үйгең көшу басталды. Бүл мәселе қазақ мәдениеті үшін де өте актуалды болып табылады. Ішкі жікшілдіктен (ру-лық-тайпалық, шала қазақтық, номенклатуралық ж.т.б.) ары-лу, әлемдегі өркениетті елдермен жақындасу, халықаралық қатынастардың түлғасына айналу қазақ мәдениетіне жоғары талаптарды қояды. Тәуелсіз Қазақстаңда бүл мәдениет шешуші қызмет атқарады әрі басқа этникалық топтардың және субмәдениеттердің дамуына және бір-бірімен келісімді болуы-на жауапты. Қазақ үлтының жаңа мемлекеттік деңгейі және оның мақсаттары туралы Президент былай дейді: «Үлт мемлекетсіз өмір сүре алмайды, қүрып кетеді. Өз кезегінде үлттың жойылуы, оның мемлекетінің өмір сүруін мәнсіз етеді. Мәселенің қатаң диалектикасы осындай. Сондықтан, қай үлтқа жататынына қарамастан барлығы үшін мүмкіңдіктер теңдігі мен барлығының заң алдында тең принципін жүзеге асырушы біздің мемлекетте түрғылықты үлт — қазақтардың мүддесі жекелеген жағдайда бірқатар мемлекеттерде орын алып отырғанындай ерек-ше бөліп айтылатыны да өбден орындың. (Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. — «Егемен Қазақстанң, 1992, 16 мамыр). XXІ ғасырға бет бүрған көшке берекесі кеткен мәдениет қосыла алмайды.
Қазақ мәдениетін тағдыр қысымынан сақтап қалған қүдіретті күштің бірі ана тілі екендігі белгілі. Қазақ болашағы оның тілінің •түрмыстық-отбасылық деңгейден халықаралық қарым-қатынас, өнер мен ғылымның жоғары бітімдерінің қүралы дәрежесіне көтеріле алуымен қатысты екендігі жөнінде де аз жазылып жүрген жоқ. Бүл сипатта тілдік Ренессанс қажет және оның бағдары барлық еуропалық терминдерді шығыс сөздерімен ауысты рудада емес. Мысалы, моральды «ақылақпенң, класты «сынып-пененң, философияны «пөлсапаменң алмастырғандағы үтыстар шамалы болар. Әрине, тілдің қолдану тәжірибесінде соңғы кезде енген үтымды терминдер де жеткілікті. Тіл мәдениетін көтерудің маңызды бір мәселесі — кириллицаны латын алфавитімен ауыстыру. Бүл туысқан халықтардағы және әлемдегі тенденциямен үндес.
XX ғасырдың тағы бір сабағы тоталитарлық жүйелердің дәрменсіздік көрсетіп, «демократияң, «азаматтық қоғамң, "қүқыктық мемлекетң, «адамның бостандығың үғымдары мен принциптеріне негізделген өркениеттердің жаңа мыңжылдыққа қарай нық қадам басуында. Мүны кейде батыстық либерализмнің жеңісі деп те бағалайды (Френсис Фукуяма «Тарих-тың ақырың), Осындай топшылаудан жасандылық пен сыңар-жақтылық көрініп түр. Әлемнің мозаикалық қүрылымы, этно-стардың, мәдениеттердің, дәстүрлердің, қүңдылықтардың сан алуаңдылығы батыстық модель-үлгі жеңіп шықты деген түжы-рымның негізсіздігін көрсетеді.
Жоғарьда аталған өлеуметтік-мәдени қүндылықтарды біз сол "тазаң күйінде емес, үлттық менталитет пен мәдени дәстүрлерге үйлестіре қабылдауымыз керек.
XX ғасырдың аяғында өлемдік мөдениетте қалыптасқан тағы бір ахуал озық технологияны гуманистік этикамен үйлесімді қосу талпынысы. Біздің заманымыздың үлы ойшылдары А. Швейцер, М. Ганди, Л. Толстой, Тейяр де Шарден, Э. Фромм т.б. адамгершілікті негізгі қүндылық деп жариялап, Шәкәрім "ар ілімің дед атаған этиканы ғылымдардың ішіңде бірінші орынға қойды. Бүл туралы әлемде коп айтылып-жазылып жүрумен шектелмей, нақтылы істер де жүзеге асуда. Мысалы, бүрын әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне, тауар өндіруге байланысты салыстырулар етек жайса, соңғы жылдары БҮҮ мемлекеттерді адамдық даму индексі бойынша сараптайды.
Республикада адамгершілік мәдениетін дамыту бағытында аз істер істеліп жатқан жоқ. Бүл туралы есеп те берейік деп түрға-ңымыз жоқ. Бүл ретте жас қауымды халықтың дөстүрлік адамгершілік нормаларына, принциптеріне, ережелеріне үйлесімді тәрбиелеумен қатар, қазіргі заман талаптарына сәйкес оркениетті елдерде басты назар аударылатын этикет (әдептілік) ережелерін де білуге жөне күңделікті өмірде орындауға қүмарту қажет.
Адамгершілік мәдениетін қалыптастырғанда әдептің құқықпен жақын екендігін, қоғамда тәртіп пен заңдылықты реттейтіндігін естен шығармаған жөн. Келеңсіз көрініс рушылдыққа қайтып келсек, оның коррупция, таныстық, енжарлық, өктемдікпен байланысты екендігін байқауға болады.
Қазақстандағы бұрынғы қоғамнан қалған адамгершілікке жатпайтын әлеуметтік типтерге «пысықтарң мен «шолақ белсенділерң жатады.
Қазақ мәдениетін қарастыруды «нарықтық адам типің төңірегіндегі мәселелермен аяқтайық. Ғасырлар бойы адамзат рухани мәдениет өзімшілдік пен пайдакүнемділікке қарсы қүбы-лыс дегенге сеніп келді. Бүл, әсіресе, көне қоғамдағы биологиялық тылсым күштер мен пендешілікті тежеу мақсатьіндағы мәдениеттіліктің баламасы ретінде үсынылды. Адамгершілік пен руханилықты сактап қалатын қүрал ретіндегі, мүрат беру принциптерін ғүламалар мен саясатшылар қарама-қарсы түрғыдан түсіндіріп келді. Ең көп тараған қағиданы былай түжырым-дауға болады:
Әділеттілік пен тендік бір нәрсе. Қоғамдағы қайшылықтарды шешу үшін бірорталыққа негізделген қүңдылықтарды тепе-тең үйлестіру жүйесін қүру қажет. Оның тетігін үстап түратын адам немесе өлеуметтік топ «ортақ мүддең дегеңді басшылыққа алуы керек. Совда ғана үйлесімді қоғамдық қүрылым қалыптасады.
Осы принципті жүзеге асыру мақсатында талай төңкерістер, соғыстар, қантөгістер, «тап күресің болғандығы, талай трактат-тар мен ғылыми еңбектердің жазылғандығы, өзін әділетті деп жариялаған патшалардың, диктаторлардың, көсемдердің бол-ғаны тарихтан белгілі.
Алайда, XX ғасырдың аяғына таман адамды бағалау мен оның әрекетінің жемісін түтынудың нарықтан басқа әділетті тетігін адамзат әлі ойлап тапқан жоқ деген қорытындыға келдік. На-рықтың негізгі принципі — жеке адамның өзі үшін белсенді әрекетін қоғамдық байлықты арттыруға бағыттау. «Егер мен өзім үшін болмасам, кім онда мен үшінң, — дейді нарық адамы. На-рықтың төрешісі — үсыныс пен сүраныстың арасалмағы.
Нарықтық адам өзін тауар, ал өзінің қүндылығын айырбас өлшемі деп бағалайды. Түлғалар базарында табысқа жету үшін адам өтімді, модаға сөйкес, қүны жоғары болуы керек. «Қанша — бағалансам, соншама — бақыттымынң, — дейді нарық адамы. Нарықтың тағы бір негізі — меншік. Ал меншіксіз адам өлеуметтік жағдайларға тым тәуелді екен. Көріп отырғанымыз-дай, нарықты дінге айналдырып, оған табынуға болмайды. Ол — қажеттілік. Қажеттілікті меңгеру үшін, оны танып-біліп, адам ырқына пайдаланған жөн. Нарықтық адамның жағымды қүңды-лықтарына белсенділік, жауапкерлік, іскерлік, жасампаздық, нақтылық, мақсаткерлік ж.т.б. жатады. Оның теріс жақтарында қатыгездік, өзімшілдік, тік мінезділік, әсіре рационалдық, есепшілдік, түрақсыздық, дәйексіздік, принципсіздік, қүрал таңцамау, дәстүр сыйламау сияқты қылықтарды көреміз.
Нарықтың теріс жақтарын жақсы түсінген өркениетті елдер кәсіпкерлікті тек технологиялық әрекетпен шектемей, оны әдеп жүйесімен толықтырады. Сондықтан «бизнес этикасың қазіргі жоғары дамыған елдердегі аддыңғы қатардағы пәндерге жата-ды. Бүл сипатта, өркениетті нарық деген үғым қалыптасқан.
Нарық рухани мәдениетке әзірше онша қолайлы болмай түр. Өркениетті елдерде мәдениет әр уақытта қоғам мен мемлекет тарапынан көмекке сүйенеді. Мәдениетке қаржы мынадай көздерден түседі: 1) мемлекет бюджеті; 2) халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер; 3) үжымдар мен жеке азаматтардың жәрдем-дері. Міне, осы іс бізде жетіспейді. Қаржы тапшылығына қара-май мемлекет пен азаматтық қоғам мәдениетке қарай бет бүрыс жасауы ете қажет. Бүған қосымша мынадай шаралар үсына-мыз: а) халықтың, оның әр түрлі әлеуметтік және демография-лық нақтылы әрі шынайы мәдени талап мүқтаждарын зерттеу және анықтау керек. Мүны тек ғылыми-зерттеу Мәдениет ин-ституты (министрлігі емес) жүзеге асыра алады; ә) мәдениет саласы қызметкерлерінің материалдық және рухани ахуалын түбегейлі жақсарту; б) балалар мен жасоспірімдердің мәдени қалыптасуын арзанқолды бүқаралық мәдениеттің зиянды үл-гілерінен арашалап, оларды дүниежүзілік өркениеттің, соның ішінде ғасырлар бойы қалыптасқан өзіміздің төл үлттық мәде-ниетіміздің асыл қазынасымен таныстыра отырып өнерге баулу.
Қазақстанның Ресей құрамына енуі туралы мынадай жалпы бір схема (кесте) көп жылдар бойы “ақиқаттың бірден-бір көрінісі” деп есептелініп келді:
Қазақстан Ресейге қосылмаса, жоңғар шапқыншылығынан халық ретіне құрып кететін еді (алайда, XVІІІғ-дың ортасында Абылай хан мемлекеті жоңғарларды түпкілікті жеңген).
Қазақ халқы Ресей арқылы Еуропаның озық мәдениетімен танысты (бұл Америкадағы үндістердің “танысуына” тыс ұқсас).
Ресейге қосылу нәтижесінде Қазақстанда феодализм шайқалып, озық капиталистік өндіріс тәсілі ене бастады (бай мәдени мұрасы бар үнді елінің ағылшын отарына айналғандағы “жетістіктері сияқты”).
Дегенмен де орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын,мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Радловтың, А. И. Левшиннің, В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Добромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т.б. есімдерді атап өтуге болады.
Қазақстан жерінде алғаш құрылған ірі ғылыми жағрафиялық қоғам 1868 жылы Орынборда ұйымдасқан еді. Оның қызметіне орыс саясатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене қатысты, ол Ш. Ш. Уәлихановтың замандасы және досы болған
Еліміздің мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы, аса көрнекті демократ-зерттеуші Ш. Ш. Уәлиханов /1835-1865/ құрметті орын алады. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шоқан 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда Қырғыз елінің. тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оның қазақ халқының. тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ал орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шоқан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық, мүшесі болып сайланды.
Қазақстанда XІX ғасырдың 60-шы жылдарында халықтық мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл-педагог, этнограф, ғалым, қазақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі – Ыбырай Алтынсариннің ecімімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліп-биін жасады. Осы әліп-би бойынша жургізілген сабақтар ол ұйымдастырған қол-өнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ал қазақ қыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген қыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағpафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.
Ыбыраймен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзінің шығармашылығымен кеңінен мәлім. Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген ол қазақтардың медениет, білімге деген ықыласын қолдап, қазақтың тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, Орал казак-орыстарының зорлық-зомбылығына байланысты Петербургте, Мәскеуде, Астраханьда шығатын газеттер мен журналдарда көптеген мақалалар жариялады. Ал орыстың ғылыми-жағрафиялы қоғамының мүшесі болды.
XІX ғасырдың екінші жартысында өміp сүріп өздерінің халықтың мұң-мұқтаждарымен үндесіп жатқан тамаша шығармаларымен танымал болған Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, олардан кейін іле-шала шыққан Бақтыбай, Марабай, Шөже, Кемпірбай қазақ мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырды. Қазақтың көрнекті ақындары Орынбай, Шөже, Біржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, т.б өлең-жырлары өздерінің терең мазмұнымен жұртшылықты тәнті eтті. Айтысқа түсіп жүлде алып, өлеңдері жұрттың есінде, аузында жүрген қазақтан шыққан қыз-келіншектер де аз болған жоқ. Сара, Айсұлу, Манат; Балқия, Рысжан, т.б. солардың қатарына жатады.
Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас, атақты әншілер Мұхит, Әсет, Біржан сал, Жаяу Мұсаның есімдері бүкіл қазақ даласына жайылды. Олардан қалған мол мұра бүгінгі таңда да қазақ халқының игілігіне айналып отыр.
Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы - Абай Құнанбаев. XІX ғасырдың екінші жартысында өміp сүрген ол өлеңдер, дастандар, қара сөзбен жазылған хикаялардың мол мұрасын қалдырды. Ол өз шығармаларында адамгершілікке, рухани тазалыққа үндеді. Оларға жат қулық-сұмдыкты, залымдықты шенеді. Ол туралы қазақтың аса көpнекті ойшыл жазушысы Мұхтар Әуезов былай деп жазды: "Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп сезіледі, ол леп кешегі өткен заманның, кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің үнімізге қосылып жаңғырып жаңа өpіc алып тұр".
Абайдың ақын шәкірттері өз балалары - Ақылбай, Мағауия, туысы Көкбай, інісі Шәкәрім қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылатын көптеген шығармалар қалдырды. Әcіpece, Шәкәрім Құдайбердіұлының /1858-1931/ жазғандары көп болды. Ол соңғы уакытқа дейін халық жауы ретінде аталып, eсімі жұртка белгісіз болып келді.
Адамдық; борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін,
Серт қылам еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін,
деп серт еткен ол қазақ халқының мәртебесін биіктетіп, мол әдеби мұра қалдырды. Шәкерім жазған "Қазақ шежіресін", "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек", "Дума", "Дубровский әңгімесі" /Пушкиннен/ деген поэмаларын, Хафиз ақын өлеңдерінің, американ жазушысы Бичер-Стоу Гарриеттің "Том ағайдың лашығы" деген романының, Лев Толстойдың шығармаларының қазақ тіліндегі аудармаларын атауға болады. Қазақтың іpі ойшыл шежірешісі, ақыны Мәшүр Жүсіп Кебеев те /1858-1931/ осы Шәкерім тұстас өміp сүріп, халық сүйіп оқитын шығармалар жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |