Семинар сабақтары. 15 с. № Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекеті мен құқығы. 1 с



бет2/7
Дата23.02.2016
өлшемі405 Kb.
#6514
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7

Ежелгі Египет


Ежелгі Египет мемлекеті тарихының кезеңдері. Біртұтас орталық мемлекеттің пайда болуы (б.з.д. IҮ м.ж.д. – III м.ж. аяғы). Мемлекеттік биліктің деспотиялық-теократиялық сипаты. Қоғамдық құрылыстың ерекшелігі. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі (фараон, джати, шенеуніктік, патша және т.б.). Абыздардың саяси рөлі. Эхнатон фараонның діни реформа. Жергілікті басқару. Әскер. Сот.

Ежелгі Вавилон


Қосөзен аңғарында мемлеукеттің пайда болуы мен даму еркшелігі. Мемлекеттік ұйымның ерте формасы – қала-мемлекеттер. Мемлекеттік-гегемонияның қалыптасуы. Ура әулетінің патшалық етуі (б.з.д XII-XX ғғ). Вавилон орталықтанған мемлекетінің дамуы (б.з.д. XVIIIғ.). Хаммурапи тұсындағы Вавилонның қоғамдық-саяси құрылысы.Басқаруда қауым мен храмның ролі. Әскер. Сот.

Ежелгі Месопотамияның құқықтық қайнар көздері және құқықтық институттардың ерекшелігі. Б.з.д. ХҮІІІғ. Хаммурапи патшаның заңы. Нормалар жүйесі. Мүліктік қатынастар регламентациясы. Қылмыстық құқық ерекшелігі: композициялық жазалар жүйесі және талион.Отбасы-неке құқығы. Соттық іс жүргізу.



Ежелгі Үндістан.


Ежелгі Үндістан мемлекеті тарихының кезеңдері. Сословиелік-варналық жүйенің қалыптасуя (брахмандар, кшатрийлер, вайшилер, шудралар) және алғашқы «тайпалық мемлекеттердің» пайда болуы. Маурилер империясы. Империда мемлекеттік бірлікті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Монархия және қауымдық ұйым. Патша билігі. Орталық және жергілікті шенеуніктік аппарат. Алқалы органның маңызы. Әскер. Сот.

Құқықтың қайнар көздерінің арнайы сипаты: әдет ғұрып, дхрамашастра, артхашастра, дхармашастраға түсінік. Дін мен құқықтың байланыстылығы. Ману Заңы (б.з.д. IІғ. – б.з. II ғ.). Мүліктің және отбасылық қатынастарды реттеу. Қылмыс және жаза. Соттық іс жүргізу.


Ежелгі Қытай.


Ежелгі Қытайда мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Шань Инь династиясының алғышқы мемлекеттік құрылымы (б.з.д. XV – XІ ғғ.). Алғашқы орталық танған Цинь мемлекетінің құрылуы. Легизм және Шан Ян реформалары (б.з.д. III ғ.).

Хань династиясының орталықтанған империясы (б.з.д. IIIғ.). Деспотиялық Қытайдың дәстүрлі орталықтанған басқару жүйесінің қалыптасуы. Император Ван Ман реформалары (б.з.д I ғ.). қаржы, әскери және цензорлық және т.б. ведомствалардың рөлі. Шенеуніктіктің құқықтық мәртебесі. Әскер. Сот.



Дәстүрлі құқықтың қалыптасуы. Құқықтағы легизм және конфуция ағымдарының күресі мен өзара байланысының көрінісі. Құқықтың қайнар көздері. Конфуциялық мораль нормасы «ли» және құқық. Отбасылық-неке қатынастарын реттеу. Соттық іс жүргізу.

Бақылау сұрақтары:



  1. Ежелгі Египеттегі 3 акт бойынша жердің қолдан қолға өту тәртібі?

  2. Қандай Ежелгі Шығыстық мемлекетте үй иесі әйелі мен балаларын кері сатып алу құқығынсыз құлдыққа сата алды?

  3. Ежелгі Вавилонда жерге аренда мерзімі?

