6-МОӨЖ тақырыбы:Этнолингвистиканың басқа пәндермен байланысы.
Тапсырмалар: Реферат, сұрақ жауап, жоба қорғау, деңгейлік тапсырмалар.
Есеп беру түрі:Жазбаша.
МӨЖ тапсырмалары: Аспан денелерінің атауларының ұлттық танымдық кеңістігі.
Есеп беру түрі: Жазбаша.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. – Алматы: Санат, 1997.
2. Вербицкая А. Язык. Культура. Познание. М., 1996.
3. Воробьев В.В. Лингвокультурлогия. М., 1997. Маслова В.А. Введение в лингвокультурология. М., 1997.
4. Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. Алматы. 1997.
5. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.
Жетінші апта
№7 дәріс тақырыбы:Этнолингвистикаға қатысты Е.Жанпейісов, М.Копыленконың пікірлері
Қарастырылатын мәселелер:
1. Е.Жанпейісов этнолингвистка мен басқа аралық пәндердің байланысы туралы
2. Этномәдени лексика, тәжірибелік-қолданбалы этнолистика туралы
3. М.Копыленко этнолингвистикалық мектептер.Этнолингвистиканың салаларалық пәндермен байланысы жөнінде
Терминдер мен анықтамалар:
ДИГЛОССИЯ (грек. di екі + glossa тіл, орыс. диглоссия) - бір ұлттық тілдің əр түрлі қосымша жүйелерін (əдетте кодификацияланған əдеби тіл немесе стандартты тіл VS мен кодификацияланбаған ауызекі сөйлеу тілі.
ДИСКРИМИНАЦИЯ (лат. discriminatio - бөлектеу, орыс. дискриминация, ағылш. Discrimination) – ұлттық белгісі, əлеуметтік тегі, саяси жəне діни көзқарасы, жынысы, жасы жəне басқа да белгілері бойынша елдің жекелеген адамын жəне тұрғындарының белгілі бір категориясын теңдіктен айыру, құқықтық шектеу.
КӨПТІЛДІЛІК (мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалану. Бір адамның (адамдардың) бірнеше тілде сөйлеуі. К. Ірі, көп ұлтты елдерге тəн.
ТІЛ ТАҢДАУ (орыс. выбор языка) – Қостілділік жағдайында екі тілдің бірін қолдануға ерік беру. 2. Код ауыстыру кезінде белгілі бір сөйлеу жағдайында бір тілді қолдануға ерік беру (қара: Тіл ауыстыру). 3. Диглоссия жағдайында тілдің өмір сүру формаларының бірін қолдануға ерік беру.
1. Е.Жанпейісов этнолингвистка мен басқа аралық пәндердің байланысы туралы
Тіл – әрбір елдің, әрбір ұлттың тарихын, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін, тіпті сол ұлттың өз болмысын танытатын, оны сақтап қалатын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ұлы қазына ретінде қоғамдағы ең маңызды қажеттіліктердің бірі. Сондықтан бүгінгі таңда тілдің құрылымдық, коммуникациялық қызметтерінен басқа да қырларын, қасиеттерін анықтау терең зерттеуді талап етіп отыр.
Атап айтқанда, тіл мен адамның өзара тығыз қатынасына қарай анықталған салаларды былай көрсетуге болады: адамның тілі мен рухани белсенділігі; тіл мен адам физиологиясы; тіл мен ойлау, сана әрекеті; тіл мен мәдениет; тіл және адамның қарым-қатынасы; тіл мен қоғам; тіл мен адам құндылықтары; тіл және таным. Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы бар. Қазіргі тіл білімінде әлеуметтік лингвистика (тіл мен қоғам арақатынасын зерттейтін сала), психолингвистика (индивидтің тұлғалық мінез-құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс табуы),лингвомәдениеттану (тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, сол тіл арқылы ұлтты, оның мәдениетін таныта білу ерекшеліктері), этнолингвистика (тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың тарихынан, халықтың рухани мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың шығармашылығынан іздеу) салалары тілді антропологиялық бағытта қарастыруда.
2. Этномәдени лексика, тәжірибелік-қолданбалы этнолистика туралы
ХХ ғасырдың соңында айтылған ойлар мен көтерілген мәселелер күні бүгінге дейін өзектілігін жоймай келеді. Тіл мен ұлтты тұтастықта қарай отырып, халықтың дамуы барысындағы тарихи, әлеуметтік өзгерістердің тілге әсер етпей қоймайтынын есте сақтаған жөн. Осы тұрғыдан тіпті бір территориялық аймақта мекендеген жеке ұлттың, халықтың сөйлейтін тілінде де территориялық ерекшеліктері болады. Бұл іргелі сұрақ – этнолингвистиканың салмақты жүгі. Тілдің дамуы мен тіл иесі халықтың этникалы дамуын, түрлі диалектілерге бөлінуі туралы, бұл мәселенің тәжірибелік, тілдік-қолданбалы жағын Е.Жанпейісов те атап көрсетеді: «Тіл мен этнос арасындағы осы тығыз байланыс лингвистерге, этнографтарға, тарихшыларға, әрине, жақсы мәлім, бірақ түркологияда күні бүгінге дейін тіл тарихы мен мен халықтың этникалық тарихын ұштастыра отырып зерттеген бір-бір арнайы еңбек жоқ. Тіл біліміндегі бұл олқылықты белгілі бір дәрежеде этнолингвистика ғана толтыра алады. Бұл проблемаларды шешуге этнолингвистикалық география көбірек қатыса алады. Ол үшін алдымен этнолингвистикалық атластар жасалуы тиіс. Ал мұндай атластарда лингвистикалық және этнографиялық карталар қатар беріліп отыруы керек. Этнографиялық карта алдыңғыға тұғыр-тірек карта болып саналады, яғни лингвистикалық карта соңғы, этнографиялық картаға сүйенеді. Картаға түсіруде лингвистикалық және этнографиялық бірыңғай материал бір-бірімен дәл, дөп түсіп жатуы шарт. Бұлар – мәселенің «жай» техникалық жақтары. Бірақ қалай дегенмен де этнолингвистиканың міндетіне жатады. Мұның шынында да солай екеніне диалектологиялық атлас жасау тәжірибесі дәлел бола алады». Күні бүгінге дейін этнолингвистикалық зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу, жиналған материалдарды сұрыптап түзу, тізу ісі әлі де болса көптеген этнолингвистикалық, этномәдени, лингвомәдени зерттеулерді қажет етеді.
№7 практикалық сабақтың тақырыбы:Е.Жанпейісовтың этномәдени лексикаға қандай тілдік мағыналық бірліктерді жатқызады?
Тапсырмалар:
1. Е.Жанпейісовтың пікірінше этнолингвистиканың басқа пәндерден ең басты айырмашылығы және ерекшелігі неде?
2. Орыс тіл біліміндегі жекелеген этнолингвистикалық мектептердің ерекшеліктері сипаттары қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |