Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы



бет6/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#128378
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7

10.5. Су ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың негiзгi принциптерi мен әдiстерi.

Кез келген ресурс түрiн экономикалық тұрғыдан бағалаудың қажеттi алғышартына шикiзаттың сапасын және оған деген халық шаруашылығындағы қажеттiлiктi бiлу жатады. Жалпы бастапқы мәлiметтердiң негiзiнде қандай да бiр ресурс түрiнiң экономикада қолданылатын деңгейi немесе шекарасы анықталады. Табиғи байлықтарды пайдаланудың экономикалық мақсатқа лайықты шегi осы ресурс түрiнiң бәсекеге жарамдылығын, оның импортталатын немесе экспортталатын мүмкiндiгiн ескеретiн халық шаруашылығы қажеттiлiгiне сәйкес белгiленедi. Табиғи ресурстардың барлық түрiн пайдаланудың шекарасы жол берiлетiн (ұйғарылатын) өзiндік құнының шегіне қарай немесе тұйықталған шығын арқылы анықталуы керек, алайда, оларды ең дұрыс өлшемдейтiн есеп айырысудың бiрiңғай принциптерiн қолданған жөн.

Тиiмдiлiктi әр түрлi экономикалық көрсеткiштермен анықтауға болады, мұндай мiндет – қандай да бiр көздердi немесе зерттелетiн ауданның нақты ресурс түрiн пайдаланудың түпкiлiктi техникалық-экономикалық көрсеткiшiне әсер ететiн барлық табиғи жағдайды синтездей алатын көрсеткiштi таңдау болып табылады.

Сол себептi де қандай да бiр табиғи әлеуеттi игеру барысында алынған өнiмдi арттырудың қоғамдық тұрғыдан өзi-өзiн ақтайтын шығын шегiн белгiледiң қажеттiлiгi пайда болады. Тұйықтьаушы шығынды белгiлеудiң қажеттiлiгi пайда болады. Тұйықтаушы шығынды белгiлеу ресурстарды пайдаланудың экономикалық мақсатқа лайықты шекарасын анықтау үшiн қажет.

Тұйыұқталған шығын стержендерi көрсеткiштермен су ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың негiзi болып табылады. Су ресурстары, әдетте, оқшауландырылады. Олар шағын территорияларға азырақ немесе көбiрек қайта бөлiнуi мүмкiн. Су тапшылығының деңгейi және осы деңгейге сәйкес келетiн оған дегенқажеттiлiктiң деңгейi территориялық аспектiде сараланады. Бұл судың бассейндiк (аудандық) тұйықтаған шығынның қалай қалыптасатынын алдын ала анықтап бередi.

Судың тұйықталған шығыны экстентивтi және қарқынды шараларды ескеретiн суға деген қажеттiлiктердi қанағаттандыру бойынша барлық баламалы нұсқаулардың салыстыруларын ұлғайтатын оңтьайлы су шаруашылығы балансы негiзiнде (СШБ) анықталуы мүмкiн. Тұтынылатын судың мөлшерiн ұлғайтуға бағытталған, ол үшiн СШБ-ның кiрiс бөлiгiн арттыруды қажет ететiн шара экстентивтi шара деп аталады. Ал, интенсивтiлiгi – баланстың шығыс бөлiгiн кемiтетiн тұтынылатын судың мөлшерiн азайтумен байланысты шара.Экстентивтi шара өндiрiстi суды аз қажет ететiн немесе сусыз қлданылатын технологияға, айналымды және қайталанатын сумен қамтамасыз етуге көшiрудi ұйғарады, барлық шара судың шығынын үнемдеуге бағытталған.

Судың тұйықталған шығынын анықтау барысында мына көрсеткiштердi пайдалану керек.

Су ресурстары көздерден, нақты айтқанда, өзен суы жүйесiнде (ӨСЖ) қалыптасады. ӨСЖ – су ресурстарын реттеп, территорияларға бөлудi жүзеге асыратын барлық су шаруашылығының объектiлерiн (бөгендер, ұңғыма, канал және т.б.) қоса ескеретiн, өзен тараптарынан, көлдерден, жер асты суларынан су жинайтын бассейн.

Су ресурстары рекриациялық және қоршаған ортаны қорғау шараларын қоса алғанда халық шаруашылығының қажеттiлiктерiн қанағаттардыратын тиiстi режим мен сапаға дейiн жеткiзiлгенде ӨСЖ өнiмiне айналады.

Қолдағы су ресурстары (ҚСР) – бұл қамтамасыз етудiң тиiстi есебiнен пайдаланылатын жер үстi және жер асты суларының ең көп шамадағы жылдық мөлшерi.

Бөгендердiң есептiк жылдық қайтарымы (өнiмдiлiгi) ҚСР-дың қолдағы ресурстарының қажеттi өсiмiмен анықталады. Бұл өсiм оны каналдарға – суды берудiң нетто – мөлшерiне iске қосуды қамтамасыз етедi.

1 м3 есептiк жылдық нетто – қайтарымның үлес шығыны келтiрiндi шығынның есептiк қайтарымға деген қатынасымен анықталады.

Кешендi су шаруашылығы объектiлерi бойынша (ГЭС, бөгендер және т.б.) жалпы шығыннан сумен қамтамасыз етiге қатысты оның бөлiгiн бөлiп, сол бойынша 1м3 судың үлестiк шығынын анықтауға болады.

Су шаруашылығы балансын құруға қажеттi суды тұтынудың осы мөлшерi ағын суды реттеу және территориялық бөлу есебiнен барлық бөлiнген тұстамадағы (створ) баланстық теңсiздiктiң сақталуын қамтамасыз ететiн ҚСР-ды дамытудың оңтайлы жоспарын iздестiруден туындайды.

СШБ жасалғаннан кейiн су шаруашылығы объектiлерi құрылысында белгiленген балансты қамтамасыз ету үшiн қажеттi меже бөлiнедi. Қажеттi меже тиiстi суайрықты желiлермен бiрге өзен бассейнi iшiнде су шаруашылығы ауданын, яғни тартылған суды қоса ескеретiн су ресурстары жайғасатын қосалқы бассейндердi қалыптастырады.

Өзен бассейнiнде бiрнеше дербес СШБ-мен су шаруашылығы аудандары және қажеттi межелер пайда болуы ықтимал. Судың тұйықтанған шығыны олардың әрбiреуiне бiр-бiрiнен бөлек тиiстi бөгендердегi үлестiк шығынмен анықталады. Бұл арада, әдетте, өзен ағысы бойынша төмен орналасқан аймақтардағы тұйықтанған шығын жоғарыда орналасқан аймақтардағы тұйықтанған шығын жоғарыда орналасқандарға қарағанда аз болады.

Осы заманғы жағдайда ауданның су шаруашылығы балансын жасау барысында судың сапасын да ескеру керек. Бұл өз кезiнде оларды пайдаланудан ең көп мөлшерде тиiмдiлiктi алу мақсатында суды қорғау шараларына бiршама шығын жұмсауды қажет етедi. Тұйықталған шығынның құрамына судың сапасын қажеттi деңгейге дейiн жеткiзудiң шектi шығынын бiлдiретiн суды қорғау шарасының тұйықтанған шығынын анықтауда мiндеттi түрде ескеру қажет, өйткенi ол үлкен деңгейде суды сақтаудың технологиясын қолданудың негiзiнде жергiлiктi судың үнемдеп жұмсалуына жауап бередi. Судың тұйықтанған шығынына суды дайындау, беру және бұру, оның бастау көздердегi қажеттi сапасын сақтау бойынша шығынды қосатын болсақ, ең бъективтi бағаға қол жеткiземiз.

Ластауға қарсы жүргiзiлетiн күреске қаражат аз бөлiнедi. Осыған байланысты әрбiр кәсiпорынға әрбiр бассендi детальдау бойынша қажеттi мерзiмде судың тазалық нормасына қол жеткiзу үшiн судың ластану деңгейiн кезең сайын бiртiндеп кемiтетiн суды қорғау шараларының бағдарламасын белгiлеу қажет. Бұл арада зиянды заттардың қоршаған ортаға, әсiресе адамзатқа әр түрлi деңгейде келтiретiн қөатерiн ескерiп, ең алдымен айрықша зиян заттарды залалсыздандыру бойынша шараларды қолға алу керек. Қатерлi заттардың жол берiлетiн шоғырлану шамасынан асып түсетiн әр түрлi деңгейлерiн жiктеп, осыған сәйкес әрбiр аудан бойынша, қошаған ортаны ластаушылардың түрi бойынша және ластану деңгейлерiнiң уақыты бойынша оны белгiлеу қажет. Осының негiзiнде уақытша келiсiлген ластаушы қалдықтардың төгiндiсi анықталады. Ағынды судағы осы төгiндiлердi анықтау барысында қаражаттың шектеулi жағдайында ластаудың деңгейi суды қорғау шарасының жиынтық шығынын азайтудың негiзiнде төмендейтiнiн есте ұстаған дұрыс.

Суды бағалау өндiрiстiң орналасуына елеулi ықпалын тигiзедi. Тұйықтанған шығынның шамасына қарай қандай да бiр су сыйымдылығы бар өндiрiстiң қандай аймақта орналасаыны, ал су рентасының шамасы бойынша өндiрiс қандай көздерге тиiмдi орналастырылатыны анықталады.

Мысалы. Қазақстанда су сиымдылығы бар химиялық өндiрiстi орналастыру қажет делiк. Бұл мақсат үшiн бассейндер және жекелеген облыстар бойынша судың тұйықтанған шығыны белгiлендi. Ол Алматы облысында 12,8 теңгенi, Павлодар облысында 13,6 теңгенi, Жезқазған облысында 20,0 теңгенi қрады. Су технологиясымен шығарылған өнiмнiң бiрлiгiне келтiрiлген үлестiк шығын суға шығын жұмсамағанда 120 теңгенi құрады.
Табиғат ресурстары үшін төлемдер


  1. Жер қойнауын пайдаланудың төлем түрлері

  2. Жер қойнауын пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері

  3. Өнімдерді бөлу туралы келісімшарттар

20-шы жылдардан бастап Кеңес үкіметі жер, су, орман ресурстарын пайдаланудың төлемдерін салық түрінде енгізді (жер ресурсының төлемі патшалық үкімет кезінде де болған). Тек 1967 жылдан бастап минералды ресурс бойынша геологиялық барлау жұмысына (ГБЖ) аударымдардың мөлшерлемесі анықталды. Оның үстіне, бұл мөлшерлемелер жер қойнауындағы өнімдердің тек бірнеше түріне ғана есептелді әрі ГБЖ шығынын толық өтей алмады. Геологиялық барлау жұмыстарының мөлшерлемелері іздестіру мен алдын ала барлауға бағытталған, қормен өтеуге жатқызылған қаражаттың мөлшеріне қарай белгіленді. Геологиялық барлау жұмыстары шығынының бұл мөлшерлемелері шығынды – жер қойнауындағы өнім түріне қарай 40-70% шегінде – толық өтей алмағандықтан, 1991 жылы енгізілген мөлшерлемелер шығарылған өнімнің өзіндік құнына және еркін жіберілетін көтерме сауда бағасына оларды қосу жолымен шығынды 90-100% шегінде өтейді. 1992 жылы Қазақстандағы ГБЖ-ның мөлшерлемелері сатылатын- шикізаттың өтілетін қор тоннасындағы құннан түсетін проценттермен белгіленетін болды. Олардың үлесі «кең ауқымда» ауытқып тұрады: мысалы, 1 тонна көмір үшін – 0,9%, темір- 2,4%, ал мұнай мен газ 8%-ке ауытқиды. Ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша төлемдердің ынталандырушы рөлі төлемдер өтелетін қорға жатқызылса да соншалықты елеулі бола қойған жоқ. Олар көбінесе шығынның орнын толтыру сипатында болды әрі ресурстарды ұдайы өндірудің төлемдері болып табылды. Төлемнің бұл түрі пайдалы қазбалардың барланған қорларының бағасы ретінде алға шықты.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеті жер қойнауын пайдаланудың нормативті төлемдерін анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеп, төлемдерді өндіріп алудың бірыңғай тәртібін анықтады:

- пайдалы қазбаның кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлем;

- табиғатты қорғаудың, табиғи-ресурстық әлеуетті ұдайы өндірудің төлемдері, геологиялық барлау жұмыстарына аударымдар;

- минералдық ресурстардың ұқыпсыз пайдаланғаны үшін салынатын айыппұл төлемдері.

Кен орнын әзірлеу құқығы үшін төлем мемлекеттің жер қойнауы меншігін экономикалық тұрғыдан жүзеге асырудың формасы болып табылады. Кен орнын әзірлеу құқығы үшін төлем сомалары осы кен орны орналасқан территорияның әлеуметтік дамуы үшін пайдаланылады. Әр түрлі пайдалы компоненттердің кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлем белгілі бір мерзімге (3-5 жыл) осы пайдалы қазбадан алынатын түакілікті өнім бірлігі үшін белгіленеді.

Жергілікті мәні бар, жалпылама тараған пайдалы қазбалар (құм, саз балшық, жал және т.б.) бойынша базалық мөлшерлемелердің деңгейін табиғатты қорғау органдарының ұсынуымен облыстық әкімшілік белгілейді, ол тиісті шикізат тауарларының бағасынан 3%аспауы керек. Нақты пайдалы қазба түрінің кен орнын әзірлеу құқығы төлемінің базалық мелшерлемесі осы пайдалы қазбаның немесе кәсіпорын оны қайта өңдеп өткізетін тауарлық өнімнің әлемдік бағасында тіркелген үлесімен анықталады. Төлемнің бұл түрі роялти деп аталады.

Роялтидің шамасы, яғни жер қойнауының меншік иесі-мемлекетке тікелей түсетін құндағы үлес немесе алынатын шикізат тауарының мөлшері көптеген пайдалы қазба түрлері бойынша осы заманғы кезеңге қарай 5-10% - ке бағаланады.

Айрықша құнды немесе сирек кездесетін минералдық шикізат түрлері бойынша ол 20-%-ке дейін арттырылуы ықтимал. Әлемдік бағаның деңгейі әлемнің жетекші тауар биржаларының жариялаған материалдары бойынша немесе компаниялардың анықтамалық бағасы бойынша анықталады. Бірінші кезеңде кен орындарын әзірлеуге төленеиін төлем алдын ала баға бойынша қара металл кені үшін 2%, ал түрлі-түсті металл кені үшін ішкі баға құнынан 2-5% ұсынылады.



Жер қойнауын пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері
Республикамыздың нарықтық экономикаға өтуіне байланысты әр түрлі төлем түрлерін белгілеудің қажеттілігі пайда болды. Әрі бүл төлем түрлерін белгілеуге бүгінгі еліміздегі жетекші кен өндіретін кәсіпорындары мен металлургиялық комбинаттар өзара шарт негізінде шетелдік фирмалар мен компаниялардың басқаруымен жұмыс істеп жатқаны себеп болды. Оның үстіне, көптеген шетелдік компаниялар, әдетте тиімділігі аса жоғары болып келетін пайдалы қазба кен орындарының өте бай қорларын игеруге мүдделілік танытып отыр. Төлемдер тек өтемақылық функцияны ғана емес, сондай-ақ олардың оңтайлы пайдаланылуы бойынша ынталандырушы функцияны да орындайтындықтан бұл кезде кен өндіретін өнеркәсіп кешендері үшін де маңызды. Бұл өз кезегінде, минералдық шикізат ресурстарын пайдалану бойынша жоспарларды анықтау жөніндегі ғылыми негізделген әзірлемелерді қажет етті.

1991 жылы ҚР – ның Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеті алғаш рет жер қойнауын пайдаланудың нормативтік төлемдерін анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлейді.

Кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлемің негізіне өлемнің базалық мөлшерлемесі жатады. Ол мына формула бойынша есептеледі:
Б1=Цп∙р+0,5(Цп-Цв),

(75)


Мұндағы Б1 – пайдалы қазба кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлемнің есептік базалық мөлшерлемесі, тг\т-мен;

Цп – тг\т-мен есептелген АҚШ долларындағы баға;

Р – роялти, мемлекетке 0,05; 0,10 – 0,20 түскен шикізат тауары құнындағы үлес;

Цв – ішкі нарықтағы шикізат бағасы, тг\т-мен;

0,5 – мемлекетке «фифти-фифти» жүйесі бойынша түскен ішкі және сыртқы нарықтардағы баға айырмашылығы есебінен пайда болатын ренталық табыстың үлесі.

Отын салалары (мұнай,газ, көмір) бойынша кен орындарын әзірлеу үшін төлем шамасы есептік деңгейден 10% мөлшерінде, ал қара және түрлі-түсті металдар бойынша ішкі бағаның құнынан 2-2,5% мөлшерінде белгіленді.

Мұнай кен орны үлгісінде әзірлеу құқығы үшін төлемнің базалық мөлшерлемесін анықтайды. Мұнай кен орны бойынша роялтидің деңгейі ағымдағы кезеңге қарай 10%-ке бағаланғаны белгілі. Осы кезеңдегі кен өндіру құқығы үшін төлемді ескермегенде мұнайдың ішкі бағасы орташа есеппен алғанда – 6500 теңге.

Мұнай нарығының мәліметі бойынша, мұнайдың орташа әлемдік бағасы бір тоннасына 100 долларды құрайды, яғни бұл – 75 теңге*100=7500 теңге – коммерциялық бағамды бағалау сәтінде қолданыстағысын ескергенде құрайтыны.

Осы мәліметтерге қарай мұнай үшін төлемнің базалық мөлшерлемелерінің толық былай болады:

7500*0,1+0,5(7500-6500)=1250тг\т.

Нақты кен орнын әзірлеу үшін төлемнің деңгейі мына формула бойынша анықталады:
П=(Б±а∙Р)В6 (76)
Мұндағы, П – пайдалы қазбаның өтелген қорлар (жалпы түсім) бірлігінің есебіндегі мөлшерлеменің шекті деңгейі, тг\т-мен;

Б – кәсіпорынның түпкілікті тауар өнімі бірлігінің есебіндегі пайдалы қазбанын тиісті түрлері бойынша бекітілген базалық мөлшермесі, тг\т-мен;

а- республикалардың арасындағы келісімнің негізінде, үлестердің, бірліктердің мөлшерлемелерді есептеу барысында ескеретін ренталық табыстан (залалдан) болатын барлық пайдалы қазба бойынша бірыңғай үлес;

Р – кәсіпорынның түпкілікті тауар өнімі бірлігінің есебіндегі ішкі бағамен кен орындарын әзірлеуден түскен ренталық табыс (залал), тг\т-мен;

В – нақты кен орны жағдайында өтелген қорлардың бірлігінен кәсіпорынның түпкілікті тауар өнімінің нормативтік түсімі, тг\т-мен.

Төлем мөлшерлемелерін есептеу үшін түпкілікті өнімнің нормативтік түсімі қайта өңдеудің барлық сатыларындағы ысыраптың нормативтік деңгейіне қарай анықталады. Бұл арада есепке кен орындарын әзірлеуге нақты қандай технологиялар қолданылатынына қарамастан қорлардың озық технологияларға сәйкес толық әрі кешенді пайдаланылуының барынша экономикалық жағынан ақталған көрсеткіштері қабылдануы керек.

Сараланбалы ренталық табыс нақты ішкі бағамен есептелген, шикізат тауары бірліктерін сатудан түскен баланстық және нормативтік пайдалардың үлестік көрсеткіштері арасындағы айырмашылықпен анықталады. Пайдаларды анықтау үшін нормативтік өзіндік құнды белгілеу қажет.

Кәсіпорынның түпкілікті тауарлы өнім бірліктірінің нормативтік өзіндік құны материалдық, еңбек және басқа да ресурс түрлерінің прогресшіл шығын нормасы негізінде есептеледі. Нормативтік пайда салық салынатын пайданы және әр түрлі міндетті төлемдерді ескермегенде, кәсіпорынның өкімінде қалатын пайданың шамасымен анықталады.

Кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлем мөлшерлемелерінің деңгейі жаңа кендерді, қабаттарды, кен тұрпаттарын өңдеу барысында яғни кен техникаларының жағдайы өзгергенде қайта қарастырылады.

Көріп отырғанымыздай әзірлеу құқығы үшін төлем мөлшерлемесіне роядтиден басқа ренталық табыстың қосымша жартысы қосылады. Бұл жағдайда роялти жер қойнауын пайдалану құқығы үшін төлемнің бір бөлігі болып табылады.

Табиғи ресурстарды оның ішінде минералдық шикізат ресурстарын пайдалану құқығы үшін алынатын төлемдерді анықтау мақсатында З.К.Қарғажанов ресурстардың шектеулі деңгейін ескеретін ең қарапайым үлгі ұсынды. Бұл үлгі формула бойынша былай өрнектеледі:

Мұндағы tн – минералдық шикізат ресурстарымен қамтамасыз етудің нормативтік мерзімі, жылмен;

Tв – қамтамасыз етудің нақты мерзімі, жылмен;

Пн - өнім бірлігіндегі нормативтік пайда, теңгемен.

Мысалы, республикада мұнайдың бағасы кен өндіру шығыны мен өзіндік құннан 50% мөлшерінде (яғни пайда нормативі 50%-ке тең) пайдалылық деңгеціне қарай анықталады. Бұлай болатын болса, мұнай кен орнын пайдалану құқығы үшін шама мынаны құрайды:

Жоғарыда айтылып кеткендей, геологиялық барлау жұмыстарына аударылатын аударым мөлшерлемелері пайдалы қазбаның өтелген баланстық қорларының бірлігіне белгіленеді. Кен өндіру (мұнай, газ, бром, йод) барысында ысырап болған қорларды анықтау мүмкін болмаған жағдайда аударымдардың мөлшерлемелері жалпы түсімнің бірлігіне белгіленеді. Жалпы геологиялық жұмыстардың қаражаты оларды іздесріру мен барлаудың бағдарламаларына сәйкес қарастырылған қаражатқа мөлшерлемелерді пропорционалды есептеу барысында барлық пайдалы қазбалар бойынша бөлінеді.

Пайдалы қазбалардың әрбір түрі бойынша геологиялық барлау жұмыстарына аударылатын аударымның мөлшерлемесі мына формула бойынша анықталады:

Мұндағы, С – аударымдардың мөлшерлемесі, тг\т-мен;

Зпр – мөлшерлемелердің әрекет ету мерзіміне сәйкес келетін, алдағы кезеңнің бағдармаларында қарастырылған тиісті пайдалы қазба түрлерін іздестірудің алдын ала барлаудың қаражаты мың теңгемен;

Ко – жалпы геологиялық жұмыстардың шығының ескеретін коэффициент, бірлік үлесімен;

Д – баланстық қордан қандай ақ бір пайдалы қазба түрінің жалпы түсімі, мың теңгемен, мың м3-пен;

Р – ластанған бос тау жыныстарының немесе кен өндіру процесінде араласып кеткен реттелмеген пайдалы қазбалардың нормативтік мөлшері, мың теңгемен, м3-пен;

П – кен өндіру барысында баланстық қордың пайдаланылмай қалған нормативтік ысырабы, мың т-мен, мың м3-пен;

Ренталық төлемдерді анықтау. Ренталық төлем – төлемдердің маңызды түрі. Ренталық төлемдер әр түрлі тәсілдермен анықталатынын айта кетуіміз керек:

R= ЗЗ – ЗИ;

R= ЦР – (СИ + ПН)

R= (СС + ПН) – (СН + ПН)

R= (ЦР И)


Мұндағы Цр,Ци - өнімдерді бірыңғай өткізудің бағасы, тг\т-мен;

Зз, Зи – шығарылатын өнімдер бірлігінің тұйықтанған және жеке шығындары, тг\т-мен;

Сс, Си – орташа салалық және жеке өзіндік құн, тг\т-мен;

Пн – нормативтік пайда, тг\т-мен.

Бүгінгі танда ренталық төлем шығарылған өнімнің әлемдік бағасына қарай есептеледі.

Металлургиялық қайта жасаудан кейін металға және басқа да пайдалы компоненттерге айналатын көп компонентті кендердің кен ренталарының шамасы мына формула бойынша анықталады:

Мұндағы, Цмj – 1 тонна кеннен алынған, металлургиялық қайта жасаудан кейін j-нің рафинирленген металдың немесе басқа өнімдердің бірліктерін өткізу бағасы, теңге\т-мен;

Адj - өндірілген кеннен, бірлік үлестерінен алынған j – компонентінің құрамы;

Аоj – байытушы фабрикада байыту барысында j – лік компонентті алудың коэффициенті, бірлік үлесімен;

Амj – металлургиялық ұайта жасау барысында, бірлік үлесінде j – лік металдың және басқа компоненттердің шығуы;

********* - өнім бірлігін өндіру, байыту, металды қайта өңдеу және тасымалдау барысындағы нормативтік жеке өзіндік құн, тг\т-мен;

К – кен өндіру барысындағы ластану коэффициенті, шартты белгімен.

Егер байыту барысында концентрантта алынған компоненттер дайын өнімге айналса, онда мұндай жағдайда металлургиялық қайта жасау барысындағы көрсеткіштерді қоспай-ақ жоғарыда келтірілген формуланы қолдануға болады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты 1996 жылдың 27 қаңтарында қабылданған «Жер қойнаулары мен жер қойнауларын пайдалану туралы» заңдық күші бар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес әзірленген жер қойнауы ресурстарын пайдаланудың ренталық төлемдерін анықтау үшін мынадай әдістемелік негіздерді ұсынады.

Экономикалық – географиялық, кен – геологиялық жағдайларға байланысты әр түрлі көздерден пайда болатын әрі соған негізделетін кен, кен байыту, кен – металлургия кәсіпорындарының табысты артығымен алуын минералдық шикізат ресурстарын пайдаланудың ренталық төлемдері ретінде ұғуға болады. Ренталық төлемдердің негізгі мәні – бұл ренталық төлемдерді және оларға өнеркәсіпте пайдалануға берілген минералдық шикізат ресурстарының ұтымды пайдалануын ынталандыратын пайдалы қазбалардың сапасы бойынша сараланған тиісті қосымшаларды енгізу жолымен жекеленген кәсіпорындардың тең бәсекелесуіне жағдай жасау.