  4. Ежелгі Вавилондағы сатып алу-сату шартының 3 шарты?

  5. Ежелгі вавилонда төленбейтін борыштардың орнын толтыру мерзімі?

  6. Ежелгі Египет және вавилондағы әділ сот құдайы?

  7. Ежелгі Египеттегі тұлғаға қарсы қалмыстардың ішіндегі ең ауыры?

  8. Б.з.д. ХҮІІІғ. өмір сүрген алғашқы Вавилон династиясының алтыншы патшасы кім?

  9. Ван Ман реформасы бойынша әр отбасы қандай мөлшерде жер көлемін иелене алды?

  10. Ежелгі Үндістанда меншік құқығының пайда болуының 8 мүмкіндігін атаңыз?

  11. Ежелгі Үндістанда екі рет тағандар деп кімдерді атады?

  12. Үндістандағы иелену ұзақтығы?

  13. Ежелгі Үндістанда қандай шарттар жарамсыз деп саналды?

  14. Еж. Үндістанның саясаты мен құқығы мәселелеріне арналған трактаттар?

  15. Ежелгі Қытайдағы ақсүйектік белгісі?

  16. Еж. Шығыс елдеріндегі кең таралған құлдық көзі?

  17. Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі монарх билігін шектейтін алқалық басқару органдар?

Тақырып 3. Ежелгі Грек мемлекеті мен құқығы тарихы

Жоспар:

  1. Құл иеленушілік Афина мемлекеті.

  2. Спарта мемлекеті мен қоғамы.

  3. Ежелгі Грек құқығының қайнар көздері

Грекия Балкан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан. Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Грекия үшке бөлінеді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Грекия немесе Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен белінеді.

Афины қаласы теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз қарақшыларынан сенімді жасырылып, сыртқы қауіптен қорғануы' қам-тамасыз етілген болатын.



Бүкіл Афин халықын біріктірген Тезей деген базилев­с, ол барлық рулардың басьш қосты. Тезейдің саясаты «синойкизм» деген терминмең аталды. 6ул сөз «біріктіру» деген магынаны білдіреді. Гректердіц төрт руыныц косылуына объективтік себептері бар. Онтүстіктен гректерге дорийцтардың соғыс ашу қаупі төнген еді. Тезейдің 2 реформасынан бүрын Афины қалаларын басқару өз бетінше жүргізілді, тек соғыс уақытында болмаса, барлығының бас қосуы сирек болатын' Бүкіл Аттиканың бірлесуі XI-X ғасырлар. Жаңа бірлескен өкіметтің ба-сында рулардың ақсүйектері тұрды.

Грекияның халқы: эвпатридтар, геоморлар және демиургтар болып үш бөлікке белінді.

Эвпатридтер-ақсүйектердің балалары, олардың әкесі де, атасы да ақсүйек әулетіне жататын. Ақсүйектерді біріктіретін олардың байлығы, бөрі де ірі жер иелері еді.

Геоморлар - жер иеленушілер де, демиургтар - колөнершілер.

Аттиканыц бірігуі және эвпатридтардың күшеюі олардың жаңа органға үйымдасуына себеи болды. Оныд аты-Ареопаг, Арес соғыс қүдайының аты. Ареопаг Арес тауында жиналды. Бүл кезеңде Афинаның рулық қүры-лысы озгеріп, ол енді 4 филаға болінді, әрбір фила 3 фратрияға болінді, фратрия 30 рудан, бір ру 30 еркек адамнан түратын болды. Афина қүдайы бүкіл Аттиканың қүдайы деп саналды.

VII ғасырда Афины окіметі 12 навкарияға бөлінді, әрбір навкария согыс уақытында бір кеме жабдықтайтын. Бүлда мемлекет болудыц белгісі еді.

Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірақ оның атқаратын ролі томендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың ақсүйектері қоддады. Археопагтыңхқрлында сот билігі, әкімшілік билігі, дін әкімшілігі болды. Сотты былай өткізетін: айыптаушы кешірмеу тасына түрып айыптайтын созін айтса, айыпкер өкпе тасына түрып сөзін айтады. Екі жақ та шындығын айтып түрғаны туралы қүдайга ант береді. Ареопагтың мүшелері оздерінің дауыстарын екі урнаға: қайырым ету урнасына және ажал урнасына боліп салатын.

Бүрын бүкіл халыққа тиісті күш енді тек қана евпатридтердің қолы­на көшті де, солардың нарыктық жағдайын корғады. VIII ғасырда бүкіл Афин аумағы 48навкарияларға болінді, әрбір навкария үкіметке бір кеме беретін болды және архонттармен навкариялар кеңесі деп аталатын жа-ңадан екі алқа күрылды. Бүл сала аумактық боліске жататын дербес мемлекеттік белгіге айналған еді.

Ареопагтан басқа архонттың жаңа қызметі де мемлекет күрамына енгізілді, олар аткарушы үкімет болды. Бүл қызметке алған адамдар 10 жылға сайланатын еді. Уақыт өте келе олар бір жылға сайланатын бол­ды.

Архонттардың саны тоғызға жетті: архонт-эпоним, архонт-базилевс, архонт-полемарх, калган алты архонт-фесфометтер қызметін істейтін, осы архонттардың бөрі ареопагқа кірді.

Біздін дәуірімізге дейінгі 621 жылы Афинде архонт-фесфомет Дра-конт жазған қүқық нормалары халықка жарияланды. Олар тарихқа "дра-конт зандары" деген атпен енді де, кейін ол жалпы шектен тыс қатал заңдардың теңеуі болып кетті.

Драконт зандарының шектен тыс қаталдығы алдымен үрлық үшіи берілетін жазаға қатысты байқалды. Қандай да болмасын үрлық жасаған адам өлім жазасына тартылатын. Үрлық үшін жазалаудың қаталдығы тек Драконт заңдарына ғана тән емес, ол жалпы ежелгі замандағы таптық когамның заддарына тән нәрсе. Ол қауымдық меншіктің орнына келгеп жеке меншіктің қалыптасу және нығаю процесін корсетеді. Драконт зан­дары қанға қан алатын кекшілдікке шек қойды, олген кісіні жерлеген уақьпта моласында найзаны жерге қадаса, өлген кісінің балалары оған жаудан кек алатынан көрсеткені. Бірақ Драконт заңы кісі елтірушіні азаи-тауға тыйым салады. Бүл заң кастықпен әдейі олтіру жоне абайсыз олтірудің айырмашылығын айтқындауды кажет деп санайды. Дегенмен Драконттың ауызша қарапайым қүқықты қағазға түсіріп жазуы, қанга қан алатын кекшиідікке шек қойып, жеке меншікті қорғауы, сот ісінің барысын анықтап, айқындауы оз кезеңі үшін прогрессивтік болды.

Заңның қағазға түсіріліп, қабылдануы демос пен евпатридтер ара-сындағы қайшылықтарды токтата алған жоқ. Өйткені ол демостың на-рықтық жағдайын кандай да болмасын дәрежеде айтарлыктай озгерте алмады. Оның бүрынғысынша қүқыксыз калган жағдайы тіпті ескерілгеи де жоқ. Ал демостың күші барған- сайын арта түсті. Түрғылықты демос басқа полистерден келген гректермен толықтырылып отыратын.

Б. д. дейінгі 630 жылы эвпатридтерге карсы Килон қуғын-сүргіні болып отті. Бірақ ол жеңіске жете алган жоқ. Б. д. дейінгі 594 жылы архонт болып Солон сайланды. Оның алдында екі мак-сат түрды: Афина полисін басқару және Саламин аралын жаулап алып, Мегара қаласын Афинага багындыру. Саламин аралы Афинанын Пирей шығанағына кіретін жолын бақылауға колайлы орналасқан, сондықтаи оны өзіне қаратудың Афина үшін маңызы ерекше болды. Солон Кодрид даңқы елге жайылған Афина базилевсі.



Афина мемлекетінің басты билік органдары – халық жиналысы, бесжүздіктер кенесі, ареопаг, гелиэя, стратегтер,архонттар комиссиясы болды. Афина мемлекетінің басты билік органы халық жиналысы – эклессия. Халық жиналысы 10 күнде бір рет Акрополь жанындағы үлкен жайдақ төбе Пникстің басына жиналатын. Кейінірек мәжілістер Афина театрында өткізілетін болды. Халық жиналысына 20 жасқа толған афина азаматтары қатынасатын. Афина азаматтары деп саналатын адамдар Ат-тиканың қала түрғындары, еркек адамдар, 18-ге толғаннан кейін бір жыл ішінде семсерлесу, ату, найза лақтыру, жаттығуларын үйренуі үшш Пир ауданында бірге жиналады. Бір жыл оқудан кейін олар күзет қызметтерін атқарады да, 2 жылдан кейін 20 жасында Аттика азаматтары деп санала­тын болды. Олардың үстазы-софронистер өте беделді, белгілі адамдар, оларға бір күн оқытқаны үшін 1 драхма беріп түрды, олар 500-діктер кеңесінің мүшесі деп саналды. Афина азаматтарынын негізгі қүқықтарына бостандық, жеке тәуелсіздік, жерге қожалық ету, үкіметтен нарықтық кемек алу жататын. Ал міндеттеріне мүлікті сақтап үстау, өзі түрған полиске көмек беру, отанды қорғау, үкіметтің заңын орындау, қүдайды сыйлау, мемлекет ба-сқару ісіне белсенді қатысу кіретін.

Өзге қалалардан Афинаға қоныс аударған гректер - метектер және сондай-ақ қүлдар эклексияға (халық жиналысына) жіберілмейтін. Ха-лық жиналысының ең біріншісі негізгі, басты деп атадды. Бүл жиналыс бүкіл лауазым иелерінің есебін тыңдайтын, егіы жағдайын және мемлекеттік қауіпсіздік сақшысының ісін қарайтын. Халық жиналысы 9-10 күнде бір рет жиналды. Басқа жиналыстары Афина саясатының бар-лык негізгі мәселелерін талқылайтын және шешетін, қаржы мәселслерін қарайтын, соғыс және бейбітшілік жөніндегі мәселелерді шешетін, өзге елдерден келген елшілердің баяндамаларын тындайтын және сондай-ақ күнделікті кептеген мәселелерді қарап отыратын. Халық жиналысында әрбір афина азаматы кез келген мәселені көтеруге ерікті еді. Шешім ашық дауыспен қол көтеру арқылы кейде жабық дауыспен де қабылданатын. Жабық дауыс бергенде урнаға бүршақ, қара не ақ тастар, не болмаса жазуы бар ыдыстыц сынықтары салынған. Халық жиналысын жинайтын притандар, олар 5 күн бүрын халық жиналысының күн тәртібін жария-лайтын. Б. д. дейінгі 395 жылы халық жиналысына қатынасқан азаматта-рға ақы төлеу тәртібі енгізілді.

Халық жиналысынан тысқары озге де демократиялық мекемелер омір сүрді. Дегенмен, өздерінің маңызы женінен олардыц ешқайсысы халық жиналысымен теңесе алмайтын. Афина халык жиналысының қызмет бабы ете кең болатын. Онда: заң қабылдау, қызмет адамдарын сайлау, қаржы-ның қалай жүмсалғанын тексеру, жоғарғы сот қызметін откізу, халык жиналысын басқару органдары болды. Аттикада бүкіл қызмет адамдары халық жиналысы арқылы бір жылға сайланып түрды. Азаматтардың бәрі сайланбастан бүрын докимасияға салынды. Бссжүздіктер кеңесі, архонт, 10 стратегтер, Ареопаг, Гелиэя, қаржы комиссиялары деген қызмет орган-дары болды.

Архонтар. Афина түрғындары архонттарды сайлады. Бірінші архонт соттың торағасы болды және басты діни кызметті аткарды. Екінші ар­хонт-базилевс, ол дін салтын басқарды, үшінші базилевс-полемарх күрбандық шалу қызметінде, калган архонттар-фесфомет кызметінде болды. Буле-бесжүздіктер кеңесі. Бүл кеңес халық жиналысы талқылауға тиісті мәселелерді әзірлеп, олардыц күн тәртібін белгілейтін. Бүдан тыс-кары бесжүздіктер кеңесі Афинаньщ қызмет адамдарыныц істерін қарай-тын.

Булевтерді әрбір аумактық филадан жасы 30-ға келген 50 ер адам сайлайтын. Булевтерді докимасиядан откізеді. Әрбір булевтің ойын, жүріс-түрысын, бет алысын, міндетін және қүқығын тексереді. Булевтер міндетке ие болудан бүрын озінің жүмысын адал атқарамын деп халыққа ант береді. Булевтер басына жасыл жапырақ кадап, сайланган уақыты біткениен кейін оз жүмысы туралы сайлаушылары алдында есеп беріп отырады.

Бесжүздіктер кеңесі. Бесжүздіктер кеңесінің қызметі. Бүл жоғарғы ба-' скару органы болып саналды. Бесжүздіктер кеңесі қаржы жүйесінің ба-сқару органы болды. Ол мемлекет қазынасына ақша қайдан түсетінін анықтап, үкіметтің қарыздарын жинады, мүлігін сатты, азаматтарға жәр-дем ақша берді. Бесжүздіктер кеңесінің басқаруында сонымен бірге теңіз әскери күш де болды.

Бесжүздіктер кецесі гибадатхананың, мерекелердің, кемелердің, қоғам-дық қүрылыстардың қамын ойлады.

Бесжүздіктер кецес қызмет тәртібі өте қызық. Әрбір аумақтық фила­дан сайланган 50 кецес мүшесі жылдың 10 күнінде бір рет, барлығы 1 жылда 36 күн жүмыс істейтін. Бүл уақыт-притания, ал кеңес мүшелері притан деп аталды. 50 адам 36 күн үлкен базардың жанындагы дөнгелек үйде бірге түрып, мемлекетті басқарған.

Гелиэй. Гелиэй - ант берупіілер соты - ірі демократиялық мекеме еді. Судьяларды жеребе бойынша бүкіл Афина азаматтары сайлайтын. Бар-лығы 6000 судья сайланатын, олардың ант берген 5 мыңы 501 кісіден он комиссия қүрды. Ал бір мьщы косалқы судьялар еді. Афина соты 10 комиссияға болінді. Судьялар мен сот мекемелерінің саны осынша кеп болуы-олардың тек афины азаматтарына ғана емес, езгелелерге де қыз-мет етуіне байланысты еді. Мүнда Афинаиың барлық одақтастары, бас-каша айтқанда, іс жүзінде Кіші Азия жағалауының, Оңтүстік Франция-ның және Эгей теңізі аралдарының барлық түрғындары дерлік сот істерімен келуге тиісті еді.

Гелиэйда бірде бір азамат езінің ісі қай комиссияда каралатынын алдын ала білмейтін. Ол мүны сот болатын күні немесе мәжіліс баста-лардыц алдында ғана білетін. Мүндай ереже сот қызметкерлері пара ал-мауы үшін қажет болды. Ертедегі кезде адвокаттар болмайтын. Сот қызметкерлері немесе айыпталушы шығып сейлейтін, соңцай-ақ олар-дың туыстары да сейлей алатын. Сотта сөйлейтін сездерін оларға заңгер-лер жазып береді. Жазылган сөзді жаттап алып, жылдам әрі дүрыс айту шарт еді. Соттың мәжілісі ашық өтті. Екі жақа дәлел келтіріп, біреуді куәлікке салды.

Құлдардың сотқа берген жауабы оларды тек қинағаннан кейін ғана дүрыс деп саналатын.

СПАРТА


Біздің дәуірімізге дейінгі VH-VIII ғасырда Пелопонестің оңтүстігінде ежелгі Спарта мемлекеті емір сүрді. Мемлекет Спарта деп аталғанымен, ол ел өздерін Лакония деп атады. Спарта ежелгі Грекияның тарихына үлкен із қалдырған ел. Спарта мемлекетінгң пайда болуына алып келген себептердің ерекшеліктері болды. Олардың бірі - таптық қоғамның пай­да болуына соғыс эсер етті. Жеңіп алған дорийцтер жергілікті ахей тай-паларымен бірігіп, Спарта қоғамын қүрды. Олар көрші Мессенияны бірігіп жаулап алды да, өздерінің жерлерін кеңейтті.

Спартаға біз саяси демократиялық мемлекет деп мінездеме береміз. Жаулаушылар жерге, қүлдарға жеке меншік күрып, оғам таптық сарала-уды өткізді, спартиаттар үстем тапқа, жеңіліп қалған түрғындар қүлда-рға және қүқығы кем азаматтарға айналды. Олар илоттар деп аталды. Илоттардың жерлері ең қүнарлы болатын, сондықтан олар өздерініц жерлерін спартиаттарға бермеу үшін көп уақыт олармен соғысты. Лако-нияның басқа шаруалар қауымы Спартаға бағынып, өздерінін жерлерін бере салды. Олар периэктер деп аталды. Илоттарға қарағанда периэктердің қүқықтары коп болды. Өздерінің қауымында олар азаматтық қүқықтар-ды пайдаланатын, бірақ Спартаның озінде олар екінші сортты адам деп саналып, үкіметті басқаруға қатыса алмайтын. Сонымен Спартада 3 тап пайда болды: олар спартандықтар, илоттар және периэктер еді.

Дорийліктер өздерін басты қаласы Спартаның атымен спартандық-тармыз деп атады.

Пелопонестің аумағында, таулы жерлерде түратын тайпалар, сондай-ақ дорийліктерге оз еркіменен бағынған ахейліктердің кейбіреулері пе­риэктер деп аталды. Бүлар толық қүқылы азаматтар болмаса да, қүлдыққа түсе қоймаған халық.

Илоттардың қүқығы қүлдардың қүкығына жақын екені белгілі. Спарта халқының негізгі таптары-сословиелері: спартандар, периэктер жөне илот­тар осылай бөлінді.

Мессен соғысынан кейін спартандар мессен жерлерін алып болған-нан кейін оларды 9000 жер учаскесіне болді. Сол жер учаскелері спар-тандарға таратылды. Учаскені белуге болмайтындай етіп, илоттармен бірге берідді. Әрбір жер учаскесінде илоттардың 1-2-3 отбасылары түратын еді. Ол жерлер илоттармен бірге сатылып отырды.

Спартандар илоттар мен периэктерді басып-жаншып тастайтын. Егер бала аурулы, әлсіз болып туылса, оны әкесіне шатқалдан лақтыруға бүйы-ратын.

Денсаулыгы дүрыс мықты баланы тірі қалдыратын да, ол жеті жаска дейін анасының бауырында тәрбиеленетін.

7 жастан бастап бала коғамдық мектепке барып, онда ер жеткенше, яғни, 18 жаскз дейін уақытын откізетін. 7 жастан-12 жасқа дейін 1 кезеңі деп саналады. Плутарх былай деп жазған: "Ликург заңымен балаларды ақысына жүмыс істейтін мүғалімдерге откізуге болмайды" Балалардың 12 жасқа дейін окитын жері Агела деп аталды. Агеланы ең күшті, ақыл-ды бала басқарды.

Мектептің тәртібі оте катал болатын. Балалар қатты тесеніште жас-тықсыз үйыктап, жеңіл көрпе ғана жамылатын. Олардың киімі де жеңіл болатын. Қысы-жазы жалаң аяк, жалаң бас жүретін. Олар ыстыкты қалай котерсе, суықка да солай шыдауы керек еді.

Спарта балалары озара коп төбелесетін еді. Қарттар олардың тебелесіне қаран, балалардың мінез-қүлқын зерттеп отыратын. Спарталықтар ба-лаларын төзімділікке тәрбиелеу үшін, оларды аштық пен сусын ішпеуге үйретті. Кейбір күндерде оларға су бермейтін. Оларды жараның ауырға-нына шыдауға үйрететін.

Мектепте балалар дене шынықтырумен және әскери іспен шүғыл-данды. Тәрбиенің максаты - күшті де шыныққан жауынгер өсіру еді. Олар оқуды, жазуды, санауды, ән салуды және билеуді, патриоттық та-қырыпка олең оқуға үйренді. Философиямен, онермен айналысуға рүқсат етілмеді. Балалар мейлінше қысқа да ыкшамды сөйлеуге үйретілді.

Грекия елінде тек жалғыз Спартада ғана әйелдердің тәрбиесіне үлкен назар аударылды. Спарталықтар денсаулығы жақсы бала тек денсаулыгы жақсы анадан ғана туады деп санайтын. Сондықтан қыздар үй тіршілігімен айналыспайтын. Мүның бәрін илот әйелдері істейтін. Спартаның әйелдері ерлер сияқты бала күнінен бастап гимнастикамен және спортпен шүғыл-данды.

Қыздар ұл балалар сияқты оқитын, жаза және санай алатын. Спартандар кәмелет жасқа жеткенде үйленін, шаңырақ қүрды. Бірақ олар-дың кейінгі емірі таза әскери сипатта болды. Күні бойы олар әскери отрядта, сол оздері мектепке бірге оқыған жолдастарымен бірге болды. 20 жасынан бастап еркін спартандар сисситияга қатынасады, жерге кожа болады. Сисситияның мүшесі болу үшін белгілі бір мөлшерде заттай үлес қосуы тиіс еді.

Сисситияның әрбір мүшесі үн, арақ, май, ірімшік, жеміс тәрізді оз үлесін екеліп тапсырады. Сисситияда олар әскери жаттығуларды бірге жасап, бірге тамақ ішті. Сисситияныд мүшелері "тең адамдар қауымыпа" кірді және барлық саяси қүқықтарды пайдаланды. Егер спартандык кедейленіп, сисситияга озінің үлесін қоса алмайтын болса, ол қауымнан шығып қалады, содан барып «тең адамдар қауымынан» да шығарылатын. Сөйтіп ол саяси қүқықғын да жоғалтатын.

Спарта азаматтары 30-ға жаска толғанша өзінің қүкығын толық пай-далана алмады. Оған базарға барып бірдеме сатып алуға рүқсат берілмеді, озіне керек заттарын ол 30-ға толган туысқандарына сатып алғызады.

Бақылау сұрақтары:



      1. Ежелгі Грециядағы азаматтық жас?

      2. Ежелгі Греция құқығы бойынша мүлікті бөлу принципі?

      3. Солон кезіндегі жаңа сот органы?

      4. Афина азаматтарының құқығы?

      5. Геруссияның функциясы?

      6. Клисфен қандай мемлекеттік органдарды құрды?

      7. Солон реформасы бойынша тұрғындарды бөлу принціпі?

      8. Афина азаматтарының міндеттері?

      9. Бесжүздік Кеңестің өкілеттілігі?

      10. гелиэяның функциясы?

      11. Ежелгі Грециядағы заң бойынша мұрагерлер?

      12. Ежелгі Греция мемлекеті мен құқығы тарихындағы негізгі үш кезең?

      13. Афина құқығындағы іс жүргізудің екі формасы?

Тақырып 4. Ежелгі Рим мемлекеті мен құқығы тарихы

Жоспар:

1. Ежелгі Римде мемлекетінің құрылысының даму кезеңдері:

А) патшалық кезең.

Б) республикалық кезең.

В) империялық кезең.

2.Ежелгі Рим құқығының негізгі белгілері.

Рим жергілікті патриархалдық қауымға жататын. Патрицийлер ру, курия және трибаларға бөлінетін. Рим үш трибаның одағы болатын. Бір курия он рудан, триба он курийден тура-тын. 3 трибаның әрқайсысы жүз рудан, ал бүкіл кауымның халқы үш жүз рудан қүралатын. Ру бірлестіктеріне кіретін азаматтар өз әскерлерін қүратын. Халық жиналысына қатынасып, қауымның алгашқы мүшелері болып саналатын. Алғашқы толық қүқықты азаматтыкты тек патриций­лер иеленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет