Әрбір рудың аты болды. Рудың басшысы ақсақал кеңесіне, атап айт-қанда сот қызметін жүзеге асыратын санаға енді. Ең басында Рим қауымы 300 рудан түрғандыктан, ежелгі сенат 300 сенатордан түрды. Сенат омірлік көсемді сайлады. Патша Сенаттың төрағасы болып, бүкіл қауым атынан қүдайга қүрбандық берді және "легиондарды" басқарды. Ең маңызды мөселелер курияның, рудың халық жиналысында қойылып отыратын.
Халықтың ең ауқатты бөлігінен түратын бірінші топтың жүздіктеріндегі адам саны небары оншақты еді. Керісінше, соңғы топ жүздіктеріңде аза-маттардың саны жүзден едэуір асып, ал ақырғы центурияда 4 мыңға дейін жетті. Соиымен дүрыс шешілсе, 1 топ шешімі дүрыс және қуатты болып шыгады. Олар 193 дауыстан 98 дауыс береді. Басқа топтар дауыс беруге қатыспаса да болатын, ойткені олардың дауыстарының ешқандай кажеті жок еді.
Сервий Тулий реформалары Рим патрицийлері арасында наразылық-тар туғызды. Осыны иайдаланып Тарквииий Суперб озінің алдындағы патшаны өлтірген. Бірақ біраз уақыт откен соң өзінің зорлығымен және қаталдығымен Тарквиний жалпы жүрттың наразылығына үшырады. Б. д. дейінгі 510 жылы Рим халқы патшаға қарсы көтеріліп, оны Рим жерінен қуып шығарды.
Патрицийлерге карсы плебейлер күресінің ең ірі нәтижесі рулық-тай-налық қатынастардан қүл иеленушілік мемлекет күруы болды. Плебейлер-Рим аумагына кошіп келген адамдар. Олардың қүқықтары шектел-ген болатын. Оларга патрицийлермен неке қиюға, жер сатып алуға, әс-керге қатысуға болмайтын. Өздерінің жағдайларын жақсарту үшін плебейлер патрицийлермен күресті. Плебейдің жеңісі ескі рулық қүрылыс-ты өзгертті де, оның орнына мемлекет қүрылды. Мүның ішінде рулық аристократия мен плебей кешікпей мүлде жойылып кетті.
Сервий Тулий реформалары. Б. д. д. VII ғасырда Сервий Тулий патша Римде саяси және экономикалық реформа жүргізіп, плебейлердің жағ-дайын жаксартты. Ол плебейлерді халык, жиналысына қатыстыратын болды. Азаматтардың куриялары және ежелгі жиналысымен катар илебсйлсрді Рим жасағы қатарына да ресми жіберуге жол берген Сервий Тулийдің реформалары. Жауынгерлер центуриагтың комицияларын қүрды. Жауынгерлер мүліктік белгілеріне сәйкес бес топқа болінетін. Байлық мөлшері асспен саналды. 1. 100000 асе, 2. 75000 асе, 3. 50000 асе, 4. 25000 асе, 5. 11000 асе. Одан кемі - пролетарийлер. Сонымен, бірінші топка мүлігі 100 мың жез ассыларға бағаланған неғүрлым ауқатты азаматтар жатқызылады. Олар толық қару-жарақтанған 18 атты және 80 жаяу әскер жүздігін беруге міндетті болды. Центуриат комицияларында дауыстар жүздіктер бойынша берілді. Бір жүздік бір дауысқа ие болды. Сүрақ қою бірінші топтың азаматтарынан басталды, олар 193-тен 98 да-уысқа ие болды. Ал қалғандарының 95 қана дауысы болды. Ең кедей азаматтар ақырғы центурияға біріктірілді. Бүл "пролес" яғни "балалары-нан, түқымдарынан басқа еінтеңесі жоқ адамдар" еді. Оларды әскери қызметке жібермеді. Сервий Тулийдің жүргізген реформасы Римнің әскерін күшейтіп, плебейлер мен патрицийлердің қүқығын теңдеді. Ре-формадан кейін патрицийлер бәрі жоғарғы биліктегі міндеттерді оздері иеленді және жер алу қүқығын сақтап калды. Плебейлер мен патрицийлердің езара қатысы мүнымен шектелген жоқ. Сырттай ескі трибаларға бөлуді сақтай отырып, Сервий Тулий трибаларды ежелгі ру одағынан аумақтық болініске айналдырды. Ол бүрын әкімшілік округ-тарда ғана болған 4 аумақтық трибалар күрды. Кейін осындай трибалар-дың саны біртіндеп осіп, б. д. дейінгі 1 ғасырда 35-ке дейін жетті.
Рим аристократиялык республикасы. ^^J^*"
Мемлекеттік қүрылысы. Б.д. дсйінгі V-VIгасырлар бойында иатрицийлік аристократиялық республика конституциясының бірте-бірте қалыптасып, даму процесі орістеді. Б. д. д. 510 жылы Римде республика қүрылды. Патшаның орнына 2 консулды сайлайтын болды. Рим респуб-ликасының тарихы 500 жылдан асады. Бірақ Римде республика қүрылғ-анымен, қоғамдық қүрылыста айтарлықтай озгерістер бола қойған жоқ. Рим ерте республикалық кезенде полис, яғни, еркін қүл иеленушілік сипатындағы азаматтық қауым болып қалды. Рим халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен шүғылданды. Римдіктер астық дақылдарын, жүзім, зәйтүн егіп, осірді, бақша шаруашылығымен шүғылданды. Диқандар темірді еңбек қаруы ретінде қолданды. Олар ірі және үсақ қара мал, шошқалар өсірді.
Б. д. д. V-III ғ.ғ. Рим мемлекеттік қүрьигысының түжырымдалу процесі жүрді. Мемлекеттік екімет органдары-халық жиналыстары, магистрату-ралар, Сенат болатын. Рим республикасының жоғарғы мемлекеттік органы б. д. дейінгі 1 ғ. басына дейін 300 адамнан түратын Сенат еді. Сенатор-ларды цензорлар тағайындайтын. Сенаторлардың көбі омір бойына сенатор болып қалды. Кез келген адам сенатор бола алмайтын. Ақсүйек рудан шыққан, жасы 60-қа толған, өуелі диктатор, консул яғни, претор болып істеген адам гана бул лауазымга сайлана алатын.
Сенат заң қабылдамайтын, бірақ ол занды талқылау қүқығын иеленген еді. Бүл функцияны ол жаңа заң қабылдағандай шебер қолдана білді.
Сенатты магистраттар ғана шақыра алатын. Мәжілістерге төрағалык етуші Сенаттың қызмет бабы өте жоғары еді.
Ол мемлекет мүлкіне басшылық жасады, қазынаға иелік етті, бюджетті, салықты белгіледі. Ол комиция қаулыларын, ол сайлаған қызмет адам-дарын бекітіп, сыртқы саясатқа басшылық етіп, діни тәртібін бакылады.
Сенат республиканың әскери емірін басқарды. Жауынгерлерді жинау мерзімін, әскерлер контингентін, әскери бастықтар өкілдігін белгіледі. Бакылау мақсатын көздеп, елшілерін өзі соғыс жүргізіп жаткан магист-ратқа жіберіп отырды. Рим Республикасының аристократиялық ерекшелігі Сенаттың рөлінен-ақ көрініп түрды. Сенаттың ықпалы орасан зор болды.
Аристократиялық республика халық демократиясының көп белгісін сақтап қалды. Халық жиналыстары - сол демократияның бір көрінісі. Ең маңызды мемлекеттік органдары - халық жиналыстары. Олар комиция деп аталды. Римде комициялардың үш түрі бар.
Куриялар жиналыстары (комициясы). Римде ежелден келе жаткан комиция жиналыстары болатын. Бүған үкіметтің жоғарғы иесі, әкесі мен шешесінің азаматтық қүқығы бар, толық қүкылы Рим азаматтары (пат-рицийлер) жататын. Рим азаматтары халык жиналысына қатысып, мемлекеттік қызметке алынып, жеке меншікке ие болып, Рим әскерлерінде қызмет ете алатын.
Халық жиналыстарыныц тағы бір күрделі түрі - центуриаттық коми-циялардың маңызы зор болды. С. Туллий жүргізген реформадан кейін олардыц саны 193-ден-373 дейін көбейді. Центуриаттық жиналыс патри-цийлер мен плебейлердің жиналысы болатын. Бүл жиналыстарды жоға-рғы қызмет адамдары қаланың шетінде, Марс алаңында шақырды. Магистрат жиналыс алдында шешілетін мәселені қойып, дауыс беру ісін жүргізуді биледі. Алғашқы дауыс беру центурия ішінде өтті. Әрбір центу-рияда бір-бір дауыстан беретін. Центуриат жиналысының қызметтік ықпа-лы күшті болатын, біріншіден олар қабылдайтын, центуриат комицияла-ры Рим халқының еркін білдірді. Олар жоғарғы кызмет адамдарын - кон-сулдарды, преторларды, цензорларды сайлады. Соғыс жариялау жөне бітім жасау мәселелерін шешті. Комиция қабылдаған заңдарды бекітті.
Қатты жазаға үшыраған азаматтардың шағымын қарайтын таблица зандарын қабылдау Рим плебейлерінің үлкен жеңісі болды. Патриций мен плебейге ортақ зандар плебейлерді патрицийлердің жүгенсіздігінен қорғауға тиісті болды. Эдилдер плебей трибундардың көмекшілері болды.
Б. д. Д. 445 жылы Канулейдің заңы қабылданды. Ол плебейлерге патриций әйелдерге үйленуге рүқсат етті. Б. д. дейінгі 409 жылы плебейлерді квестор етіп сайлайтын болды. Кейін оларды-367 жылы-консул, 364 жылы-куруль эдилі(курульный эдил), 366 жылы-диктатор, 351 жылы-цензор, 337 жылы-претор ретінде сайлап қоятын болды. Б. д. д. 287 жылы Яни-куль төбесінде плебейлердің ақырғы жиналысы болды. Плебейден шыққан диктатор Квинт Гортензий халықты тыныштандыру үшін, трибут комициялардың шешімі бойынша жалпы мемлекеттік зандары болатын-дығын тағы да растайтын заң шығарды.
Рим халқының төменгі жігі қүлдар болды. Бүлардың көбі соғыс түтқындары еді. Басқалары көршілес тайпалардан немесе осында келген қүл сатушылардан сатып алынатын. Қүлдарды толықтырып отырудың маңызды көзі - кіріптарлык, күлдық болды.
Онер мен сауданың дамуы Рим плебейлердің жіктелуіне әкеліп со-қты. Плебейлер арасынан сауда-қолөнер шонжарлары шықты. Екінші жағынан плебейлер саны өсті. Плебейлердің патрицийлермен нарықтъіқ түргыдағы күресі жер үшін күрес болды. Кедейленген плебейлердің кіріптарлығын жою талаптары күресті қиындата түсті. Б. д. д. V-VIғасыр-ларда плебейлер нарықтық және саяси қатынастарда патрицийлермен теңдік жолындағы үзақ күреске кірісті. Олар патрицийлер ие болып отыр-ғандай азаматтық қүқықтарды, магистратураларды, Сенаттан орын алу қүқықтарын талап етті.
Плебейлердің патрицийлермен күресінің басталуы б. д. д. 494 жылға жатады. Эквалармен соғыс кезінде ауыртпалық тартқан плебейлер Рим өскерлеріне қызмет етудеи бас тартты да, Римді тастап, Әулиетау үстіндегі лагерьде түрды. Плебейлердіц Рим әскерін тастап кетуінен шошынган патрицийлер оларға кеңшілік жасауға мәжбүр болды. Плебейлердің дер-бес үйымдасу қүқығы танылды. 493 жылдан бастап олардыц өз ортасы-нан б. д. д. олар екі лауазымды адамды халық трибундарына сайлай алды. Трибундар сенат пен магистраттардың плебейлердің мүдделеріне қайшы келетін шешімдеріне тыйым (вето) салу қүқығын алды. Сонымен, олардыц міндеті плебейлерді иатрициан магистраттары мен сенаттың жүгенсіздігінен қорғау болды. Алғашында 2 трибун, содан соң 4, ал кейінірек 10 трибун сайланды.
Б. д. д. 449 жылы 12 тақтаға ойылып жазылған зандар форумга қой-ылды. Атам замангы патрицийлермен катар Римде еркін халықтың тобы-плебейлер де пайда бола бастады.
Плебейлер патрицийлердіц рулық бірлестіктеріне кірген емес. Ежелгі заманда жер иеленуге қүкығы болмады. Бүлардың копшілігі қолонермен және саудамен шүғылданды. Плебей азаматтық қүқықтарға коп қол жеткізе алмады. Бірақ уақыт өткен сайыи оларды Рим әскери жасағы-ның қүрамына енгізетін болды. Плебейлердің салық толеп, өскерге қыз-метке араласуы нақты көрініске айналды.
Плебейлердің қалай пайда болғаны бірнеше болжам бар. Қазіргі зерттеушілердің пікірі бойынша, плебей халқының тегі ішінара еркін қоныс аударушылардан, ішінара еркіндікке жіберілген қүлдардан, Римде қоныс тебуге римдіктер зорлап көндірген кейбір коршілес шағын қала-лардың түрғындарынан қүралды.
Комициялардың үшінші түрі-трибут комициялары. Олар триба бойынша жиналатын.
Бақылау сұрақтары:
Ежелгі Римде азаматтықтан айрылудың себебі?
Б.з.д. І ғ. Басында римдік шаруалардың кедейленуінің 4 себебі?
Рим империясының құлау себебі?
Тақырып 5. Франктер мемлекеті мен құқығы.
Жоспар
Франк мемлекеті мен құқығы (5-9 ғғ)
Ағылшын-соксон ерте феодалдық мемлекеті мен құқығы.
Варварлық құқық
Кезеңдерге бөлінуі
1-кезең – Меровингтер ионархиясы (VІ – VІІ ғ.ғ.)
2-кезең – Каролингтер монархиясы (VІІІ – ХІ ғ. 1 жартысы). Франктер мекендеген жерлер 2-округқа – пагқа бөлінді. Паг ұсақ бірліктер – жүздіктерден тұрды. Мемлекет территориясын жайлаған негізгі этникалық топтар: Солтүстікті мекендеген франктар мен Оңтүстікті мекендеген галло-римдіктер болды.
Негізгі топтар – фоедалдар мен феодалға тәуелді шаруалар болды.
Меровингтер монархиясына тән белгілер:
1. Хлодвиг өлімінен кейін корольдік бірнеше рет тәуелсіз мемлекеттерге бөлінді.
2. корольдік билікті ұстау үшін жерге жеке меншік – аллад енгізілді.
үнемі өсіп отыратын шіркеулер және жер иеліктері тез байыды.
жерсіз шаруалардың тез өсуі.
патронат жүйесі кең таралды.
корольдік билік әлсіреп, ақсүйектердің құдыреттілігі өседі.
Билік ақсүйектердің қолына шоғырланды. Ол мемлекеттегі барлық маңызды лауазымдарды басып алады. Оның ішінде майордан – алғашында король сарайын басқарды, соңынан мемлекет басшысы болды. Бұл лауазым мұраға айналып, соңында Каролингтер әулетіне жол ашып береді.
Каролингтер монархиясының негізгі ерекшілігі сол ол майордан Карл Мартелл реформасымен тығыз байланысты. Оның мәні мынада:
1. жерді толық меншікке сыйға беру тәртібі жойылады ;
2. мұның орнына өмірлік иелену – бенефиций пайда болды.
3. бенефиций ұстаушысы – авссол деп аталады, ао берушісі – сеньор деп аталады;
4. бенефиций ұстаушысы сол жерді берген тұлғаның мүддесі үшін әскери қызметті өтеуі тиіс болатын;
5. мемлекет басшысынан басқа бенефицийді басқа да ірі феодалдар тарата бастады, сөйтіп олардың өздерінің вассалдары пайда болды ;
6. сот, полиция, қарды облысындағы барлық өкілеттіктер жер иесіне берілді;
7. иммунитеттік гролиотар енгізілді. Ол бойынша сол жерге мемлекет шенеуніктерінің қызметі таратылмады.
Мемлекеттік құрылыс
Басқару формасы бойынша франк мемлекеті шектеулі монархия болды. Король билігі үнемі әрекет ететін кеңеспен шектеліп отырды және олардың келісімінсіз бірде бір маңызды шешім қабылданбады.
Мемлекетті басқару мен сот ісін жүргізуде жоғарғы лауазымды тұлғалар қызмет етті : майордам, пфальцграф – алғашында король малайларын бақылады, соңынан сотты басқарды; тезаурарий – қазыналы, байлықты сақтаушы ; маршал – атты әскербасшысы ; және архикаппелан – король духовнигі және сарай духовенствасының ішіндегі ең басшысы.
Жергілікті басқару
Округті (паг) басқаруды – король тағайындайтын лауазымды тұлға – граф жүзеге асырды. Округ құрамына кіретін жүздіктерді солтүстікте центенарий, ал оңтүстікте викарий басқарды. Олар графқа бағынышты болды. Жүздіктің құрамына кіретін қауымдар өзін-өзі басқаруды сақтады.
Сот
Жоғарғы сот билігі монархта болды. Корольдік кеңес аса қауіпті қылмыстарды қарастырды. Негізінен істердің көпшілігі жүздіктердің сотында қаралды.
Франк мемлекетінің гүлденуі ІХ ғ. Басында оның құрамына барлық батыс Европа енгенде жетті. 843 ж. Вердендегі ¦лы Карл немересімен жасасқан шартта Франк мемлекетінің 3 корольдікке бөлінуі заңды бекітілді. Олар: батыс франктік, шығыс-франктік және орталық (болашақ Франция, Германия және Италия).
Құқығының негізгі белгілері
Ертедегі құқықтың қайнао көзі – тайпалық сипаттағы әдет ғұрыптар.
V-ІХ ғ. Кезінде «варварлық шындық» түріндегі тайпа әдет ғұрыптың жазбасы болды. Салистік, Рипуарлық, Бургундтық, Аллементтік шындықтар пайда болды. Көбінде Салистік шындық мысалға алынады. Онда құқықбұзушылық және соған сәйкес жазаның жалпы, абстрактілі ұғымдары болмайды : мысалы қылмыс д/з – тұлға мен мүлікке зиян келтіру және «король бейбітшілігін» бұзу ; ал жаза д/з – жәбірленушіге келтіруге зиянды өтеу және «король бейбітшілігін» бұзғаны үшін корольге айыппұл төлеу. Жаза кінаға байланысты болмады және ол тек қана әрекеттің аяқталған нәтижесіне тағайындалды.
Салистік шындық бойынша неке күйеу баланың келін баланы ұрлау формасында болды. Зорлықпен ұрлауға тыйым салынды және қандас туысы және еріктілер мен құлдар арасында неке қию тиым салынған. Мұрагерлік құқықта меншік иесі өлгеннен кейін барлық қозғалмалы мүліктерді ең алдымен балаларына, олар болмаған жағдайда кезектесіп шешесі, аға-қарындасына мұраға қалып отырды.
Міндеттемелік қатынас облысында Салистік шындық мімілелермен тек қарапайым түрлерін білген : сату-сатып алу, несие, заем, айырбас, сыйға тарту. Мәміле кезінде меншік құқығын беру көпшіліктің алдында жүзеге асты. Міндеттемені орындамау мүліктік жауаптылыққа әкеледі. Сот процесі айыптаушылық сипатта болды. Оған тән негізгі белгілері : азаматтың және қылмыстық процестің жүзеге асырылуы бір формада болды. Іс жәбірленушінің инициативасы бойынша қозғалады.
Бақылау сұрақтары:
Ортағасырлық мемлекет пен құқық тарихындағы “қамқоршы” институтының пайда болу себебі?
Феодализмнің пайда болуына байланысты аллод кімге айналды?
Саликалық шындық бойынша сот процесіндегі сопряжниктердің саны?
Тақырып 6. Ортағасырлық Франция мемлекеті мен құқығы
Жоспар:
Феодалдың бөліну кезеңіндегі мемлекет пен құқық тарихы
2 – кезең – сословиялық өкілетті монархия кезеңі (ХІV- ХV ғ.ғ.)
3 - кезең – абсолютті монархия кезеңі (ХVІ-ХVІІІ ғ.ғ.).
Француз мемлекеті Каролинг империясы құлағаннан кейін пада болды. Негізгі антогонистік тотар феодалдар мен феодалға тәуелді шаруалар болды. Өздерінің топтық маңыздылығына қарай мемлекет феодалдар диктатурасы болып табылады.
Феодалдың бөліну кезеңі
Қоғамдық құрылыс. өндірістің негізгі құралы – жер - үстем топтың монополиялық меншігі болды. Шаруалар иелігінде күнделікті пайдаланатын иесінің кішкентай жері – парцелла болды. Көптеген шаруалар сервтар мен вилландарға айналды.
Сервтар – иесінің жеке және мұрагерлік тәуелділігінде, оның барлық айтқандарын істеп, бірталай ақы алды.
Вилландар – жеке басы тәуелді емес, өз парцелласын (жерін) басқа тұлғаларға сата алды, ал бұл оны сеньорлық борышынан босатты.
Мемлекеттік құрылыс
Мемлекет басында король тұрды. Оның билігі сайланбалы болды (корольді оның вассалары мен шіркеу иерархиясының жоғарғысы сайлады). Жалғыз жалпы мемлекеттік орган – корольдың курше (¦лы Кеңес) болды. ¦лы Кеңес съезд түрінде жұмыс істеді. Бұл кезеңде басқарудың арнай органдары болмады.
Министериалдар - лауазымды тұлғалар сарай шаруашылығын жүргізіп, сарайлық басшы болды. Король иелігі домен деп аталады. Барлық домен округтерге – превотаждарға бөлінді, Олардың басында прево тұрды. Орталықтағы министериалдар мен жергілікті жерлердегі превотаждарды король тағайындады.
Сот
Әрбір ерікті адам «тең сотпен» соттасулары қ/т болды. әрбір тұлғаның жауапқа тартылуы қай иерархиялық сатыға жататынына байланысты болды. Жоғарғы сот – корольдық курия еді. Жергілікті жерлердегі сот- сеньорлық юстиция деп аталады. Жоғарғы дәрежелі сеньорлар жо,ғарғы сот билігіне «жоғарғы юстицияға» ие болды. Олар өлім жазасымен жазаланатын қылмыстарды қарады. Төменде тұрған сеньорлар «төменгі юстицияға» ие болды, қалған қылмыстарды қарастырды.
Екінші кезеңнің басында король билігі күшейе түседі. Ол мынадан көрініс табады : Король билігінің сайланбалылығы алынады; «менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» деген принцип жоққашығарылады: вассаның адалдық жөніндегі анты тікелей корольге берілді:
Людовик ІХ реформалары өткізіледі : оның мәні мынада : сот реформасы – корольдық доменде жеке соғыстарға тыйым салынады, егер даутуған жағдайда корольдық сотқа жүгінулері керек; жергілікті жерлерде «корольдің 40 күні» енгізілді, бұл мерзім ішінде феодалдар жеке соғысты бастай алмады ; Корольдың куриядан ерекше сот палатасы Перит парламенті ығыстырылып шығарылды. Бұл жоғарғы апелляциялық инстанция болды. Қаржы реформасы – басты есептік бірлік ретінде – корольдық алтын монета енгізілді. Корольдық куриядан қаржылық басқарудың жоғарғы органы ретінде – Есеп палатасы ығыстырылып шығарылды.
Сословиелік - өкілетті монархия кезеңі
Қоғамдық құрылыс. Сервтардың орнына цензитарий пайда болды. Цензитарий – тәуелсіз шаруалар, мұралық жер үлесі цензив иесі. 3 Негізгі сословиенің ресімделуі аяқталды: духовенство, дворяндықжәне «үшінші сословие». Оларға барлық алым-салықтар төлеу жүктелді.
Мемлекеттік құрылыс
Саяси бөліну жойылып, мемлекет сословиелік -өкілетті монархия формасына ие болды : қуатты король билігі жоғарғы кеңесші орган – Бас Штат өкілмен бірігеді. Барлық мәселелер палаталар бойынша жеке қарастырылды. Шешім дауыстың көпшілігімен қабылданды, шешімнің соңғы бекітілуі барлық палаталардың бірлескен жиналысында шешілді.
Мемлекеттік басқару органдарына жататындар:
Мемлекеттік кеңес – жапы басқаруды жүзеге асырды және басқарудың өзге де саласын бақылады.
Есеп палатасы – қаржы басқармасының жоғарғы органы және Парламен жоғарғы сот.
Лауазымды тұлғалар:
канцлер – ағымдағы басқаруды жүзеге асырды және өзге лауазымды тұлғаларды бақылады;
коннетабль - король әскербасшысы;
камерарий – король қазынасын басқарды;
палатиндер – корольдің ерекше тапсырмасын орындайтын король кеңесшісі;
легистер – рим құқығы курсын меңгерген шенеуніктер.
Жергілікті басқару.
Король доменің территориясы бірдей әкімшілік бірліктерге – бальяждарға бөлінді. Олардың басында король тағайындайтын шененік – бальи тұрды. Бальяждар превотаждарға бөлінді. Олардың басында өз қолына әскери, әкімшілік, қаржы және сот биліктерін шоғырландырған – прево тұрды. Қалаларда қалалық өзін-өзі басқару органы – коммуна пайда болды.
Сот.
Жоғарғы апелляциялық сот – Парламент еді. Ол бірнеше палатадан тұрды: үлкен сотпалатасы, тергеу палатасы және кешірім палатасы. Жоғарғы шіркеу соты – алдымен рим куриясы соты, одан кейін кардионом соты, сосын архиепископ соты, аяғында официан соты болды.
Абсолюттік монархия кезеңі
Қоғамдық құрылыс.
Негізігі ерекшелігі – феодализм қойнауында капиталистік өндіріс қатынастық пайда болды. Осыдан барып негізгі қанаушы тап – феодализммен бірге буржуазия пайда болы. Ол қала патрициаты – бай саудагерлерден тұрды. Бұрынғы сияқты ел тұрғындары 3 сословиеге бөлінді : мұнда духовенство мен дворяндық өз артықшылықтарын сақтап қалды, ал үшінші сословиеге шаруалар да кірді.