Ренталық төлемдер бірліктің құндық тұлғалануында немесе өтелген минералдық шикізат ресурстарының барлық мөлшеріне әрі рентаны қалыптастыратын вариацияның және олардың кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің техникалық – экономикалық көрсеткіштеріне тигізетін әсеріне қарай белгілі бір есептік уақыттың ішінде олардан алынған өнімдердің барлық мөлшерлеріне белгіленеді.

Ренталық төлемдердің нормативтері пайдалы қазбалардың кен орындарын немесе олардың жекеленген бөліктерін пайдаланатын әрбір кәсіпорын үшін сараланған прогресшіл техникалық - экономикалық нормативтерге қарай нақты өтелген қорлардың 1 тонна металына белгіленеді. Ол мына формула бойынша анықталады:

R=Ц-(Пн+3)

Мұндағы, Ц – металдың нарықтық құны, тг\т-мен;

Пн – 1 тонна металмен кәсіпорынның нормаланған пайдасы;

З – қолданыстағы нормативтерді қолданумен белгіленген, қарастырылған кен орындарынан 1 тонна металды өндірудің және қайта өңдеудің жеке шығыны, тг\т-мен.

Кәсіпорын табысының мөлшеріне әсер ететін рентаны қалыптастырушы факторлардың нақты жүзеге асуына қарай пайдалы қазбаларды пайдаланудың ренталық төлемдері геологиялық барлау жұмыстарының, өндірудің, байытудың, металлургиялыққайта жасаудың сатыларына сараланып белгіленуі мүмкін. Жекелеген қазбалы бірліктер өндіріс бөлімшелері бойынша минералдық шикізат дайын өнімдерді алудың осы сатыларына қарай төлемдерді белгілеудің қажеттілігі мен мақсатқа лайықтылығы төлемдер белгіленетін объектінің өзгешеліктерімен анықталады.
Өнімдерді бөлу туралы келісімшарттар
Шетелдік іс-тәжірибеде табыстан салықты өндіріп алудың әдісімен қатар салықтық емес әдіс те пайдаланылады. Оғаң ең алдымен өнімдерді бөлу туралы келісімшарт (ӨБК) жатады.

Бұл тұрпаттағы келісімшарт пайдалы қазбаларды (әдетте бұл мұнай немесе газ) барлауды және әзірлеуді қамтитын тіркелген нақты уақыт аралығында шетелдік компаниялар түрінде, мемлекеттік компаниялар мен кеңселер түрінде мемлекеттер арасында нақты мерзімге бекітіледі. Мемлекет шетелдік фирмалармен бірлесіп қалыптастырған ұлттық мұнай компаниясы түрінде барлық жұмыстарды жүргізуге белсенді қатысады. Шетелдік контрактор ұлттық компанияның алдында алдын ала келісілген жоспар бойынша қызметтің ұтымды ұйымдастырылуына жауап береді; ол жобаны қаржыландырады әрі бүкіл жобаны жүзеге асырудың тәуекелдігі олардың мойнында болады. Шетелдік контрактор өз шығындарын бұрын тіркелген проценттен (20-50%-жыл сайынғы өнімнен) артық болмайтын мөлшерде өндірілген мұнаймен өтейді. Бұл үлес табиғи ахуалы күрделі кен орындары үшін жоғары әрі өндірудің деңгейіне қарай қойылуы ықтимал.Содан соң өндірілген ресурстың өтемақыдан артылғаны ұлттық компания (70% ) мен контрактор – компанияға (30%) белгілі бір пропорцияда бөлінеді. Пропорция өнімнің өсуімен бірге өзгереді. Контрактор бөлуден кейін өзінде қалған барлық ресурсты - өзін қабылдаушы елдің ішкі нарығында тіркелген баға бойынша сатылуы тиіс бөлігін қоспағанда – емін-еркін (өз қалауынша) сатуға құқылы.

Ресурстағы үлесі сатылғаннан кейін контрактордың табысына оны (контракторды) қабылдаған мемлекеттің ішкі салығы салынады. Әдетте ол роялти тұрпатындағы салықты қоспағанда жоғарыда сипатталған барлық салықты төлейді. Соңғы уақытта роялти салығы өнімді бөлудің келісімшарттың бекіту барысында қолдануға бастады.Өзара шартты бекіту барысында әдетте бонус төленеді, кейде порциямен төленеді. Өндірістің көлемі белгіленген бірнеше деңгейден асатын болса, бонус айтарлықтай өседі.

Рента әдетте коммерциялық кен өндіру әлі жүргізілмеген территориядан төленеді.

Мемлекет өнімдерді бөлудің әр түрлі пропорциясында салық салудың әр қилы мөлшерлемелері арқылы контрактор-компанияның пайдасын реттей алады.Мемлекеттік компания да салық салынатын объекті болып табылады. Жобамен жұмыс істеу аясында контрактор сатып алған барлық құрал-жабдық – үшінші тұлғаға тиісті, жалға алынған құрал-жабдықты қоспағанда – ұлттық компанияның меншігінде қалады. Сатып алынған құрал-жабдықтардың барлық бастапқы құны ағымдағы шығындардан бірдей мөлшерде коммерциялық пайдаланудың алғашқы жылынан бастап тіркелген кезен ішінде өтеледі.

Бизнес – жоспарды қоспағанда, көбінесе мұндай тұрпаттағы контрактордың міндеттері мен құқықтарын, барлық шаралардың орналасатын орны мен ұзақтығын, геологиялық барлау кезеңіндегі территорияны зерттеудің графигін, жылдар бойынша өнімнің мөлшерін, барлау мен инвестицияның шығындарын, айырбас бағамы туралы келісімді,есеп беруді ұсынудың тәртібің, аудирлеуді, ішкі нарықта сатудың мөлшерін, импорт пен экспортты және дау-таластарды шешудің тетіктерін қамтиды.

Мұнай өзара шарттарды сәтті жүзеге асырудың маңызды сәтіне барлық операцияларды жүзеге асыруда контрактордың жеткілікті дәрежеде жербес болуы кіреді.Егер мемлекеттік компания шығындардың орнын толтыру проценттерін бақылау мақсатында барлық ағымдағы шығындарды негіздеуге ұмтылса, онда бұл контрактордың тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.

Барлау кезеңі әдетте 3-6 жылға, ал өндіру кезеңі 20-30 жылға тіркеледі. Мемлекет кен орнының аз жылдың ішінде таусылып қалмауын көздеп кен өндірудің мерзімін ұзартуға ұмтылады. Алайда, мемлекеттің бұл әрікеті кен орнына өз залалын тигізуіне ықтимал кен өндірудің қарқынын арттыруға әкеп соғады

Жоба бойынша жұмыстар әдетте бірнеше кезендерде дамиды және егер өткен кезеңнің орындалмаса, келесі кезеңге өтуге болмайды. Іс-тәжірибе көрсеткендей, контрактор жоба аясында сатып алған кеден бажын немесе жалға алған құрал-сайманның төлемін төлеуден босатылады.Сондай-ақ контрактордың үлесіне қатысты өнімнің еркін экспортталуын қамтамасыз етуі қажет.

Өнімді бөлу туралы келісімшарт үшін теңдей жүзеге асырудың ережесін белгілеудің маңызы зор. Бұл мынаны білдіреді: өндіріс процесінің шарттары сырттай өзгерген жағдайда қабылдаушы мемлекеттің өкілі контрактордың өнім үлесін арттыруы керек немесе оның өзгерген қаржылық жағдайына тиісті өтемақы төлуі қажет. Федералдық мемлекет үшін әр түрлі бюджет арасында өндірілген шикізатты өткізуден түскен түсімдерді ұлттық компания капиталындағы олардың үлесіне пропорционалды түрде процентпен бөлуді ұсынуға болады.

Мысалы: Индонезияда қолданылатын заңға сәйкес келетінмұнай кен орны бойынша ӨБК-ты қарастырайық. Айталық:


  1. ағымдағы шығындар ол жүзеге асырылатын жылда өтеледі, оның құрамына бұрғылаудың да шығыны кіреді;

  2. капиталдық шығындар - әрбір жылы олардың 2/7 шамасы бойынша – жылдамдатылған схема бойынша амортизацияланады;

  3. орны толтырылмайтын шығындар шектеусіз жүзеге асырылуы ықтимал;

  4. жыл сайын 20% капиталдық шығынның орны толтырылады (инвестициялық несие секілді),бұл сомаға салық салынады;

  5. шығынды өтейтін сома коммерциялық өндірудің алғашқы жылында жалпы табыстың 80% - інен аспайды;

  6. пайда арақатынаста бөлінеді: контракторға – 30%; ұлттық компанияға – 70%;

  7. контрактордың үлесінен 25% ресурсты мұнайды коммерциялық тұрғыдан өндірудің алтыншы жылынан бастап, әлемдік бағадан 10%-ті баға бойынша ішкі нарықта сату қажет;

  8. корпорация табысының салығы – 50%;

  9. роялтиді контрактор төлемейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет