Бұл әдістемелік нұсқама - осы пәнді игеруге, бүгінгі таңдағы саяси мәселелердің мән-сырын түсінуге, олардың қоғамдық ортада саяси мәдениет пен даму сатыларын түсіндіре отырып, курсанттардың саясатқа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының өркениетті елдер қатарына қосылуына, демократиялық құндылықтар мен адам құқығы мен еркіндігін қадірлеп қорғауға, бағалауға үйретеді.
Курсты оқытудың мақсаты: студенттердің бойында қоғамдық өмірге байланысты саяси бағыттағы жүйелі білімді қалыптастыру, соның арқасында оларға саяси құбылыстарды және процестерді өз беттерінше талдай жасай алуына мүмкіндік туғызу, сонымен қатар, болашақ маманға өзіндік дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасау.
Курстың міндеті:
студенттердің бойында саясаттың негізі мен демократиялық мемлекеттің кұрылымы туралы ілімді қалыптастыру;
Қазақстанмен әлемде жүріп жатқан саяси процестерді ұғыну мен еркін бағдарлай алуға үйрету;
- саяси биліктің мәнін, жүйесін, қайнар көздері мен қызметтерін;
- саяси үдерістердің мәнін және олардағы саяси партиялар мен қоғамдық
козғалыстардың рөлін анықтай алу;
- шынайы саяси үдерістерді білікті талдай алу.
Оқытудан күтілетін нәтижелер:
1) саясаттанудың даму деңгейлері, негізгі проблемалары, саясаттының түсінігі мен категориясы туралы хабары болуы;
2) саясаттанудың негізгі мәселелерін, олардың ерекшеліктері мен шешу жолдарын, саясаттанудың жүйелерін зерттеу барысында қолданылатын негізгі теориялар мен әдістер, саяси партиялар мен саясаттанудың құрылымын, қазіргі таңдағы әлемдік және отандық саясаттанудың өзекті мәселелерін білу;
3) қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзекті болып табылатын саяси концепцияларды бағалай білуді, саяси процесстер мен қоғамдық саяси жүйелердің ерекшеліктерін тарихи жағдайға байланысты бағалауды, мемлекеттік саяси жүйелерді мен мәдениеттерді жіктеуді, легитимді саси биліктің, саси партиялардың, партиялық жүйелердің негіздері мен белгілі қоғамның саяси көшбасшыларының саясаттарын түсінуді, қазіргі саяси өмірге бағдарлануды, әлемдік және қазақстандық қоғамның даму даму процесін түсінуді, қоғамдық қатынастың даму құралы болып табылатын демократияның маңызын түсінуді, демократиялық рәсімдерге саналы қатынас орнатып істей білу;
4) саяси биліктің легитимді негіздерін түсіну, саяси партиялар, саяси жүйелер, белгілі қоғамның саяси көшбасшыларының саясаттары, қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзекті болып табылатын саяси концепцияларды бағалай білу, жалпы мағынада Қазақстан үшін маңызды болып табылатын эволюциялық саяси жүйелерді болжай білуге дағдыларының болуы;
5) Қазақстан үшін маңызды болып табылатын саяси концепциялар мен олардың дәрежесін анықтай білуде, саяси жүйелердің элементтері мен саяи процестердің тарихи даму ерекшеліктерін бағалай білудеқұзыретті болу.
Достарыңызбен бөлісу: |