Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы


Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру



бет3/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#128378
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7

Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру. Бағдарламадағы негізгі міндеттердің бірі: «Әкімшілік шеңберде қоршаған ортаны қорғау бойынша институттар талдауы мен экологиялық басқаруды жақсарту үшін ұсыныстар дайындау», реформаларды басқару бойынша жобалармен және мемлекеттік тиімді басқарумен және сектораралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерімен тығыз байланысты.

Тұрақты саяси даму бағдарламасына жәрдемдесу бойынша жүйелі түрде және түрлі жоспарда болады. Экологиялық жобалар (Ғаламдық Экологиялық Қор, СИЯП, Каспий экологиялық бағдарламасы), «ҚР-ның кедейлікті жеңу бойынша бағдарламасы» мен қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық әрекет жоспарының арнаулы жұмысшы тобымен, сонымен қатар БҰҰ-ның Еуропа экономикалық комиссиясы (ЕЭК) шеңберінде «нәтижелі экономикалық қызметтің шолуымен өзара бірлестікте үйлестіріліп» жүзеге асырылады.

Тұрақты дамудың жергілікті, ведомстволық, ұлттық және халықаралық деңгейімен байланысты бағдарламалар мен мониторинг жобалары жоспарлы түрде өтіп тұрады.

Қазіргі кезде экологиялық жобалар басымдылығымен көрінуде.

Сарапшылардың зерттеулеріне байланысты осы бағытта Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің түрлі комитеттеріне жоспарлы стратегиялық құжаттар мен ұсыныстар дайындалды. Атап айтқанда, ҚР 2010 ж. дейінгіұзақ мерзімді дамуының стратегиясы, ҚР 2005 ж. дейінгі су қорларын пайдалану мен қорғау бағдарламасы, «2003 – 2007 жж. Қазақстан ормандары» мен т.б.

Бүкіл дүниежүзілік министрлер Саммитіне Алматыдағы субаймақтық кездесудің дайындығы бойынша Орталық Азия елдерінің экономика, қаржы және Қоршаған ортаны қорғау министрлері: «Каспий экологиялық бағдарламасының мәртебесін кеңейтуден» «Каспий бассейніндегі тұрақты даму бағдарламасын, Каспий жағалауындағы мемлекеттердің экономикалық бағдарламаларын интеграциялау мақсатымен жаңа технология мен бизнесті дамыту жобаларына» дейін атты шешім қабылдады. Қабылданған міндеттемелерді орындауда мұнай-газбен ластану және Каспий проблемалары бойынша сектораралық комитет әрекет жасайды. Оның мақсаты – Каспий экологиялық бағдарламасын дайындау.

Бағдарлама саны бойынша жобалардың мониторингі және үйлестірмудың Ұлттық кеңесі (ТДҰК) атқарушы орган немесе жеке жоба аясында 21-кезектегі мәселемен шұғылдануы мүмкін.

Халықаралық табиғатты қорғау конвенцияларының ауқымында көп жақты әлеуетті қалыптастыру. Бұл бағыттың негізгі функциялары: қоршаған орта бойынша халықаралық конвенциялардың орындалу рәсімдерін қолдау және бағалап, талдау; ортақ шараларды табу мен үйлестіру, ведомствоаралық механизмнің әлеуметтік және экономикалық бағдарламалар интеграциясы. Бұл келіспеушілікті, қайталауларды болдырмауды, сонымен бірге бюджеттік және донорлық қаржыны пайдалану тиімділігін арттырады.

Конвенция бойынша құрылған әлеуметтік халықаралық ынтымақтастық бөлімінің негізі ретінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берілуі тиіс.

Осы тақырыптық бағыт шеңберінде халықаралық және трансшекаралық бірқатар жобаларды жүзеге асыру үшін донорлар тартылады.

Тек қана экологиялық үйлестірудің қажет еместігін, бірақ қол қойылған халықаралық шарттар мен тұрақты дамуға байланысты барлық (конвенциялар, келісімдер, хартиялар мен декларациялар) бекітілгендерді ескерте кету керек. Атап айтқанда, әлеуметтік даму жөніндегі Копенгаген декларациясы (1995 ж.), Күн тәртібіндегі Хабитат (Стамбул мен Найроби декларациясы), Еуропалық энергетика Хартиясы мен энергетика тиімділігі бойынша хаттама және экологиялық аспектісіне сәйкес Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау бойынша Конвенция, мұнайдың ластануынан келген зиянға азаматтық жауапкершілік туралы конвенция және басқалары.



Тұрақты даму үшін ынтымақтастық. А. Сектораралық ынтымақтастық.

Бұл бағыттың мақсаты: Қазақстандық 21-кезекті мәселе мен жергілікті 21-кезекті мәселені зерттеп іске асыру процесін қолдау, Тұрақты Дамудың Ұлттық Кеңесін (ТДҰК) құру және оны қолдау.

2002 ж. Қазақстандық 21-кезекті мәселенің тұжырымдамасы мен Тұрақты Дамудың Ұлттық Кеңесін құру қабылданды. Ол стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттікпен және Сыртқы істер Министрлігімен өзара тығыз байланыста қызмет жасап отыр.

ҚР Үкіметінің ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарға байланысты әрекеті министрліктермен және ведомстволармен тұрақты даму бойынша Ұлттық жоспардың қызметін қалыптастыруы мүмкін.

Ғаламдық 21-кезекті мәселенің компоненттерін енгізу бойынша мониторинг өткізіліп, тұрақты дамудың алға басу бағасымен ақпаратты бағдарлама қоса жүзеге асырылады. Осындай ақпаратты БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтеріндегі интернет-серверіне орналастыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл Қазақстанның халықаралық арнадағы жағымды имиджін нығайтып, қалыптастыру да өте маңызды.

Осы бағыттың басты идеясы – тұрақты дамудың ынтымақтастығы үшін сектораралық кедергілерді жеңу, барлық секторлар мен салалардың әлеуметтік және ғаламдық әріптестікке өтуі болып табылады.

Күн тәртібіндегі ХХІ ғ. – бұл, бір жағынан қолданыстағы бағдарламалар мен жобалардың үйлестірулері жөніндегі шаралары (мұнда ерекше қаржыландыру қажет емес), екінші жағынан инвестициялық және өз шығынын өзі өтейтін жекелеген тізімдемелер сияқты үлкен жоспарлар мен бағдарламалар, гранттар. 21-кезектегі мәселелер жобалары салааралық және сектораралық сипатымен ерекшеленеді, мысалы:


  • жергілікті және трансшекаралық 21-кезектегі мәселелер, Іле-Балқаш бассейнін тұрақты дамыту;

  • экологиялық туризм, орнықты мекндер мен қалалар, экологиялық үй құрылысы, жаңғыртылмалы энергия көздері;

  • биосфералық резервтер, экологиялық-экономикалық аймақтар, ғылыми серуентоғайлар (парк);

  • экологиялық таңбалау мен өнімдерді сертификациялау, технологиялық желі мен қызметкерлердің әлемдік стандартқа өтуі, жалпы сапалы басқару;

  • экологиялық бизнесті дамытудың инкубаторы;

  • тұрақты даму қорын қайта инвестициялау желісі;

  • дамыған елдерге экологиялық қызмет көрсету, сыртқы берешекті жаңғырту;

  • тұрақты дамудың заңын немесе кодексі мен заң жобасының ТД үшін мониторингін дайындау, ҚР-ның заң шығару базасы аппаратының куәгерлерін жетілдіру.

3.6 Тұрақты дамудың міндеттерін шешуде экологиялық- экономикалық механизмнің тиімділігін арттыру.

Нарықтық реформаларды тереңдету, ұлттық және аймақтық деңгейде тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамумен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен, сондай- ақ өтпелі кезеңде табиғи ресурстарды сарқылмастай тиімді пайдалану үшін экономикалық механизмдерді пайдалану аса маңызды болып табылады, биологиялық әр алуандылықты сақтау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау және халықтың экологиялық жағынан денсаулығын қамтамасыз ету. Іс жүзіндегі экономикалық құралдардың бағалануы негізінде олардың тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру бойынша шралар қолданып, сондай- ақ арнаулы экономикалық құралдарды әзірлеу керек. Сараптық бағалаулардың және экономикалық құралдарды өткізудің әлемдік тәжрибесінің негізінде олар табиғатты қорғау саясатын жүргізуде маңызды құрал болып табылады.

4. Экономиканы экологияландырудың негізгі бағыттары.

4.1. Экономикадағы экологиялық факторлар



    1. Экономиканың құрылымдық қайта құрылуы

Негізінде жаңа экологиялық-экономикалық жобаны экономика саласында қалыптастыру үшін экономиканы дамытудың экологияландырылған тұжырымдамасын жасау талап етілуде. Қоғам мен технологиялық саланың өзара қарым-қатынасында қоршаған ортамен экономиканың барлық құрылымдары мен функциялары, яғни өндіріс, бөлу мен тұтыну тартылған десе де болады. Адамзат қоғамының материалдық игілігінде шек жоқ, ал материалдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ресурстар шектеулі. Осыған орай, бұл байланыста экономиканың іргелі тәртіптің негізіне байланысты қалыптасатынын әсте естен шығармаған жөн. Шектеулі ресурстар мен қажеттіліктерді барынша қанағаттандыруда экологиялық процестерді оңтайландыруда айқын көрініс табады.

Экономиканың табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі ұзақ уақыт табиғи заңдылыққа тәуелді екендігі мойындалмай келді. Өндіргіш күштердің соңғы онжылдықта қарыштап дамуына байланысты бұл тәуелділік қатты сезілуде. Мәселен, топырақ құнары 1%-ке төмендесе, өткен жылғы егін шығымдылығын сол деңгейде сақтау үшін шығынды 10%-ке арттыру керек болады. Кесілген орманның орнына өскен жаңа ағаштың сапасы бұрынғы шырышы бұзылмаған орман ағашынан кем болатыны анықталды. Көріп отырғанымыздай ресурстарды пайдалануда шаруашылық қызметтің ұқыпсыздығы, немқұрайдылық бізге өте қымбатқа түсуде. Ең бастысы - әлеуметтік және экологиялық-экономикалық зиянның аса зор болуынан қоршаған орта ластануда.

Бұл проблеманы әлеуметтік-экономикалық саланың экологияландыру жолымен келесі жағдайлардың негізінде шешуге болады:


  • экологиялық факторлар мен ресурстарды, оның ішінде байлықтың өзге категорияларымен тең болатын экономиканың категориялар санында қайта жаңғыртылатындарды қосу;

  • экологиялық шектеулер мен төлем жүйесінің кеңеюімен балансталған табиғатты пайдаланудың принципін және ресурстарды пайдалану мен өндіріс экономикасын бағындыру;

  • табиғатты қорғаудың функциясын тікелей өндіріс экономикасына енгізу;

  • өндірістің технологиялық жарақтану негізінде сапалы өсудің стратегиясына көшуі.




    1. Экономиканың құрылымдық қайта құрылуы

Экономикадағы құрылымдық оң өзгерістерді жүзеге асыру үшін тиімді құрылымдық саясат жасалуы қажет.

Бұл жүйе экономикада барлық ресурстарды жемісті пайдалану, толығымен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру, экономикадағы өзгерістердің пропорциясын қолдап, қалыптастыру бойынша шараларды мақсатқа сай бағыттап жүзеге асырып отырады. Құрылымдық саясат – экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және өзге проблемаларды шешуде басымдылықты белгілейді. Осы басымдылыққа сәйкес белгілі бір саланың қызмет түрлерінің дамуын жүзеге асырады.

Мақсатқа сәйкес қайта құрылған халық шаруашылығының құрылымын түбегейлі қарастырайық. Барлық экономиканың технологиялық сатыларға байланысты блоктарға бөлінгенін пирамида түрінде көз алдыңа елестетуге болады. Ондағы сатыда бастапқы шикізат пен өңделуден шыққан соңғы өнім болады. Пирамиданың негізінен алыстаған шамада ол тарыла бастайды, ал жоғары деңгейдегі жалпы ұлттық өнімнің салалық үлесі кеми береді. Бұл дегеніміз Қазақстан экономикасына тән сипаттама.

Өндірістің басты категориясы арасында арақатынастың өзгеруі: өндірісті сақтап қалған кезде өндіріс құралдарының азаюы немесе табиғат сыйымдылығынан азырақ тұтыну құралы ретінде өндіріс көлемін ұлғайтуы. Бұл талаптарды экономикалық пирамида құрылымындағы «ауырлаудың» орнына «жеңілдеу» деп көрсетуге болады. Бұл жағдай Қазақстанның қазіргі экономикасына тән құбылыс.

Пирамиданың негізі – табиғатты пайдаланатын салалар. Бұл жерден халық шаруашылығының төтр секторы да табылады: тау-кен өндірісі (барлық энергия ресурстарын өндіру), ауыл шаруашылығы, орман өнеркәсібі және балық шаруашылығы.

Екінші блокқа табиғи шикізатты алғаш рет өңдеуді қамтамасыз ететін салалар кіреді. Ол шикізаттар – байыту фабрикаларындағы өндіріс өнімдері, түсті металлургия салаларындағы шойын мен болат, электроэнергиялар, қарапайым ағаш өңдеу және т.б. Аграрлық-өнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салаға ет консервілейтін, ұн тартатын кәсіпорындар, шарап зауыттары және т.б. жатады.

Одан ары қарай өнімдерді терең өңдеу пирамиданың үшінші блогында жүреді. Металлургия прокат, сым темірлер, құбырлар мен құймаларды алады. Аграрлық-өнеркәсіптік кешенде өнімдердің өте терең өңделуі іске асады. Мәселен, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде сапалы жаңа тауалар шығару.

Төртінші блокта машина жасайтын күрделі тауарлар өндірісі мен қызмет көрсету ісі болады.

Көріп отырғанымыздай, пирамиданың төменгі блогында табиғат ресурстарынан алынатын алғашқы шикізат пайдаланылды. Пирамиданың негізінен көтерілген шамада бірінші кезекке жоғары білікті еңбек, ғылым мен техниканың жетістіктері, жоғары технологиялар мен ақпараттар шығады. Жоғарға блоктың құрылымында ақпараттар шешуші фактор болып саналады. Осы заманғы экономикада пирамиданың ең басында ақпараттар өндірісі тұрады. Атап айтқанда, кәсіпорынды басқару бойынша бағдарламаларды қосқанда патенттер, жобалар, түрлі ғылыми қызмет көрсетулер.

Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалануының бар әдістеріне шолу.


  1. Автокөлік құралдарының шығарындыларымен ауа ортасының ластануынан болатын зияндар.

  2. АКҚ-ң қозғалысы көрсетілген шығарындының бөлінуі

  3. Қалдығы аз өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау

.

Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиян экономикакалық, әлеуметтік және экологиялық болуы мүмкін. Экологиялық зиянда қоршаған ортаның, гидросфераның, флора мен фауна жағдайлары нашарлап ахуалы төмендейді деп түсінген жөн. Ал әлеуметтік зиян адам денсаулығының нагарлауы мен әлеуметтік тұрмыс жағдайының төмендеуінен байқалады. Экономикалық зиянды ластану әсерінен болған келеңсіз өзгерістердің негізгі сипатын ақшалай бағалау деп түсінген дұрыс. Зиянның тигізетін әсері өте кең спектрлі – металдардың коррозияға жылдам ұшырауымен ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуімен, флора мен фаунаның құрыумен байланысты адам денсаулығының нашарлауынан басталып шығындарға дейін.

Уақытша типтік әдіспен экономикалық зиянның экономикалық тиімділігін анықтауда осы ықпал етумен келген рецепиенттер мен шығындарға әсер етудің алдын алуға кететін ұсынылған шығындардың ең аз әрі қажетті сапасы жобаланады.

Н.Н.Федоренко, К.Г.Гофманның пікірлері бойынша ластаушылар әрекеті салдарынан келенсіздіктің туындауы, қоршаған ортаның ластану денгейінің көтерілуі, халақ арасында және халық шаруашылыңында экономикалық зиянның қосымша шығындары деп түсінген жөн.

Бұл жероде яғни ауыл шаруашылығындағы зиян ортаның ластану нәтижесінде өнімнің ысырабы экономикалық көрсеткіштер ахуалын нашарлатады.

Кейбір зерттеушілер пікірлері бойынша экономикалық тұрғыдағы зиянды таза табысты пайданың немесе ұлттық табыстың ысырабы деп қабылдайды.

Қоршаған ортаның ластануынан пайда болатын зияннан шығындар 2 бөлімнен тұрады. Олар табиғатты шараларын жүзеге асырудан болатын шығындар немесе экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан болатын экономикалық зияндар.

Қоршаған ортаның ластануынан пайда болатын экономикалық зиянның құрамына табиғатты қорғау шығындары зиянның өтелу шығындары, уыстан шыққан пайданың алынбаған табыс түрін немесе әзірін де есепке алу қажетті деп сан.аймыз.

Сондықтан табиғатты қорғау шараларын жү.зегеь асырудың экономиткалық тиімділігін анықтаудың уақытұша типтік әдісі мен қоршаған ортаның ластануынан болатын халық шаруашылығына тигізетін экономикалық зиянды бағалау жеңілдетілген рәсімнің негізіндегі формула бойынша мына тәсілді ұсынады:

Ỳ=ỳσf ∑Ạỉmỉ

Мұндағы ỉ-ластаушы

mỉ-көлемі

Ạỉ-біріктірме түріне келтірілген түрлі қоспалар коэф.

Σ –уақытша ықпалға ұшыраған аумақтың аймақтық ерекшелігін есепке алуға мүмкіндік беретін коэф.

f-шығарындының жоғарылығы мен температурасына жылдамдығына байланысты таралуын есепке алатын коэф.

ỳ-шығарынды бірліктердің ақшалай бағалануы

Қалыпты жағдайда фактордың өзгеруінің есептеу нүктесіндегі атмосфераның күйі мынадай болуы керек: барлық зиянды қоспалар жол берілген шаманың нормативінен аспауы керек.

Бұл жерде бір мезгілдегі әсерә емес ұзақ уақытқа деген ықпалы.

Зиянды есептеу формулаларында шартты шамалардың көптігі сондай тіпті есептеулер нақты бола бермейді. Себебі әрбір аумақ өзінше бірігей мұндай жағдайда коэф. нақты дәрежесі өте үлкен болуы керек.

Жоғарыда баяндалған атмосфералық зиянды бағалаудың әдістеменің жақтастары да қарсыластары баршылық. Оның сөзсіз артықшылығы – есептеуіндегі қарапайымдылығы болып тұр. Бұндай артықшылығы оның бір мезгілдегі кемшілігі де болып саналады. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл әдістеменің кемшілігінің маңызы аз емес, сондықтан ластану зияны үшін болған төлемді зияннның бағалануымен байланыстырылмайды. Зиянның бағалануы бұл әдістеменің негізінде жүзеге асырылады, оны шартты түрде нәтиженің тәсілі деп айтуға болады, ал төлемді басқа шығын тәсілі бойынша анықтайды

Автокөлік құралдарының шығарындыларымен ауа ортасының ластануынан болатын зияндар.
90-шы жылдардан бастап Еуропа Одағына кіретін Еуропа елдері үшін алғаш рет жанармай нормасының бірыңғай сапасы белгіленді. Сонымен қатер, өте сапалы жанармай өндіруге орай қосымша шығынның енгізілуіне байланысты өте қатаң нормаларға жетудің мерзім кезеңдері белгіленді.

Мотор жанармайының мынадай ластаушы заттектер Pb, C, SO2 шығарындыларына бірінші кезекте әсер. Мотор жанармайының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі проблемаларының бірі- көпшілік жағдайда этилденген бензиндерді өткізу б.т. Этилденген және этилденбеген бензиндерге сапа жағынан қойылатын талаптардың елеулі түрде өзгешелігі бар. Бірінші кезекте бұл қорғасынның шоғырлануына қатысты. Этилденбеген бензинді қолдану этилденгенмен салыстырғанда СО шығарындысын бірнеше есе кемітуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде ауа жанармай қосындысына оттегіден тұратын компоненттердің қосылуынан СО-ның мөлшері азаяды. Дизельді жанармайдың құрамында хош иісті көміртектер мен күкірттің болуы оның жағымсыз мөлшеріне жатады.

Соңғысын 0,5-тен 0,1 пайызын азайтса, күкірт қосындысының және қатты бөлшектердің шығарындысы тиісінше 4-5 есемен 20 пайызға кемиді.

Бақылаудың іс тәжірибесі көрсеткендей мотор жанармайларын өткізудегі мемлекеттік стандарт талаптарына сай келмейтіндері жиі болады.

Ластаушы заттек шығарындысына автомобиль қозғалысы режимінің әсерін алдымен белгіленген және белгіленбеген режимдердің сонымен қатар қозғалыс жылдамдығының арақатынасымен анықтауға болады.

АКҚ ластаушы заттектер шығарындысына әсер ететін ең маңызды деген пайдалану факторларына жататындар:



  • жүргізушілердің кәсіби деңгейі

  • техникалық жағдай

  • пайдаланған кезден бастап жүріп өткен қашықтығы

  • АКҚ қолданудағы техникалық пайдалану көрсеткіштері

АКҚ пайдалану процесінде ластаушы заттек шығарындысының өзгеруін бірінші кезекте тудыратын негізгі тетіктер мен агрегаттардың табиғи тозуы.

Екінші бір маңызды проблема – АКҚ техникалық жағдайларының төмен деңгейі б.т.


АКҚ-ң қозғалысы көрсетілген шығарындының бөлінуі


АКҚ типтері

Жанармай түрі

АКҚ құрылымдары

Жанар-май

Қозғалыс режимі

Пайдалану факторлары

Жеңіл авто-көлік

Б

БЭ


56

6


2

63


34

19


8

12


Жүк авто-көліктері мен авто-бустар

Б

БЭ

Д



60

14

49




2

59

5



22

13

33



16

14

13


Атмосфера ауасының ластануы тудырған экологиялық зиян ластаушы заттек шығарындысына пропорционалды. Табиғатты пайдаланудың ақылы принциптері нәтижесінде және келтірілген экологиялық зиянның төлем шамасына сәйкес атмосфера ауасын ластаушылар үшін жауапкершіліктің АКҚ жасаушылар мен жанармай өндірушілер атқарушы өкімет органдары мен автокөлік иелері арасында өзара бөлінуі мүмкін.



Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндірістің тиімділігі мен дамуы.

Экономикалық дамудың экстенсивті әдістердің басымдылығы қоршаған ортаның нашарлауы мен халық шаруашылығын ресурспен қамтамасыз етудің шиеленіскен проблемасына алып келеді. Табиғат байлықтарын ұтымды түрде пайдалану, әсіресе, табиғи ресурстардың тапшылығы үдеп отырған кезде ресурстардың сарқылуының абсолютті және салыстырмалы жағы пайда болып жатқанда, айналымдағы шикізат ресурстары массасының қолдағы барынан өнімнің санн көбірек алумен қорытындылады. Сондықтан,өндірістік емес

Жұмыстарда және өндірістің өзінде өндірістік тұтынудың соңғы сатысында пайда болып, қалатын қайталама ресурстарды өндіріске әкелу керек.

Бұл үшін ресурс үнемдеуші технология негізінде өндіріс өнімдеріне тиімді тұрғыдағы бағалау мен экономикалық талдау әдісінің жетілдірілуі қажет. Қоршаған ортаның ластануы мен табиғат ресурстарын орынсыз пайдаландың салдарынан экономикалық бағалауды белгілеуге деген қажеттілік туындайды. Қоршаған ортасының ластануынан болған зиянды есептей отырып, қалдықсыз технологиялық процестердің қолданылу шегін кеңейтуді мақсатқа сай жүзеге асыруға алып келеді.

Барлық технологиялық жағдайлардағы процестерді экологиялық үйлесімділік көзқарас тұрғысынан қарастырған жөн болады. Табиғат жүйесінің қалыпты қызметінің белгіленгеншеңбер соңындағы арақатынасын және қоршаған ортаға әсер етуді бұзбайтын осындай өндіріс пен технологиялық процестерді біршама экологиялық деп айтуға болады. Экологиялық емес процестер жоғары техногендік күшті туындатып, қоршаған ортаның жағдайына жағымсыз әсер етеді.

Ары қарай өндірістің дамуы мен оған байланысты қоршаған ортаның проблемасын шешу принципті түрде «қалдықсыз технология» атауына ие болған жаңа тәсілді қажет етуде. Қоршаған ортаны қорғау проблемасының мүмкін еместігін тиімді шешуге оның жаңалығы себепші болуда. Сонымен қатар, экспоненцилдық көлемінің өсуі жағдайында қалдықтарды көму мен зиянсыздандыру, сақтау, қайта өндеу, тек қана пайдаға асыру әдісімен табиғат ресурстарын орынды да ұтымды пайдалану керек.

Өнімдер өндірісіне қалдықсыз тәсілді қолдану идеясын алғаш рет кеңес академик – ғалымдары

Ресурс үнемдеуші технологияны дамытудың басты міндетінің бірі – қалдығы аз және қалдықсыз өндірістің сандық критерийлерін зерттеу болып табылады. Бірқатар салаларда осыған сайма – сай зерттемелер бар, алайда осы уақытқа дейін қалдықтарды анықтаудың әмбебап әдістемесінің жоқ болып тұрғаны.

Экологиялық биотехнологияның келесі саласының негізгі бағыттарына жататындар:


  • Қатты қалдықтарды биологиялық өңдеу (ағынды лас сулардың балшығын пайдаға асыру. ҚТҚ өңдеу, қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын зарасыздандыру);

  • Ағынды лас сулар мен ауаны иісті заттектерден биологиялық тазарту;

  • Мұнай және органикалық химия қалдықтарынан ластануынан жерді биологиялық тұрғыдан қайта құнарландыру;

  • Химиялық пестицидтерге баламалы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы тұратын, қауіпсіз, биологиялық күрестің тиімді құралын жасау.

Биоыдырағыш пластиктерді жасаудың алғашқы қол жеткен табыстары микроорганизмдердің көмегімен іске асты. әлемде тұңғыш рет американ компаниясы биоыдырайтын «биопол» термопластигін жасады. Олар пленкалар, тоқыма емес орауыш материалдар, үлкен сыйымды ыдыстарды шығару өндірісінде пайдаланатын болды. Пластмасса өндірісіндегі ары қарай ілгерілеу түрлі қасиеттері бар полимерлік материалдарда дайындаудың іргелі биотехнологиясын құрумен байланысты.

Экономикалық әсердің енгізілуі мен олардың экономикалық тиімділігін анықтаудың көптеген көрсеткіштері мен бірқатар критерийлері ұсынылды.

Табиғи ресурстарды ұдайы өндіру шығындары үнемі артып отыр, және қоғамдық өндірістегі олардың үлесі де күрт өсуде.

Сондықтан ресурстарды ұдайы өндіруге кеткен шығынды үнемдеу ісі, қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті құрған кезде өте маңызды болады. Жекелеген кең орындарында барлау жұмыстарының шығындары ондаған, жүздеген млн теңгемен есептеледі. Соңғы он жылда 1т мұнайдың қорына шыққан шығынның өсімі 2 есеге артып отыр. Сонымен, бұл дегеніңіз барланған басы артық қордың тереңде жатуының өсуіен түсіндіріледі.

Бұның барлдығы кен – геологиялық ахуалдың нашарлауы, әсіресе, алынатын кеннің тереңде жатуы мен кен өндіру өнеркәсібінің нашар игерілген алыс аудандарға қоныс аударғанына байланысты болуда.

Табиғатты қорғау шараларының шығындары маңызды қымбаттау факторлары болып табылады. Табиғатты пайдалану саласындағы табиғатты қорғау шығындарының үлес салмағы барлық күрделі қаржы шығындарының 10% - тен 50 % - ке дейін, ал пайдалану шығындары 10% - тен 20 % - ке дейін өнім шығару бойынша ағымдық шығынды құрайды. Тасымалдау шығындары да қымбаттау факторына қатысты болып отыр. Атап айтқанда, әсіресе шикізат ресурстарын тасымалдау(руда, көмір, газ, мұнай) едәуір қымбаттады.

Қалдығы аз өндірістің экономикалық тиімділігін бағалаған кезде мыналар есепке алынуы тиіс. Соншалықты оларды құру ісі – шикізат саласындағы техникалық – экономикалық көрсеткіштердің ары қарай нашарлап кетуін тежейді. Сонымен шикізат секторындағы қоғамдық өндірістің тиімділігіне болатын келенсіз беталыстың ықпалын тегіс жояды. Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті іске асыру барысында бастапқы шикізатқа шығатын үнемділік маңызы мен технологиясының жүйесі тұрақты өседі. Өйткені тау – кен өндірісінің өзіндік құны мен қор сыйымдылығының өсу процестері қалыпты сипатқа ие болып отыр.

өндіріс қалдықтарын сақтау шығындары өндірілген өнім құнының біршама үлесін құрайтынын атап өткен орынды. әрине, қалдықтарды қаладан алыстау жерге апару мен оны ұстап тұру шығын үлесінің шамасы оны жинақтап үю технологиясын қолдануға көбірек тәуелді болады. Үйінді шаруашылығының құрылысын салу құны мен қалдықтарды сақтаудың ағымдық шығындары олардың өндеу шығыстарынан артып кетуі жиірек кездеседі.

Үйінді шаруашылығын құру қажеттілігі бірталай жер көлемін өз қарауына алуға мәжбүрлейді. Ал, бұл жағдай ауыл шаруашылығына зиян келтіреді. Сондықтан, барлық келеңсіз салдарларды ескере отырып, аңғарғанымыз – қоқыстарды үю экономикалық жағынан тиімді емес екен. Оларды сол жерде өндеп, пайдаға асыру мен қалдықтардан қосымша жер қойнындағы бар өнімдерді алу әлдеқайда арзанға түседі. Сонымен қатар, жаңадан қуатты қазба кен орындарын ашудың қажеті де шамалы болар еді.
Таукен өндірісін ұйымдастыру және минералдық ресурстарды орынды пайдаланудың принциптері


  1. Қазақстанда жер қойнауын пайдалану мәселесі

  2. Жерді пайдалану құқығы

  3. Кеніш қорларын жіктеу және геологиялық барлау процесінің сатылары

  4. Шетелдерде минералдық ресурстардың экономикалық тұрғыдан бағалануы

Біздің республикада минералдық ресурстарды қорғау және оны орынды пайдаланудың келесі шарттарын орындау керек

1) табиғаттағы барлық ресурстардың түрлері мемлекет меншігінде, сондай-ақ оларды болашақ ұрпақ үшін жер қойнауының байлығын сақтап, пайдалануды кешенді жэне жоспарлы түрде орындайды;

2) қоғамдық қажетті шығындардың ең азымен халық шаруашылығын минералдық шикізаттармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру, таукен өнеркәсіп өндірісінің қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсерінің деңгейін төмендету үшін қалдықсыз және қалдығы аз үдемелі технологияны енгізу.

Қазіргі таңда Қазақстанда жер қойнауын пайдалану мәселесі ҚР Президентінің Жарлығымен 1996 ж. қаңтарындағы «Жер қойнауын пайдалану» туралы қолданысқа еңген күші бар заңмен реттеледі. Осы Жарлыкқа және республика Конституциясына сәйкес барлық жер қойнауы және оның пайдалы қазбалары мемлекеттің меншігінде болады.

Еліміздің үкіметі келесі функцияларды орындайды:

- мемлекеттік жер қойнауының қорын басқаруды ұйым-дастырады;

- жер қойнауын пайдалану тәртібін белгілейді;

- мемлекеттік қажеттілікті қанағаттандыруға арналған стратегиялық және тапшы минералдық шикізат түрлерінің учаскелерін анықтайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде жер қойнауын пайдалануды шектейді, қоршаған табиғат ортасының шырышы бұзылмай сақталуын және халықтың қауіпсіздігін белгілейді.

- кен өндіруші өнеркәсіп саласында қызметін жүзеге асырушылардың жер қойнауын пайдаланушылар үшін салықтар мен төлемдердің төлену тәртібін белгілейді;

- лицензиямен жасалған өзара шарттың тәртібін анықтайды;

- өзара шарттар мен т.б. лицензиялардың шарттарын орындау мен оның сақталуына бақылау жасайды, сонымен қатар жер қойнауын пайдалануға құқықтық лицензияны беруді жүзеге асырады.

Жерді пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, басы-байлы немесе шеттету болып тегін немесе орны толтырылып берілуі мүмкін.

Жер қойнауын тегін және тұрақты пайдалану құқығы жалпы таралған пайдалы қазбаларды жер учаскелерінде өзінің меншік қажеттілігі үшін өндіруді жүзеге асырғанда, жер қойнауын пайдаланушының жеке меншік құқығына жататын немесе тұрақты жер пайдалануға жататын кезде іске асырады.

Жер қойнауын пайдалану бойынша қалған барлық операциялардың түрлері жер қойнауын уақытша және орнын толтыру негізінде жүзеге асады.

Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектісі мыналар жеке және заңды түлғалар, оның ішінде шетелдік түлғалар, сонымен қатар шет мемлекеттер, халықаралық үйымдар болуы мүмкін.

Ұлттық жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық занды түлғалар.

Шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар - шетел азаматтары, шетелдік заңды түлгалар, шетел мемлекеттері, халық-аралық үйымдар.

Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану құқығы шексіз сипаттағы тұлғалар.

Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану құқығы шектеулі мерзімге белгіленген тұлғалар.

Жер қойнауын пайдалану құқығы берілетіндер:

- өндіруге байланысы жоқ жер асты ғимаратын пайдалануға және оның құрылысына, барлауға, өзара шарт пен лицензия негізінде атқарылады;

- жалпы таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта өндіру облыстық атқару органдары берген лицензия негізінде атқарылады;

- жер қойнауын геологиялық мемлекеттік тұрғыда зерттеу ісі ведомствоға қарайтын ұйымдарға бағытталған немесе өзара шарт, жер қойнауын қорғау мен пайдалану бойынша өкілетті органның әкімшілік актісі негізінде атқарылады;

- жалпы таралған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын меншік қажеттілігі үшін өндіру бір мезгілде жер учаскесін берумен, оның астында жатқан жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен атқарылады;

- жер учаскесін уақытша пайдалануға берген кезде жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын меншік қажетіне пайдалану шарты уақытша жер пайдалану туралы шартта ескертілуі мүмкін:

Барлау немесе өндіру үшін лицензия құқығы қағида бойынша конкурс негізінде инвестициялық бағдарламаға беріледі.

Жалпы таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатқа өндіруді қоспағанда, барлау мен өндіруге лицензияны беруді облыстық атқарушы органдар атқарады.

Барлауға арналған лицензия алты жыл мерзімге беріледі. Өзара шарт пен лицензияда көрсетілгендей өзге міндеттемелерді және бағдарламалық жұмыстарды орындаған жағдайда лицензия алушының оның мерзімін ұзартуға құқығы бар. Барлауға берілген лицензияның әрбір кезеңінің ұзақтығын екі жылға дейінгі мерзім күші екі рет ұзартылуы мүмкін.

Өндіруге берілген лицензияның мерзім кезеңі - 25 жылға дейін болады.

Лицензияның күші мына жағдайда тоқтатылады:

1) лицензияда көрсетілген мерзімнің өтуі бойынша;

2) лицензиялық орган қайтарып алғанда;

3) жер қойнауын пайдаланушының шартты орындамаған кезінде шығатын лицензиядан өзара шарттың үзілуі жағдайында немесе шартты жарамсыз деп танығанда;

4) заңды түлғаның таратылуы кезінде.

Берілген лицензияны лицензиялық органның келесі жағдайда қайтарып алуға құқық бар:

1) лицензияның кұшін тоқтату туралы қабылданған шешім тудырған немесе оларды болдырмау үшін жеткілікті уақытта жоймаған себепте, лицензия алушы себепті жоюдан бас тартқанда;

2) орынды себептер тудырған немесе жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен болмаған басқа жағдайларда, өзара шарт жасалған мерзім жөніндегі лицензия шартын бұзғанда.

Лицензия органына біле тұра қате ақпарат беріп, соның ықпалымен сол тұлғаға лицензия беруге шешім шығарған фактілері сот арқылы анықталғанда, лицензия жарамсыз деп танылады.

1997 ж. қырқүйегіндегі жағдай бойынша 950 лицензия берілген, соның ішінде қатты пайдалы қазбаларға - 733, мұнайға -170, суға - 47. Лицензия шетелдік өнімдерге берілді. Сол кезде 46 өзара шарт жасалған болатын.


Кеніш қорларын жіктеу және геологиялық барлау процесінің сатылары
Пайдалы қазбалар кеніші өзінің сан және сапа көрсеткіштері бойынша техниканың, технологияның және экономикалық жағдайдың осы күнгі даму деңгейінде өнеркәсіптерді игеруге келетін табиғи заттардың табиғи жолмен жинақталуы деп аталады.

Кеніш - бұл жер қыртысында шоғырланған химиялық элементтердің жер қойнауынан алынуын экономикалық мақсатқа лайықты ететін жүйе.

Пайдалы қазбалар кенішін жіктеудің әр түрлі өлшемдері бар. Кеніш зерделену дәрежесі бойынша барланатын, барланған және пайдаланылатын боп бөлінеді. Қор шамасына қарай кеніш үсақ, орташа, ірі және бірегей боп бөлінеді. Экономикалық мәні бойынша - балансты және балансталган.

Қорлар категориясы бойынша кеніштердің және пайдалы қазбалардың болжаулы ресурстарының қорларын жіктеу бұрынгы Кеңес Одағында қабылданған принциптерге негізделген. Алайда, бүгінгі таңда ол қайтадан қарастырылып, қорларды 50%-тен кем соқпайтын сенімділігі анықталған сенімдіге, әлеуеттіге және келешегі барға жіктейтін халықаралық талаптарға бейімдеу қолға алынды. Өкінішке қарай бұл жұмыс аяқталған жоқ. Бұл арада бүгінгі тандағы қолданыста жүрген жіктеу келтірілген .


Қорлардың ауқымы бойынша кеніштерді жіктеу (В.И. Красников бойынша)


Пайдалы қазбалар




Қорлар, т




ұсак

орташа

Ірі

Темір кендері

107

108

109

Бокситгер мен фосфориттер

106

107



108

Марганц және хромит кендері

105

106



7

Мыс, қорғасын, мырыш

104

105

106

Молибден, вольфрам

103

104

105

Сынап, күміс

102

103

4

Сирек және шашыранды

Элементтер



10

102

103

Алтын, платина

1

10

10 2

Қатты ұайдалы қазба қорлары мен олардағы пайдалы компоненттер халық шаруашылығындағы мәні бойынша жеке есептелуі тиіс және жеке есептелетін екі топқа бөлінеді:

- баланстық, пайдалануы бекітілген кондицияға сәйкес жер қойнауын ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарға сай кен өндіру мен шикізатты өндеудің озық техникасы мен технологиясын өнеркәсіптердің игеруі барысында экономикалық мақсатта лайықты болады.

- балансталғаны, пайдалануы бекітілген кондицияға сәйкес бүгінгі таңда экономикалық мақсатқа лайықты емес немесе техникалық және технологиялық жағынан іске асуы мүмкін емес, алайда кейін баланстыға ауыстырылуы ықтимал.

Кен орындарын іздестіру әдістемелері және кен орындарын экономикалық-геологиялық тұрғыдан бағалау реттілікпен жақындастыру принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл принцип жер қойнауын зерделеу барысында ең ауқымды терри-торияларда да сақталады. Осыған орай бұгінгі танда геологиялық барлау жұмыстарын үтымды әрі үнемді жұргізу үшін оларды сатыларға бөлу қолға алынған.

1. Аймақтық геологиялық зерделеу.

2. Жалпылама іздестірудің геологиялық жұмыстары.

3. Іздестіру жұмыстары.

4. Іздестіру-бағалау жұмыстары.

5. Алдын ала барлау.

6. Детальдық барлау.

7. Кен орнындағы барлауды аяқтау.

8. Пайдалану барлауы .

Іздестіру — бағалау жұмысының негізі мақсаты — пайда болған кен орындарындағы іздестіру жұмыстарында анықталғандардың ықтимал өнеркәсіптік мәнін бағалау. Осының негізінде халық шаруашылығының мүддесіне тиімсіз объектілер жарамсыз деп танылады, содан соң алдын ала барлау жүргізілетін объектілер тандап алынады.
Шетелдерде минералдық ресурстардың экономикалық тұрғыдан бағалануы
Қазақстанда және шетелдерде минералдық ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалаудың әдісін қалыптастыру өндірістік күштердің әр түрлі даму кезеңдеріндегі табиғатты пайдалану саласында пайда болған ғылыми жэне іс-тәжірибе міндеттерімен анықталды. Біздің елімізде ұзақ уақыт бойы ресурстарды экономикалық жағынан бағалау проблемасы күн тәртібіне қойылмай, минералдық шикізат ресурстары табиғаттың тегін сыйы ретінде қарастырылып келді. Жер қойнауындағы шикізатты экономикалық тұрғыдан бағалау - өндірілген шикізатгы өткізу барысында алынуы мүмкін ақша түріндегі әлеуетті тиімділікті анықтау болып табылады.

Бұл проблемаға мүдделік таныту отандық экономикаға нарықтық қатынастардың элементтерінің енуіне қарай 80-ші жылдардың екінші жартысында өсе түсті. Экономикалық-геологиялық бағалау айрықша мәнге геологиялық барлау және кен өндіру кәсіпорны акцияланғаннан кейін, сатылас-біріктірілген мұнай компаниялары құрылған соң және жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық жүйесіне көшуден кейін ие болды. Сондықтан да бүгінгі таңда қолданылып жүрген ҚР «Жер қойнауы туралы» заңында «Пайдалы казба кендерінің өнеркәсіптік кұндылығын анықтау үшін, оларды ең тиімді және қауіпсіз тәсілмен өңдеу...» мұндай бағалауды жүргізу міндеті екені қадап айтылған.

Шетелдерде минералды шикізат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау кеңінен қолданылады. Әр түрлі елдерде оны өткізудің мақсаты, өлшемдері және объектілері жер және пайдалы қазба меншік түрлерінің сипаттарымен, сондай-ақ экономиканың осы секторындагы ақша-тауар қатынасының дамуымен анықталады.

Жер мен пайдалы қазба сату-сатып алудың объектісі болып табылатын нарығы дамыған елдерде ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалау оларды игеруден түсегін болжалды пайданы анықтауға негізделген. Бұл арадағы бағалаудың мақсаты учаскені іздестіру жұмыстары үшін жалға алудың немесе сатып алудың, барланған кен орнында өнеркәсіптік құрылғыға капитал жұмсаудың және пайдаланылатын кен орнын сатып алудың мақсатқа лайықтылығын негіздеуге қызмет етуі мүмкін. Оның үстіне, экономикалық бағалауды пайдаланумен кен орнын игерудің техникалық-технологиялық схемаларын негіздеу, кен өндірудің және пайдалы қазбаларды қайта өңдеудің, оларды кешенді пайдаланудың, сондай-ақ табиғатты қорғау шараларының жаңа әдістерін енгізу жүзеге асырылады.

Шетелдерде қолданылатын кен орындарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың негізгі әдістері. Хосколдтың формуласы


мұндағы Ур - кен орнының жалпы осы заманғы құндылығы;

А - орташа жылдық пайда;

п - кен орнын әзірлеудің уақыты;

г - қалыпты пайда;

г' – тәуекелділіктің деңгейін ескеретін пайда.

. Тікелей дисконттау әдісі
Vp =

мұндағы Аti - кенді әзірлеу барысыңдағы tti пайдасы.

Меркилдің формуласы
Vр =
Мәндері сол қалпында қалады.

Осы замангы құндылықтардың (пайдальшық индексі) арақатынасы




Мұндағы І і- жылдық капитал салымы;

tі - 0-ден Р жылға дейін кен өндіруші кәсіпорынның құрылыс мерзімі;

tі - 0-ден п жылға дейін кен орнын әзірлеудің мерзімі.

Осы заманғы таза құндылық (өзгеріп тұратын жыл сайынғы пайда барысындағы)



мұндағы I - капитал салымы.

Осы заманғы таза құндылық (тұрақты жыл сайынғы пайда барысындағы)

Ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалауды жүргізудің детальдылығы мен оны жүзеге асыруда қолданылатын дәлдік накты іс жүзіндегі жорамалдаумсн анықталады. Кенді игеру туралы шешім көп нұсқалы оңтайлы есептердің негізінде қабылданады.

Біздің елімізде кен орындарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың көптеген әр түрлі әдістері бар. Олардың көбісі барланған және пайдаланылатын кен орындарын бағалаудың әдістері. Геологиялық барлау процесінің бастапқы сатысындағы кен орындарын экономикалық тұрғыдан бағалау теориялық аспектіде ең аз зерделенгені болып табылады. Соңғы жылдары мұндай бағалауды өткізу әдіснамасының принциптік мәселелері бойынша пікірлердің белгілі бір дәрежеде бір жерде тоғысуы байқалды, бұл бірқатар салааралық әдістемелердің жасалуына түрткі болды.

Кен орындарын құндық бағалаудың базасы ретінде орташа әлемдік баға экономикалық, әлеуметтік және басқа да құрастырушылардың барлық кешенін ескеретін тұтыну құндылығының әмбебап көрсеткіші ретінде қабылданып жүр.

Алайда бірқатар ресурстарды бүгінгі күнгі баға бойынша өндіру, өндеу тиімсіз, бірақ бұл шара болашақта олардың бағасын көтергенде пайда әкеледі. Сондықтан кен иеленушінің алдында ұдайы балама болады - ресурсты дереу өндіруге немесе сатуға болады әйтпесе қолайлы уақытқа дейін оның қорларын сақтай алады.

Кен орындарын экономикалық бағалау және уақыт факторының есебі

Кез келген өндірістік кәсіпорындарының ұзақ жылдар бойы қызмет мерзімінде шығарылатын өнімдердің, экономикалық-техникалық көрсеткіштері өзгеріске ұшырайды, жөндеуге жұмсалатын шығын артады, өнім сапасына қойылатын талап пен сұраныс өзгереді және т.б. Уақыт озған сайын орын алатын осынау өзгерістерді бейнелеу үшін жылдар бойы созылатын уақыт аралығындағы тиімділікті бағалауды жүзеге асыру қажет.

Уақыт факторы есебінің ең белгілі және баршасы қабылдаған тәсілінде бұл формула бір жылғы шығын үшін келтірілген. Әр жылдың құрылысына капитал салымы В = (1 + Е) t коэффициентіне көбейтіледі немесе бөлу жүзеге асырылады.

Мұндағы Е - әр жолғы шығынға келтірілетін тиімділіктің нормативті коэффициенті, і - капитал жұмсалған жылдан олар (капитал) келтірілетін жылдардан бөлетін жылдар саны.

Алайда уақыт факторы есебінің мұндай тәсілінде де кемшіліктер толып жатыр. Онда ұзақ жылдар бойғы қызмет мерзімінде шығарылатын өнімдер саны мен сапасының өзгерісін көрсету мүмкін емес, сондай-ақ заттай және сапалық тозуына қарай істен шығарылатын объектілердің ауысуымен байланысты болашақта болатын шығын мен оның өзгерісі толық ескерілмейді. Осынау кемшіліктерге қарай статистикалық емес, өндіріс тиім-ділігін анықтаудың динамикалық әдісі ұсынылып отыр.

Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: онда Т тиімділігін бағалаудың ұзақ кезеңі үшін кәсіпорындар қызметінің жиынтық шығындары мен нәтижелері көрсетіледі. Бұл арада әрбір жылы шығындарда және нәтижелерде орын алған өзгерістер ескеріліп отырады. Әр жылдарға қатысты шығындар мен нәтижелер В коэффициенті арқылы олардың экономикалық әр келкі құнды-лықтарын ескеру үшін бір жылға келтіріледі. Интегралдық критерийдің құрамында жылдар бойынша капитал салымы және объекті амортизациялық аударымдарынсыз енгізілгеннен кейін ғана ағымдағы шығындар ескеріледі.

Бұл арада капитал салымы реновацияға амортизациялық аударым арқылы жанама түрде емес, тікелей ескеріледі.

Бұл арада нәтижені Ц қолданыстағы көтерме сауда бағасы арқылы шығарылатын өнім мөлшері түрінде көрсетуге болады. Сонда интегралдық нәтижені формула түрінде көрсетуге болады:
Т инт =
Келтірілген өрнектен мынадай тұжырым шығаруға болады: нәтиже бағаланатын кезең үшін пайда құрылысының екі көзінен, атап айтқанда, бағаланатын объектіден тікелей алынатын пайдадан және оның тысында халық шаруашылығы айналысына тарту есебінен объекті алатын пайдадан әрі пайда әкелетін басқа объектілерді қаржыландырудың уақытша босатылған реновациялық аударымдарын пайдаланудан қалыптасады.

Мәселен кен объектісін - 7 жылға кенмен қамтамасыз етуге жететін қоры бар кен орнын сатып алудың бағасын анықтау қажет болды делік .



Осы заманғы құнды анықтаудың әдісі

Жылдары




Ақшалай

ағын,


млн.

теңгемен


20% есептік мөлшер-

лемедегі дисконттау

коэффициенті (1 + Е)1


8с-тің осы заманғы құны, млн теңгемен

-т\

40,0

0,8333

33,30

2-ші

50,0 1

0,6944

34,70

3-ші

^ 60,0

0,5787

34,70

4-ші

40,0

0,4823

19,30

5~ші

20,0

0,4019

8,00

6-шы

10,0

0,3349

3,35

7-ші

10,0

0,2791

2,79

Барлығы

230,0




190,14

Компания барлық салықты төлегеннен кейін ол пайданың қандай бөлігін алатынын көрсететін ақшалай ағынның есебін жасады. Компания дисконттаудың есептік мөлшерлемесін 20%-ке белгілеуге шешім қабылдады делік, яғни бұл объектіні тиімді деп санайтын ең аз шамадағы пайда нормасы. Объектінің жұмысы үшін қажетті капитал салымы 120 млн тг-ні құрайды.


Кен орнын сатып алудың бағасы немесе қазіргі заманғы таза құн 190,14 - 120 = 70,14 млн тг-ні құрайды. Ақшалай ағын динамикасының есебі кен объектісінің экономикалық-техникалық негіздеуін жасау барысында қорытындылаушы қаржы құжаты болып табылады.

Қазіргі заманғы таза құн кен онеркәсіптерінде ұйғарынды инвестицияның мөлшері қандай болу керектігін көрсетіп беруі тиіс. Егер капитал салымының мөлшері қазіргі заманғы таза құннан жоғары болатын болса, онда кен орнын пайдалану мақсатқа лайықты емес, деп саналады. Егер қазіргі заманғы таза құн инвестициядан асып түсетін болса, онда бұл объекті тиімді саналып, пайдаланылуы да ықтимал. Бұл арада мынаны ескеру қажет: ақшаның таза құйылысы салықты және несие бойынша процентті төлегеннен кейін ғана қалыптасады.

Мәселен. Кең орнын игеру үшін 18% есептік мөлшерлемесімен алғанда кең орны жұмысының 8 жылына шаққанда жыл сайын 200 млн тг ақшалай ағынын кұрайтын 650 млн тг қажет. Кеңді сатып алушының қазіргі заманғы таза құнын анықтау керек. Бұл үшін таза табысты дисконттау коэффициентіне көбейту жолымен дисконтталған таза табысты жылдар бойынша есептейміз.

Дисконтталған таза табысты анықтаудың әдісі


Жылдары

Таза табыс, млн теңгемен

Дисконттау коэффициенті

Жылдар бойынша

дисконтгалған таза

табыс, млн

теңгемен


Жиынтық-талған таза ақшалай ағын

4 "(1 + Е)'

1-ші

200

0,8475

169,50




2-ші

200

0,7182

143,60




3-ші

200

0,6086

121,70




4-ші

200

0,5158

103,20




5-ші

200

0,4371

87,40




6-шы

200

0,3704

74,10

∑ = 815,5

7-ші

200

0,3139

62,80




8-ші

200

0,2660

53,20




Объектінің қазіргі заманғы таза құны: Т

Егер компания капиталдық шығынмен 18% пайда алуды жоспарлаған болса, онда бүғінгі таңдағы объектінің құны 165,5 млн тг-ні құрайды. Уақыт факторы есебінсіз таза табыс 1,6 млрд тг-ні құрайды, бұл кен орнының нақты бағасын және оны сатып алудың бағасын 2 есе бұрмалап көрсетеді. Оның үстіне, мынаны да есте ұстау қажет: егер бұл жағдайда біз жиынтықталған таза табысты кенді пайдалану уақыты үшін дисконттау коэффициентін қолдану арқылы есептейтін болсақ, онда жылдар бойынша бірдей таза табыста жиынтық табыс рента коэффициенті негізінде әлдеқайда қолайлы әрі нақтырақ анықталады. Бұл жағдайда жиынтықталған таза табыс былайша анықталады:

∑ЧД = ЧД • Б t,200 • 4,0776 = 815,50 млн тг.

Есептеуді оңайлату үшін әр түрлі мәндеғі есептік мөлшерлемелерде дисконттаудың коэффициенттері келтірілген:


b -t = және рента коэффициенті

b t =

Кенді игерудің жалпы экономикалық жағынан мақсатқа лайықтылығы туралы мәселе алға шыққанда кен орнына алдын ала экономикалық баға беру сатысында есептеу үшін рента коэффициентін пайдаланған қолайлы. Егер объект тиімді, пайдалы, деп саналса, онда капиталдық салымдардың мөлшері, пайдаланылатын мерзім ішінде алынатын жыл сайынғы табысы (жылдар бойынша табыс, әдетте, өзгеріп отырады) жүйелі түрде рет-ретімен мүқият есептеледі әрі бұл жағдайда дисконттау коэффициентін қолдану қажет.

Проценттік мөлшерлеме немесе дисконттау коэффициенті қазіргі заманғы құнның шамасына әсер етеді. Әрбір инвестор өз саясатын жүргізеді, алайда қатері аз ұзақ мерзімді инвестицияға қатысты борышқорлық міндеттеменің үкіметтік деп аталатын мөлшерлемелері болады. Көптеген жағдайларда әлемдік іс-тәжірибеде, әсіресе, аса ірі кен орындарын бағалауда және әзірлеуде дисконттау коэффициенті 8-12% шегінде қолданылады. Бұл мынаған байланысты: дисконттық мөлшерлеменің артуына қарай алдағы жылдардың ақшалай табысы күрт (бірден) кеміп, төмендеп кетеді. Мәселен, 30 жыл кезеңімен алғанда жыл сайынғы ақшалай табыс 10 млн теңге мөлшерінде дисконттаудың 26% мөлшерінде отыз жылдағы табыстың осы заманғы қүны бар-жоғы 10 мың гг-ні құрайды (10 млн тг. . 0,001 = 10 тыс. тг.), яғни табыс 100 есеге кеміген.

Алайда 8% дисконттау коэффициентінде алдағы кезеңнің табысы бүгінгі таңда 996 мың тг-ні құрайды (10 млн тг. • 0,0996 = 996 тыс. тг.), яғни 30 жылдағы табыстың қазіргі заманғы қүны 10 есеге азайған.

Бұдан шығатын қорытынды мынау: дисконттау мөлшерлемесі неғұрлым жоғары болса әрі біз қазіргі заманғы пайданы неғұрлым жоғары бағалайтын болсақ, алдағы кезең табыстары мен шығындарының мәні соғұрлым кем болады.

Жоғары мөлшерлемені қолдану табиғи ресурстардың жылдам алынуына жол ашатын олардың шамадан тыс пайдаланылуына әкеп соқтырады әрі осылайша бүгінгі әл-ауқатты барынша жақсартуға басымдықтар беріледі.

Оның үстіне мынаны есте ұстау қажет: үлкен жобаларда олардың орындалу мерзімі 20 жылдан асып жығылады, өйткені дисконттау коэффициенті геометриялық прогрессияда кеміп кетеді, қазіргі заманғы таза құндағы соңғы жылдың салымы өте аз болып шығады. Осылайша, үзақ мерзімді жобалардың «бүгінгі таңдағы ақшасында» пайдасы аз болып шығады.

Сондай-ақ пайданың ішкі нормасын да анықтаудың қажеттілігі пайда болады. Ол жиынтықталған, дисконтталған ақшалай ағын мен капитал салымын салыстыру жолымен белгіленеді әрі ақшалай ағын мен инвестиция тепе-тең болған жағдайында ғана оған қол жеткізуге болады, яғни ішкі норма ақшалай ағын инвестицияны жабатын нөлдендірудің негізінде анықталады: Пін = ТТ - К = 0 (ВНп = ЧД - К = 0).

Қазіргі заманғы құнның ішкі пайда нормасы қандай мәнде кен орнын әзірлеуге қажетті капитал салымын жаба алады?


Жер ресурстары.

  1. Топырақ жамылғысының осы заманғы жағдайы

  2. Қазақстанның топырақ жамылғысының және жер ресурстарының сипаттамасы

Жерді пайдаланудьң функциялық ерекшелігі оның табиғи ресурстардың арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мұшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоңыстандырудың және өндірістік кұштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторының - еңбек, материалдық-техникалық және табиғи ұдайы өндірістік процестердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Тарих В. Петти формуласының дұрыстығын көрсетті, оның ойынша: «еңбек - заттай байлықтың атасы, ал жер - анасы».

Құрал ретінде жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан жасалған құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.

Біріншіден, жер - табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда оның құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын шығын жоқ. Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалатындықтан, олардың құны болады.

Екіншіден, өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына қарай ұдайы өндірілуі мүмкін. Жердің топырақ жамылғысы да жаңғыртылатын табиғи ресурс болып табылады, алайда оны табиғи жолмен қалпына келтіру ұшін жүздеген жылдар қажет. Бұл мынаны білдіреді: келешекте бүлінген топырақ қабаттары қарқынды шаруашылық қызметке жарамсыз болады.

2,5 см қалындықтағы топырақ қабатының қалпына келуі үшін 300-1000 жыл керек, ал 18 см егістік қабатының қалпына келуі үшін 2-7 мың жыл қажет болады екен. Бұл жерді және жаңғыртылмайтын табиғи ресурстарды қолдануды жоспарлауда тәсілдемелердің салыстырмалылығына себепкер болады.

Жерді дұрыс пайдалану, үнемдеу және оны қорғау оның биологиялық әлеуеті мен өнімділігін бұрынғы қалпында ұстауға мүмкіндік беріп қана қоймай, оны айтарлықтай тыңайтады да.

Жер ресурстары. Біздің планетамыздың беті -510 млн км2 (51 000 млн га). Оның көп бөлігі - 361 млн км2 (36 100 млн га), яғни 71%-ін су алып жатыр; құрлыққа тиесілісі - 149 млн км (14 900 млн га). Бұл территорияның 4 060 млн га (28%-ін), орман алып жатыр, шалғын мен жайылым - 2 600 млн га (17%), Өңцелетін жер (егістік) - 1 450 млн га (10%). Жер категориясы бойынша жер ресурстарының бөлінуі диаграммада бейнеленген (5-сурет).

Бұрынғы ҚСРО территориясы - 22,3 млн км2 (2 230 млн га); Қазақстанның территориясы -2,72 млн км2 (272 млн га).

Ауыл шаруашылыгына пайдалы жердің көлемі, оның ішінде жан басына келетін егістіктің көлемі





Ауыл шаруа-

шылығына пайдалы



жер. ға-мен

Көп жылғы егістік

Егістік

Қазақстан

14,18

2,26

2,25

Өзбекстан

1,58

0,26

0,24

Қырғыстан

2,26

0,36

0,34

Тәжікстан

1,00

0,21

0,19

Түркіменстан

12,32

0,36

0,34

Тұтастай алғанда КСРО бойынша, оның ішінде

2,20

0,84

0,81

Ресей

1,60

0,95

0,94

Украина

0,83

0,701

0,68

Белоруссия

0,98

0,64

6,62


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет