Мемлекеттік құрылыс.
Абсолбтизм барлық заң шығарушы, атқарушы және сот биліктілігі мен мемлекет басшысы – корольдің қолында шоғырланумен сипаттайды. Бұл Бас штат, Парламент, шіркеуінің қызметі шектелгендігінен көрініс табады.
Мемлекет басқарудың орталық органы әр кезеңде туындаған әртүрлі мекемелердің қоспасы еді. Оларға жататындар : Мемлекеттік кеңсе – король жанындағы кеңесуші орган ; Қаржы кеңесі ; Жасырын Кеңес – бірқатар істерді қайта қарастырды; канцлер аппараты және тағы басқалар. Осы органның барлығын Бас қаржы бақылаушысы және 4 мемлекеттік хатшы басқарды: әскери, шетел, теңіз ісі және сарай ісі.
Жергілікті басқару.
Корольдік территориясы генералитет, губернаторлық, дионез, бальяж және интенданттықтарға бөлінді. Бұлар қаржы, әскер, шіркеу, сот және әкімшілік ведомствоға сәйкес келеді. Жергілікті жерлердегі басқаруды интенданттың (король үкіметінің ерекше өкілеттілігі) жүзеге асырды.
Сот.
Бірқатар сот жүйесі қызмет етті: корольдық сот, сеньорлық сот, қалалық және шіркеулік соттар.
Құқықтың негізгі белгілері.
Феодализм ыдырағанға дейін Франция бірде бір құқық жүйесін білмеді. Құқықтың территориялық әрекет ету принципі болды, яғни тұрғындар сол территорияда қалыптасқан құқық нормаларына бағынды. Құқықтың негізгі қайнар көзі әдет ғұрыптар – кутюмдер болды. Сословиелік өкілетті монархия кезінде кутюмның алғашқы жинағы - өзіне Париж, Ориеан, Тур, Анжа және Мэп кутюмдерін қосатын «Қасиетті Людовиг Жинағы» пайда болды.
Абсолюттік монархия кезеңінде әдетғұрып жинақтарымен қатар құқықтың қайнар көздеріне корольдың жарлық, бұйрық, эдинт, ордонанстары қосылады. Францияның оңтүстігінде құқықтың қайнар көзі – рим құқығы болды.
Франция феодалдық құқығының негізгі институты – жерге меншік құқығы еді. Ірі жер иелену аллад, бенефицит түрінде болды. Ал ХІ ғасырда бенефицит мұраға қалтырылатын болды. Міндеттемелік құқықтағы шарт түрі : сату-сатып алу, заем, сыйға тарту, жерді жалдау. Неке отбасылық қатынастар негізінен канондық құқық нормаларымен реттелініп отырды, сонымен бірге кутюм және король ордонанстарымен де. Неке құру үшін : белгілі бір жасқа толу, тараптардың келісімі, ата-ана келісімі қажет болды. Мұрагерлік 2 формада болды: заң бойынша және өсиет бойынша. Қылмыстық құқықта барлық қылмыстың жиынтығын 3 топқа бөліп қарастыруға болады :
-
дінге қарсы қылмыстар ;
-
мемлекетке қарсы қылмыстар ;
-
жеке тұлғаға қарсы қылмыстар.
Жаза түрлері :
а) ауыр жазалар ;
б) мүшеге зиян келтіру туралы ;
в) түрмеге отырғызу және каторгалық жұмыстар ;
г) масқара жазалар және айыппұл.
Қылмыстық процесс 2 сатыдан тұрды :
-
қылмыскерді жасырын іздестіру және протокол толтыру арқылы жүргізілетін қажетті тергеу әрекеттері ;
-
ашық және көпшілік алдындағы соттау.
Бақылау сұрақтары:
-
Франция мемлекеті мен құқықығының қалыптасу кезеңдері
-
Феодалдық Франция мемлекетіндегі басқару органдары
-
Феодалдық Францияның әкімшілік –территориялық бір2і4і
-
Франция құқығының қайнар көздері
Тақырып 7. Ортағасырлық Англия мемлекті мен құқығы тарихы
Жоспар:
1. Ертефеодалдық англосаксондық монархия кезеңіндегі мемлекет пен құқық (ХІІ-ХІ ғ.ғ.).
2. Ағылшын феодализмінің қалыптасу кезеңіндегі мемлекет пен құқық (ХІ-ХІІІ ғ.ғ.ғ).
3. Сословиелік - өкілетті монархия кезеңіндегі мемлекет пен құқық.
4. Абсолюттік монархия кезеңіндегі мемлекет пен құқық (ХV-ХVІІ ғ.І жартысы).
5. Феодалдық Англияның құқығының қайнар көздері.
Кезеңге бөлінуі:
1-кезең – ертефеодалдық англосаксондық монархия (ХІІ-ХІ ғ.ғ.).
2-кезең – ағылшын феодализмінің қалыптасу кезеңі (ХІ-ХІІІ ғ.ғ.ғ).
3-кезең – сословиелік - өкілетті монархия.
4-кезең – абсолюттік монархия (ХV-ХVІІ ғ.І жартысы).
Ертефеодалдық англосаксондық монархия.
VІІ ғ. басында герман тайпалары. Британияны толық жаулап алады да, ал Британияны мекендеген кельт тайпалары құлдар мен тәуелді адамдарға айналады.
Қоғамдық құрылыс.
Тұрғындардың негізгі массасын ерікті қауым шаруалары керл-р құрады. Оның ішінен ру-тайпалық қауым ақсүйектердің өкілдері – эрл-р бөлінді. Жартылай еріктілер лэт деп аталады. Қоғамдық баспалдақтың ең төменгісінде құлдар тұрды.
Феодалдық қоғамның қалыптасуына байланысты англосаксониялық ірі жер иелері – глафорд немесе лорд деп аталады. Шаруалардың негізгі массасын басыбайлы шаруа- виллаир құрады. Ерікті шаруалар – сокмен деп аталады.
Мемлекеттік құрылыс.
ІХ ғ. Басында УЭС секс корольдығы өзіне англосаксондық мемлекеттен басқасын қаратып алады да, Англия деп аталатын біріңғай англосаксондық мемлекетін құрайды.
Мемлекет басында – король тұрады. Ол заң шығару билігіне, әскери билігіне ие болды және жоғарғы сот.
Атқарушы орган – Даналар кеңесі – витана гемот. Оның құрамына король, корольдың ер баласы, епископтар, ірі феодалдар және тэн-р- ақсүйектер өкілі. Витанагелиоттардың қызметі біртіндеп құлдырайды, өйткені король сарайы басқару орталығына айналады. Король жанындағылар мемлекеттің жоғарыдағы лазазымды тұлғалары болады. Олар:
- камерарий – король мүлкі мен қаржысына есеп берді;
-
маршал – король атты әскерін басқарды;
-
капеллан – король канцнляриясын меңгерді.
Әскер.
Әскер сарбаздар мен халықтық жасақтардан тұрды. Оған қару ұстай алатын барлық еркін азаматтар енгізілді.
Жергілікті басқару.
Негізгі территориялық бірлік – графтық болды. Оны олдермен басқарды. Олдерменді король ақсүйектер ішінен тағайындады. Графтық жүздіктерге бөлінді. Ең төменгі территориялық бірлік – ауылдық қауым болды. Қауымдар ондықтарға бөлінді және олардың жауаптылығы бірдей болды.
Сот.
Мемлекеттегі жоғарғы сот – король соты болды. Ол мемлекеттік сатқындық, король вассаларының арасындағы дауды шешу және жер иелігіндегі жөніндегі дауларды шеші сияқты істерді қарады. Жергілікті жерлерде қылмыстық және азаматтық юрисдикция жиналыс қолында болды.
Ағылшын феодализмінің қалыптасуы.
1066 жылы норман герцогі Вильгельм үлкен әскермен аралды басып алып, англосаксон әскерін жеңіп, Англияны жаулап алды. Ол өзін барлық жерлердің жоғарғы меншік иесімін деп жариялап және барлық ерікті жер иелеріне оған ант берсін деп талап етті.
Қоғамдық құрылыс.
Феодалдық шаруашылықтың негізі – феодалдық жер иеліктерінің жиынтығы – манор болды. Негізгі антогонистік топтар : феодалдар және олармен қаналушы басыбайлы шаруалар. Қалаларда саудагерлермен қолөнершілердің топтары қалыптаса бастады.
Мемлекеттік құрылыс.
Норман герцогі Вильгельм Англияны жаулап алғаннан кейін ол қуатты король билігі бар орталықтанған мемлекет болды. Жоғарғы заң шығарушы билікті король корольдік куриямен бірге жүзеге асырды. Корольдік куриядан тек қана мемлекеттің қаржысын басқаратын орган –Шахмат тақтасы палатасы бөлініп шықты. Бұл орган жоғарғы есеп палатасы және тек қана қаржы ведомствасының шенеуніктері жасаған қылмыстарды қарастыратын сот органы болды. Бұл кездегі мемлекеттегі жоғарғы лауазымды тұлғалар : маршал – әскер басшысы ; камерарий король мүліктері мен жер иеліктерін басқарды ; канцлер – мемлекеттік канцелярияның басқарушысы және юстициарий-корольдің бірінші көмекшісі.
Жергілікті басқару.
Жаулап алынғаннан кейін де Англиядағы графтықтарға, жүздіктерге және қауымдарға бөліну сақталды. Графтықтардың басында – олдермен тұрды, бірақ шын мәніндегі билік жоғарғы қаржы, сот, әскери және полицейлік билік иесі – шерифқа көшті.
Сот.
Сот жүйесін қайта құрудың негізін Генрих ІІ-ң ассиздері (нормативтік актілері) қалады. Ол 6 округке институт құруды қарастырды. әор округке 3 разъездік судья тағайындалды. Оларға сот функциясымен қатар, сонымен бірге жергілікті жерлердегі шенеуніктерінің қызметін бақылау және салық жинау міндеттері жүктелді. 1176 жылы Нортгемптондық ассизда 12 рыцарь және өзге де толық құқылы азаматтардан құралған сот құру көзделген. Разъездік судьялар институтын құрудан кейін Корольдік куриядан ерекше бөлім – корольдік орындық соты құрылды.
Сословиелік -өкілетті монархия.
Қоғамдық құрылыс.
Экономикадағы өзгерістер елдің таптық құрылысына да елеуші өзгерістер әкелді : нормандық және англосаксондық феодалдар арасындағы айырмашылық жойылып, олар бірігеді ; үстем тап құрамында ірі феодалдың ақсүйектер қабатына бөліну күшейе түседі : лордтар мен ұсақ және орта жер иелері – рыцарьлар арасында. Феодалдар мен шаруалар арасындағы қатынастарға келетін болсақ, натуралды борыш ақшалай борышқа – коммутацияға ауысады.
Мемлекеттік құрылыс.
ХІІ ғасырдың басында Англияда король билігін шектеуге қарсы және король шенеуніктерінің өкілеттігін де шектеуге қарсы күшті күрес туады. Бұл сословиелік өкілетті монархияның орнығуына себепші болды. 1215 жылы Иоан Безземельный бірінші конституциялық актіге қол қояды (Великая Хартия вольностей). Онда негізінен король билігін салық жинау мәселесі бойынша шектейтін корольдік кеңесін құру қарастырылған. Бұның нәтижесі – сословиелік өкілетті мекеме парламенттің құрылуы.
1258 жылы қаруланған барондар корольді Оксфорд азық түліктерін қабылдауын мәжбүр етті. Ол король бірде-бір маңызды шешімді 15 барон кеңесінің келісімінсіз қабылдай лмайды дегенді қарастырды.
1263 жылы корольдің жақтаушылары мен Симон де Монфор бастаған олардың қарсыластары арасында азаматтық соғыс басталды.
1264 жылы король әскері жеңіліп, мемлекеттік билік Симон де Монфордың қолында болды. Оның қызметіндегі ең маңыздысы сол, Англия тарихында алғаш рет Парламент шақырылды (1265 ж.) Оның құрамына король ірі (зайырлы) және рухани феодалдар, әр қаланың 2 өкілі кірді. ХІVғасырдың ІІ жартысында парламент 2 палатаға бөлінді: жоғарғы – лордтар палатасы, төменгі – қауым палатасы.
Жергілікті басқару
Жергілікті басқару жүйесіндегі негізгі өзгеріс графтықтың ескі соты мен жиналысының рөлі бірден түсіп, олардың функциясы жаңа лауазымды тұлғалар мен разъездік судьяларға көшті.
Сот жүйесі.
-
Корольдік орындық соты- қылмыстық істерді және қауіпсіздікті сақтау істерін қарастырды.
-
Жалпы дау соты – корона құқықтары мен мүдделеріне байланысты емес азаматтық істерді қарады.
-
Қазыналық сот – қаржымен байланысты істерді қарады.
-
Лорд-канцлер соты – алдындағы үшеуіне қарағанда «әділеттікпен» істерді шешті.
-
Ассиздер соты – разъездік судья басшылығындағы істерді қарады.
-
Суд присяжных – үлкен және кіші жюрийлерден тұрды, үлкен – айыптаушы, кіші – істі қарап, вердикт шығарды.
Абсолюттік монархия
1. Жаңа дворяндық – джентри
2. Қалалықтар
3.Шаруалар: копигольдер – ескі шаруалардың ұрпақтары және фригольдер – жердің ерікті меншік иесі болып бөлінеді.
Мемлекеттік құрылыс
Англияда абсолюттік монархия феодализм ыдырап, капиталистік өндіріс қатынастары пайда болғандақалыптасты. Ағылшын абсолютизмінің ерекшелігі сол, ол толық аяқталмады, яғни күшті король билігімен қатар парламент те әрекет етіп тұрды.
Мемлекеттік билік пен басқарудың ең жоғарғы органы – король - өзіне бағынышты органдармен көмегімен заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін жүзеге асырды. Жасырын кеңес – мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларынан тұрды: лорд-канцлер, лорд қазынашы, жеке мөрді сақтаушы лорд, лорд-адмирал. Парламент – сословиелік өкілеттік органы.
Жергілікті басқару
Графтықтар сақталды, бірақ ең төменгі территориялық бірлік – приход болды.
Сот жүйесі
Вестминстерлік соттармен бірге төтенше соттар (Звездная палата) пайда болды.
Құқығының негізгі белгілері:
Англиядағы құқықтың негізгі қайнар көздері:
1. әдет – ғұрыптар
2. нормативиік актілер (мысалы, 1017 ж. Кунт заңдары)
3. разъездік соттың «жалпы құқықтары»
4. даудың, айтыс – тартыстың жинағы деп аталатын сот мәжілісі барысында толтырылатын хаттамалар
Сөйтіп, маңызды сот ісінің «жылнамаларда» басылатын болды. Сөйтіп, жалпы құқықтың негізгі принципі қалыптасты: «дау – дамайлар жинағында» жазылған жоғары тұрған соттың шешімі ұқсас істерде немесе төмен тұрған соттарда міндетті түрде қаралуы тиіс. Сөйтіп, сот президенті пайда болды.
Ұқсас шешім болмаған жағдайда – құқықтың жалпы принциптері немесе соттың еркін қаралуы
-
«әділеттік құқығы» - тұлға өз мүддесінің «жалпы құқық» соттарынын қорғалуын таппағанда, ол өз ісін «ар - ұятына қарай» шешуін өтініп, корольден «қайыр» сұраған.
-
статуттар – орталық биліктің заң шығарушы актілері, яғни король мен парламент қабылдаған актілер.
Англосаксондық құқық жүйесіне тән белгілер: сот процестіне негізделген «жалпы құқық» және «әділеттік құқығының» пайда болуы;
«Жалпы құқық» жерді феодалдық ұстаумен байланысты ғана мәселелерді қарастырды. «әділеттік құқығы» негізінде копигольдер және лордтар арасындағы азаматтық істерді ғана қарастырды.
XII – XII ғ.ғ. ағылшын құқығында бұрын – соңды болмаған – сенімгерлік меншік институты пайда болды. Оның мәні мынада: бір тұлға екінші тұлғаға басқаның мүддесі үшін өз мүлкін сеніп тапсырады, береді.
Міндеттеменің негізгі қайнар көзі шарт және құқық бұзушылықтар болды. Англосаксондық құқық шартының барлық түрлерін білді.
Некеге отыру, оны бұзу және ерлі – зайыптылардың қатынастары жөніндегі мәселелер канондық құқық құзіретінде. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік қатынас «жалпы құқықпен» реттелді.
Барлық қылмыстар 3 топқа бөлінді : тризна-сатқындық (дарға асу жолымен өлім жазасына кесілді); фелония –ауыр қылмыстар (өлім жазасына кесілді) ;
мисдиминор - терісқылықтар (мүлкі тәркіленген).
Бақылау сұрақтары:
-
Англия мемлекеті мен құқығының орта ғасырда пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері
-
Орта ғасырылық Англиядағы басқару органдары
-
Орта ғасырлық Англиядағы әкімшілік-территориялық бөлініс
-
Англиялық феодалдық құқықтың қайнар көздері
Тақырып 8. Ортағасырлық Германия мемлекеті мен құқығы
Жоспар:
-
Ерте феодалдық монархиялық – герман ұлттық Қасиетті Рим империясының құрылуы (Х-ХІІІ ғ.ғ.) ;
-
Германия князьдіктерінде сословиелік өкілетті монархиялық қалыптасуы мен нығаюы және курфюрстер олигархиясының орнығуы (ХІV- ХVІ ғ.ғ.)
-
Германия мемлекетінде князьдық абсолютизмінің орнығуы ХVІІ-ХІХ ғасырдың басы).
-
Пруссия мемлекетік құрылысы
Германия дербес мемлекет ретінде Франк мемлекеті құлаған кезде пайда болды. Алғашында ел Тевтондық мемлекет деп аталды. Оған Швабия, Бавария, Франкония, Саксония және Лотарингия кірді.
Кезеңге бөлінуі.
1-кезең – ерте феодалдық монархиялық – герман ұлттық Қасиетті Рим империясының құрылуы (Х-ХІІІ ғ.ғ.) ;
2-кезең – Германия князьдіктерінде сословиелік өкілетті монархиялық қалыптасуы мен нығаюы және курфюрстер олигархиясының орнығуы (ХІV- ХVІ ғ.ғ.)
3-кезең – Германия мемлекетінде князьдық абсолютизмінің орнығуы ХVІІ-ХІХ ғасырдың басы).
Ертефеодалдық монархия.
Көршілес ұлттардың көмегімен территорияның кеңеюі нәтижесінде Европа орталығында ХІІІ ғасырда Герман ұлтының «Қасиетті Рим империясы» деп аталатын империя пайда болды. Оның құрамына герман герцогтіетері және Солтүстік Италия мен словенияның мәжбүрлеп қосып алған жерлері кірді. Бұл әр халықты (неміс, славян) біріктірген жасанды мемлекет еді. әлсіз болғандықтан, жеке неміс қаладағы республикалық және дербес князьдігінің бөлінуіне әкеп соқты.
Қоғамдық құрылыс.
Бұл кезеңдегі тұрғындардың негізігі қабаты – феодалдар мен шаруалар болды. Феодалдар верхушка мен рыцарьлықтан тұрды, ал шаруалар бірнеше категорияларға бөлінді : еріктілер - өз жерін өзі иеленуші ; чиншевиктер – басқалардың жерін ұстаушылар және сол үшін чинш-оброк төлеушілер ; басыбайлы шаруа және халықтар және қалалықтар – саудагерлер мен қолөнершілер,
Германияның мемлекеттік құрылысының өзіндік ерекшеліктері болды.
а) король (император) сайланбалы болды.
б) жергілікті феодал, әсіресе князьдық билігінің лауазымдылығы сонша, тіпті олар дербес государьға айналып кетті. Формальды түрде герман королінің билігі кең болғанымен шын мәнінде зайырлы феодалдарға берілген, артықшылықтар нәтижесінде шектеулі еді. Х ғасырда басқарудың сарайлық – вотчиналық жүйесі бекітіледі.
Әскер.
Германияның қарулы күштері бұл кезеңде император-вассалы – рыцарьлардан тұрды. Феодалдық әскери қызметі 6 аптамен шектелді. Қажет жағдайда жасаққа шаруаларда шақырылды.
Сот.
Императордың сот билігі шектеулі болды. Жоғарғы юрисдикция зайырлы және рухани феодалдық жолында шоғырланды. Сословиелік соттар пайда болды. өзіңе тең соттасу принципі бекітіледі. Шаруаларға сот билігін феодалдар жүзеге асырады.
Сословиелік өкілеттік монархия.
Қоғамдық құрылыс.
Таптық құрылыстағы өзгерістер орта феодалдық жоғалуынан, рыцарьлықтың құлауынан көрініс табады. Духовенство 2 топқа бөлінеді. Жоғарғы духовенство – ірі жер иелері және төменгі духовенство – ауылдық және қалалық священниктер. Қала тұрғындарының ішінен жоғарғы қабат – патрициат, ортаңғы топ – шеберлер және тұрғындардың плебейлік бөлігі – подмастерья бөлініп шығады.
Мемлекеттік құрылыс.
Князьдықтың экономикалық нығаюы сәтінде Германияның саяси ыдырауы өседі. Бұл кезеңде Германияда дербес мемлекет құқығы бар 324 территориялық бірлік, 1475 ерікті рыцарьлық иеліктер болды. ХІV ғасырдың басында мемлекеттері ірі 7 князьдан құралған топ басқарды: Бранденбург, маркграфы, Саксондық герцог, Рейн пфальцграфы, Чехия және Богемия корольдері және Кельн, Майнцс, Трирск епископтары бар. Олар курфюрст деген атаққа ие болды. Курфюрсттер әрбір император сайланардың алдында өз билігін өзі шектейтін өзі ойлап тапқан шарттарды қабылдауы тиіс дегенді ойлап тапты. Бұл талаптар Сайлау капитуляциясы дкп аталады.
ХІV ғасырда өкілетті орган ұйымы – Рейхстаг тұрақты сипат ала бастады. Ол 3 алқадан тұрды : Курфюрстер алқасы, князьдар, графтар алқасы және қала өкілдігі алқасы. ХVІІ ғасырдан бастап бұл алқалар империя сословиесі немесе шен атауына ие болды. әр мемлекетте өзінің сословиесі (шені) болды. Олар оқшауланған тұйық корпорацияны құрады. Көптеген мемлекеттерде 3 тұйық және бір-біріне тәуелсіз курия құрылды. Олар: духовенство, рыцарь және қалалықтар. Бұл курияның жиналысы – ландтаг деп аталады.
Қалалар өздерінің саяси маңыздылығына қарай 3 топқа бөлінді : империялық, ерікті және князьдық немесе земдік.
1495 жылы империялық сот құрылды. Онда барлық мәселелер рим құқығы негізінде шешілді.
Абсолюттік монархия.
Германияда аболюттік монархиялық өзіндік ерекшеліктері болды. Экономияның тұрақсыз дамуы нәтижесінде елде көп уақытқа дейін ыдырау күйінде болды. Бірақ әрбір жеке мемлекетте абсолюттік монархия бекітіліп отырды. Бұл князьдық немесе облыстық абсолютизм болды.
ХVІІ- ХVІІІ ғ. Германияның қоғамдық құрылысы өзгеріссіз қалды. Императорлық билік құрметті атаққа ие болды. Князьдар әскери міндеттен босатылып, императорға алым-салық төлемейтін болды. Рейхстагтың маңызы жойылды. Ландтагтар тек қана көзбояушылық үшін жиналып отырды.
Пруссия.
Барлық Герман мемлекетінің ішінде ХVІІІ ғ. Бранденбург маруграфы ерекше күшейе түсті де, ол 1702 жылы Пруссия корольдігіне айналды. Бұл полицейлік мемлекет еді. Мұндағы негізгі принцип азаматтың кез келген жеке құқықтарын мойындамау, жоққа шығару. Бюрократизм тән болды. Мемлекет басшысы – король болды. Ол курфюрстер алқасына енді. Король жанында жасырын кеңес болды – ол мемлекеттік басқарудың жоғарғы органы. Ол 3 департаментке бөлінді : сыртқы істер, ішкі істер және юстиция. Пруссияда жергілікті басқару дворяндық өзін-өзі басқаруға негізделді. Дворяндар өз ішінен толығымен орталық билікке бағынатын – ландратты сайлады. Пруссиядағы барлық басқару жүйесі шенеуніктің иерархия – төмендегілердің жоғарыдағыларға толық әрі қатаң бағынуы принципінде құрылды.
Құқығының негізгі белгілері :
Х-ХІІІ Германияда біріңғай құқық жүйесін білмеді : әр еркін саяси территорияда өз құқығы әрекет етті, яғни бұл кезеңде құқықтың басты қайнар көзі – әдет-ғұрып болды.
ХІІІ ғ. әдет-ғұрыптарды жазып көруге тырысты. Олар жеке сипатта болды және олардың ішіндегілерінен Саксондық және Шваб зерцалоларын айтуға болады. Саксондық зерцалоланың негізігі қайнар көзі солтүстік-шығыс Германияның әдеттегі құқық нормасы болды. Ол 2 бөлімнен тұрды :
-
еркін адамдар арасында туындайтын азаматтық, азаматтық іс жүргізушілік, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізушілік, мемлекеттік-құқықтық қатынастарды реттейтін земдік құқық.
-
Феодалдар арасында туындайтын вассалитет қатынастарын реттейтін лендік құқық.
Шваб зерцалоланың қайнар көзі ежелгі герман құқықтары – Бавар, Аллемен правдалығы, император капитулярийі, рим, канондық құқықтары және Саксондық правда.
Құқықтың қайнар көздеріне тағы мыналар жатады : Магдебург және Любекс қалаларының құқықты (ол адамдарды еріктілер, еріксіздер деп бөлмеді және барлық қатынастарды реттеді), рим құқығы , канондық құқық.
1532 жылы рейхстаг жалпы германдық «Каролина» деп аталды қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу уложениесін қабылдады. «Каролина» бойынша қылмыстың мынадай түрлері болды:
-
дінге қарсы қылмыстар – даулаушылық, антты, сертті бұзу.
-
Мемлекеттік қылмыстар – опасыздық, билікке қарсы бүлік, земдік бейбітшілікті бұзу, жалған ақша жасаушылық, тонау.
-
Меншікке қарсы қылмыстар - ұрлық, тонау, өртеу.
-
Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар – адам өлтіру, мүшеге зиян келтіру, зорлау, жала жабу, қорлау.
-
Адамгершілікке қарсы қылмыстар – 2 әйел алушылық, ерлі зайыптылық сенімді бұзу, жезөкшеліе, араласқандық, жас балаларды азғыру.
-
әділсоттылыққа қарсы қылмыстар – сот алдында жалған куә ьолу және жалған акт беру.
-
Сауда тәртібіне қарсы қылмыстар – таразыдан жеушілік, жазалардың түрлері: өлім жазасы, мүшесіне зиян келтіру, дене жзасы, елден қу және айыппұл.
Бақылау сұрақтары:
-
Англия мемлекеті мен құқығының орта ғасырда пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері
-
Орта ғасырылық Англиядағы басқару органдары
-
Достарыңызбен бөлісу: |